Құжат мәтініне өту

Об утверждении Перечня заболеваний, лечение которых запрещается в негосударственном секторе здравоохранения

Бұйрық · № 526 · қабылданған 14.10.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-48616/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Перечня заболеваний, лечение которых запрещается в негосударственном секторе здравоохранения Қолданыста Бұйрық ·№ 526 ·14.10.2009
09.08.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.08.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Перечня заболеваний, лечение которых запрещается в негосударственном секторе здравоохранения

Қолданыста Бұйрық ·№ 526 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Перечня заболеваний, лечение которых запрещается в негосударственном секторе здравоохранения
Атауы (қаз.)
Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
526
Қабылданған күні
14.10.2009
Көрсетілген редакция
09.08.2017 48616_238534.kaz
Соңғы өзгеріс
09.08.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005847_
ЭКБ идентификаторы
48616
Редакция идентификаторы
48616_238534
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:16

0 Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесін бекіту туралы

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 31-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесі (бұдан әрі - Тізбе) бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберсін.

4

4. "Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 25 қыркүйектегі N 434 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 13 қазанда N 4421 тіркелген, 2006 жылғы 1 қарашада N 191 "Заң" газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.

6 6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесі

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің
2009 жы­л­ғы 14 қа­зан­да­ғы
N 526 бұй­ры­ғы­на қо­сым­ша
Денсаулық сақтаудың мемлекеттік емес секторында емдеуге тыйым салынған аурулардың тізбесі

1 1. Карантинді жұқпалар:

Шешек
Полиомиелит (жабайы полиовирустардан пайда болған)
Адам тұмауы (жаңа кіші түрінен пайда болған)
Ауыр жіті респираторлы синдром (АЖРС)
Тырысқақ
Оба
Сары қызба
Ласса қызбасы
Марбург вирусынан пайда болған ауру
Эбол вируснан пайда болған ауру
Батыс Ніл безгегі
Денге қызбасы
Рифт-Вал қызбасы (Рифт алабы)
Менингококк жұқпасы

2 2. Аса қауіпті жұқпалар:

Адамның иммунитет тапшылығы вирусын жұқтыру
Жүре пайда болған иммунитет тапшылығы синдромы
Қырым геморрагиялық қызбасы
Бүйрек синдромы бар геморрагиялық қызба
Алапес
Құтырма
Лептоспироз
Листериоз
Туберкулез
Туляремия
Бруцеллез
Аусыл
Сібір ойық жарасы

3 3. Паразиттік аурулар:

Эхинококкоз
Безгек

4 4. Ауа-тамшы арқылы жұғатын жұқпалар:

Күл
Көкжөтел
Қызылша
Қызамық
Эпидемиялық паротит
Күл қоздырғышын таратушылық
Туа біткен қызамық жұқпасы (туа біткен қызамық синдромы)
Гемофилия жұқпасы
Сіреспе

5 5. Жіті жұқпалы аурулар:

Жедел вирусты гепатиттер
Іш сүзегі және А, В, С қылаулары
Сальмонеллез
Дизентерия
Иерсиниоз
Риккетсиоздар
Вирусты кене энцефалиті

6

6. Қылмыстық құқық бұзушылық жасаған, сот есі дұрыс емес деп таныған, оларға жіті бақыланатын мамандандырылғын үлгідегі психиатриялық стационарда, мамандандырылған үлгідегі психиатриялық стационарда мәжбүрлеп емдеу түрінде медициналық сипаттағы мәжбүрлеп емдеу шаралары айқындаған адамдардың психикалық аурулары.

7

8 8. Алып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 08.12.2016 № 1043 (алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

9

Қолданыстағы