Об утверждении временных Правил выпуска, размещения, обращения и погашения облигаций местного исполнительного органа города Астаны
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении временных Правил выпуска, размещения, обращения и погашения облигаций местного исполнительного органа города Астаны
- Атауы (қаз.)
- Астана қаласы жергілікті атқарушы органының облигацияларын шығарудың, орналастырудың, айналысының және өтеудің уақытша тәртібін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1950
- Қабылданған күні
- 20.12.1999
- Көрсетілген редакция
- 20.12.1999 AI4864_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.12.1999
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P990001950_
- ЭКБ идентификаторы
- 4864
- Редакция идентификаторы
- AI4864_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 05.08.2026 00:46
0 Астана қаласы жергілікті атқарушы органының облигацияларын шығарудың, орналастырудың, айналысының және өтеудің уақытша тәртібін бекіту туралы
"Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш туралы"
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 тамыздағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қоса беріліп отырған Астана қаласы жергілікті атқарушы органының облигацияларын шығарудың, орналастырудың, айналысының және өтеудің уақытша тәртібі бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік бағалы қағаздарды шығаруының, орналастыруының, айналысының және өтеуінің жалпы тәртібі бекітілгенге дейін қолданылады.
3 Астана қаласы жергілікті атқарушы органының облигацияларын шығарудың, орналастырудың, айналысының және өтеудің Уақытша тәртібі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1999 жылғы 20 желтоқсандағы
N 1950 қаулысымен
бекітілген
Астана қаласы жергілікті атқарушы органының облигацияларын
шығарудың, орналастырудың, айналысының және өтеудің
Уақытша тәртібі
1. Жалпы ережелер
1. Осы уақытша Тәртіп Қазақстан Республикасы аумағында Астана қаласы жергілікті атқарушы органының облигацияларын (бұдан әрі "Облигациялар" деп аталады) шығарудың, орналастырудың, айналысының және өтеудің тәртібін белгілейді.
2. Облигациялар мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар болып табылады, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, аймақтық инвестициялық бағдарламаларды қаржыландыру мақсатында Астана қаласының жергілікті атқарушы органы (бұдан әрі "Эмитент" деп аталады) шығарады.
3. Облигациялар құжатсыз нысанда шығарылады, "Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі" жабық акционерлік қоғамында (бұдан әрі "Депозитарий" деп аталады), оларды ұстаушылардың "депо" шоттарында және олардың инвесторлары бойынша бағалы қағаздар рыногының кәсіби қатысушыларда ашылған "депо" шоттарына тиісті жазбалар жүргізу жолымен орналастырылады және айналыста болады.
4. Облигациялардың бастапқы құны - 100 АҚШ доллары. Барлық есеп айырысулар Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есеп айырысуды жүзеге асыру күнінің алдыңғы күнгі бағамы бойынша теңгемен жүзеге асырылады.
5. Облигациялардың айналыс мерзімі - бір жыл. Облигациялар бойынша сыйақыны (мүддені) төлеуді облигациялар айналысының жүз сексен екінші және үш жүз алпыс төртінші күндерінде Эмитент жүргізеді. Сыйақыны (мүддені) соңғы төлеу облигацияларды өтеумен дәл келеді.
2
2. Шығару және орналастыру
6. Облигациялардың әрбір шығарылымының Эмитент бекіткен шығару параметрлеріне орай, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар жөніндегі ұлттық комиссиясы беретін ұлттық бірдейлендірілген нөмірі болады.
7. Облигацияларды бастапқы орналастыруды сайлау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өткізілетін конкурстың нәтижелері бойынша жүзеге асырылатын Андеррайтер жүзеге асырады. Эмитент пен Андеррайтердің арасындағы өзара қатынас Қазақстан Республикасының заңдарымен, осы Тәртіппен және Эмитент пен Андеррайтердің арасында жасалатын андеррайтингтік қызмет көрсету шартымен реттеледі.
8. Облигацияларды бастапқы орналастыруды, сыйақы (мүдде) ставкасының өсуімен бастапқы құны бойынша Қазақстан қор биржасының сауда жүйесі арқылы аукцион өткізу жолымен, инвесторлардың - жеке және заңды тұлғалардың, Қазақстан Республикасының резиденттері мен резиденттері еместердің арасында Андеррайтер жүргізеді. Облигацияларды сатып алуға өтініштерді қанағаттандыруды сыйақы (мүдде) ставкасының өсуі бойынша реттелген өтініштер ведомосының негізінде, Эмитент үшін қолайлы ставка мен көлемнің шамалары бойынша Эмитент жасайды.
9. Аукцион өткізудің тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен, Қазақстан қор биржасының биржалық сауда ережелерімен реттеледі.
10. Облигацияларды биржаның сауда жүйесі арқылы бастапқы орналастыру кезіндегі ақшалай есеп айырысудың тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан қор биржасының биржалық сауда ережелерімен айқындалады.
11. Облигациялар эмиссиясының көлемін Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысымен бекітілген қарызға алу лимитінің шегінде Эмитент белгілейді. Облигациялар бойынша сыйақының (мүдденің) ставкасы Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен келісіледі.
3
3. Облигациялардың айналысы
12. Шығарылымдағы барлық облигациялардың айналысы аукционға қатысушылар Қазақстан қор биржасының аукционның қорытындысы бойынша инвесторлар сатып алған облигациялар үшін ақшаның Эмитенттің шотына түскендігі туралы растауын алған күнінен кейінгі күннен басталады және сыйақыны (мүддені) төлеу күніне және/немесе облигацияларды өтеу күніне дейін бес жұмыс күні қалғанда тоқтатылады.
13. Бағалы қағаздардың екінші рыногында облигациялармен жасалатын барлық операциялар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.
14. Облигацияларға меншік құқықтарын есепке алу мен ауыстыруды сатушы мен сатып алушының "депо" шоттарына тиісті жазбалар енгізу жолымен Орталық депозитарий жүзеге асырады.
4
4. Облигацияларды өтеу
15. Сыйақыны (мүддені) есептеу Қазақстан қор биржасы инвесторлар бастапқы орналастыру кезінде сатып алған облигациялар үшін Эмитенттің шотына ақша аударған күннен кейінгі күннен басталады және шығару шарттарына сәйкес айқындалатын сыйақының (мүдденің) ставкасы бойынша, өтеу күнін қоса есептегенде, айналыс кезеңі бойы жүргізіледі.
16. Эмитент облигацияларды өтеуді бастапқы құны бойынша облигациялар айналасының үш жүз алпыс төртінші күнтізбелік күнінде жүргізеді. Егер облигацияларды өтеу немесе сыйақыны (мүддені) төлеу демалыс күнінен түссе, ол келесі жұмыс күні жүргізеді.
17. Депозитарий сыйақыны (мүддені) төлеу күніне және/немесе облигацияларды өтеу күніне дейінгі үш жұмыс күнінен кешіктірмей Эмитентке Депозитарий деректерінің негізінде қалыптастырылатын және олар бойынша сыйақыны (мүддені) төлеу мен өтеу жүргізілуі тиісті облигациялардың саны және бағалы қағаздар рыногына әрбір кәсіби қатысушы бойынша сомалар туралы мәліметтерді қамтитын жиынтық ведомосты жолдайды.