Об установлении Правил государственной регистрации и отзыва решения о государственной регистрации продуктов детского питания, пищевых и биологически активных добавок к пище, генетически модифицированных объектов, красителей, средств дезинфекции, дезинсекции и дератизации, материалов и изделий, контактирующих с водой и продуктами питания, химических веществ, отдельных видов продукции и веществ, оказывающих вредное воздействие на здоровье человека
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении Правил государственной регистрации и отзыва решения о государственной регистрации продуктов детского питания, пищевых и биологически активных добавок к пище, генетически модифицированных объектов, красителей, средств дезинфекции, дезинсекции и дератизации, материалов и изделий, контактирующих с водой и продуктами питания, химических веществ, отдельных видов продукции и веществ, оказывающих вредное воздействие на здоровье человека
- Атауы (қаз.)
- Балалардың тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тағам өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу ережесін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 546
- Қабылданған күні
- 19.10.2009
- Көрсетілген редакция
- 04.06.2015 AI48667_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005858_
- ЭКБ идентификаторы
- 48667
- Редакция идентификаторы
- AI48667_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:14
0
Балалардың тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тағам өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу ережесін белгілеу туралы
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қоса беріліп отырған Балалардың тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тағам өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу ережесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С. Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауға жіберсін.
4
4. "Балалардың тағамы өнімдерін, тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды (нутрицевтиктерді), генетикалық түрлендірілген көздерді, сумен және тағам өнімдерімен байланыста болатын бояғыштарды, материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекеленген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 27 ақпандағы N 142 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 5 сәуірде N 4603 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2007 жылғы маусым, N 6, 264-құжат, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының актілер жинағы 2007 жыл, наурыз-сәуір, "Балалардың тағамы өнімдерін, тағамдық және биологиялық жұғымды қоспаларды (нутрицевтиктерді), генетикалық түрлендірілген көздерді, сумен және тағам өнімдерімен байланыста болатын бояғыштарды, материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекеленген түрлерін мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтару ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің 2007 жылғы 27 ақпандағы N 142 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2007 жылғы 16 қарашадағы N 677 бұйрығына өзгерістер енгізумен, Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 29 қарашадағы N 5012 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
6 6. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Балалардың тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тағам өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу ережесі
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 19 қазандағы
N 546 бұйрығымен бекітілген
Балалардың тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тағам өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Ереже Қазақстан Республикасында балалардың тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тағам өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін (бұдан әрі - өнімдер) заттар) мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алуға қойылатын негізгі талаптарды белгілейді.
2 2. Өнімдерді (заттарды) мемлекеттік тіркеуді және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алуды халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік орган (бұдан әрі - Комитет) жүзеге асырады.
2 2. Тамақ өнімдерін және адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және мемлекеттік тіркеу туралы шешімді кері қайтарып алу тәртібі
3 3. Осы Ереженің 1-тармағында көрсетілген өнімдерді (заттарды) мемлекеттік тіркеу мыналарды қамтиды:
1
1) өнімдердің (заттардың) өндіруші зауыттың нормативтік-техникалық құжаттамасының органолептикалық, санитариялық-гигиеналық, эпидемиологиялық, микробиологиялық, вирусологиялық, паразитологиялық, санитариялық-химиялық, биологиялық, токсикологиялық, радиометрияны қоса алатын радиологиялық көрсеткіштері бойынша қауіпсіздік критерийлеріне сәйкестігін, таңбалауды және орауды қауіпсіздіктің, тиімділіктің сақталуын қамтамасыз ету үшін олардың жеткіліктілігіне сараптауды;
2 2) Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің тізіліміне (бұдан әрі - Тізілім) енгізуді.
4 4. Өнімдерге (заттарға) сараптама жүргізу, сондай-ақ оларды тіркеу туралы шешімді қабылдау Комитет жанында құрылатын өнімдерді (заттарды) тіркеу жөніндегі сараптау комиссиясына жүктеледі. Сараптама қорытындысы немесе тіркеуден бас тарту туралы дәлелденген шешім Комитетке беріледі.
5 5. Сараптау комиссиясының құрамы тиісті салалардағы мамандар мен тұлғалардан құралады және Комитет төрағасының бұйрығымен бекітіледі.
6 6. Тізілімге енгізілген өнімдерге (заттарға) осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комитет төрағасы немесе оның міндетін атқарушы адам қол қоятын Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беріледі.
7 7. Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік бір өтініш берушіге (жеке немесе заңды тұлғаға) ғана беріледі. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің түпнұсқасы өтініш берушіге немесе сеніп тапсырылған адамға беріледі.
8 8. Мемлекеттік тіркеуден өткізу үшін өтініш беруші Комитетке мынадай құжаттарды ұсынады:
1 1) өнімдерді (заттарды) мемлекеттік тіркеу туралы өтініш (ерікті түрдегі);
2 2) мыналар:
өндірушінің және импорттаушының (жеке тұлғаның) тегі, аты және әкесінің аты (заңды тұлғаның) атауы, мекен-жайы;
түпнұсқалық атауын немесе тауарлық маркасымен жалпы қабылданған атауын, тауарлық маркасымен ғылыми атауын, халықаралық патенттелмеген атауын, негізгі синонимдерін қоса алғандағы өнімдердің (заттардың) атауы;
белсенді ингредиенттердің және қосалқы заттардың сапалық және сандық құрамы;
қолдану, көрсетімдер мен қарсы көрсетімдер тәсілдері туралы мәліметтер;
сақтау шарттары және жарамдылық мерзімі;
орама, заттаңба және түсініктеме беретін жапсырмаларының мемлекеттік және орыс тілдеріндегі үлгілері жазылатын өнімдер (заттар) туралы жинақ (қорытынды) анықтама;
3 3) өнімдерді (заттарды) қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулары (әдістемелік көрсеткіштер);
4 4) импорттаушы елде өнімдерді (заттарды) өндіруге рұқсатты куәландыратын құжат немесе өндіруге рұқсаттың жоқтығы туралы мәлімет;
5 5) өнімге (заттарға) басқа елдерден алынған құжаттар бар болған кезде, елдердің тізілімімен бірге берілген және қаралатын тіркеуге арналған өтініш, аталған құжаттардың көшірмелері;
6 6) өндірушінің спецификациясы немесе стандарты;
7 7) шығыс заттардың және дайын өнімдердің (заттардың) сапасы мен қауіпсіздігін бақылау әдістері;
8 8) өнімдердің (заттардың) жарамдылығы мерзімін растайтын деректер;
9 9) өнімдердің (заттардың) зертханалық зерттеу нәтижелері;
10 10) өнімдердің (заттардың) сапасына және қауіпсіздігіне сараптама жүргізу үшін олардың үлгілері;
11 11) қосымша электрондық тасымалда мемлекеттік және орыс тілдерінде өтініш және мынадай:
тұтынушыға арналған қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулардың (түсіндірме-жапсырма);
нормативтік-техникалық құжаттаманың;
орамдар мен заттаңбалар макеттерінің жобалары ұсынылады;
12 12) сәйкестік сертификаты, шығарылған елде немесе баска елде клиникалық сынақ жүргізу жөніндегі материалдар, тағамға биологиялық активті қоспаларда (бұдан әрі - ББҚ) ББҚ - үшін гормон, психотропты және есірткі заттар жоқ екендігі туралы мөр қойылған өндіруші - фирманың хаты болады.
Лицензияланатын қызмет түрін жүзеге асыру кезінде лицензияның нотариалдық куәландырылған көшірмесі ұсынылады.
9 9. Экспорттаушы елдер құжаттардың түпнұсқасына олардың нотариальдық куәландырылған аудармасын коса беруі тиіс.
10 10. Мемлекеттік тіркеуге мыналарды:
1
1) Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет өндірілетін (дайындалатын) және алғаш рет әкелінетін (импортталатын) балалардың тамағы өнімдерін, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дезинсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тағам өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды;
2
2) Қазақстан Республикасының аумағына алғаш рет әкелінетін (импортталатын), өндіріске алғаш рет енгізілетін және бұрын пайдаланылмаған заттарды және олардың негізінде дайындалатын, халық үшін ықтимал қауіп төндіретін материалдар мен препараттарды қоса алғанда тағам өнімдері және адамның денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлері жатады.
11 11. Алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.17 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
12 12. Мемлекеттік тіркеуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1 1) құжаттардың толық емес пакетін ұсыну;
2 2) өнімдердің (заттардың) құрамына Қазақстан Республикасында қолдануға тыйым салынған химиялық және биологиялық заттарды пайдалану, сондай-ақ өтініш берушінің жалған мәлімет ұсынуы;
3 3) өтініш берушінің өнімдердің (заттардың) қауіпсіздігін анықтау үшін қажетті сынақтан өткізуден бас тартуы;
4 4) өнімнің қауіпсіздігін және/немесе тиімділігі және/немесе сапасын сипаттайтын зертханалық зерттеулердің қанағаттанғысыз нәтижесін алу;
5 5) егер өнімдерге (заттарға) және оларды дайындау шарттарына қатысты қауіпсіздік талаптары белгіленбеген болса, өнімдердегі (заттардағы) және қоршаған ортадағы қауіпті факторларды анықтау және өлшеу әдістері болмаса;
6 6) өнімдерді (заттарды) өндіру, қолдану (пайдалану) кезінде олардың адамның денсаулығына зиянды әсерін болдырмау жөніндегі тиімді шаралардың болмауы немесе осы шаралардың іске аспауы.
13 13. Комитет шешім қабылдағаннан кейін өнімдерді (заттарды) мемлекеттік тіркеуден бас тарту туралы жазбаша түрде өтініш берушіге хабарлайды.
14 14. Тіркеуден бас тарту туралы шешімге сот тәртібімен шағымдануға болады.
15 15. Тіркелген өнім (зат) Тізілімге енгізіледі.
16 16. Мемлекеттік тіркеу үшін ұсынылған құжаттарды қарау барлық тиісті құжаттары бар өтінішті алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады.
17 17. Зертханалық зерттеулер мен сынақтарды жүргізуді заңнамада белгіленген тәртіппен аттестатталған және аккредиттелген ұйымдар жүзеге асырады. Тамаққа қосылатын активті қоспаларды талдау және клиникалық сынақтан өткізу аккредиттелген сынау зертханаларында және клиникалық базаларда жүргізіледі.
18 18. Алынып тасталды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2012.01.17 № 17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
19 19. Мемлекеттік тіркеуге мыналар жатпайды:
1 1) Қазақстан Республикасында сатуға және пайдалануға арналмаған өнімдердің (заттардың) жиырма данадан аспайтын көлемдегі көрмелік үлгілері;
2 2) Қазақстан Республикасының аумағында уақытша тұрып жатқан жеке тұлғаның жеке қолдануына арналған балалардың тамағы өнімдері, тағамға биологиялық активті қоспалар.
20
20. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыру кезінде балалардың тамағы өнімдерінің, тағамға тағамдық және биологиялық активті қоспалардың, генетикалық түрлендірілген объектілердің, бояғыштардың, дезинфекциялау, дизенсекциялау және дератизациялау құралдарының, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдардың, химиялық заттардың, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілері, гигиеналық нормативтері талаптарына сәйкес еместігі анықталған жағдайда аумақтық бөлімше оларды қолдануды тоқтата тұрады және тиісті қаулы шығара отырып, бұзушылықты жоюға уақыт береді.
Бұзушылық жойылмаған кезде балалардың тамағы өнімдерін, тағамға және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, бояғыштарды, дезинфекциялау, дизенсекциялау және дератизациялау құралдарын, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнімдер мен заттардың жекелеген түрлерін қолдануға Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен тыйым салынады.
21 21. Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің жарамдылық мерзімі өнімнің дайындалуының немесе бақылаудағы тауарларды Кеден одағының аумағына қоюдың барлық кезеңіне белгіленеді.
3 3. Қазақстан Республикасында тіркелген және қолдануға рұқсат етілген өнімдер мен заттарға берілген тіркеу куәлігінің жарамдылық мерзімі
1 ЕУРАЗЭҚ ЛОГОТИПІ
Балалардың тамағы өнімдерін,
тағамға тағамдық және биологиялық
активті қоспаларды, генетикалық
турлендірілген объектілерді,
бояғыштарды, дезинфекциялау,
дезинсекциялау және дератизациялау
құралдарын, сумен және тағам
өнімдерімен жанасатын материалдар
мен бұйымдарды, химиялық заттарды,
адамның денсаулығына зиянды әсер
ететін өнімдер мен заттардың
жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу және мемлекеттік тіркеу
туралы шешімді кері қайтарып алу
ережесіне 1-қосымша
нысан
ЕУРАЗЭҚ ЛОГОТИПІ
________________________________________
(Тараптардың уәкілетті органы)
________________________________________
(уәкілетті органның басшысы)
________________________________________
(әкімшілік-аумақтық бөлімнің атауы)
Мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК
______ _____________________№ _______
Өнім:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
өнімнің атауы, өнім дайындалған нормативтік және (немесе) техникалық құжаттар,
дайындаушының (өндірушінің), алушының атауы және орналасқан орны) сәйкес келеді
_____________________________________________________________________
мемлекеттік тіркеуден өтті, Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктердің тізіліміне
енгізілді және өндіруге, өткізуге және пайдалануға рұқсат етіледі.
Осы куәлік мыналардың негізінде (зерттеу жүргізген ұйымның (сынау
зертханасының, орталықтың) атауын, қаралған зерттеу хаттамаларын, басқа да
қаралған құжаттарды атап көрсету)) берілді:
Мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің жарамдылық мерзімі өнімнің дайындалуының
немесе бақылаудағы тауарларды Кеден одағының аумағына қоюдың барлық кезеңіне
белгіленеді.
Құжат берген уәкілетті адамның қолы, тегі, аты, әкесінің аты, лауазымы
және құжат берген органның (мекеменің) мөрі
________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты/қолы) М.О.
2 Қазақстан Республикасының Елтаңбасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ТІРКЕУ КУӘЛІГІ
Балалардың тамағы өнімдерін,
тағамға тағамдық және биологиялық
белсенді қоспаларды, генетикалық
түрлендірілген объектілерді,
бояғыштарды, дезинфекциялау,
дезинсекциялау және дератизациялау
құралдарын, сумен және тағам
өнімдерімен жанасатын материалдар
мен бұйымдарды, химиялық заттарды,
адамның денсаулығына зиянды әсер
ететін өнімдер мен заттардың
жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу, қайта тіркеу және
мемлекеттік тіркеу туралы шешімді
кері қайтарып алу ережесіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ТІРКЕУ КУӘЛІГІ
ҚР - ДҚ - N __________________ ______________________________
(өтініш иесі, ел)
Дезинфекциялау, дезинсекциялау, дератизациялау құралдар, химиялық зат
(қажетінің атын сызыңыз)
____________________________________________________________________
(препараттың толық атауы)
____________________________________________________________________
(өндіретін фирма)
түрі _______________________________________________________________
(шығарылу нысаны)
Қолданылу аясы _____________________________________________________
Физиологиялық әсері ________________________________________________
____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген және
тіркелген)
Тіркелген (қайта тіркелген) күні ____________________________________
Құжат __________________________________________ дейін жарамды
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік
санитарлық дәрігері (немесе өкілетті адам) __________________________
(Т.А.Ә)
МО
3 Қазақстан Республикасының Елтаңбасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
Балалардың тамағы өнімдерін,
тағамға тағамдық және биологиялық
белсенді қоспаларды, генетикалық
түрлендірілген объектілерді,
бояғыштарды, дезинфекциялау,
дезинсекциялау және дератизациялау
құралдарын, сумен және тағам
өнімдерімен жанасатын материалдар
мен бұйымдарды, химиялық заттарды,
адамның денсаулығына зиянды әсер
ететін өнімдер мен заттардың
жекелеген түрлерін мемлекеттік
тіркеу, қайта тіркеу және
мемлекеттік тіркеу туралы шешімді
кері қайтарып алу ережесіне
3-қосымша
Қазақстан Республикасының Елтаңбасы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
ТІРКЕУ КУӘЛІГІ
ҚР - Ө-3 - N __________________ ___________________________
(өтініш иесі, ел)
Балалардың тамағы өнімдері, тағамға тағамдық қоспа, генетикалық
түрлендірілген объект, бояғыштар, сумен және тағам өнімдерімен
жанасатын материалдар мен бұйымдар, адамның денсаулығына зиянды әсер
ететін өнімдер мен заттардың жекеленген түрлері (өнімнің атауы)
____________________________________________________________________
(қажетінің астын сызу керек)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(Қазақстан Республикасының аумағында қолдануға рұқсат етілген
және тіркелген)
_____________________________________________________ тіркелген күні
____________________________________________________________________
Құжат _________________________________________ дейін жарамды
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік
санитарлық дәрігері (немесе өкілетті адам) ___________________
(Т.А.Ә)
МО