Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил о порядке выделения областным исполнительным органам и областному маслихату средств из областного бюджета на представительские расходы

Ереже · № 241 · қабылданған 17.11.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4872/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
Об утверждении Правил о порядке выделения областным исполнительным органам и областному маслихату средств из областного бюджета на представительские расходы Күшін жойған 17.11.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении Правил о порядке выделения областным исполнительным органам и областному маслихату средств из областного бюджета на представительские расходы

Күшін жойған Ереже № 241 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил о порядке выделения областным исполнительным органам и областному маслихату средств из областного бюджета на представительские расходы
Атауы (қаз.)
Облыстың атқарушы органдарына және облыстық мәслихатқа өкілеттік шығыстарға арнап облыстық бюджеттен қаражат бөлу тәртібі туралы Ережені бекіту жайында
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
241
Қабылданған күні
17.11.1999
Көрсетілген редакция
17.11.1999 4872_258134.kaz
Соңғы өзгеріс
17.11.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99N000143_
ЭКБ идентификаторы
4872
Редакция идентификаторы
4872_258134
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:49
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Облыстың атқарушы органдарына және жергілікті өкілетті орган өкілеттік шығыстарға арнап жергілікті бюджеттен қаражат бөлу тәртібі туралы Ережені бекіту жайында

📌 Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімінің 24.12.2001 № 142 шешімімен.
Ескерту. Тақырыпта және мәтініндегі "облыстық" және "мәслихат" деген сөздер сәйкес "жергілікті" және "өкілетті орган" деген сөздермен айырбасталды - Қостанай облысы әкімінің 15.11.2000 № 216 шешімімен.
"Республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілеріне республикалық бюджеттен өкілеттік шығыстар және өкілеттік шығыстардың нормаларына арнап қаражат бөлу тәртібі туралы ережені бекіту жайындағы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектеғі № 1299 қаулысына сәйкес және бюджеттік қаражатты үнемдеу тәртібін күшейту мақсатында ШЕШТIМ:

1. Облыстың атқарушы органдарына және жергілікті өкілетті орган жергілікті бюджеттен өкілеттік шығыстарға арнап қаражат бөлу тәртібі туралы қосылып беріліп отырған ереже бекітілсін (№ 1 қосымша).

2. Өкілеттік шығыстардың нормасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі № 1299 қаулысымен анықталған норма деңгейінде бекітілсін (№2 қосымша).

3 Ережелер

Қазақстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
1999 жылғы 17 қарашадағы
№ 241 шешіміне 1 қосымша
Ережелер

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ережелер облыстың атқарушы органдарына және жергілікті өкілетті орган жергілікті бюджеттен өкілеттік шығыстарға арнап қаражат бөлу тәртібін анықтайды.

2. Бұл ережелерде мынадай түсініктер пайдаланылады:

Өкілеттік шығыстар-сәйкесті қаржы жылында жергілікті бюджетте қарастырылған және облыстың атқарушы органдары мен жергілікті өкілетті орган ресми делегацияларды қабылдауға, кеңестер, семинарлар, салтанатты және ресми шараларды өткізуге бөлінген қаражат. Өкілеттік шығыстарға мынадай шығыстар жатады:

1) ресми ас берулер, кофе-брейктер,фуршеттер;

2) сазды сүйемелдеулер;

3) сувенирлер, ескерткіш сыйлықтар алу;

4) автокөліктік қызмет көрсету;

5) аудармашылардың қызметіне ақы төлеу;

6) зал жалдау;

7) Қостанай облысының өкімі рұқсат беретін басқа да шығыстар.

2. Жергілікті бюджетте өкілеттік шығыстарға арнап қарастырылған қаражатты бөлу және пайдалану тәртібі

3. Жергілікті бюджеттен өкілеттік шығыстарға арнап қаражат бөлу Қостанай облысы әкімінің шешімінің /өкімінің/ негізінде жүзеге асырылады.

4. Жергілікті бағдарламалар әкімшілерінің жергілікті бюджеттен өкілеттік шығыстарға қаражат бөлу туралы өтініштерін Қостанай облысының әкімі мыналары болған жағдайда қарайды:

1) шараны өткізудің қажеттілігінің негіздемесі;

2) ресми делегацияның болу бағдарламасы;

3) шараларды даярлаудың жұмыс жоспары;

4) қатысушылардың күтілетін саны;

5) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 2 қыркүйектегі 1299 қаулысымен бекітілген нормалар шегіндегі, әрбір шығыстардың статьялары негізделген, шығыстар сметасы;

6) Шығыстар сметасы бойынша Қостанай облысы қаржы департаментінің қорытындысы.

5. Осы Ереженің 2 тармағының 2, 3, 6 тармақшаларында көрсетілген шығыстардың статьялары бойынша жергілікті бағдарламалардың әкімшілері қызмет көрсету түрін ұсынушы ұйымның калькуляциясы және реквизиттері көрсетілген растаушы құжаттарды береді.

3. Бақылау және есеп беру.

6. Қостанай облысының қаржы департаменті өкілеттік шығыстарға бөлінген қаражаттың жұмсалуына бақылау жасауды жүзеге асырады.

7. Өкілеттік шығыстарға арнап қаражат алған жергілікті бағдарламалардың әкімшілері бөлінген қаражаттың пайдаланыланылуы, Қостанай облысының қаржы департаменті белгілеген тәртіпте және мерзімде атқарылған жұмыстардың көлемі мен құны жайында есеп беруге тиіс.

8. Өкілеттік шығыстарға бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылуына жауап беру қаражатты алушыға жүктеледі.

28 Өкілеттік шығыстардың нормалары

Қазакстан Республикасы
Қостанай облысы әкімінің
1999 жылғы 17 қарашадағы
№ 241 шешіміне 2 қосымша
Өкілеттік шығыстардың нормалары
Шығыстардың атаулары
Құны теңгемен
1.
Ресми ас берулерді өткізу шығыстары делегациядағы бір адамға күніне есептеледі
6500-дейін
2.
Келіссөздер, мәдени бағдарламалар шараларын өткізу кезіндегі буфеттік қызмет көрсету, аудармашыны және жанында жүрген адамдарды қосканда, күніне есептеледі
1040-дейін
3.
Делегацияны қабылдаушы мемлекеттік органның штатында жок аудармашының еңбегіне ақы төлеу /сағатына/
700-дейін
4.
Көліктік шығыстарға төлем төлеу /сағатына/
700-дейін
Ескерту:

1. Шет елдік делегацияларға автомобиль көлігімен қызмет көрсету шығыстары шығыстар сметасында сағаттық төлем төлеу есебінен қарастырылады.

2. Шет елдік делегацияларды ресми түрде қабылдауға байланысты ас берулер немесе басқа да ұқсас шаралар негізінде Қазақстан Республикасы жағынан қатысушылардың саны шетелдік делегациялардың жағынан қатысушылардың санынан аспауға тиіс.

3. Делегацияның құрамы 5 адамнан асқан жағдайда, делегацияға қызмет көрсетуші жандарында жүрген кісілер мен аудармашылардың саны, делегацияның 5 мүшесіне, кем дегенде, 1 аудармашы немесе жанында жүрген кісі есебінен белгіленуге тиіс.