Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "Об акционерных обществах"

Заң · № 497-1 · қабылданған 15.12.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4877/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "Об акционерных обществах" Қолданыста 15.12.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "Об акционерных обществах"

Қолданыста Заң № 497-1 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в Закон Республики Казахстан "Об акционерных обществах"
Атауы (қаз.)
"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Заң
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
497-1
Қабылданған күні
15.12.1999
Көрсетілген редакция
15.12.1999 AI4877_0.kaz
Соңғы өзгеріс
15.12.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
Z990000497_
ЭКБ идентификаторы
4877
Редакция идентификаторы
AI4877_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:46
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.12.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 "Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

"Акционерлік қоғамдар туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 17-18, 223-құжат; 1999 жылғы 3 және 7 тамызда "Егемен Қазақстан" және 1999 жылғы 3 және 5 тамызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
47-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Жалғыз акционері бар қоғамда акционерлердің жалпы жиналысы өткізілмейді; осы Заңмен және қоғамның жарғысымен акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді мұндай акционер өзі дербес қабылдайды және олар жазбаша түрде ресімделуге тиіс.";
мынадай мазмұнды 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:
"6-1. Егер қандай да болмасын тұлға қоғамның барлық дауыс беруші акцияларын иеленген жағдайда ол осы Заңмен және қоғамның жарғысымен акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді акционерлердің жалпы жиналысын өткізбестен, осы шешімдер барлық немесе жекелеген санаттардың артықшылықты акцияларымен куәландырылған құқықтарға нұқсан келтірмесе және ол құқықтарды шектемесе, өзі дербес қабылдауға құқылы және олар жазбаша түрде ресімделуге тиіс.
6-2. Егер осы баптың 6 және 6-1-тармақтарымен белгіленген жағдайда қоғамның жалғыз акционері немесе қоғамның барлық дауыс беруші акцияларын иеленген тұлға заңды тұлға болып табылса, онда осы Заңмен және қоғамның жарғысымен акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді заңдарға немесе оған (оларға) берілген өкілеттіктерге сәйкес осы заңды тұлғаның осындай шешімдерді қабылдауға құқықтары бар органы, лауазымды адамы (лауазымды адамдары) немесе қызметкері (қызметкерлері) қабылдайды.";
63-баптың 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қоғамның акционері болып табылмайтын және акционердің - заңды
тұлғаның мүдделерін білдіруші ретінде директорлар кеңесіне сайлануға
ұсынылмаған (ұсыным жасалмаған) жеке тұлға (бұдан әрі - сыртқы тұлға)
директорлар кеңесінің мүшесі болып сайлануы мүмкін. Сыртқы тұлғалардың
саны директорлар кеңесі құрамының отыз процентінен аспауға тиіс.".