Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)"

Ереже · № 250-IV · қабылданған 16.10.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-48782/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении правил присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)" Қолданыста Ереже ·№ 250-IV ·16.10.2009
12.02.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.02.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении правил присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)"

Қолданыста Ереже ·№ 250-IV · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил присвоения звания "Почетный гражданин области (города, района)"
Атауы (қаз.)
"Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидасын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
250-IV
Қабылданған күні
16.10.2009
Көрсетілген редакция
12.02.2025 48782_745428.kaz
Соңғы өзгеріс
12.02.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09T0002555
ЭКБ идентификаторы
48782
Редакция идентификаторы
48782_745428
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:15

0 "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-2) тармақшасына сәйкес Атырау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Қоса берілген "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру қағидасы бекітілсін.

2 2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап күшіне енеді.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 4. Осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес Атырау облыстық мәслихатының шешімдері жойылсын.

5 5. Осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес Атырау облыстық мәслихатының шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

6 «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру қағидалары

Атырау облыстық
мәслихаттың 2009 жылғы
16 қазандағы № 250-ІV
шешімімен бекітілді
«Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалары) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын беру тәртібін реттейді.

2 2. «Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы» атағын (бұдан әрі – Атақ) беру маңызды моральдық ынталандырудың бірі, еңбек сіңірген азаматтардың жемісті қызметін, олардың қабілетін, дарыны мен бастамашылығын қоғамдық танудың көрінісі болып табылады.

2 2-тарау. Атақты беру тәртібі

3 3. Атақ облыс ( қала, аудан) алдындағы ерекше сіңірген еңбегінің белгісі ретінде мемлекеттік наградалары бар және кемінде 30 жыл еңбек өтілі бар және кемінде 10 жыл облыспен (қаламен, ауданмен) байланысты тұлғаларға:

мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару саласындағы мемлекет, саяси және қоғам қайраткерлеріне өздері қызмет атқарған кезде аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны;
қоғамдық қызметтегі, аймақтың рухани және интеллектуалдық әлеуетін дамытудағы жетістіктері, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау бойынша белсенді қызметі, қайырымдылық қызметі мен мейірімділігі;
денсаулық сақтауды, спортты, ғылымды, техниканы, ауыл шаруашылығын, әдебиетті, өнерді және қызметтің басқа да түрлерін дамытуға үлес қосқаны;
өскелең ұрпақтың бойында патриотизм мен азаматтық сезімін қалыптастыруға, сонымен қатар білім беру сапасын жетілдіруге және арттыруға үлес қосқаны;
тәуелсіз егемен Қазақстанның ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты нығайтудағы, тұтастығын сақтаудағы жемісті еңбегі үшін.

4

4. Атақ тұлғаларға осы Қағиданың 3-тармағында көрсетілген талаптарды есепке алмағанда егер оған облыстың (қаланың, ауданның) мәслихат сессиясына қатысып отырған депутаттардың жалпы санының кемінде үштен екісі жақтап дауыс берсе Атырау облысының (қаласының, ауданының) дамуына қосқан ерекше үлесі, соның ішінде елдегі және шет елдердегі Атырау облысының (қаласының, ауданының) кескін келбетін көтеруге қосқан үлесі үшін берілуі мүмкін.

5 5. Атақ қайтыс болғаннан кейін де берілуі мүмкін.

6 6. Облыс (қала, аудан) әкіміне жолданатын Атақ беру туралы қолдаухатты кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың және қоғамдық бірлестіктердің еңбек ұжымдары ынтагерлікпен ұсына алады.

Қолдаухатта кандидаттың өмірбаяндық негізгі мәліметтері, оның облыс (қала, аудан) алдындағы жетістіктері мен сіңірген еңбегін қысқаша сипаттайтын дәлелді құжаттары қоса тіркеліп, сонымен қоса:

1 1) мінездеме, кандидаттың өмірбаяны, бар мемлекеттік және басқа да наградаларының тізбесі;

2 2) жиналыс шешімінің хаттамасы;

3 3) соттылығы, әкімшілік жаза туралы мәліметтер;

4 4) кандидаттың көлемі 6х9 сантиметр (2 дана) фотосуреттері беріледі.

7 7. Атақ беру туралы өз кандидатураларын ұсынған адамдардан келіп түскен қолдаухаттар қаралмайды.

Үміткерлерде бұрын берілген ұқсас атақтардың болмауы атақ беру үшін шарт болып табылады.

8 8. Қолдаухаттарды облыс (қала, аудан) әкімі құрған тиісті комиссиялар қарайды. Комиссия төрағасы облыс (қала, аудан) әкімінің орынбасарынан төмен емес тұлға болуы тиіс. Комиссия мүшелерінің саны кемінде 5 (бес) және тақ болуға тиіс.

9 9. Комиссия шешімі көпшілік дауыспен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

10 10. Комиссияның шешімі ұсынымдық сипатта болады және оның барлық мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді.

11 11. Комиссия облыс (қала, аудан) әкіміне Атақ беру туралы ұсынысты тиісті мәслихаттың қарауына енгізуді немесе тиісті себептерін көрсете отырып, оны қабылдамауды ұсынады.

12 12. Атақты облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы бойынша жыл сайын тиісті мәслихатпен беріледі.

Атақты беру туралы мәселені қарау және шешім қабылдау Атаққа ұсынылған тұлғаның қатысуынсыз жүзеге асырыла алады.

13 13. Атақ берілуі мүмкін емес:

1 1) Атаққа ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте соттылық мерзімі өтелмеген немесе алынбаған тұлғаларға;

2 2) сот арқылы іс-әрекетке қабылетсіз немесе іс-әрекетке қабылеті шектеулі деп танылған тұлғаларға;

3 3) Атаққа ұсыну сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған әкімшілік жазасы бар тұлғаларға.

3 3-тарау. Төсбелгі мен куәлікті беру тәртібі

14 14. Атаққа ие болған тұлғаға облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы төсбелгісі мен куәлігін облыс (қала, аудан) әкімі және тиісті мәслихаттың төрағасы салтанатты түрде тапсырады.

Облыстың (қаланың, ауданның) Құрметті азаматы куәлігіне тиісті мәслихат төрағасы қол қояды.

15 15. Атақ қайтыс болғаннан кейін берілген жағдайда, оларды беру туралы құжаттар отбасына естелік ретінде сақтауға қалдырылады.

16 16. Төсбелгілер мен оларға куәліктерді дайындау, облыс (қала, аудан) мәслихатының аппаратына жүктеледі.

17 17. Төсбелгілер мен оларға куәліктерді дайындау шығындарын қаржыландыру тиісті жергілікті бюджеттің есебінен жүзеге асырылады.

4 4-тарау. Атақтан айыру негізі

18 18. Атаққа ие болған тұлға облыс (қала, аудан) әкімінің ұсынысы бойынша тиісті мәслихаттың шешімі бойынша мына жағдайларда одан айрылады:

1 1) соттың айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда;

2 2) үлкен қоғамдық көзқарас туғызатын теріс әрекеттер жасаған жағдайда.

19 19. Осы Қағидаларының 18-тармағында көзделген негіздер бойынша Атақтан айрылған тұлға Атаққа беруге қайта ұсынылмайды.

39 Облыстық мәслихаттың

2009 жылғы 16 қазандағы
N 250-ІV шешіміне 1 қосымша
Атырау облыстық мәслихатының жойылатын шешімдері:

1 1. Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 мамырдағы N 220-ІV "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы шешімі;

2 2. Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 3 шілдедегі N 239-ІV "Атырау облыстық мәслихатының 2009 жылғы 27 мамырдағы N 220-ІV "Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы" атағын беру ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы" шешімі.

42 Облыстық мәслихаттың

2009 жылғы 16 қазандағы
N 250-ІV шешіміне 2 қосымша
Атырау облыстық мәслихатының күші жойылды деп танылатын шешімдері:

1 1. Атырау облыстық мәслихатының 2000 жылғы 28 тамыздағы N 76-ІІ "Атырау облысы құрметті азаматы атағын белгілеу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 719) тіркелді.

2 2. Атырау облыстық мәслихатының 2001 жылғы 11 шілдедегі N 133-ІІ "Атырау облысы құрметті азаматы атағы туралы ережесіне толықтырулар енгізу туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 720) тіркелді.

3 3. Атырау облыстық мәслихатының 2001 жылғы 5 қазандағы N 148-ІІ "Атырау облысының құрметті азаматы" атағы берілген адамдарға біржолғы сыйақы және ай сайынғы жәрдемақы тағайындау және төлеу тәртібін бекіту туралы" шешімі (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 721) тіркелді.

Қолданыстағы