Об утверждении форм сертификата и реестра целителей Республики Казахстан, а также Правил его ведения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении форм сертификата и реестра целителей Республики Казахстан, а также Правил его ведения
- Атауы (қаз.)
- Сертификаттың және Қазақстан Республикасы емшілері тізілімінің нысанын, сондай-ақ оны жүргізу ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 663
- Қабылданған күні
- 06.11.2009
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2012 AI48821_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005877_
- ЭКБ идентификаторы
- 48821
- Редакция идентификаторы
- AI48821_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:04
0 Сертификаттың және Қазақстан Республикасы емшілері тізілімінің нысанын, сондай-ақ оны жүргізу ережесін бекіту туралы
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексіне сәйкес, халық емшілерінің қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мыналар:
1 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес сертификаттың нысаны;
2 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес емшілер тізілімінің нысаны;
3 3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы емшілер тізілімін жүргізу ережесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті (С.А. Баймұқанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
5 Емші сертификатын беретін аккредиттелген денсаулық сақтау ұйымы N ___ сертификат
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2009 жылғы 6 қарашадағы
N 663 бұйрығына
1-қосымша
Емші сертификатын беретін аккредиттелген денсаулық сақтау ұйымы N ___ сертификат
халық медицинасы әдісімен емдеу құқығын жүзеге асыру үшін азамат
____________________________________________________________ берілді.
(жеке тұлғаның Т.А.Ә.)
Ішкі ағзаларының және нерв жүйелері функцияларының бұзылумен ауыратын
науқастарды халық медицинасы әдістерімен емдеуге РҰҚСАТ ЕТІЛЕДІ.
20 ____ жылғы "___" ____________ N ___ бұйрық.
Берілген күні 20 ___ жылғы "___" ___________.
Сертификат 20 ___ жылғы "___" ____________ дейін жарамды.
Аккредиттелген ұйымның басшысы
__________________________________________________________________
(лауазымды тұлғаның Т.А.Ә.)
М.О.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2009 жылғы 6 қарашадағы
N 663 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы емшілерінің тізілімі
р/с N
Тегі, аты, әкесінің аты
Мекен-жайы (тұрғылықты жерін және қызметін жүзеге асыратын мекен-жайын көрсету керек)
Емші сауықтыратын аурулар түрінің тізімі
Сертификаттың N, сертификаттың берілген күні
бұйрықтың N
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2009 жылғы 6 қарашадағы
N 663 бұйрығына
3-қосымша
Қазақстан Республикасы емшілері тізілімін жүргізу ережелері