Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил первичного учета вод

Бұйрық · № 624 · қабылданған 02.11.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-48822/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил первичного учета вод Күшін жойған Бұйрық ·№ 624 ·02.11.2009
17.01.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил первичного учета вод

Күшін жойған Бұйрық ·№ 624 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил первичного учета вод
Атауы (қаз.)
Судың бастапқы есебінің ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
624
Қабылданған күні
02.11.2009
Көрсетілген редакция
17.01.2012 AI48822_2.kaz
Соңғы өзгеріс
17.01.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005882_
ЭКБ идентификаторы
48822
Редакция идентификаторы
AI48822_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:06

0 Судың бастапқы есебінің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 9 шілдедегі Су кодексінің 37-бабының 1-тармағының 25) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Судың бастапқы есебінің ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Табиғат ресурстарын пайдалану стратегиясы департаменті (Е.Р. Толқымбеков):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;

2 2) осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қолдансын.

3 Судың бастапқы есебінің ережесі 1. Жалпы ережелер

3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Министрдің м.а.                                     М. Оразаев
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
__________ Ж.А. Досқалиев
2009 жылғы 16 қараша
"КЕЛІСІЛДІ"
Қоршаған ортаны қорғау министрі
________________ Н.С. Әшімов
2009 жылғы 17 қараша
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
________________ В.К Божко
2009 жылғы "___" ________
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а.
2009 жылғы 2 қарашадағы
N 624 бұйрығымен бекітілген
Судың бастапқы есебінің ережесі 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Судың бастапқы есебінің ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабының 1-тармағының 25) тармақшасына сәйкес әзірленді және судың бастапқы есебінің тәртібін анықтайды.

2 2. Осы Ережеде келесі түсініктер қолданылады:

судың бастапқы есебі (бұдан әрі - СБЕ) - жер үсті және жер асты суларын алу және су объектілеріне ағызу (су шаруашылығы балансының шығыс және кіріс бөлігінде) көлемдерін өлшеу, өңдеу және тіркеу;
су пайдаланушы - өз мұқтаждарын және (немесе) коммерциялық мүдделерін қанағаттандыру үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен су ресурстарын пайдалану құқығы берілген жеке немесе заңды тұлға;
су тарту құрылысы - су объектілерінен су алуға арналған құрылыстар мен құрылғылар кешені.

2 2. Судың бастапқы есебін жүргізу

3 3. Арнайы су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушылармен СБЕ-ды ұйымдастыру үшін:

су алу немесе ағызу осылардың көмегімен жүзеге асырылатын суды өлшеу, алу және ағызу орындарының нөмірін, сондай-ақ осындай суларды қайталама су пайдаланушыларға беруді есепке алу тораптары көрсетілген су шаруашылығы құрылыстары мен техникалық құрылғыларының бассейндік су шаруашылығы басқармасымен келісілетін орналасу сүлбесі жасалады;
жауапты тұлғалармен СБЕ жорналдары жүргізіледі.

4 4. Судың өтімін өлшеу әр су тарту құрылыстарында және сарқынды сулардың шығарылуында жүргізіледі.

5 5. Ашық арынсыз су тартқыштарда судың өтімін өлшеу үшін стандартты суағарлар және науалар, сондай-ақ басқа да өлшеу құрылғылары қолданылады.

6 6. Ағызылатын сулардың көлемі оларды су объектілеріне әрбір шығару бойынша жеке ескеріледі.

7 7. СБЕ нәтижесінде алынған мәліметтер қағаз немесе электронды (Ехсеl форматында) тасымалдаушыда тоқсан сайын есеп беру тоқсанынан кейінгі айдың 10 күні мерзімге дейін экономика салалары бойынша осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес бассейндік су шаруашылығы басқармасына ұсынылады.

8 8. Өлшеу құралдарын пайдалануға олардың құрылғысын, іс-әрекетінің қағидаттарын, тексеруді жүргізу және оларды пайдаланған кезде техника қауіпсіздігінің ережесін білетін арнайы дайындалған тұлғалар жіберіледі.

9

9. Өлшеу құралдарын және өлшеу құрылғыларын таңдау өлшеу құралдарын орналастыратын үй-жайдың болуы, судың ең төменгі және ең жоғарғы пайдалану өтімдері және олардың ауытқу кестелері, өтім өлшеуіштер орнатылатын су құбырларындағы артық қысым немесе вакуум, сорғы агрегаттарының түрлері (сорғы бекеттеріне арналған), сарқынды сұйықтықтың құрамы, судың ластану деңгейі және температурасымен анықталады.

10 10. Су алу (ағызу) құрылысының өлшеу құралы істен шыққан жағдайда суды есепке алу соңғы көрсеткіш жазылған кезден бастап дұрыс өлшеу құралы орнатылған күнге дейін соңғы он күнтізбелік күн ішіндегі орташа тәуліктік өтімі бойынша жүргізіледі.

11 11. СБЕ нәтижелері осы Ереженің 2 және 3-қосымшаларына сәйкес жорналдарда жазылады.

12 20 ____ жылғы ______ тоқсандағы судың бастапқы есебін жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтер

12. Жорналдар тігіледі және басшының қолы мен мөрімен бекітіледі.
Судың бастапқы есебінің
ережесіне 1-қосымша
20 ____ жылғы ______ тоқсандағы судың бастапқы есебін жүргізу нәтижесінде алынған мәліметтер
Ұйымның атауы ______________________________________________________
Пошталық мекен-жайы ________________________________________________
СТН (немесе БСН, ЖСН болған кезде)__________________________________
Су ресурстарын су алуға (алуға) құқық белгіленген құжаттың
реквизиттері _______________________________________________________
Суды есепке алу аспабының маркасы __________________________________
Соңғы тексеру мерзімі ______________________________________________
Су объ­ек­ті­сі­нің ата­уы
Су алу­дың ко­ор­ди­нат­та­ры
Су алу­дың нө­мі­рі
Су алу­дың ли­ми­ті, мың м3
Су алу­дың есеп бе­ру тоқ­са­нын­да­ғы де­ректі кө­ле­мі, мың. м3
ен­ді­лі­гіне
ұз­ақ­тығ­ы­на
Тоқ­са ны­на бар­лы­ғы
ағым­да­ғы жы­л­ға
град
мин
сек
град
мин
сек
1 ай
2 ай
3 ай
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
Су­ды қай­та­ла­ма су пай­да­ла­ну­шы­лар­ға су бе­ру­ді есеп­ке алу то­ра­бы­ның нө­мі­рі
Қай­та­ла­ма су пай­да­ла­ну­шы­лар­ға бе­ріл­ді
Өтім­дер
Тоқ­са­ны­на бар­лы­ғы
оның ішін­де
нор­ма­тив­тік
ар­тық нор­ма­тив­тік
1 ай
2 ай
3 ай
14
15
16
17
18
19
20
Судың бастапқы есебінің
ережесіне 2-қосымша
Су тұтынуды (су бұруды) су өлшеу аспаптары және құрылғылары арқылы есепке алу жорналы
Өтім өл­шеу кү­ні
Өтім өл­ше­уіш­тің (ас­пап­тың) көр­сет­кіш­те­рі
Өтім өл­ше­уіш­тің жұ­мыс уа­қы­ты, тәу­лік
Ас­пап­ты тү­зе­ту­ді  неме­се дәл­дік есеп­тің ко­эф­фи­ци­ен­ті
Су алу­дың кө­ле­мі, м3 тәул., (4б. х 6б)
Есеп­ке алу­ды жү­зе­ге асы­ра­тын тұл­ға­ның Т.А.Ә.
Қо­лы
ал­дың­ғы­ла­ры
өл­шеу ке­зін­де­гі
Көр­сет­кіш­тер ай­ыр­ма­сы (2 гр. мен 3 гр. ара­сын­да
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Есеп бе­ру ай­ы­на бар­лы­ғы
Жыл ба­сы­нан бе­рі ар­туы бар­лы­ғы
Жауапты тұлға тексерді: _______________ ______ _____________________
(лауазымы)   (қолы)        (т.а.ә.)
"__" ______ 20 ___ ж.
Судың бастапқы есебінің
ережесіне 3-қосымша
Ағызылатын сарқынды (кәріздік) сулардың сапасын есепке алу жорналы
Кү­ні
Ин­гре­ди­ент ата­уы
Ин­гре­ди­ент шо­ғыр­ла­нуы, мг/дм3
Сар­қын­ды (кә­р­із­дік) су­лар­дың өті­мі, мың м3/тәу
Ағы­зы­ла­тын ин­гре­ди­ент мөл­ше­рі, кг
Сы­на­ма­ны жү­зе­ге асы­ра­тын тұл­ға­ның Т.А.Ә
Қо­лы
1
2
3
4
5
6
7
Жауапты тұлға тексерді: _______________ _________ __________________
(лауазымы)     (қолы)        (т.а.ә.)
"__" _____ 20 __ ж.

Қолданыстағы