Об утверждении Правил содержания животных в городе Хромтау и населенных пунктах района
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил содержания животных в городе Хромтау и населенных пунктах района
- Атауы (қаз.)
- Хромтау қаласы мен ауданның елдi мекендерiнде жануарлар ұстау Ережесін бекiту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 151
- Қабылданған күні
- 26.10.2009
- Көрсетілген редакция
- 07.08.2012 AI48868_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.08.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09CL000104
- ЭКБ идентификаторы
- 48868
- Редакция идентификаторы
- AI48868_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:10
0 Хромтау қаласы мен ауданның елдi мекендерiнде жануарлар ұстау Ережесін бекiту туралы
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы Кодексінің 310 бабына, «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңының 10 бабының 2 тармағының 1 тармақшасына және 25 бабына сәйкес, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 1 тармағының 8 тармақшасын басшылыққа ала отырып, аудандық мәслихат ШЕШIМ ЕТЕДІ:
1 1. Хромтау қаласы мен ауданның елдi мекендерiнде жануарлар ұстау Ережесі бекiтiлсiн. (Қоса беріледі).
2
2. «Хромтау қаласында үй жануарларын ұстау Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-26 номермен тіркелген, аудандық «Хромтау» газетінің 2006 жылғы 26 мамырдағы № 21 санында жарияланған) аудандық мәслихаттың 2006 жылғы 28 сәуірдегі № 135 шешімі, «Хромтау ауданының селолық округтерінде үй жануарларын ұстау Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-12-35 номерімен тіркелген, аудандық «Хромтау» газетінің 2007 жылғы 29 қаңтардағы № 3 санында жарияланған) 2006 жылғы 22 желтоқсандағы № 179 шешімі, «Хромтау ауданының елді мекендерінде ауылшаруашылығы жануарларын ұстау Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-12-77 номерімен тіркелген, аудандық «Хромтау» газетінің 2009 жылғы 29 қаңтардағы № 4-5 сандарында жарияланған) 2008 жылғы 24 желтоқсандағы № 87 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3 3. Хромтау қаласы мен селолық округтер әкімдері осы шешімнен туындайтын барлық қажет шараларды қабылдасын.
4 Хромтау қаласы мен ауданның елдi мекендерiнде жануарлар ұстау ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
2009 жылғы 26 қазандағы
№ 151 шешiммен
бекітілген.
Хромтау қаласы мен ауданның елдi мекендерiнде жануарлар ұстау ЕРЕЖЕСІ 1. Жалпы ережелер
1 1. Осы Ереже Хромтау қаласы және ауданның елді мекендерін аумағында жануарларын ұстауды белгiлеу мақсатында әзiрленiп, жеке және заңды тұлғалардың осы Ережені бұзғаны үшiн жауапкершiліктерiн белгiлейдi.
2 2. Ереже меншiк түрiне қарамастан жануарлар ұстайтын барлық жеке және заңды тұлғаларға тарайды.
2 2. Жануарларды ұстау
3 3. Жануарлар аулада көршiлерге кедергi келтiрмейтiндей арнайы бөлiнген және жабдықталған жайларда ұсталуы тиiс.
4 4. Жануарлар иелерi оларды ұстаудың зоотехникалық және ветеринарлық-санитарлық талаптарын сақтауы, қоршаған ортаны ластамауы тиіс.
5 5. Мал тұратын жайлар тоқсан сайын әктелiп, жылына кем дегенде бiр рет залалсыздандырылады. Қилар, жем-шөп қалдықтары, қоқыстар уақытында арнайы бөлiнген орындарға төгiлiп тұрады.
6 6. Малдарды көшелерде, алаңдарда, скверлерде, парктерде және басқа жалпы пайдалану орындарына жайылымға шығаруға жол берілмейді.
7 7. Санитарлық зонада жануарларды ұстауға болмайды.
8
8. Жануарлар іс жүзіндегі нормативтерге сәйкес арнайы жабықталған жабық жайда, жеке тұрғын үйлерден, мектептер, емдеу және балалар мекемелері, парктер, зоопарктер, стадиондар, қоғамдық тамақтандыру, сауда, тамақ өнеркәсібі кәсіпорындарынан, көппәтерлі үйлер, демалатын көпшілік орындар, балаларды сауықтыру лагерлері, демалыс үйлері, жасанды су қоймалар, артизандық құдықтар, өзендер жағасының аумақтарынан қашық орналасып ұсталуы қажет.
9 9. Жануарларды белгіленген мал дәрігерлік-санитарлық ережелерді сақтаған жағдайда бір отбасынан артық тұратын бірқатарлы үйлерде ұстауға сол үйде тұратын көршілес отбасылардың келісімімен ғана рұқсат етіледі.
10 10. Экзотикалық жануарларды ұстау тек уәкілетті органдардың рұқсатымен ғана мүмкін.
11 11. Мектептердің, Оқушылар үйлерінің, мектепке дейінгі балалар мекемелерінің зоологиялық бұрыштарында жануарларды ұстау тек Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылығы Министрлігінің аудандық аумақтық инспекциясының мемлекеттік малдәрігерлік инспекторларының рұқсатымен болады.
12 12. Қазақстан Республикасының малдәрігерлік заңнамаларын сақтаған жағдайда көліктің барлық түрімен жануарларды әкелуге және тасымалдауға рұқсат етіледі.
13 13. Жануарлар иелері тиісті:
1 1) жануарларды биологиялық ерекшелiктерiне сәйкес ұстауға, оларға мейiрiмдiлiкпен қарауға, қараусыз қалдырмауға, ауыра қалған жағдайда уақытында ветеринарлық көмекке жүгiнуге;
2 2) аумақты, мал шаруашылығы қора- жайларын, сондай-ақ жем-шөпті, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты сақтауға және өңдеуге арналған ғимараттарды ветеринарлық-санитарлық ережелер мен нормативтерге сәйкес ұстауға, қоршаған ортаның ластануына жол бермеуге;
3
3) мемлекеттік ветеринарлық қадағалау бақылайтын жүктерді ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринарлық қадағалау объектілерін орналастыру, салу, қайта жаңғырту және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау кезінде зоогигиеналық және ветеринарлық ( ветеринарлық- санитарлық) талаптарды сақтауға;