Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің нұсқаулығын бекіту туралы
ҚАЗҮйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің нұсқаулығын бекіту туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің нұсқаулығын бекіту туралы
- Атауы (қаз.)
- Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің нұсқаулығын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 118
- Қабылданған күні
- 02.11.2009
- Көрсетілген редакция
- 11.05.2012 · қолданыстағы AI48886_1.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 11.05.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09VE000100
- ЭКБ идентификаторы
- 48886
- Редакция идентификаторы
- AI48886_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:06
0 Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің нұсқаулығын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына және «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 16 бабына сәйкес, мүгедек балалары бар ата-аналарға оларды тәрбиелеуге және оқытуда көмек көрсету үшін аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық камсыздандыруды тағайындау мен төлеудің Нұсқаулығы (бұдан әрі-Нұсқаулық) бекітілсін.
2 2. 2009 жылғы 1 шілдеден бастап материалдық қамсыздандырудың мөлшері айына 11000 теңге мөлшерінде белгіленсін.
3 3. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі (С.Тәтиева) үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеуді бекітілген Нұсқаулыққа сәйкес қамтамасыз етсін.
4 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е. Лдибаевқа жүктелсін.
5 5. Қаулы ресми жарияланған соң 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
6 Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің НҰСҚАУЛЫҒЫ
Абай аудан әкімдігінің
2009 жылғы 02 қарашадағы
№ 118 қаулысына қосымша
Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға
материалдық қамсыздандыруды тағайындау мен төлеудің НҰСҚАУЛЫҒЫ
І. Жалпы ережелер
1
1. Осы нұсқаулық «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31 бабы 1 тармағының 14) тармақшасына және «Қазақстан Республикасындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі № 39 Заңының 16 бабына сәйкес әзірленді.
2
2. Мүгедек баланы үйде тәрбиелеу және оқыту оның ата-анасының немесе оның заңды өкiлдерiнiң тiлегiн есепке ала отырып, оны жалпы немесе арнайы мектепке дейiнгi ұйымдарда және басқа да оқу орындарында оқытуға мүмкiндiк болмаған жағдайда Ведомствоаралық психологтық-медиктiк-педагогикалық консультациялық комиссия қорытындысы негiзiнде жүргiзiледi.
3 3. Әлеуметтiк көмектi алуға үйде тәрбиеленiп, оқытылатын мүгедек баланың әке-шешесiнiң бiреуi, немесе оның заңды өкiлi құқылы.
4 4. Әлеуметтiк көмек белгiленедi және төленедi - туылған, асырап алынған және қамқорлыққа (қорғаншылыққа) алынған балаларға.
5 5. Әлеуметтiк көмек мүгедек балаларға басқа да әлеуметтiк көмек түрлерi көрсетiлетiндiгiне немесе алимент алатындығына қарамастан және отбасының табысына қарамастан белгiленедi.
2 2. Әлеуметтік көмек алу үшін жүгіну
6 6. Ереженiң 4-iншi бабында көрсетiлген тұлғалар тұрғылықты мекенжайы бойынша уәкiлеттi органға келесi құжаттарды көрсетуi керек:
1 1) Белгiленген нысандағы өтiнiш;
2 2) Өтiнiш иесiнiң жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы және көшiрмесi);
3 3) Отбасы құрамын және мекенжайын растайтын құжат;
4 4) Дәрiгерлiк-әлеуметтiк сараптау комиссиясының мүгедектiктi белгiлеу туралы анықтамасы (түпнұсқасы және көшiрмесi);
5 5) Бiлiм берудiң уәкiлеттi органы жанындағы Ведомствоаралық психологтық-медиктiк-педагогикалық консультациялық комиссия берген мүгедек баланы үйде оқыту қажеттiгi туралы қорытындысы (түпнұсқасы);
6 6) Баланың тууы туралы куәлiгi (түпнұсқасы және көшiрмесi);
Қамқоршының (қорғаншының) әлеуметтiк көмек белгiлеу жөнiндегi өтiнiшiне қоса қамқоршының куәлiгi немесе қамқорлық пен қорғаншылықты белгiлеу органдарының қамқорлық (қорғаншылық) белгiлеу туралы шешiмiнiң көшiрмесi қоса тiркеледi.
7 7. Әлеуметтiк көмектi тағайындайтын және төлейтiн уәкiлеттi орган қабылданған құжаттардың дұрыстығына және құжаттардың түпнұсқасымен салыстыра анықталған көшiрмелерiнiң нақтылығын тексерiп, өтiнiш иесiне құжаттардың түпнұсқасы қайтарылып берiледi.
8 8. Әлеуметтiк көмектi тағайындайтын және төлейтiн уәкiлеттi органның қызметкерлерi құжаттардың көшiрмесiн куәландырады, тiркеу журналына ұсынылған құжаттарын қоса өтiнiштерiн тiркейдi және өтiнiш иесiне қабылдау туралы белгiсi бар жыртылып алынған талон бередi.
3 3. Тағайындау
9
9. Үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандырудың тағайындалуы мүгедек баланың тұрғылықты жерінде ата-анасының біреуінің немесе оны алмастырушы (қорғаншы) тұлғаның өтініші бойынша уәкілетті органмен (аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен) жүргізіледі.
10
10. Материалдық көмектің тағайындау мен төлемнің тоқтатылуына немесе қайта жаңартылуына әкеліп соғатын жағдайлар туындаған кезде (бала өлімі, интернат-үйіне жіберу, тұрғылықты жерді ауыстыру және т.б.), көмек тағайындалуы және төлемі тиісті жағдайлар туындаған кезден кейінгі айдан бастап тоқтатылады немесе қайта жаңартылады.