Құжат мәтініне өту

Об утверждении квалификационных требований к деятельности товарных бирж, биржевых брокеров и биржевых дилеров

Қаулы · № 1942 · қабылданған 26.11.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 22.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-48890/on/2026-08-22/
Басып шығарылды 2026-08-22 · adilet.kz
Об утверждении квалификационных требований к деятельности товарных бирж, биржевых брокеров и биржевых дилеров Күшін жойған Қаулы ·№ 1942 ·26.11.2009
22.04.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
22.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.04.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении квалификационных требований к деятельности товарных бирж, биржевых брокеров и биржевых дилеров

Күшін жойған Қаулы ·№ 1942 · 22.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении квалификационных требований к деятельности товарных бирж, биржевых брокеров и биржевых дилеров
Атауы (қаз.)
Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1942
Қабылданған күні
26.11.2009
Көрсетілген редакция
22.04.2013 AI48890_10.kaz
Соңғы өзгеріс
22.04.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090001942_
ЭКБ идентификаторы
48890
Редакция идентификаторы
AI48890_10
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:55

0 Тауар биржаларының, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлердің қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының "Лицензиялау туралы" 2007 жылғы 11 қаңтардағы және "Тауар биржалары туралы" 2009 жылғы 4 мамырдағы заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған:

1 1) алып тасталды - ҚР Үкіметінің 2011.12.02 N 1435 (2012.01.30 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

2 2) тауар биржалары, биржалық брокерлер мен биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

5 Taуap биржалары саласындағы қызметті лицензиялау ережесі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 26 қарашадағы
N 1942 қаулысымен
бекітілген
Taуap биржалары саласындағы қызметті лицензиялау ережесі

6 Тауар биржалары, биржалық брокерлер және биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 26 қарашадағы
N 1942 қаулысымен
бекітілген
Тауар биржалары, биржалық брокерлер және биржалық дилерлер қызметіне қойылатын біліктілік талаптары

1 1. Тауар биржалары қызметіне қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:

1 1) нақты уақыт режиміндегі биржалық сауда-саттықты және электронды биржалық сауда-саттықты өткізуге арналған бағдарламалық қамтамасыз етудің;

2 2) құпиялылық (жасырын) режимін, сондай-ақ тауар биржасында коммерциялық құпияны құрайтын, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі мәліметтердің сақталуын қамтамасыз ету бойынша қажетті құралдармен жарақталған құрылымдық бөлімшенің;

3 3) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен биржа саудасының үлгі ережесі негізінде әзірленген биржа саудасы ережесінің;

4 4) тауар биржасында басшылық қызметпен айналысатын қызметкерлерде:

жоғары білімінің;
тауар биржалары саласында және/немесе қаржылық ұйымдарында кемінде үш жыл жұмыс өтілінің;
тауар биржасында басшылық қызметпен айналыспайтын қызметкерлерде:
жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің;

5 5) сауданы ұйымдастыру жөніндегі және клиенттермен жұмыс жүргізу жөніндегі құрылымдық бөлімшелердің;

6 6) клирингтік орталықтың не клирингтік орталық қызметтерін пайдалану туралы шарттың;

7 7) алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2010.09.04 № 894 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз) Қаулысымен;

8 8) кемінде үш биржалық брокермен және/немесе биржалық дилермен ынтымақтастық немесе қызметтер көрсету туралы ниет шарттарының;

9 9) мына: тауар биржасы мүшелерінің бастапқы және жыл сайынғы, биржа мүлкін пайдаланғаны, сондай-ақ биржалық мәмілелерді, заңнамада тыйым салынбаған басқа түсімдерді тіркегені және ресімдегені үшін бекітілген төлемдер мөлшерлерінің болуын көздейді.

2 2. Биржалық брокерлер (бұдан әрі - брокерлер) және (немесе) биржалық дилерлер (бұдан әрі - дилерлер) қызметіне қойылатын біліктілік талаптары мыналардың:

1 1) ұйымның бірінші басшысында:

жоғары білімінің;
ұйым қызметкерлерінде (биржалық саудамен айналысатын):
жоғары немесе орта білімнен кейінгі білімінің;

2 2) брокерлік немесе дилерлік қызметтер көрсету туралы шарттардың бекітілген нысандарының;

3 3) клиенттерге брокерлік немесе дилерлік қызметтер көрсетудің бекітілген регламентінің болуын көздейді.

Қолданыстағы