Об утверждении Перечня эпидемически значимых объектов
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня эпидемически значимых объектов
- Атауы (қаз.)
- Эпидемиялық маңызды объектілер тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 669
- Қабылданған күні
- 09.11.2009
- Көрсетілген редакция
- 26.10.2010 AI48893_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.10.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005868_
- ЭКБ идентификаторы
- 48893
- Редакция идентификаторы
- AI48893_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:04
0 Эпидемиялық маңызды объектілер тізбесін бекіту туралы
Күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010.10.26 № 838 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Осы бұйрыққа қоса беріліп отырған эпидемиялық маңызды объектілер тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті (Қ.С.Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны ресми жариялауға жіберсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
5 Эпидемиялық маңызды объектілері тізбесі
5. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрі
міндетін атқарушының
2009 жылғы 9 қарашадағы
N 669 бұйрығымен бекітілген
қосымша
Эпидемиялық маңызды объектілері тізбесі
1 топ - эпидемиялық жоғары маңызды объектілері:
1 1) қоғамдық тамақтану объектілері;
2 2) балалар сауықтыру объектілері (маусымдық);
3 3) кондитерлік крем бұйымдарын өндіру бойынша;
4 4) балалар сүт асханалары;
5 5) перинатальды орталықтар және босану бөлімшелері, гинекологиялық бөлімшелер, хирургиялық стационарлар, бөлімшелер, операциялық блоктар, кабинеттер;
6 6) жұмсақ балмұздақ өндіру бойынша объектілері;
7 7) сәбилер үйі, балалар үйі, мектепке дейінгі және интернаттық объектілері.
2 топ - эпидемиялық орта маңызды объектілері:
1 1) азық-түлік саудасы объектілері;
2 2) сүт өңдеу объектілері;
3 3) базарлар;
4 4) ет өңдеу объектілері;
5 5) балық өңдеу объектілері;
6 6) құс өңдеу объектілері;
7 7) жеміс-жидек өңдеу объектілері;
8 8) объекттердің ас блоктары;
9 9) кәмпит өндіру бойынша объектілері;
10 10) тез мұздатылған жартылай дайындалған өнімдерді өндіру бойынша объектілері;
11 11) шөлмектегі суды (табиғи минералды және асханалық ауыз суды қоса алғанда ыдысқа құйылған ауызсуды) өндіру бойынша объектілері;
12 12) жалпы білім беру объектілері;
13 13) балалар сауықтыру объектілері (жыл бойы);
14 14) стоматологиялық объектілері;
15 15) дәрілік түрлерді және медициналық мақсаттағы бұйымдарды дайындау, өлшеп орау, сақтау объектілері;
16 16) сумен жабдықтау көздері, бас құрылыстар, таралу су құбыры желісі, орталықтанбаған сумен жабдықтау;
17 17) инфекциялық ауруханалар, туберкулездік ауруханалар, жалпы көп салалы ауруханалар, соматикалық саладағы стационарлары бар диспансерлер, санитариялық-курорттық мақсаттағы ұйымдар;
18 18) егу кабинеттері;
19 19) қан қызметі саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын объектілері (қан құю станциялары, қан құю орталықтары);
20 20) ЖҚТБ орталықтарының зертханалары, сараптама орталықтарының зертханалары, зертханалар.
3 топ - эпидемиялық аз маңызды объектілері: