Об утверждении Правил проведения хирургической стерилизации граждан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения хирургической стерилизации граждан
- Атауы (қаз.)
- Азаматтарға хирургиялық стерилизациялауды жүргізудің ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 625
- Қабылданған күні
- 30.10.2009
- Көрсетілген редакция
- 06.11.2020 48896_493374.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.11.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005881_
- ЭКБ идентификаторы
- 48896
- Редакция идентификаторы
- 48896_493374
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:07
0 Азаматтарға хирургиялық стерилизациялауды жүргізудің ережесін бекіту туралы
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 103-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Азаматтарға хирургиялық стерилизациялауды жүргізудің ережесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберілсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары (келісім бойынша) осы бұйрықты іске асыру бойынша шараларды қабылдасын.
5
5. "Азаматтарға хирургиялық стерилдеуді жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2005 жылғы 7 қаңтардағы N 7 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3352 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2005 ж. N 3-8, 21-құжат) күші жойылды деп танылсын.
6 6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
7 Азаматтарға хирургиялық стерилизациялауды жүргізу ережесі
7. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
2009 жылғы 30 қазандағы
N 625 бұйрығымен бекітілген
Азаматтарға хирургиялық стерилизациялауды жүргізу ережесі
1 1. Хирургиялық стерилизациялау қаламаған жүктіліктің алдын алу әдісі ретінде отыз бес жастан асқан немесе кемінде екі баласы бар азаматтарға қатысты, ал медициналық айғақтары мен жасына және балаларының бар-жоғына қарамастан жасалуы мүмкін.
2
2. Хирургиялық стерилизациялауды тек азаматтардың келісімімен, денсаулық сақтау ұйымдары, жеке медициналық практикамен айналысатын, осы қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке тұлғалар осы операцияның біржола жасалатындығы туралы міндетті түрде алдын ала хабардар ете отырып, азаматтың жазбаша келісімі бойынша ғана жүргізеді.
3
3. Медициналық ұйымдарда хирургиялық стерилизациялау жүргізу туралы шешім осы ережеге қосымшаға сәйкес медициналық айғақтар мен қарсы айғақтарға сәйкес құрамында денсаулық сақтау ұйымдарының басшылары, дәрігер акушер-гинеколог, ауру бойынша маман дәрігер бар дәрігерлік-консультациялық комиссия (бұдан әрі - ДКК) белгілейді.
Медициналық айғақтары болған жағдайда көрсетілген мамандар қол қойған және медициналық ұйымның мөрімен куәландырылған толық клиникалық диагнозы қойылған қорытынды беріледі. Бұл қорытынды отыз күнтүзбелік күнге жарамды.
Әйелдерге акушерлік-гинекологиялық стационар жағдайында медициналық айғақтары анықталған жағдайда сырқатнамаға әйелдің ауруына (жай-күйіне) қарай маман дәрігердің, емдеуші дәрігердің және денсаулық сақтау ұйымының (бөлімшесінің) басшысының қолдарымен бекітіліп, тиісті жазбалар жазылады.
4 4. Хирургиялық стерилизациялау хирургиялық стерилизациялау әдісі бойынша арнайы даярлықтан өткен дәрігерлер (минилапоротомия, лапроскопия, вазектомия) жүргізеді.
5 5. Емдеу - алдын алу ұйымдарының акушер-гинеколог, уролог-андролог дәрігерлері азаматтар хирургиялық стерилизациялауға жолдама алу үшін өтініш жасаған кезде операцияға медициналық қарсы айғақтарының жоқтығын анықтау үшін тексеру жүргізеді.
Тексерудің деректері амбулаториялық науқастың медициналық картасына жазылады.
Хирургиялық стерилизациялау бойынша операциялар жасауға байланысты азаматтарға іш қуысы хирургиялық операциялары үшін регламенттелген толық клиникалық тексеру өткізіледі.
6 Хирургиялық стерилизациялау жүргізу үшін медициналық айғақтар мен қарсы айғақтар тізбесі
6. Хирургиялық стерилизациялау операцияларын жасау үшін медициналық қарсы айғақтары болмаған жағдайда азаматтарға ұйымдардың атауы мен мекен-жайы, науқасты тексерудің қорытындысы, ДКК қорытындысы, сондай-ақ науқастың жазбаша келісімі көрсетіле отырып азаматтарға медициналық ұйымға жолдама беріледі. Бұл қорытынды отыз күнтізбелік күнге жарамды.
Азаматтарға хирургиялық
стерилизациялау жүргізу
ережесіне қосымша
Хирургиялық стерилизациялау жүргізу үшін медициналық айғақтар мен қарсы айғақтар тізбесі