Құжат мәтініне өту

О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Магжана Жумабаева

Өзге акт · № 18-2 · қабылданған 20.10.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-48912/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Магжана Жумабаева Күшін жойған Өзге акт ·№ 18-2 ·20.10.2009
09.01.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.01.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Магжана Жумабаева

Күшін жойған Өзге акт ·№ 18-2 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О предоставлении социальной помощи на приобретение топлива специалистам государственных организаций здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры и спорта, проживающим и работающим в сельских населенных пунктах района Магжана Жумабаева
Атауы (қаз.)
Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмек туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
18-2
Қабылданған күні
20.10.2009
Көрсетілген редакция
09.01.2013 48912_201061.kaz
Соңғы өзгеріс
09.01.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09SI000107
ЭКБ идентификаторы
48912
Редакция идентификаторы
48912_201061
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:14

0 Мағжан Жұмабаев ауданының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмек туралы

Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18-бабындағы 5-тармаққа, аудандық мәслихаттың 2008 жылғы 25 желтоқсандағы № 13-2 «2009 жылға арналған аудан бюджеті туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2009 жылғы 27 қаңтарда № 13-9-85 тіркелген, аудандық «Вести» газетінің 2009 жылғы 27 наурыздағы арнайы шығарылымында жарияланған) шешіміне сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:

1 1. Мағжан Жұмабаев ауданының селолық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын алу үшін аудандық бюджет қаражатынан 2009 жылға бір мың теңге сомасында әлеуметтік көмек берілсін.

2

2. Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 30 маусымдағы № 9-4 «Ауылды (селолық) жерде тұратын денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2004 жылғы 2 тамызда № 1313 тіркелген, аудандық «Вести» газетінің 2004 жылғы 3 желтоқсандағы № 48 санында жарияланған); 2008 жылғы 29 қыркүйектегі № 11-5 «Аудандық мәслихаттың 2004 жылғы 30 маусымдағы № 9-4 «Ауылды (селолық) жерде тұратын денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын алу үшін әлеуметтік көмек көрсету ережесі туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2008 жылғы 7 қарашада № 13-9-83 тіркелген, аудандық «Вести» газетінің 2008 жылғы 14 қарашадағы № 46 санында жарияланған) шешімдері күшін жойды деп танылсын.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ:
Аудан әкімі аппаратының
заңгерлік мәселелер жөніндегі кеңесшісі
Г. Алпысбаева

Қолданыстағы