Об утверждении правил содержания животных в населенных пунктах района Магжана Жумабаева
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении правил содержания животных в населенных пунктах района Магжана Жумабаева
- Атауы (қаз.)
- Мағжан Жұмабаев ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 18-4
- Қабылданған күні
- 20.10.2009
- Көрсетілген редакция
- 06.06.2012 48913_201150.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09SI000108
- ЭКБ идентификаторы
- 48913
- Редакция идентификаторы
- 48913_201150
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:14
0 Мағжан Жұмабаев ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы № 155 «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 3-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1 1. Мағжан Жұмабаев ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау ережесі бекітілсін.
2
2. Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 19 маусымдағы № 42-4 «Мағжан Жұмабаев ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 31 шілдеде № 13-9-49 тіркелген, аудандық «Вести» газетінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 42 санында жарияланған); 2007 жылғы 17 шілдедегі № 43-2 «Мағжан Жұмабаев ауданы аумағында иттер мен мысықтарды ұстау ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2007 жылғы 27 тамызда № 13-9-50 тіркелген, аудандық «Вести» газетінің 2007 жылғы 19 қазандағы № 42 санында жарияланған) шешімдері күшін жойды деп танылсын.
3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
Мемлекеттік санитарлық
эпидемиологиялық қадағалау
басқармасының Мағжан Жұмабаев
ауданы бойынша бастығы
C. Жигаев
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылық министрлігінің
Агроөнеркәсіптік кешеніндегі
мемлекеттік инспекция комитетінің
Мағжан Жұмабаев аудандық аумақтық
инспекциясының бастығы
А. Сағындықов
4 Аудандық мәслихаттың
2009 жылғы 20 қазандағы
№ 18-4 шешімімен бекітілді
Мағжан Жұмабаев ауданының елді мекендерінде жануарларды ұстау
Ережесі
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Мағжан Жұмабаев ауданында жануарларды ұстау Ережесі (әрі қарай - Ереже) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 3-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағы 8) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 «Ветеринария туралы» Заңының 10-бабы 2-тармағы 1) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2 2. Осы Ережеде төмендегі түсініктер қолданылады:
1 1) бақылаусыз жануарлар – меншік иесі бар, бірақ оның бақылауынан уақытша шыққан жануарлар, меншік иесі жоқ немесе меншік иесі белгісіз және де меншік иесі иемдену құқығынан бас тартқан үй жануарлары.
2 2) ветеринарлық төлқұжат - мемлекеттiк ветеринарлық қадағалау объектiлерiне ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен ветеринарлық инспекторлар беретiн ветеринарлық-санитарлық қорытынды, ветеринарлық куәлiк, ветеринарлық сертификат, ветеринарлық анықтама;
3
3) ветеринарлық iс-шаралар – жануарлар ауруларының алдын алу, емделуiн немесе диагностикасын қоса алғанда, оның шығуын, таралуын болдырмауға немесе оны жоюға; жануарлар мен адамның денсаулығына қауiп төндiретiн аса қауiптi аурулар жұқтырған жануарларды залалсыздандыруға (зарарсыздыруға), алып қоюға және жоюға; жануарлардың өнiмдiлiгiн арттыруға; жануарлардың және адамдардың денсаулығына жұқпалы, оның iшiнде жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау мақсатында, түгендеу рәсiмiн қоса, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге бағытталған iндетке қарсы, ветеринарлық-санитарлық рәсiмдер кешенi;
4 4) ветеринарлық құжат – ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген нысандағы құжат, онда жануардың иесi, жануардың түрi, жынысы, жасы, жануарлар ауруларының алдын алуы, диагностикасы және оларды емдеу мақсатында жүргiзiлген ветеринарлық өңдеудің мерзiмдерi мен сипаты көрсетiледi;
5
5) ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер - ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн, ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар орындау үшiн мiндеттi болып табылатын ветеринариялық нормативтер негiзiнде ветеринариялық iс-шараларды жүргiзу тәртiбiн айқындайтын нормативтiк құқықтық акт;
6
6) ветеринарлық-санитарлық сараптама - жануарлардың, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзаттың ветеринарлық нормативтерге сәйкес келуiн ветеринария саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлеген тәртiппен органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешенi арқылы тексеруi;
7 7) жануардың иесі - жеке меншік немесе басқа да иеліктегі жеке немесе заңды тұлға.
8 8) иттер мен мысықтарды серуендету - иесінің меншігі болып табылатын немесе басқа тұлғаның жалға алған жануарлардың жайлардан тыс болуы, сондай-ақ иттер мен мысықтардың арнайы бөлінген аумақтарда болуы;
9 9) үй жануарлары – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жануарлардан басқа, адаммен толық немесе жартылай ұсталатын және өнеркәсіп өнімі мен тағам өнімдерін алуда қолданылмайтын зоологиялық түрлер.
10 10) жануарлар – жануарлар әлемінің ауыл шаруашылығы, үй, жабайы, сүтқоректілер, құстар, бал аралар, балықтар, қосмекенділер, тағы басқа да өкілдері;
11 11) мысық – мөлшеріне, түріне және өзге ерекшеліктеріне қарамастан, сүтқоректі, мысықтұқымдас үй жануары;
12 12) қоғамдық орындар - адамдардың көп жиналатын немесе адамдардың жиналуы мүмкін орындар, оның ішінде көшелер, скверлер, саябақтар және азаматтардың демалатын өзге орындары, шомылатын жерлер, стадиондар, сауық шаралары жүргізілетін орындар;
13 13) ит – мөлшеріне, түсіне және өзге ерекшеліктеріне қарамастан, сүтқоректі, қасқыр тұқымдас үй жануары;
14 14) жануарларды ұстау – жануарлар иелерінің жануарлардың өмірін, денсаулығын сақтау, ветеринарлық-санитарлық нормаларды сақтаған жағдайда толық жарамды ұрпақалу, сонымен қатар қоғамдық тәртіпті және азаматтар мен жануарлар әлемінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жүргізетін әрекеттері.
3 3. Адамдардың және жануарлардың денсаулығына аса қауіп туғызатын жануарларды алып қою және жою Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
4 4. Осы Ереженің талаптары меншік түріне және ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, Мағжан Жұмабаев ауданының аумағында орналасқан жеке және басқадай меншігінде жануары бар жеке және заңды тұлғаларға, барлық жануар иелеріне таралады.
2 2-тарау. Жануарларды тіркеу тәртібі
5 5. Мағжан Жұмабаев ауданында жануарларды тіркеу және есепке алу, сондай-ақ жануарларды сәйкестендіру мәліметінің компьютерлік базасын жасау бойынша мемлекеттік уәкілетті органдар:
"Мағжан Жұмабаев ауданының ауыл шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесі;
"Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Мағжан Жұмабаев аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі.
6 6. Жануарларды тіркеу оларды сәйкестендіру жолымен жүргізіледі. Жануарларды сәйкестендіру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына және халықаралық стандарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
7 7. Тіркелген жануарға ветеринарлық төлқұжат ресімделеді және оның барлық өмір сүру уақытына сақталатын сәйкестендіру нөмірі беріледі.
8 8. Жануарларды тіркеу және қайта тіркеу кезінде иелері келесі мәліметтерді тапсырады:
иесінің тұлғасын растайтын құжаты;
тұрғылықты мекен-жайы, телефоны;
жануар туралы мәлімет (тұқымы, жынысы, аты, жасы, туған жылы, түрі, түсі, ерекше белгілері немесе жануардың сипаттамасы, сәйкестендіру әдісі).
9 9. Сатып алынған жануарларды тіркеу жүргізіледі. Жануарларды сату немесе жаңа иесіне беру олардың ветеринарлық құжаттарын қоса беру арқылы жүзеге асырылады.
10 10. Жануар мерт болған жағдайда ветеринарлық төлқұжаты бұрын жануар тіркелген уәкілетті мемлекеттік органға тапсырылады.
11 11. Тіркеу органына жануардың қолдан кетуі (сату, жоғалу, мерт болуы, басқа тұлғаға беру) туралы оны есептен шығару немесе қайта тіркеу үшін хабарланады.
12 12. Жануарларды тіркеу және сәйкестендіру рәсімі жануар иесінің есебінен жүзеге асады.
3 3-тарау. Жануарларды ұстау, серуендету және бағу
13 13. Әр жануар иесінің меншігі болып табылады және өзге де меншік сияқты заңмен қорғалады.
14 14. Жануарлар сот шешімімен немесе заңнамамен қарастырылған өзге тәртіпте және жағдайда алынып қойылуы мүмкін.
15 15. Жануар иесі:
1 1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жануарларды сатып алады және өз иелігінен айырады;
2 2) жануарларды ұстау, көбейту тәртібі туралы қажетті ақпаратты жануарлар иелері қоғамдарынан (клубтарынан), ветеринарлық ұйымдардан алады;
3 3) жануарларды сәйкестендіруді жүзеге асырады, ветеринар мамандарына арнайы ветеринарлық іс-шараларды жүргізу үшін қолайлы жағдай туғызады, қажетті ветеринарлық шаралар жүргізгенде мемлекеттік ветеринарлық қызмет мамандарының нұсқауларын орындайды;
4 4) жануардың жеке нөмірі жоғалғанда жоғалған жеке нөмірді қалпына келтіреді;
5
5) жануарлардың ауруларын ескертуді қамтамасыз ететін ветеринария саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген ветеринариялық (ветеринариялық - санитариялық) ережелерді сақтай отырып, ветеринарлық (егу және серологиялық зерттеу) және әкімшілік шаруашылық іс-шараларды жүргізуді жүзеге асырады;
6 6) жануарларды емдеуді және ауруларды алдын алуды уақтылы жүргізуді аурудың барлық жағдайларында немесе ауру күдігі болғанда тез арада ветеринариялық мекемеге хабарлайды, тексеру нәтижесі бойынша мамандардың ұсынымын бұлжытпай орындауды жүзеге асырады.
7 7) жануарларды, аквариумдағы балықтарды, омартадағы балдарды, ұстауды, көбейтуді және пайдалануды ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) ережелер мен нормативтерге сәйкес жүзеге асырады;
8 8) жануардың қоршаған ортаға қауіп туғызбайтын және мазаламайтын мінез-құлығын қамтамасыз етеді, азаматтардың денсаулығына және мүлкіне, заңды тұлғалардың мүлкіне қауіп тууын болдыртпайды;
9 9) адамды қауып алған, оған жарақат келтірген жағдайда:
зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсету үшін емханаға жеткізеді;
жануардың сақталуын, құтыру ауруын анықтау үшін ветеринарлық мамандардың бақылауын қамтамасыз етеді;
10
10) жануарлардың кенеттен мерт болуы мен бірнеше жануарлардың бір уақытта ауыруы немесе әдеттен тыс мінез көрсетуі туралы ветеринариялық мамандарға хабарлайды. Ветеринариялық мамандар келгенше ауруға ұшыраған сезікті жануарларды оқшаулап ұстап, шара қабылдау және ауырып өлгендігіне күдікті жануардың өлігін сақтайды;