О внесении дополнений и изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений и изменений в некоторые приказы Министра сельского хозяйства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 639
- Қабылданған күні
- 05.11.2009
- Көрсетілген редакция
- 25.06.2014 AI48920_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 25.06.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005892_
- ЭКБ идентификаторы
- 48920
- Редакция идентификаторы
- AI48920_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:05
0 Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
"Ветеринария туралы" 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің кейбір бұйрықтарына келесі толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
1 1)
📌 Ескерту. 1) тармақшаның күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2012.03.30 № 18-02/144 (алғашқы рет ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi) Бұйрығымен.
2
2) "Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу туралы Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2008 жылғы 1 сәуірдегі N 199 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Реестрінде N 5198 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 318 бет, N 5, 2008 жылы жарияланған):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген, тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринарлық-санитарлық сараптама жүргізу Ережесiне:
2 және 24 тармақтарда "ветеринарлық қадағалануға" деген сөздер "ветеринариялық-санитариялық бақылануға" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай мазмұнда жазылсын:
"1) ветеринариялық-санитариялық сараптама – жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың, жемшөп пен жемшөп қоспаларының ветеринариялық нормативтерге сәйкес келуін органолептикалық, биохимиялық, микробиологиялық, паразитологиялық, уыттық және радиологиялық зерттеулер кешені арқылы тексеру;";
20 тармақта "10" деген сан "11" деген санмен ауыстырылсын;