Қолданыстағы ред. 22.10.2009

Ақсу қаласы Сарышығанақ селолық округінің Жаңа-шаруа және Суаткөл ауылдарындағы көшелерге атаулар беру туралы от 22.10.2009 г. № 5 (Ақсу қаласы Сарышығанақ селолық округінің Жаңа-шаруа және Суаткөл ауылдарындағы көшелерге атаулар беру туралы)

0

Ақсу қаласы Сарышығанақ селолық округінің Жаңа-шаруа және Суаткөл ауылдарындағы көшелерге атаулар беру туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4-тармағына сәйкес, Жаңа-шаруа және Суаткөл ауылдары халқының пікірін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:

1

1. Мыналарға:
Жаңа-шаруа ауылындағы бірден отыз бесінші үйге дейінгі атауы жоқ көшеге "Достық" атауы;
Суаткөл ауылындағы бірден отыз жетінші үйге дейінгі атауы жоқ көшеге "Бейбітшілік" атауы берілсін.

2

2. Осы шешім ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Сарышығанақ селолық
округінің әкімі                            Т. Әубәкіров