Ақсу қаласы Сарышығанақ селолық округінің Жаңа-шаруа және Суаткөл ауылдарындағы көшелерге атаулар беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.10.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақсу қаласы Сарышығанақ селолық округінің Жаңа-шаруа және Суаткөл ауылдарындағы көшелерге атаулар беру туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабына, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 14-бабы 4-тармағына сәйкес, Жаңа-шаруа және Суаткөл ауылдары халқының пікірін есепке ала отырып, ШЕШІМ қабылдаймын:
Тармақ 1
1. Мыналарға: Жаңа-шаруа ауылындағы бірден отыз бесінші үйге дейінгі атауы жоқ көшеге "Достық" атауы; Суаткөл ауылындағы бірден отыз жетінші үйге дейінгі атауы жоқ көшеге "Бейбітшілік" атауы берілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім ол алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Сарышығанақ селолық округінің әкімі                            Т. Әубәкіров