Об утверждении Номенклатуры медицинских и фармацевтических специальностей
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Номенклатуры медицинских и фармацевтических специальностей
- Атауы (қаз.)
- Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 774
- Қабылданған күні
- 24.11.2009
- Көрсетілген редакция
- 15.01.2021 48953_508122.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.01.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005885_
- ЭКБ идентификаторы
- 48953
- Редакция идентификаторы
- 48953_508122
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:57
0 Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасын бекіту туралы
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 32-бабы 3-тармағы 2-тармақшысына сәйкес және денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлерінің мамандықтарын есепке алу, даярлау, регламенттеуді біріздендіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасы бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Н.Қ. Хамзина) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуін қамтамасыз етсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Бисмильдин Ф.Б.) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4
4. "Медицина және фармацевтика мамандықтары номенклатурасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы 4 шілде N 392 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5276 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған 2008 жылғы N 8, 326 құжат) бұйрығының күші жойылды деп танылсын.
5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
6 6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 24 қарашадағы
№ 774 бұйрығымен
бекітілген
Медицина және фармацевтика мамандықтарының номенклатурасы
1 1. Терапия (жасөспірімдер терапиясы, диетология);
2 2. Жалпы дәрігерлік практика (отбасылық медицина);
3 3. Кардиология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика, интервенциялық аритмология, интервенциялық кардиология) (ересектердің);
4 4. Кардиология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика, интервенциялық аритмология, интервенциялық кардиология) (балалардың);
5 5. Ревматология (ересектердің);
6 6. Ревматология (балалардың);
7 7. Аллергология және иммунология (ересектердің, балалардың);
8 8. Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектердің,);
9 9. Гастроэнтерология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (балалардың);
10 10. Гематология (ересектер);
11 11. Онкология және гематология (балалар);
12 12. Пульмонология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика) (ересектердің,);
13 13. Пульмонология (негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия, негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика) (балалардың);
14 14. Эндокринология (ересектердің,);
15 15. Эндокринология (балалардың);
16 16. Нефрология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (ересектердің,);
17 17. Нефрология (негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика) (балалардың);
18 18. Фтизиатрия (ересектердің, балалардың);
19 19. Кәсіби патология;
20 20. Инфекциялық аурулар (ересектердің);
21 21. Инфекциялық аурулар (балалардың);
22 22. Дерматовенерология (дерматокосметология) (ересектердің, балалардың)
23 23. Неврология (негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика) (ересектердің,);
24 24. Неврология (негізгі мамандық бейіні бойынша функционалды диагностика) (балалардың);
25 25. Психиатрия (наркология, психотерапия, сексопатология, медициналық психология, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық сараптама);
26 26. Медициналық реабилитология (ересектердің, балалардың);
27 27. Сәулелі терапия (радияциялық онкология);
28 28. Сәулелі диагностика (рентгенология, компьютерлік және магнитті-резонанстық томография, ультрадыбыстық диагностика, ядролық медицина);
29 29. Функциялық диагностика;
30 30. Клиникалық зертханалық диагностика;
31 31. Спорт медицинасы;
32 32. Гериатрия;
33 33. Клиникалық фармакология;
34 34. Дәстүрлі терапия (рефлексотерапия, мануальды терапия, су-джок-терапиясы, гомеопатия, гирудотерапия, фитотерапия);
35 35. Әуе және ғарыш медицинасы;
36 36. Төтенше жағдайлар және апаттар медицинасы;
37 37. Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология) (ересектердің);
38 38. Анестезиология және реаниматология (перфузиология, токсикология) (балалардың);
39 39. Жалпы хирургия (торакалдық хирургия, абдоминалдық хирургия, трансплантология, колопроктология, онкологиялық хирургия, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия);
40 40. Кардиохирургия (ересектердің, балалардың);
41 41. Ангиохирургия (рентгенохирургия, интервенциялық хирургия) (ересектердің, балалардың);
42 42. Нейрохирургия (ересектердің, балалардың);
43 43. Жақ сүйек-бет хирургиясы (ересектердің, балалардың);
44 44. Пластикалық хирургия;
45 45. Онкология (химиотерапия, маммология) (ересектер);
46 46. Травматология-ортопедия (камбустиология) (ересектердің, балалардың)
47 47. Урология және андрология (негізгі мамандық бейіні бойынша; ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (ересектердің, балалардың);
48 48. Офтальмология (ересектердің, балалардың);
49 49. Оториноларингология (сурдология, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия) (ересектердің, балалардың);
50 50. Патологиялық анатомия (цитопатология) (ересектердің, балалардың);
51 51. Сот-медициналық сараптама;
52 52. Трансфузиология;
53 53. Токсикология (ересектердің, балалардың);
54 54. Педиатрия (неонатология);
55 55. Неонатология (интенсивтік терапия және неонаталдық реанимация);
56 56. Балалар психиатриясы (балалар наркологиясы, балалар психотерапиясы, балалар медициналық психологиясы, сот-психиатриялық сараптама, сот-наркологиялық;
57 57. Балалар хирургиясы (неонаталдық хирургия);
58 58. Акушерия және гинекология (балалар гинекологиясы, негізгі мамандық бейіні бойынша ультрадыбыстық диагностика, негізгі мамандық бейіні бойынша эндоскопия);
59 59. Медициналық генетика;
60 60. Стоматология (ересектердің, балалардың);
61 61. Гигиена және эпидемиология (жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, балалар мен жасөспірімдер гигиенасы, тағам гигиенасы, коммуналдық гигиена, радиациялық гигиена, токсикология, эпидемиология, паразитология, бактериология, вирусология, микробиология);
62 62. Денсаулық сақтау менеджменті;
63 63. Қоғамдық денсаулық сақтау;
64 64. Мейіргер ісі;
65 65. Жедел және шұғыл медициналық көмек.
Фармация (жалпы фармацевтикалық практика; фармацияның экономикасы және басқару (фармацевт (провизор), фармацевт-ұйымдастырушы (провизор-ұйымдастырушы), менеджер, тексеруші, хабаршы, маркетолог-тауартанушы, дәрілердің технологиясы (фармацевт (провизор), фармацевт-технолог (провизор-технолог); дәрілік заттардың сапасын бақылау және сертификаттау (фармацевт (провизор), фармацевт-талдаушы (провизор-талдаушы); талдамалы диагностика және сот-химиялық сараптама (химик-токсиколог); клиникалық фармация; фармация сапасын басқару)