Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения аттестации декретированных групп населения

Бұйрық · № 770 · қабылданған 24.11.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-48954/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения аттестации декретированных групп населения Күшін жойған Бұйрық ·№ 770 ·24.11.2009
24.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения аттестации декретированных групп населения

Күшін жойған Бұйрық ·№ 770 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения аттестации декретированных групп населения
Атауы (қаз.)
Халықтың декреттелген топтарына аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
770
Қабылданған күні
24.11.2009
Көрсетілген редакция
24.06.2015 AI48954_4.kaz
Соңғы өзгеріс
24.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005886_
ЭКБ идентификаторы
48954
Редакция идентификаторы
AI48954_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:58

0 Халықтың декреттелген топтарына аттестаттау жүргізу ережесін бекіту туралы

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 21-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Халықтың декреттелген топтарына аттестаттау жүргізу ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4

4. "Халықтың декреттелген тобын гигиеналық оқытуды ұйымдастыру мен жүргізу жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушының 2003 жылдың 17 қыркүйектегі N 688 бұйрығының (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2003 жылғы 20 қазанда N 2531 болып тіркелген, "Ресми газет" газетінде 2003 жылғы 22 қарашада N 47 жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.

6 Халықтың декреттелген топтарына аттестаттау жүргізу ережесі 1. Жалпы талаптар

6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 24 қарашадағы
N 770 бұйрығымен бекітілген
Халықтың декреттелген топтарына аттестаттау жүргізу ережесі 1. Жалпы талаптар

1

1. Осы Халықтың декреттелген топтарына аттестаттау жүргізу ережесі (бұдан әрі – Ереже) халықтың декреттелген топтарына халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және гигиеналық нормативтерді білуге аттестаттау (аттестаттау) жүргізуге қойылатын талаптарды белгілейді.

2 2. Халықтың декреттелген тобы – айналасындағы адамдарға инфекциялық және паразиттік ауруларды жұқтыру үшін ең үлкен қауіп тудыратын, қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін адамдар.

3

3. Аттестаттау оқитын адамдардың мамандықтарына сәйкес қоғамдық және жеке гигиенаны сақтауды, объектілерді күтіп-ұстауға, пайдалануға және орналастыруға қойылатын гигиеналық және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды, инфекциялық аурулардың алдын алуға оқытуды қамтитын оқыту бағдарламалары бойынша осы бұйрықтың 1 қосымшасына сәйкес гигиеналық оқытудан өткеннен кейін жүргізіледі.

4 4. Гигиеналық оқытуды көрсетілген қызмет түрімен айналысуға тиісті лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар осы бұйрықтың 2 қосымшасына сәйкес жүргізеді.

5 5. Жұмысқа кіру алдында және одан әрі жылына бір рет халықтың декреттелген топтарының мына объектілердегі қызметкерлері гигиеналық оқытудан өтеді:

1 1) азық-түлік саудасы объектілерінің;

2 2) қоғамдық тамақтану объектілерінің, оның ішінде медициналық ұйымдардың, білім беру ұйымдарының және өнеркәсіптік объектілердің тамақ блоктарының;

3 3) кондитерлік өндіріс объектілерінің, балалардың сүт асханаларының;

4 4) тамақ өнеркәсібі объектілерінің (оның ішінде қызметі сыйымдылықтарға өлшеп құйылған ауыз суды шығарумен байланысты адамдар);

5 5) жолаушылар поездарының, өзен, теңіз және авиакөліктердің;

6 6) маусымдық балаларды сауықтыру лагерлерінің (жұмыс басталар алдында);

7 7) медициналық ұйымдардың (мейірбике көмекшілері, кір жуу орындарының жұмыскерлері);

8 8) коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету объектілерінің (халықтың уақытша тұру орындары (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, жатақханалар), моншалар, хауыздар, шаштараздар, косметологиялық және косметикалық салондар, кір жуу, химиялық тазалау орындарының);

9 9) су құбыры құрылыстарының (оның ішінде суды дайындауға және тасымалдауға тікелей қатысы бар, су құбыры желісіне қызмет көрсететін адамдар).

6 6. Жұмысқа кіру алдында және одан әрі 2 жылда 1 рет халықтың декреттелген топтарының мына объектілердегі қызметкерлері гигиеналық оқытудан өтеді:

1 1) мектепке дейінгі ұйымдардың, мектеп-интернаттардың;

2 2) балалардың жыл бойғы санаториялық сауықтыру ұйымдарының, балалар үйлерінің;

3 3) бастауыш, орта, жоғары кәсіптік білім беретін оқу орындарының (үй-жайларды жинауды жүзеге асыратын тұлғалар).

2 2. Аттестаттау жүргізуді ұйымдастыру тәртібі

7

7. Тиісті аумақтағы және көліктегі халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесінің бастығы жыл сайын ағымдағы жылдың 10 қаңтарына дейін бұйрықпен құрамында кемінде үш адам және комиссия мүшесі болып табылмайтын хатшы бар, тұрақты жұмыс істейтін аттестаттау комиссиясын құрады.
Комиссия құрамына комиссия төрағасы, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы мемлекеттік органның өкілі және гигиеналық оқыту өткізген тұлғаның өкілі кіреді.

8 8. Аттестаттау комиссиясы ағымдағы жылдың 20 қаңтарына дейін аттестаттау жүргізу кестесін, аттестаттаудың мақсаттары мен жүргізу тәртібі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді, олар танысу үшін қол жетімді жерлерге орналастырылады.

9 9. Аттестаттау жүргізу үшін гигиеналық оқытуды өткізген адамдар аттестаттау комиссиясына гигиеналық оқытудан өткен адамдардың тізімін гигиеналық оқытудан өткеннен кейін үш күнтізбелік күн ішінде тапсырады.

10 10. Аттестаттау комиссиясы тізім тапсырылған күнінен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей аттестаттау жүргізеді.

11 11. Аттестаттаудан өткен кезінде аттестаттаудан өтетін адам аттестаттау комиссиясына жеке басын куәландыратын құжатты және жеке медициналық кітапшасын ұсынады.

Аттестаттау билет жүйесі бойынша ауызша жүргізіледі, оның нәтижелерін комиссияның хатшысы осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша журналға тіркейді.

12 12. Аттестаттаудан оң нәтижемен өткен адамның жеке медициналық кітапшасына аттестаттау комиссиясының қатысуымен аттестаттау комиссиясы төрағасының аты, тегі, әкесінің аты көрсетіле отырып, қолымен бекітілетін және тиісті мөр қойылатын аттестаттау туралы белгі қойылады.

13 Гигиеналық оқыту бағдарламалары

13. Кезекті аттестаттаудан өтпеген адамдар соңғы аттестаттау аяқталған күнінен бастап отыз күн ішінде кейіннен аттестаттаудан өте отырып, гигиеналық оқытудан қайта өтуге жіберіледі.
Халықтың декреттелген
топтарына аттестаттау
жүргізу ережесіне
1-қосымша
Гигиеналық оқыту бағдарламалары
р/с №
Та­қы­рып ата­у­ла­ры
са­ғат са­ны
1. Қо­ғам­дық та­мақ­та­ну объ­ек­ті­ле­рі, оның ішін­де ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар­дың, бі­лім бе­ру ұй­ым­да­ры­ның және өнер­к­ә­сіп­тік объ­ек­ті­лер­дің та­мақ бл­ок­та­ры, кон­ди­тер­лік өн­ді­рі­стер, ба­ла­лар­дың сүт та­ғам­да­ры, азық-тү­лік са­уда­сы объ­ек­ті­ле­рі хал­қы­ның де­крет­тел­ген топ­та­рын, қыз­ме­ті азық-тү­лік ши­кі­за­тын, та­мақ өнім­де­рі мен жо­ла­у­шы­лар­ды та­сы­мал­да­у­мен бай­ла­ны­сты адам­дар­ды ги­ги­е­на­лық оқы­ту бағ­дар­ла­ма­сы
1
Қо­ғам­дық та­мақ­та­ну объ­ек­ті­ле­ріне, кон­ди­тер­лік өн­ді­рі­стер­ге, ба­ла­лар­дың сүт та­ғам­да­ры, азық-тү­лік са­уда­сы объ­ек­ті­ле­ріне қой­ы­ла­тын са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар
2
2
Та­мақ­ты дай­ын­да­удың тех­но­ло­ги­я­лық про­це­сіне қой­ы­ла­тын са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар
Та­мақ өнім­де­рі­нің сақ­та­луы­на және тез бұ­зы­ла­тын өнім­дер­ді өт­кі­зу мер­зім­де­ріне қой­ы­ла­тын са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар
Та­мақ өнім­де­рін та­сы­мал­дау
Са­па­сыз, сон­дай-ақ жа­рам­ды­лық мер­зі­мі өт­кен өнім­ді бр­ак­қа шы­ға­ру және жою тәр­ті­бі
2
3
Мик­ро­ор­га­низмдер, ин­фек­ци­я­лық ау­ру­лар, та­мақ­тан ула­ну­лар ту­ра­лы тү­сі­нік­тер және олар­дың ал­дын алу ша­ра­ла­ры
Жі­ті ішек ин­фек­ци­я­ла­ры және ал­дын алу ша­ра­ла­ры
1
4
Же­ке және қо­ғам­дық ги­ги­е­на
1
5
Са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық ре­жим­ді ұй­ым­да­сты­ру
Ас үй және ас­ха­на ыдыс­та­рын жуу тәр­ті­бі Үй-жай­лар­ды жи­нау
2
6
Дез­ин­фек­ци­я­лық, де­ра­ти­за­ци­я­лық және дезин­сек­ци­я­лық іс-ша­ра­лар
1
7
Қо­ры­тын­ды са­бақ
2. Та­мақ өнер­к­ә­сі­бі объ­ек­ті­ле­рін­де жұ­мыс іс­тей­тін ха­лық­тың де­крет­тел­ген топ­та­рын ги­ги­е­на­лық оқы­ту бағ­дар­ла­ма­сы
1
Та­мақ өнер­к­ә­сі­бі объ­ек­ті­ле­ріне қой­ы­ла­тын са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар
2
Мик­ро­ор­га­низмдер, ин­фек­ци­я­лық және па­ра­зит­тік ау­ру­лар, та­мақ­тан ула­ну­лар ту­ра­лы тү­сі­нік­тер және олар­дың ал­дын алу ша­ра­ла­ры
Жі­ті ішек ин­фек­ци­я­ла­ры және ал­дын алу ша­ра­ла­ры
3
Же­ке және қо­ғам­дық ги­ги­е­на
4
Та­мақ өнер­к­ә­сі­бі объ­ек­ті­ле­ріне қой­ы­ла­тын са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар
5
Дез­ин­фек­ци­я­лық, де­ра­ти­за­ци­я­лық және дезин­сек­ци­я­лық іс-ша­ра­лар
6
Қо­ры­тын­ды са­бақ
3. Азық-тү­лік ба­зар­ла­ры, азық-тү­лік та­у­ар­ла­рын сақ­та­у­ға және өт­кізу­ге ар­нал­ған ба­за­лар мен қой­ма­лар хал­қы­ның де­крет­тел­ген топ­та­рын ги­ги­е­на­лық оқы­ту бағ­дар­ла­ма­сы
1
Азық-тү­лік са­уда­сы объ­ек­ті­ле­ріне қой­ы­ла­тын са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар
Та­мақ өнім­де­ріне қой­ы­ла­тын са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар
Са­па­сыз және жа­рам­ды­лық мер­зі­мі өт­кен өнім­ді бр­ак­қа шы­ға­ру және жою тәр­ті­бі
2
Мик­ро­ор­га­низмдер, ин­фек­ци­я­лық ау­ру­лар, гель­мин­то­здар мен та­мақ­тан ула­ну­лар ту­ра­лы тү­сі­нік­тер, ал­дын алу ша­ра­ла­ры Жі­ті ішек ин­фек­ци­я­ла­ры және олар­дың ал­дын алу
3
Та­мақ өнім­де­рін сақ­тау, та­сы­мал­дау және өт­кі­зу тәр­ті­бі
4
Дез­ин­фек­ци­я­лық, де­ра­ти­за­ци­я­лық және дезин­сек­ци­я­лық іс-ша­ра­лар
2
5
Же­ке және қо­ғам­дық ги­ги­е­на
1
6
Қо­ры­тын­ды са­бақ
1
4. Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар, ба­ла­лар­дың са­уық­ты­ру ұй­ым­да­ры, ба­ла­лар үй­ле­рі хал­қы­ның де­крет­тел­ген топ­та­рын ги­ги­е­на­лық оқы­ту бағ­дар­ла­ма­сы
1
Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар, ба­ла­лар­дың са­уық­ты­ру ұй­ым­да­ры, ба­ла­лар үй­ле­рі­нің құ­ры­лы­мы және кү­тіп ұстау бой­ын­ша са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар
Мек­теп­ке дей­ін­гі ұй­ым­дар, ба­ла­лар­дың са­уық­ты­ру ұй­ым­да­ры, ба­ла­лар үй­ле­рі үй-жай­ла­ры­ның ауа-жы­лу ре­жи­мі
2
2
Мик­ро­ор­га­низмдер ту­ра­лы тү­сі­нік
Ауа-там­шы, жі­ті ішек ин­фек­ци­я­лық ау­ру­ла­ры­ның, А ви­ру­стық ге­па­ти­ті­нің және та­мақ­тан ула­ну­лар­дың ал­дын алу Гель­мин­то­здың ал­дын алу
2
3
Ба­ла­лар­дың күн ре­жи­мін ұй­ым­да­сты­ру­ға, дене шы­нық­ты­ру және ги­ги­е­на­лық тәр­би­е­ле­у­ге қой­ы­ла­тын са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар
Ба­ла­лар­дың та­мақ­та­нуын ұй­ым­да­сты­ру
Дез­ин­фек­ци­я­лық, де­ра­ти­за­ци­я­лық және дезин­сек­ци­я­лық іс-ша­ра­лар
2
4
Же­ке және қо­ғам­дық ги­ги­е­на
1
5
Қо­ры­тын­ды са­бақ
1
5. Ком­му­нал­дық, тұр­мыстық қыз­мет көр­се­ту объ­ек­ті­ле­рі хал­қы­ның де­крет­тел­ген топ­та­рын, мон­ша­лар, ха­уы­здар, бас­сейн­дер қыз­мет­кер­ле­рін, сон­дай-ақ су құ­бы­ры же­лі­сіне қыз­мет көр­се­те­тін тұ­лға­лар­ды, оның ішін­де су дай­ын­да­у­ға және та­сы­мал­да­у­ға ті­ке­лей бай­ла­ны­сы бар адам­дар­ды ги­ги­е­на­лық оқы­ту бағ­дар­ла­ма­сы
1
Мик­ро­ор­га­низмдер ту­ра­лы тү­сі­нік және олар­дың ин­фек­ци­я­лық ау­ру­лар­дың пай­да бо­луын­да­ғы рө­лі, бе­рі­лу жол­да­ры мен тә­сіл­де­рі
Ауа-там­шы, жі­ті ішек ин­фек­ци­я­лық ау­ру­лар­дың, А ви­ру­стық ге­па­ти­ті­нің, ЖИТС және та­мақ­тан ула­ну­дың ал­дын алу ша­ра­ла­ры
Ин­фек­ци­я­лық ау­ру­лар­дың ал­дын алу
Ин­фек­ци­я­лық ау­ру­лар­дың бе­рі­лу­ін­де­гі су фак­то­ры­ның рө­лі
2
2
Ком­му­нал­дық және тұр­мыстық қыз­мет көр­се­ту объ­ек­ті­ле­рін, мон­ша­лар­ды, ха­уы­здар­ды, бас­сейн­дер­ді кү­тіп ұста­у­ға және құ­ры­лы­мы­на қой­ы­ла­тын са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар
Ыдыс­қа өл­шеп құй­ы­л­ған ауыз су­ды шы­ға­ру жө­нін­де­гі объ­ек­ті­лер­ге қой­ы­ла­тын са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар
3
Жа­рық­тан­ды­ру, жы­лы­ту және жел­де­ту
Ша­ру­а­шы­лық ауыз суы­мен жаб­дық­тау көз­де­рі
Су қа­уіп­сіз­ді­гі­нің мик­ро­био­ло­ги­я­лық көр­сет­кіш­те­рі Шуыл­дан қор­ғау ша­ра­ла­ры
Іш­кі су құ­бы­ры және кә­різ
4
Же­ке және қо­ғам­дық ги­ги­е­на
Те­рі және ве­не­ро­ло­ги­я­лық ау­ру­лар, ЖИТС, олар­дың ал­дын алу
Те­рі­нің жұқ­па­лы ау­ру­ла­ры мен гель­мин­то­здың ал­дын алу Дез­ин­фек­ци­я­лық, де­ра­ти­за­ци­я­лық және дезин­сек­ци­я­лық іс-ша­ра­лар
5
Қо­ры­тын­ды са­бақ
6. Ша­шта­раз, кос­ме­то­ло­ги­я­лық және кос­ме­ти­ка­лық са­лон­дар хал­қы­ның де­крет­тел­ген топ­та­рын ги­ги­е­на­лық оқы­ту бағ­дар­ла­ма­сы
1
Те­рі, шаш, тыр­нақ­тың ана­то­ми­я­сы мен фи­зио­ло­ги­я­сы­ның негіз­де­рі
Же­ке және қо­ғам­дық ги­ги­е­на
2
ЖИТС, те­рі, ве­не­ро­ло­ги­я­лық және те­рі-гри­бок­ты ау­ру­ла­ры, В және С ви­ру­сты ге­па­тит­те­рі ту­ра­лы тү­сі­нік, олар­дың ал­дын алу
Ба­қыт­сыз жағ­дай­лар­да­ғы ал­ғаш­қы кө­мек (кү­ю­лер, электр­мен за­қым­да­ну, жа­ра­қат­тар)
2
3
Ша­шта­раз­дар, кос­ме­то­ло­ги­я­лық және кос­ме­ти­ка­лық са­лон­дар­дың құ­ры­лы­мы­на, жаб­дық­та­у­ға, кү­тіп ұста­у­ға қой­ы­ла­тын са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар Дез­ин­фек­ци­я­лау және сте­риль­деу ре­жи­мі
4
Қо­ры­тын­ды са­бақ
7. Ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар­дың мей­ір­би­ке­ле­рі­нің кө­мек­ші­ле­рі үшін ги­ги­е­на­лық оқы­ту бағ­дар­ла­ма­сы
1
Мик­роб­тар ту­ра­лы тү­сі­нік, ЖИТС, те­рі, ве­не­ро­ло­ги­я­лық және те­рі-гри­бок­ты ау­ру­ла­ры­ның, ви­ру­сты ге­па­тит­тер­дің ал­дын алу
Ауа-там­шы, жі­ті ішек ин­фек­ци­я­ла­ры­ның ал­дын алу
Гель­мин­то­здар­дың ал­дын алу
1
2
Ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар­дың құ­ры­лы­мы және жабды­ғы
Ауа-жы­лу ре­жи­мі
2
3
Үй-жай­лар­ды, жаб­дық­ты, мүк­әм­мал­ды кү­тіп ұста­у­ға қой­ы­ла­тын са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар
4
Ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар­да­ғы са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық ре­жим
5
Ме­ди­ци­на­лық ұй­ым­дар қыз­мет­кер­ле­рі­нің және па­ци­ент­тер­дің же­ке ги­ги­е­на­сы
Дез­ин­фек­ци­я­лық, де­ра­ти­за­ци­я­лық және дезин­сек­ци­я­лық іс-ша­ра­лар
6
Қо­ры­тын­ды са­бақ
8. Жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­ры­ның, өзен, те­ңіз, әуе кө­лі­гі­нің жол­се­рік­те­рін және жаб­дық­тау бри­га­да­ла­ры жұ­мыс­кер­ле­рін ги­ги­е­на­лық оқы­ту бағ­дар­ла­ма­сы
1
Жо­ла­у­шы­лар по­ез­да­ры­на, өзен, те­ңіз және әуе кө­лі­гін жаб­дық­та­у­ға және кү­тіп ұста­у­ға қой­ы­ла­тын са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар
Ауа-жы­лу ре­жи­мі
2
Жі­ті ішек ин­фек­ци­я­ла­ры, аса қа­уіп­ті және ка­ран­т­ин­дік ин­фек­ци­я­лар, та­мақ­тан ула­ну ин­фек­ци­я­ла­ры ту­ра­лы тү­сі­нік, кли­ни­ка­сы және ал­дын алу Мик­ро­ор­га­низмдер ту­ра­лы тү­сі­нік және ин­фек­ци­я­лық ау­ру­лар туын­дау ке­зін­де­гі олар­дың рө­лі
Ішек ин­фек­ци­я­ла­ры, гель­мин­то­здар, ауа-там­шы ин­фек­ци­я­ла­ры, ве­не­ро­ло­ги­я­лық ау­ру­лар, ЖИТС, ге­мо­кон­так­та­лы ин­фек­ци­я­лар, ка­ран­т­ин­дік және аса қа­уіп­ті ин­фек­ци­я­лар­дың ал­дын алу
Ин­фек­ци­я­лық ау­руы, аса қа­уіп­ті ин­фек­ци­я­сы және та­мақ­тан ула­ну ин­фек­ци­я­сы бар на­у­қас анық­тал­ған жағ­дай­да­ғы ін­дет­ке қар­сы іс-ша­ра­лар
3
Та­мақ өнім­де­рін сақ­та­у­ға және тез бұ­зы­ла­тын өнім­дер­ді өт­кі­зу мер­зі­міне қой­ы­ла­тын са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар Дез­ин­фек­ци­я­лық, де­ра­ти­за­ци­я­лық және дезин­сек­ци­я­лық іс-ша­ра­лар
4
Же­ке және қо­ғам­дық ги­ги­е­на
5
Ба­қыт­сыз жағ­дай­лар­да за­рдап шек­кен­дер­ге ал­ғаш­қы кө­мек көр­се­ту түр­ле­рі
6
Қо­ры­тын­ды са­бақ
9. Кір жуу және хи­ми­я­лық та­за­лау орын­да­ры­ның қыз­мет­кер­ле­рін ги­ги­е­на­лық оқы­ту бағ­дар­ла­ма­сы
1
Мик­роб­тар ту­ра­лы тү­сі­нік, ЖИТС, те­рі, ве­не­ро­ло­ги­я­лық және те­рі-гри­бок­ты ау­ру­ла­ры­ның, ви­ру­сты ге­па­тит­тер­дің ал­дын алу
2
Кір жуу және хи­ми­я­лық та­за­лау орын­да­рын кү­тіп ұста­у­ға және құ­ры­лы­мы­на қой­ы­ла­тын са­ни­та­ри­я­лық-ги­ги­е­на­лық та­лап­тар
Ауа-жы­лу ре­жи­мі
3
Мон­ша про­це­сі­нің ги­ги­е­на­лық си­патта­ма­сы
Ин­фек­ци­я­лық ау­ру­лар­дың іш ки­ім­де­рін жу­у­ға қой­ы­ла­тын ін­дет­ке қар­сы та­лап­тар
4
Же­ке және қо­ғам­дық ги­ги­е­на
5
Дез­ин­фек­ци­я­лық, де­ра­ти­за­ци­я­лық және дезин­сек­ци­я­лық іс-ша­ра­лар
6
Қо­ры­тын­ды са­бақ
10. Үй-жай­лар­ды жи­на­уды жү­зе­ге асы­ра­тын жал­пы бі­лім бе­ре­тін объ­ек­ті­лер, жо­ға­ры және ор­та оқу орын­да­ры қыз­мет­кер­ле­рін ги­ги­е­на­лық оқы­ту бағ­дар­ла­ма­сы
1
Жал­пы бі­лім бе­ре­тін объ­ек­ті­лер­ді, жо­ға­ры және ор­та оқу орын­да­рын кү­тіп ұстау және құ­ры­лы­мы жө­нін­де­гі са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық та­лап­тар
Жал­пы бі­лім бе­ре­тін объ­ек­ті­ле­рі, жо­ға­ры және ор­та оқу орын­да­рын­да­ғы ауа-жы­лу ре­жи­мі
2
Мик­ро­ор­га­низмдер ту­ра­лы тү­сі­нік
Ауа-там­шы, жі­ті ішек ин­фек­ци­я­лық ау­ру­ла­ры­ның, А ви­ру­сты ге­па­ти­ті­нің және та­мақ­тан ула­ну­дың ал­дын алу
Гель­мин­то­здар­дың ал­дын алу
3
Оқу­шы­лар­дың, сту­дент­тер­дің же­ке бас ги­ги­е­на­сы Дез­ин­фек­ци­я­лық, де­ра­ти­за­ци­я­лық және дезин­сек­ци­я­лық іс-ша­ра­лар
4
Қыз­мет­кер­лер­дің же­ке бас ги­ги­е­на­сы
5
Қо­ры­тын­ды са­бақ
Халықтың декреттелген
топтарына аттестаттау
жүргізу ережесіне
2-қосымша
Гигиеналық оқытуды ұйымдастыру және өткізу тәртібі

1 1. Халықтың декреттелген топтарының өкілін гигиеналық оқыту және аттестаттау осы Ережелердің 2-қосымшасына сәйкес жүргізіледі.

Сабақтардың бағдарламасы оқушылардың мамандығына сәйкес болуы
тиіс.
Халықтың декреттелген топтарының өкілдерін әр түрлі бағдарламалары болуына қатысты бірге оқытуға болмайды.

2 2. Гигиеналық оқытуды жүргізетін адамдарда арнайы санитарлық-эпидемиологиялық профльді медициналық білім болу қажет.

3 Халықтың декреттелген топтарына аттестаттау нәтижелерін тіркеу журналы

3. Гигиеналық оқыту аяқталғаннан кейін ұйым бастығы 3 күннің ішінде халықтың декреттелген топтары өкілдерінің тізімін тиісті аймақтық, көліктегі мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық органға аттестаттау үшін ұсыну керек."
Халықтың декреттелген
топтарына аттестаттау
жүргізу ережесіне
3-қосымша
Халықтың декреттелген топтарына аттестаттау нәтижелерін тіркеу журналы
р/с№
Ат­те­стат­та­ла­тын адам­ның А.Т.Ә.
Жұ­мыс ор­ны, ла­у­а­зы­мы
Ги­ги­е­на­лық оқы­ту­ды өт­кіз­ген ұй­ым­ның ата­уы
Же­ке ме­ди­ци­на­лық кі­тап­ша­ның нө­мі­рі
Ат­те­стат­та­удан өт­ке­ні ту­ра­лы бел­гі
1
2
3
4
5
6

Қолданыстағы