Об утверждении Правил оказания паллиативной помощи и сестринского ухода
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил оказания паллиативной помощи и сестринского ухода
- Атауы (қаз.)
- Паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 632
- Қабылданған күні
- 02.11.2009
- Көрсетілген редакция
- 06.06.2012 AI49048_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.06.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005941_
- ЭКБ идентификаторы
- 49048
- Редакция идентификаторы
- AI49048_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:06
0 Паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету ережесін бекіту туралы
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 53-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету ережесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуді қамтамасыз етсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.
5 Паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету ережесі
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 2 қарашадағы
N 632 бұйрығымен бекітілген
Паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету ережесі
1 1. Осы Паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету ережесі (бұдан әрі – Ереже) паллиативтік көмек және мейірбике күтімін көрсету тәртібін анықтайды.
2 2. Паллиативтік көмек аурудың терминалдық (соңғы) сатысындағы дауасыз науқастарға мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерде, дербес медициналық ұйымдарда (хоспистарда) немесе үйдегі стационар нысанында дәрігердің басшылығымен көрсетіледі.
3 3. Мейірбике күтімі дәрігер бақылауы талап етілмейтін жағдайларда мамандандырылған құрылымдық бөлімшелерде, дербес медициналық ұйымдарда (мейірбике күтімі ауруханаларында) немесе үйдегі стационар нысанында жүзеге асырылады.
4 4. Науқастар мына көрсетімдер болған жағдайда паллиативтік көмек пен мейірбике күтімін көрсету ұйымдарына жатқызылады:
1
1) науқаста денсаулық сақтау ұйымдарының дәрігерлері берген медициналық қорытындымен расталған онкологиялық, бүйрек, бауыр, жүрек-қан тамыры, неврологиялық немесе аурудың терминалдық (соңғы) сатысындағы басқа да патологияның болуы, ЖИТС-тың ақырғы сатысындағылар және ауруы және (немесе) мүгедектігі салдарынан өз-өзіне қызмет көрсете алмайтын, өмір сүру болжамы шектелген адамдар;