Құжат мәтініне өту

Об установлении Правил расследования случаев инфекционных и паразитарных, профессиональных заболеваний и отравлений населения

Бұйрық · № 705 · қабылданған 12.11.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-49076/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Об установлении Правил расследования случаев инфекционных и паразитарных, профессиональных заболеваний и отравлений населения Күшін жойған Бұйрық ·№ 705 ·12.11.2009
23.06.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.06.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении Правил расследования случаев инфекционных и паразитарных, профессиональных заболеваний и отравлений населения

Күшін жойған Бұйрық ·№ 705 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении Правил расследования случаев инфекционных и паразитарных, профессиональных заболеваний и отравлений населения
Атауы (қаз.)
Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
705
Қабылданған күні
12.11.2009
Көрсетілген редакция
23.06.2015 AI49076_2.kaz
Соңғы өзгеріс
23.06.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005907_
ЭКБ идентификаторы
49076
Редакция идентификаторы
AI49076_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:03

0 Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру ережесін бекіту туралы

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 151-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Халықтың инфекциялық және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау комитеті (К.С.Оспанов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б.Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4

4. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3760 болып тіркелген, "Заң газетінде" 2005 жылғы 23 қарашада, N 153 (777) жарияланған "Кәсіби аурулар мен улануларды тіркеу, тексеру, есепке алу және олар бойынша есеп беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 23 маусымдағы N 294 бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А.Вощенковаға жүктелсін.

6 Халықтың жұқпалы және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру ережесі 1. Жалпы ережелер

6. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 12 қарашадағы
N 705 бұйрығымен бекітілген
Халықтың жұқпалы және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру ережесі 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Ереже халықтың жұқпалы және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру тәртібін айқындайды.

2 2. Жұқпалы және паразиттік, кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеруді санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мамандары жүргізеді.

2 2. Халықтың жұқпалы және паразиттік аурулары жағдайларын тексеруге талаптар

3 3. Халықтың жұқпалы және паразиттік аурулары жағдайларын тексеруді нысаны түскеннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мамандары жүргізеді.

4

4. Сирек кездесетін, Қазақстан Республикасының аймағында жойылған немесе қайта тіркелген халықтың жұқпалы және паразиттік аурулары ұйғарылған кезде штаб құрылады, оның құрамына мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау мекемелердің, санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталықтың мамандары енгізіледі, қажет болса республикалық санитарлық-эпидемиологиялық станциясының, ғылыми-зерттеу институттардың және басқа мекемелердің өкілдері қосылады.
Штабтың жанында мынадай таптар ұйымдастырылады:

1 1) эпидемиологиялық тексеру және зерттеу (аудандық/қалалық, облыстық, республикалық деңгейлік эпидемиолог/паразитолог-дәрігерлер);

2 2) зертхалалық диагностика (аудандық/қалалық, облыстық, республикалық деңгейлік бактериолог/вирусолог-дәрігерлер);

3 3) ауруларды айқындау және емдеу (емдеу дәрігерлер (инфекционисттер, терапевттер, педиаторлар, невропатологтар, отбасылық дәрігерлер және басқа мамандар);

4 4) санитарлық-гигиеналық қадағалау (коммуналды гигиена, тағам гигиена, балалар және жасөспірім гигиена, радиациялық гигиена бойынша мамандар);

5 5) дезинфекция (дезинфекционист-дәрігер, дезинструктор, дезинфектор).

5

5. Тексеру кезінде эпидемиолог(паразиолог)-дәрігер халықтың жұқпалы және паразиттік аурулары жағдайлардың клиникасын талдайды, ол үшін аурулардың тарихтармен танысады, дәрігерлермен әңгімелеседі, аурулармен және байланыста болғандарды сұрайды, бар зертханалық деректерді талдайды. Ең қолайлы деректермен белгілер толық жазылады (24 сағат ішінде ең көп болған дәрісі, температурасының қисығы және басқа).
Зертхананың мамандарымен (бактериолог, вирусолог) бірге зертханалық диагностиканың дұрыстығын мынадай критерий бойынша бағалайды:

1 1) зертхананың техникалық жабдықталғандығы, өлшеуші құралдардың дер кезінде тексерілуі;

2 2) методикаларды бұзбай микробиологиялық зерттеуді жүргізуі;

3 3) қолданатын орталардың, аглютинация сывороткалардың, диагностикумдардың, сынақ-жүйелердін сапасы (жарамдылық мерзімі, сақтау талаптарын бұзбауы, өсу сапасы);

4 4) зертхананың ішкі қадағалауын жүргізуінің толықтығы және сапасы;

5 5) зертханада жұмыс істейтін қызметкерлерінің кәсіптік деңгейі.

Диагноздың этиологиялық мағынасын ашу үшін аурулардың мәліметтерін қолданыстағы методикалық құжаттарға сәйкес зерттеу керек. Керек кезде зерттеу облыстық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама орталығында жүргізіледі, бөлінген патогенді дақылдар идентификациялау үшін сәйкес референс-зертханаға жіберіледі.
Қорытынды диагноз аурулардың клиникалық және зертханалық деректер, эпидемиологиялық анамнез және ауруларды сұрастыру негізінде қойылады.

6 6. Ауруларды және байланыста болғандарды сұраған кезде эпидемиолог (паразитолог) - дәрігер келесіні анықтайды:

1 1) инкубация кезеңі ағымында ұқсас ауру белгілері бар байланыста болған адамдардың тобын;

2 2) тегі, аты-жөні, туған күні, мекен жайы, байланыс телефондары, жұмыс/оқу орны;

3 3) ауру басталған күні (қысқа инкубациялық кезенді аурулар үшін – ауру басталған анық уақыты), ауруханаға жатқан күні, орны, аурудың негізгі белгілері);

4 4) жұқпаның көзі болуы мүмкін күдіктілер, факторлары және жұғу жолдары туралы мәліметтерді;

5 5) ұйымдасқан ұжымға соңғы рет барған, елді мекеннің, облыстың, мемлекеттің шекарасына шыққан күні.

7 7. Карантинды және аса қауіпті аурулар, сондай-ақ топталған аурулар ұйғарылған кезде ресми жариялауды үй басы аралауды ұйымдастыру керек.

Ауру инкубация кезеңі/ауру ағымында ұйымдасқан ұжымға барса сол объектіні тексеріп аурудың бұдан әрі таралуын алдын алу үшін лайық санитарлық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) шараларды ұйымдастырып жүргізу керек. Сол объектіні тексеру нәтижесі бойынша тексеру біткен күнде санитарлық-эпидемиологиялық тексеру акты рәсімделеді.
Эпидемиологиялық тексеру нәтижесі сәйкес жұқпалы аурудың ошағының эпидемиологиялық тексеру картасына жазылады.

3 3. Кәсіптік аурулары мен улану жағдайларын тексеру тәртібі

8 8. Тез өрбіген кәсіптік ауруларды және улану диагнозын азаматтарға амбулаториялық-емханалық және стационарлық, медициналық көмек көрсеткен ұйымдар, ал созылмалы кәсіптік ауруларды (улануды) - кәсіптік патология орталықтары (бұдан әрі - Орталық) немесе кәсіптік аурулар клиникасы анықтайды.

9

9. Орталықта тұрақты жұмыс істейтін бағытты, кәсіптік тұрғыдан патологияны (бұдан әрі - кәсіптік патология) сараптау комиссиясы құрылады. Кәсіптік патологиялық сараптау комиссияның құрамының жалпы саны 3 адамнан кем болмауы керек. Комиссияның төрағасы ауру бағыты бойынша маманы боп тағайындалған кәсіптік патолог дәрігер тағайындалады. Кәсіптік патологиялық комиссиясының мүшелері кәсіптік патология жөнінде дәрігерлер немесе маман сертификаты бар дәрігерлер болу керек.

10 10. Кәсіптік патологиялық сараптау комиссиясы 30 күнтізбелік күн ішінде кәсіптік ауру және улану диагнозын қоюға арналған материалдарды:

1 1) медицина ұйымының жолдама қағазы;

2 2) аурудың медициналық (амбулаториялық, стационарлық) картасынан алынған, оның ішінде жұмысқа алынар алдындағы, одан соң кезеңді медициналық тексерістерден өткендігі туралы және зертханалық, функционалдық тексерістер туралы толық мағлұмат;

3 3) тұрған орындарынан алынған эпикриздерінің көшірмесі;

4 4) еңбек ету жағдайының санитарлық-эпидемиологиялық сипаттамасы;

5 5) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар болған жағдайда ғана қарайды.

11 11. Кәсіптік патологиялық сараптау комиссиясы келесі шешімдерді қабылдайды:

1 1) кәсіптік факторлардың әсерінен пайда болатын ауруларды, оның ішінде кейіннен болатын түрлерін;

2 2) кәсіптік факторлардың әсерінен пайда болатын аурулары;

3 3) өндірістік зиянды факторлар әсер ету салдарынан пайда болатын жеке белгілердің болуы ("К" тобы);

4 4) кәсіптік аурудың өршуі (тоқтаусыз өрбуі);

5 5) кәсіптік аурудың өршуінің тоқтауы немесе кері жүруі;

6 6) кәсіптік ауру жоқ дегізетін кәсіптік аурудың қалдық белгілері (ұзақ уақыттан кейінгі салдары), аурудың салдары;

7 7) қайталай тексерістер жүргізу арқылы қосымша мағлұматтарды жинау (көрсетілсін);

8 8) жоғарғы дәрежеде мамандандырылған медициналық көмек алу және тереңдетілген тексерістер жүргізу үшін кәсіптік патология клиникасында тексеріліп, кеңес алуды қажет етеді.

12 12. Кәсіптік патологиялық сараптау комиссиясының қорытындысында кезекті емдеу-профилактикалау шаралары көрсетіліп, диспансеризацияға алу, медициналық тұрғыдан қалпына келтіру мәселелері шешілуі керек.

13 13. Егер аурудың пайда болуын анықтауда қиындықтар кездесетін болса және ауырған адаммен келіспеушілік болған жағдайда, қолдағы материал 10 күнтізбелік күн ішінде республикалық кәсіптік-патологиялық сараптау комиссиясында қаралуға жіберіледі.

14

14. Кәсіптік аурудың диагнозын анықтауға керекті негізгі құжат (атқаратын жұмысына немесе кәсібіне байланысты) ретінде тізім болып саналады. Тізімде зиянды, қауіпті және өндірістік қолайсыз факторлардың әсер етуінің арқасында пайда болатын аурулар қарастырылған. Тізімде атқарылатын жұмыстар мен өндірістердің тізімі берілген.

15

15. Кәсіптік ауру және улану диагнозын қойғанда, аурудың клиникалық формаларының ерекшеліктері, әсер ететін этиологиялық фактордың және атқаратын жұмыстың, өндірістік орта мен еңбек үдерісінің жағдайы және зиянды және қауіпті жұмыс жағдайындағы жұмыс өтілі еске алынады. Егер өндірістік орта жағдайына тексеріс жүргізілмесе, ол кәсіптік ауру немесе улану деп диагноз қоюға кедергі бола алмайды. Мұндай да ғылыми әдебиеттің, модельдеудің және осыған ұқсас өндірістік жағдайларға ұқсату арқылы диагноз қоюға болады.

16 16. Егер аурудың себептері әртүрлі факторлардың салдарынан пайда болған болса, оның ішінде кәсіптік факторлар орын алса, онда мұндай ауру кәсіптік деп саналынады.

17 17. Күрделі сараптау мәселелерін шешу үшін кәсіптік аурулар және улану диагнозын қоюда қарама-қарсы пікірлер орын алғанда уәкілетті орган арқылы тұрақты жұмыс істейтін сараптаудың республикалық кәсіптік патологиялық тартыс комиссиясы құрылады.

18 18. Республикалық кәсіптік патологиялық тартыс комиссиясы 30 күнтізбелік күн ішінде мынандай құжаттарды талқылайды:

1 1) бағыттау қағазын (республикалық кәсіптік патологиялық тартыс комиссиясына жіберілген хаттарды, өтініштерді және басқа да өтініш материалдарын қарайды);

2 2) күрделі, тартыс тудыратын орталықтағы кәсіптік патологиялық сараптау комиссиясының шешімін қарайды;

3 3) стационарда емделген аурудың аурунамасын;

4 4) тұрған жерінен алынған амбулаториялық картаның негізгі нұсқасын;

5 5) тұрған жерінен алынған эпикризді;

6 6) жұмысқа алынар алдындағы және кезеңді медициналық тексерістердің мәліметтерін;

7 7) жұмыс істеу жағдайының санитарлық-эпидемиологиялық сипаттамасын;

8 8) қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжат;

9 9) сұранысқа сай алынған қосымша құжаттарды.

19 19. Республикалық кәсіптік патологиялық тартыс комиссиясы мынандай шешімдерді шығарады:

1 1) пайда болған ауру кәсіптік факторлардың әсерінен пайда болған, бұған кейіннен пайда болған аурулар да жатады;

2 2) пайда болған ауру кәсіптік факторлардың әсерінен пайда болмаған;

3 3) кәсіптік аурулардың қалдық түрін (кейіннен пайда болған) анықтаумен қатар бұрынғы болған кәсіптік аурудың жоқтығын анықтауға дейін;

4 4) комиссиямен белгіленген уақыттан кейін қосымша мәліметтерді бергеннең кейін тапсырғанда қайта қарауды қажет етеді;

5 5) кәсіптік патология клиникасы жағдайында мамандандырылған медициналық көмек көрсетуді қажет етіп, комиссиямен белгіленген уақытта қайта қарауды талап еткенде тереңдете жүргізілген тексеріске немесе кеңес беруге жіберіледі.

20 20. Медициналық тұрғыдан қалпына келтіруге берілген ұсыныстары бар, республикалық кәсіптік патологиялық тартыс комиссиясының қорытындысы аурудың қолына немесе оның өкіліне сенім хат бойынша беріледі.

21 21. Кәсіптік аурудың (уланудың) әрбір жағдайы тексеруге жатады.

22 22. Тексеріс барысында мыналар анықталынуы керек:

1 1) кәсіптік аурудың (уланудың) пайда болу жағдайы немесе оның себептері анықталынуы керек;

2 2) ауру пайда болған жұмыс орнына (жұмыс аумағында, өндірістік учаскеде, цехта) тексеріс жүргізіледі;

3 3) керек болған жағдайда зиянды өндірістік факторларды зертханалық жолмен, құрал-саймандарды қолдану арқылы тексеріс жүргізіледі;

4 4) жұмыс атқарушының жұмыс істеу жағдайына санитарлық-эпидемиологиялық баға беріледі;

5 5) ұйымға берілген санитарлық-эпидемиологиялық тексеріс актілері, зертханалық тексерістердің қорытындысы, жұмыс орнын аттестациялау жағдайы;

6 6) жұмысқа алынар алдындағы және кезеңді медициналық тексерістердің материалдары тексеріліп, еңбек ету жағдайы мен оны қорғауды жақсартуға бағытталған санитарлық-сауықтыру шаралар тексеріледі.

23 23. Тұрақты жұмыс орнынан (оқудан) тыс жерге жіберілген адамдарда кәсіптік аурудың және уланудың пайда болу жағдайын тексеруді кәсіптік ауру (улану) орын алған нысандарды бақылайтын санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің мемлекеттік органдары жүргізеді.

24 24. Кәсіптік аурумен ауырған адамдарға диспансерлік бақылау жұмысын осы салада жұмыс істейтін медицина ұйымы жүргізуі керек.

25 Кәсіптік аурулар мен уланудың тізімі

25. Тапсырма берілген ұйым 1 ай мерзім ішінде тексеру үшін қажет сұралған құжаттардың көшірмесін жіберулері керек.
Халықтың жұқпалы және
паразиттік, кәсіптік аурулары
мен улану жағдайларын
тексеру ережесіне
қосымша
Кәсіптік аурулар мен уланудың тізімі
N
Дү­ни­е­жү­зі­лік Ден­са­улық сақ­тау ұй­ы­мы­ның ау­ру­лар­ды Х-шы қай­та қа­ра­уы­на бай­ла­ны­сты ау­ру­лар­дың ха­лы­қа­ра­лық жік­те­лу­іне сай ау­ру­лар­дың ата­уы (бұ­дан әрі АХЖ 10:)
Кә­сіп­тік ау­ру­лар­ды ту­ды­ру­ға әсе­рі бар қа­уіп­ті зи­ян­ды заттар мен өн­ді­рі­стік фак­тор­лар
Өн­ді­рі­стің ат­қа­ры­ла­тын жұ­мыстар­дың ша­ма­мен ті­зі­мі
1.Хи­ми­я­лық фак­тор­лар­дың әсе­рі­нен пай­да болған ау­ру­лар
1)
Ор­ган­дар­дың за­қым­да­нуы мен жүй­е­лер­дің оқ­ша­у­лан­ған неме­се бір­лес­кен түр­де өте­тін жі­ті ула­нуы, со­зыл­ма­лы уыт­та­нуы (АХЖ 10:Т36-Т65) және олар­дың сал­да­ры (АХЖ 10:Т36-Т98)
Хи­ми­я­лық заттар:
ба­стап­қы ши­кі­зат, ара­да­ғы, қо­сал­қы және ақыр­ғы өнім­дер.
Өнер­к­ә­сіп­тің, құ­ры­лы­стың, ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы­ның, кө­лік­тің, қыз­мет көр­се­ту­дің, әр­түр­лі са­ла­ла­рын­да улы әсе­рі бар хи­ми­я­лық заттар­ды қол­да­ну (зерт­ха­на­лық жұ­мыстар­ды қо­сып есеп­те­ген­де), қай­та өң­деу, алу про­це­сте­рі­мен бай­ла­ны­сты жұ­мыстың бар­лық түр­ле­рі
Ты­ныс алу ор­ган­да­ры­ның ри­но­фа­рин­го­ла­рин­гит­тің, эро­зи­я­ның, мұ­рын қуы­сын­да­ғы ара­лық­ты те­су­дің, ке­ңір­дек­тің қа­бы­нуы­ның, бронх­тың қа­бы­нуы­ның, пнев­москле­роз және бас­қа­ла­ры­ның уыт­ты за­қым­да­нуы.
(АХЖ 10:J 68-J68.9).
Азот қыш­қы­лы, ам­ми­ак, азот то­тық­та­ры, изо­ци­а­нат­тар, крем­ний-ор­га­ни­ка­лық қо­сын­ды­лар, се­лен, кү­кірт және олар­дың қо­с­па­ла­ры, фор­маль­де­гид, фтал­ды ан­гид­рид, фтор және олар­дың қо­сын­ды­ла­ры, хлор және олар­дың қо­сын­ды­ла­ры, хром және олар­дың қо­сын­ды­ла­ры және бас­қа­ла­ры.
Уыт­ты ане­мия
(АХЖ 10:L64/8)
Аро­мат­ты қа­тар­да­ғы амин­ді-, нит­ро- және хлор­қо­сын­ды­ла­ры, бен­зол және олар­дың туын­ды­ла­ры, бен­зол го­мо­лог­та­ры, гек­са- ме­ти­лен­ди­а­мин, (хлор­лы­ор­га­ни­ка­лық) пе­сти­цид­тер, қор­ға­сын және олар­дың неор­га­ни­ка­лық қо­сын­ды­ла­ры.
Ас қо­ры­ту ор­ган­да­ры­ның уыт­ты за­қым­да­нуы:
ба­уыр мен өт­ті қуық­тың уыт­ты за­қым­да­нуы
(АХЖ 10:К,71, К71.0-К71.5, К82.8-К82.9, К83.8);
га­стрит, ду­а­де­нит, ас­қа­зан­да­ғы, ұл­та­бар­да­ғы эро­зи­я­лы ой­ы­қ­жа­ра­мен за­қым­да­лы­нуы, тоқ ішек­тің қа­бы­нуы
(АХЖ 10:К20, К22.8 К25, К29.9; К52.1, К87.0)
Аро­мат­ты қа­тар­да­ғы амин­ді- және нит­ро- қо­сын­ды­лар, бен­зол және олар­дың туын­ды­ла­ры (сти­рол), май­лы қа­тар­да­ғы кө­мір­су­те­гі га­ло­ид­ты туын­ды­лар, гид­ра­зин және олар­дың қо­сын­ды­ла­ры, пе­сти­цид­тер (хлор­лы­ор­га­ни­ка­лық), фос­фор және оның қо­сын­ды­ла­ры, фтор және оның қо­сын­ды­ла­ры.
Уыт­ты бүй­рек дер­ті
(АХЖ 10:N28.9, 28.8)
Бе­та-наф­тол, кад­мий, төрт­хлор­лы кө­мір­тек
Нерв жүй­е­сі­нің уыт­ты за­қым­да­нуы: кө­пте­ген жүй­ке дерт­те­рі (АХЖ 10:G62.2), нев­роз­ға ұқсас жағ­дай (АХЖ 10: G90.9), эн­це­фа­ло­па­тия (АХЖ 10: G92)
Аро­мат­ты қа­тар­да­ғы амин­ді-, нит­ро- және хлор­қо­сын­ды­ла­ры, гек­са­ме­ти­лен­ди­а­мин  бен­зол және олар­дың туын­ды­ла­ры (бен­зол го­мо­лог­та­ры, сти­рол), май­лы қа­тар­да­ғы кө­мір­су­тек га­ло­туын­ды­ла­ры, гид­ра­зин және оның қо­сын­ды­ла­ры, мар­га­нец, пе­сти­цид­тер, сы­нап және оның қо­сын­ды­ла­ры, кү­кірт- кө­мір­тек, тет­ра­этил- қор­ға­сын және бас­қа­ла­ры, фтор және оның қо­сындысы, фос­фор және оның қо­сындысы, қор­ға­сын және оның қо­сындысы.
Көз­дің уыт­ты за­қым­да­нуы: ка­та­рак­та (АХЖ 10:Н26.8-Н26.9);
Конъ­юк­ти­вит, ке­ра­то­конъ­юк­ти­вит (АХЖ 10:Н10.8-Н10.9, Н16.2)
Три­нит­ро­то­лу­ол, азот қыш­қы­лы, ам­ми­ак, азот то­тығы, изо­ци­а­нат­тар, кү­кірт және оның қо­сын­ды­ла­ры, фор­маль­де­гид, фтор және оның қо­сын­ды­ла­ры, хлор және оның қо­сын­ды­ла­ры.
Сүй­ек­тер­дің уыт­ты за­қым­да­нуы: остео­по­роз тү­рін­де (АХЖ 10:М82)
Са­ры фос­фор және оның қо­сын­ды­ла­ры, фтор және оның қо­сын­ды­ла­ры
2)
Те­рі ау­ру­ла­ры: эпи­дер­моз (АХЖ 10:L18.1), жа­на­су ар­қы­лы пай­да болған дер­ма­тит (АХЖ 10:L23, L24, L25), фо­то­дер­ма­тит (АХЖ 10: L56), тыр­нақ ау­ру­ла­ры (АХЖ 10:L60.8), па­ра­ни­хи­я­лар (АХЖ 10:L60.8), уыт­ты ме­ла­но- дер­мия (АХЖ 10:Т53), май­лы фо­ли­ку­лит­тар (АХЖ 10:L73.8)
Мұ­най­ды, тас кө­мір мен тақ­та­та­стар­ды та­сы­мал­да­ған­да­ғы өнім­дер (бен­зин, ке­ро­син, жа­ға­тын май­лар, кре­зол, ли­зол, гуд­рон, ма­зут, ас­фальт, пек және оның ди­стил­лят­та­ры), хлор­лан­ған наф­та­лин­дер, қыш­қыл­дар, сі­л­ті­лер, ор­га­ни­ка­лық ері­т­ін­ді­лер, гид­ро­суль­фат, хлор­лы әк, ауыр ме­тал­дар­дың тұз­да­ры, кү­ш­ән­нің, сүр­ме­нің, фор­ма­лин­нің, же­лім­нің қо­сындысы
Хи­ми­я­лық, мұ­най өң­деу, ма­ши­на құ­ры­лы­сы, ме­тал­лур­ги­я­лық, ағаш өң­дей­тін, те­рі- ши­кі­за­ты, те­рі­ве­не­ро­ло­гия, та­ғам өнер­к­әп­тік, мұ­най құ­я­тын ке­ме­лер­ді та­за­лау; құ­ры­лыс, жи­һаз өн­ді­рі­сі, шах­та құ­ры­лыс­шы­ла­ры.
Кә­сіп­тік ви­ти­ли­го (АХЖ 10: L80)
Па­ра-трет-бу­тил­фе­нол Тө­мен­гі па­ра-ал­кил және па­ра-ал­кок­си­фе­но­лы, 4-ал­пи­ка­ти­хин дер.
Шай­ыр­лар, лак­тар, эмаль­дар алу үшін па­ра-трет-бу­тил­фе­нол­ды өн­ді­ру және қол­да­ну. Май­лар мен отын­дар­ға құ­ра­мын­да фе­но­лы бар сі­ңір­гіш­тер­ді өн­ді­ру.
3)
Те­мір қы­з­ба­сы (АХЖ 10:Т56), фто­ро­пла­сты (те­флон­ды) қы­з­ба(АХЖ 10:Т65.8)
Тү­сті ме­тал­дар кон­ден­са­ци­я­ла­ры­ның аэро­золь­да­ры (мы­рыш, мыс, ни­кель, сүр­ме және бас­қа­ла­ры), қай­та по­ли­мер­лен­ген аэро­золь­дар (фто­ро­пла­стар).
Түр­лі-тү­сті ме­тал­лур­гия, пла­сти­ка­лық мас­са­лар өн­ді­рі­сі (фто­ро­пла­стар) және олар­ды өң­деу, тү­сті ме­тал­дан жа­сал­ған ма­те­ри­ал­дар­ды өң­деу
2. Өнер­к­ә­сіп­тік аэро­золь­дар­дың әсе­рі­нен пай­да бо­ла­тын ау­ру­лар
1)
Пнев­мо­ко­ни­оз­дар:
карбо­ко­ни­оз­дар (АХЖ 10:J60);ас­бе­стоз (АХЖ 10:J61);си­ли­коз, таль­коз (АХЖ 10:J62); алю­ми­ноз (АХЖ 10:J63.0), бок­сты фиб­роз (же­ңіл) (АХЖ 10:J63.1), бе­рил­ли­оз (АХЖ 10: J63.2), гра­фит­ті фиб­роз (АХЖ 10:J63.3), си­де­роз (АХЖ 10:J63.4), ста­ни­оз (АХЖ 10:J63.5), ажар­ла­у­шы­лар неме­се те­гі­сте­у­ші­лер
Құ­ра­мын­да крем­ний ди­ок­си­ді бар бос және бай­лан­ған жағ­дай­да шаң­ды, кен­ді, рент­ген сәу­ле­сін ұстай­тын, кө­мір­тек­ті шаң­ды жұ­ту, (кө­мір, кокс, күйе, гра­фит және бас­қа­ла­ры);
ме­тал­дың шаң­да­ры және олар­дың то­тық­та­ры, со­ның ішін­де қат­ты және ауыр қо­рыт­па­лар, пі­сі­ре­тін аэро­золь;
ор­га­ни­ка­лық және жа­сан­ды ми­не­рал­ды тал­шық, пласт­мас­са және со­ның ішін­де жұ­та­тын аэро­золь­ды мик­ро­фло­ра­мен кө­бе­ю­і­нің шаң­да­ры
Кен орын­да­рын­да, шах­та­лар­да, ашық ка­рьер­лер­де, бай­ы­та­тын және аяқ­та­ла­тын та­у­кен орын­да­ры, кө­мір кә­сі­по­рын­да­ры фаб­ри­ка­ла­рын­да­ғы жұ­мыс;
кен­ге жат­пай­тын жы­ны­стар мен ма­те­ри­ал­дар­ды, тал­шық­та­сты және бас­қа­да си­ли­кат­ты, ұсақ­та­сты өн­ді­ру мен қай­та өң­деу;
тал­шық­тас це­мент­ті, құ­ра­мын­да тал­шық­тас бар ма­те­ри­ал­дар­ды (құ­быр­лар, ши­фер, па­нель­дер, тақ­тай­лар, фрик­ци­он­ды, тал­шық­тас то­қы­ма өнім­де­рі) өн­ді­ру;
Фар­фор­лы­фа­ян­сты бұй­ым­дар­ды, әй­нек­ті өн­ді­ру;
От­тө­зім­ді­лер мен же­мір­лер­ді өн­ді­ру және қол­да­ну;
Кокс, күйе, гра­фит­тер­ді өн­ді­ру, қол­да­ну;
ме­тал­лур­ги­я­лық және құю өн­ді­рі­сі;
ма­ши­на құ­ры­лы­сы; ме­тал­ды өң­деу, пі­сі­ру жұ­мыста­ры;
2)
Бис­си­о­ни­оз (АХЖ 10:J66.0)
Әр­түр­лі өсім­дік­тер­дің ша­ңы ұзақ уа­қыт жұ­ту (мақ­та, зығ­ыр, джут).
То­қы­ма өн­ді­рі­сін­де мақ­та­ны, зығ­ыр­ды, джут­ты қай­та өң­деу.
3)
Кә­сіп­тік брон­хит (шаң­ды, уыт­ты-шаң­ды):
шаң­ды необ­струк­тив­ті брон­хит(АХЖ 10:J41.0);
Шаң­ды об­струк­тив­ті брон­хит (АХЖ 10:J44.8);
Уыт­ты-шаң­ды необ­струк­тив­тік брон­хит (АХЖ 10:J68.0);
Уыт­ты-шаң­ды об­струк­тив­тік брон­хит (АХЖ 10: J68.0)
Жо­ға­ры­да көр­се­ті­л­ген шаң­ның бар­лық түр­ле­рін, со­ны­мен қа­тар өсім­дік­тен және жа­ну­ар­дан шы­ға­тын ор­га­ни­ка­лық шаң­ның бар­лық тү­рін (ұн­нан, дән­нен, қыл­дан іс­тел­ген, жүн­нен, те­ме­кі­ден, қа­ға­з­дан, қант­тан және бас­қа­лар­дан) жұ­ту.
Бі­ру­а­қыт­та шаң­ның және хи­ми­я­лық фак­тор­лар­дың әсер етуі (түр­шік­ті­ре­тін заттар, өзі жү­ре­тін та­у­лы ма­ши­на­лар­да­ғы шы­ға­ра­тын га­з­дың құ­ра­мы), со­ның ішін­де қо­лай­сыз мик­ро­кли­мат­тық жағ­дай­лар­ға сай аты­ла­тын га­з­дар.
4-ші ба­ған­да­ғы 2-ші пункт­тің ішін­де­гі көр­се­ті­л­ген жұ­мыстар, со­ны­мен қа­тар өн­ді­ріс:ки­із­ба­су, ұн­жар­ма өн­ді­рі­сі, қант­ты, фар­ма­цев­ти­ка­лық, жүн­ді, мақ­та­ны, зығ­ыр­ды және бас­қа­да қа­бық­ты да­қыл­дар­ды ал­ғаш­қы өң­де­уден өт­кі­зу, со­ны­мен қа­тар шаң­бө­лу­мен бай­ла­ны­сы бар бас­қа­да жұ­мыстар.
4)
Пнев­мо­ми­коз­дар (ми­ко­ток­си­коз­дар (АХЖ 10:В44.8, В48.8),  ак­ти­но­ми­коз­дар (АХЖ 10:А42.0)
Же­ра­с­ты қой­на­у­ла­рын­да­ғы шах­та суын­да кө­бей­е­тін гри­бок­ты фло­ра­мен, жаб­дық­тар­мен, өсім­дік­тен және жа­ну­ар­дан шы­ға­тын ор­га­ни­ка­лық шаң­мен (ұн­ды, дән­ді, жүн­ді, те­ме­кі­лі) жа­на­су
Кен орын­да­ры мен шах­та­лар­да­ғы жұ­мыстар, шаң бө­лу­мен ат­қа­ры­ла­тын бас­қа­да жұ­мыстың түр­ле­рі.
5)
Жо­ғар­ғы ты­ныс жол­да­рын­да­ғы то­лық дис­тро­фи­я­лық ау­ру­лар (со­зыл­ма­лы суб­атро­фи­ка­лық және ги­пер­тро­фи­ка­лық ри­но­фа­рин­гит) (АХЖ 10:J31.0- J32.9)
3-ші ба­ған­ның, 2-ші пунк­ті­нің ішін­де көр­се­ті­л­ген­дей шаң­ды жұ­ту.
4-ші ба­ған­ның, 2-ші пунк­ті­нің ішін­де көр­се­ті­л­ген­дей жұ­мыстар.
3. Фи­зи­ка­лық фак­тор­лар­дың әсе­рі­нен пай­да бо­ла­тын ау­ру­лар
1)
Ион­ды сәу­ле­нің әсе­ріне бай­ла­ны­сы бар ау­ру­лар (АХЖ 10:W88):
Сәу­ле кө­зі­нен ауыр­ған ау­ру (же­дел неме­се со­зыл­ма­лы) (АХЖ 10:W88, W90)
Бір­жол­ғы, қы­сқа уа­қыт­та жал­пы әсер ете­тін сырт­қы ион­да­у­шы сәу­ле кө­зі неме­се бір­ша­ма ра­дио­ак­тив­тік заттар­дың және олар­дың қо­сын­ды­ла­ры­ның ор­га­низ­мнің ішіне енуі.
Ион­да­у­шы ра­ди­а­ци­я­ның жүй­е­лі түр­де кә­сіп­тік сәу­ле соқ­қы­сы­ның рұқ­сат еті­л­ген дең­гей­і­нен ар­тық до­за­да әсер етуі.
Ра­дио­ак­тив­тік заттар­мен және ион­да­у­шы сәу­ле көз­де­рі­мен жүр­гі­зі­ле­тін жұ­мыстар­дың бар­лық түр­ле­рі.
Жер­гі­лік­ті сәу­ле­мен за­қым­да­ну (жі­ті неме­се со­зыл­ма­лы) (АХЖ 10: W88, W90)
Ра­дио­ак­тив­ті заттар­дың, сәу­ле кө­зі­нің сырт­тай жер­гі­лік­ті әсе­рі
2)
Ион­да­май­тын сәу­ле кө­зі­нің әсе­ріне бай­ла­ны­сты ау­ру­лар: ве­ге­та­тив­ті та­мыр­лы ди­сто­ния, әл­сіз­дік, әл­сіз­ве­ге­та­тив­тік, ги­по­то­ло­ми­я­лық син­дром­дар(АХЖ 10: W90)
Өте жо­ғар­ғы жи­і­лік­те­гі ра­дио­ди­а­па­зон­да­ғы элек­тро­маг­нит­ті сәу­ле кө­зі­нің жүй­е­лі әсер етуі;
ко­ге­рент­ті бір­тү­с­ті сәу­ле шы­ға­ру.
Өте жо­ғар­ғы жи­і­лік­те­гі ра­дио­ди­а­па­зон­да­ғы элек­тро­маг­нит­ті сәу­ле кө­зі­мен ат­қа­ры­ла­тын жұ­мыстар­дың бар­лық түр­ле­рі; оп­ти­ка­лық квант­ты ге­не­ра­тор­лар­дың сәу­ле бө­лу­іне бай­ла­ны­сты жұ­мыстың бар­лық түр­ле­рі
3)
Ла­зер­лі сәу­ле кө­зі­нің тін­дер­ді жер­гі­лік­ті за­қым­да­уы (те­рі күй­ік­те­рі (АХЖ 10:L59), көз­дің мөл­дір қа­ба­ты­ның за­қым­да­нуы (АХЖ 10:Н18.8), көз­дің тор қа­бығы (АХЖ 10:Н35.8)
Ла­зер­лі сәу­ле кө­зі­нің жер­гі­лік­ті әсер етуі.
Оп­ти­ка­лық квант­ты ге­не­ра­тор­лар­дың сәу­ле бө­лу­іне бай­ла­ны­сты жұ­мыстың бар­лық түр­ле­рі.
4)
Ді­ріл ау­руы (АХЖ 10:Т75.2)
Ұзақ уа­қыт өн­ді­рі­стік жер­гі­лік­ті ді­ріл­дің жұ­мыс­шы­ның қо­лы­на бе­рі­лу ар­қы­лы әсе­рі және жұ­мыс ор­нын­да­ғы жал­пы ді­ріл­дің жүй­е­лі әсер етуі
Ді­ріл­ді ту­ды­ра­тын қол ма­ши­на­ла­ры­мен ат­қа­ры­ла­тын жұ­мыс және ді­ріл­ді ту­ды­ра­тын ма­ши­на­лар­да­ғы жұ­мыс орын­да­ры.
5)
Ней­ро­сен­сор­лы құ­лақ мү­кі­сті­гі (АХЖ 10:Н90.3; Н90.6)
Өн­ді­рі­стік шу­дың жүй­е­лі түр­де әсер етуі.
Өнер­к­ә­сіп­те, құ­ры­лы­ста, ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғын­да, кө­лік­те, бай­ла­ны­ста қар­қын­ды өн­ді­рі­стік шу­дың әсе­ріне бай­ла­ны­сты ат­қа­ры­ла­тын жұ­мыстың бар­лық түр­ле­рі.
6)
Қол­дың ве­ге­та­тив­ті-сен­сор­лы (ан­гио­нев­роз) по­ли­нев­ро­па­ти­я­сы (АХЖ 10: G62.8)
Уль­тра­ды­быст­ың қол­ға жа­на­су ар­қы­лы бе­рі­луі
Уль­тра­ды­бысты де­фек­то­скоп­тар және ме­ди­ци­на­лық ап­па­рат­тар­мен ат­қа­ры­ла­тын жұ­мыс
7)
Элек­трооф­таль­мия (МКБ 10:Н 57.8)
Қар­қын­ды түр­де уль­тра­күл­гін сәу­ле бө­лу
Қар­қын­ды түр­де уль­тра­күл­гін сәу­ле­сін бө­лу жағ­дай­ын­да га­з­бен және электр­мен пі­сі­ру­ге бай­ла­ны­сты жұ­мыстар
8)
Ка­та­рак­та (АХЖ 10:Н 26.8)
Сәу­ле­лі энер­ги­я­ның жүй­е­лі түр­де әсер етуі (ин­фра-қы­зыл, уль­тра­күл­гін сәу­ле бө­лу, ша­ма­дан тыс жо­ға­ры жи­і­лік­те­гі сәу­ле бө­лу, рент­ген, гам­ма сәу­ле­сі, ней­трон­дық, про­тон­дық сәу­ле көз­де­рі)
Прес­стеу ұста­сы, электр­мен пі­сі­ру және жы­лу­мен ат­қа­ры­ла­тын жұ­мыстар, әй­нек­тен жа­са­ла­тын бұй­ым­дар өн­ді­рі­сі, ион­дай­тын және ион­да­май­тын сәу­ле көз­де­рі­нің әсе­рі бар ме­тал­лур­ги­яда­ғы ин­фра­қы­зыл сәу­ле кө­зі­мен бай­ла­ны­сты жұ­мыстар
9)
Де­ком­прес­си­я­лық (кес­сон­дық) ау­ру­лар және оның сал­дар­ла­ры (АХЖ 10:Т70.3)
Жо­ғар­ғы ат­мо­сфе­ра­лық қы­сым, де­ком­прес­си­я­лық үр­ді­стер
Кес­сон­да, ба­ро­ка­ме­ра­да ат­қа­ры­ла­тын жұ­мыстар, су асты­на сүң­гу және бас­қа жо­ғар­ғы ат­мо­сфе­ра­лық қы­сым жағ­дай­ын­да­ғы жұ­мыстар.
10)
Қы­зып ке­туі: ыстық­қа ұры­ну­дан бо­ла­тын сі­ре­спе (АХЖ 10:Т67.0; G40.5; G40.6)
Жұ­мыс­шы ау­ма­ғын­да­ғы жо­ғар­ғы тем­пе­ра­ту­ра және қар­қын­ды жы­лу бө­лу жағ­дайы
Те­рең шах­та­лар­да, мар­тен, те­мір­қа­ңы­л­тыр, құ­быр шы­ға­ра­тын цех­тар­да­ғы жұ­мыс;өнер­к­ә­сіп­тік пеш­тер­ді жөн­деу,  қа­зан­дық­ты, от­тық­ты та­зар­ту; әй­нек­ті қай­на­ту, бас­қа да жо­ғар­ғы тем­пе­ра­ту­ра­да ат­қа­ры­ла­тын жұ­мыстар.
11)
Та­ры­л­ты­л­ған эн­дар­те­ри­ит (АХЖ 10:І73,9), ве­га­ти­тив­ті-сен­сор­лы по­ли­нев­ро­па­тия (ан­гио­нев­роз) (АХЖ 10:G62.8)
Жұ­мыс ау­ма­ғын­да­ғы тем­пе­ра­ту­ра­ның тө­мен­де­уі
Ба­лық өн­ді­ру­ші ком­би­нат­тар­да­ғы ба­лық аулау ке­ме­сін­де­гі жұ­мыстар;
мұз­дат­қы­ш­та­ғы жұ­мыстар;
гео­ло­ги­я­лық жұ­мыстар;
ағаш дай­ын­дау жұ­мыстар;
ылғал­ды;
бат­пақ­ты жер­лер­де­гі жұ­мыстар;
тор өн­ді­ру­ші, та­у­кен өн­ді­рі­сі, су­лы және мәң­гі тоң ау­ма­ғын­да жұ­мыстар;
шах­та әді­сі­мен мұ­най өн­ді­ру және тө­мен­гі тем­пе­ра­ту­ра­да жұ­мыс іс­те­удің бас­қа түр­ле­рі
12)
Они­хо­дис­тро­фли (АХЖ 10:L60.3), ме­ха­ни­ка­лық эпи­дер­моз­дар (сүй­ел және т.б.) (АХЖ 10:L60.3)
Те­рі­ні май­дан та­за­лау, тем­пе­ра­ту­ра­лық және ме­тео­ро­ло­ги­я­лық фак­тор­лар.
Те­рі және үл­дір өң­деу өн­ді­рі­сі, ауыл ша­ру­а­шы­лық жұ­мыста­ры (да­лад­а­ғы), ке­ме­де­гі және жа­ға­ла­уда­ғы ор­на­лас­қан өн­ді­рі­стер­де­гі ба­лық өң­деу жұ­мыста­ры
4. Адам ағ­за­ла­ры­ның және жүй­е­ле­рі­нің күш түс­кен­де және күр­де­лі­лі­гі ар­тқан­да пай­да бо­ла­тын ау­ру­лар
1)
Кор­ди­на­тор­лық нев­роз­дар, оның ішін­де қа­лам­сап ұста­ған­да пай­да бо­ла­тын са­у­сақ тар­ты­лы­сы (АХЖ 10:F48.8)
Тез орын­да­лып, жо­ғар­ғы дәл­ді­лік­ті та­лап ете­тін жұ­мыстар
Му­зы­ка­лық құ­рал-сай­ман­дар мен кла­виш­ті ап­па­рат­тар­да­ғы жұ­мыс;
сте­но­гра­фия, қол­мен жа­зу, ма­ши­на­мен ба­су, сыз­ба жұ­мыста­ры, гра­вер­лік және кө­шір­ме жұ­мыста­ры
2)
Шет­ке­рі ор­на­лас­қан нерв жүй­е­сі­нің ау­ру­ла­ры:
Мо­но және по­ли­нев­ро­па­ти­я­лар,  оның ішін­де қол­дың езі­лу­ден пай­да болған және ве­ге­то-сен­сор­лық нев­ро­па­ти­я­ла­ры (АХЖ 10:G56, G57, G58.8 G62.8)
Иық бел­де­уіне, қол қоз­ға­луы көп қай­та­ла­на­тын, жүй­ке дің­ге­гіне қы­сым көр­се­тіп, мик­ро жа­ра­қат бе­ріп, де­не­ні суы­тып, ста­ти­ка­лық-ди­на­ми­ка­лық жүк­те­ме бе­ре­тін жұ­мыстар
Те­гі­стей­тін, фор­ма­лай­тын, сы­лақ, сы­лау жұ­мыстар;
тігу, аяқ ки­ім өн­ді­рі­сін­де­гі жұ­мыстар, мал­дар­ды қол­мен са­уу. Тау кен, ме­тал­лур­гия, мұ­най және хи­мия өн­ді­рі­сі­нің жұ­мыс­кер­ле­рі
Мой­ын-иық, бел-құй­ым­шақ шой­ыр­ла­ры (АХЖ 10:М54.1)
Де­не­нің ең­ке­ю­і­мен бай­ла­ны­сты жұ­мыстар, жұ­мыс ке­зін­де мәж­бүр­лі жағ­дай­да бо­лу (ал­ға қа­рай ең­кею, со­зы­лып тұ­ру, аяқ­ты бү­гіп оты­ру, жа­ту т.б.) сон­дай-ақ бор­ша­лар­дың ши­ры­ғуын та­лап ете­тін жұ­мыстар. Жал­пы ді­ріл мен соқ­қы­ның әсе­ріне ұшы­ра­та­тын жұ­мыстар.
Кең өн­ді­рі­сін­де­гі ке­ңі­стік жа­сау жұ­мыста­ры, та­за­лау за­бой­ла­рын­да­ғы, оның ішін­де мик­ро­кли­ма­ты қо­лай­сыз, ылғал­ды болған­да, де­не­нің мәж­бүр­лі жағ­дай­ын­да түр­лі ауыр­лық­тар­ды та­су, кө­те­ру ар­қы­лы жүр­гі­зі­ле­тін ті­реу жұ­мыста­ры. Шах­та ішін­де­гі кө­лік­тің жүр­гі­зу­ші­ле­рі:
жер астын­да­ғы қон­дыр­ғы­лар­дың ма­ши­ни­сі (бас­қа­ру­шы), жер астын­да­ғы үл­кен жүк ма­ши­на­ла­ры­ның жүр­гі­зу­ші­сі
Мой­ын және бел-құй­ым­шақ дең­гей­ін­де­гі құй­ма ау­ру­лар(АХЖ 10:М50.0, М51.0, М51.1, М50.1
Де­не­нің ең­ке­ю­і­мен бай­ла­ны­сты жұ­мыстар, жұ­мыс ке­зін­де мәж­бүр­лі жағ­дай­да бо­лу (ал­ға қа­рай ең­кею, со­зы­лып тұ­ру, аяқ­ты бү­гіп оты­ру, жа­ту т.б.) сон­дай-ақ бор­ша­лар­дың ши­ры­ғуын та­лап ете­тін жұ­мыстар. Мик­ро және мак­ро жа­ра­қат бе­ре­тін жұ­мыстар.
4 ба­ған­ның 2 бө­лі­гін­де көр­се­ті­л­ген жұ­мыстар, мой­ын-иық, бел-құй­ым­шақ дең­гей­ін­де­гі құй­ма ау­ру­лар (АХЖ 10:М54.1), 4 гра­фа­да­ғы валь­цов­щик­тер, ұста, ше­ге­ру, ке­су, құ­ры­лыс жұ­мыста­ры.
Үл­кен жүк ма­ши­на­ла­ры­ның, ауыл-ша­ру­а­шы­лық жүр­гі­зу­ші­ле­рі.
Цирк­те­гі және ти­еп тү­сі­ру жұ­мыста­ры.
3)
Ті­реу және қи­мыл­дау ап­па­рат­та­ры­ның ау­ру­ла­ры:
Қар­дың және иық бел­де­уі­нің со­зыл­ма­лы мио­фо-бри­оз­да­ры, мио­фас­циптер, фиб­рио­ми­фас­цит­тер, ве­ге­то­мио­фас­цит­тер (АХЖ 10:М62.8);
тен­до­ва­ги­нит­тер (АХЖ 10:М65.8).
Жер­гі­лік­ті және аумақ­тық бор­ша­лар­дың қа­ты­суы­мен іс­те­лі­не­тін жұ­мыстар, бір түр­лі қи­мыл­дар жа­сау ар­қы­лы ат­қа­ры­ла­тын жұ­мыстар, жыл­дам орын­да­ла­тын жұ­мыстар, жүй­ке дің­гек­те­ріне, бор­ша­ға, бай­ла­ныс та­ра­мыста­ры­на, сі­ңір­ге қы­сым тү­сі­ре­тін жұ­мыстар, олар­дың жа­ра­қат­та­нуы, жүк­ті кө­те­ру, қол­да ұстау, қол­мен неме­се күш жұм­сау ар­қы­лы жүк­тің ор­нын ауы­сты­ру
Му­зы­ка­лық құ­рал-сай­ман­дар мен кла­виш­ті  ап­па­рат­тар­да­ғы жұ­мыс;
сте­но­гра­фия, қол­мен жа­зу, ма­ши­на­мен ба­су, сыз­ба жұ­мыста­ры, гра­вер­лік және кө­шір­ме жұ­мыста­ры
Та­рыл­ма­лы ли­га­мен­то­здар, сти­ло­и­до­з­дар (шын­тақ­тық, иық­тық), эпи­кон­ди­лоз­дар (АХЖ 10:М77.0)
Сі­ңір­ге тұ­рақ­ты түр­де қы­сым тү­сі­ре­тін жұ­мыстар, шын­тақ тұ­сын­да көп бү­гу­ді та­лап етіп, бұ­ра­уды та­лап ете­тін жұ­мыстар, қол са­у­сақ­та­рын ай­нал­ды­ра қи­мыл­да­ту­ды та­лап ете­тін жұ­мыстар.
Штамп­тай­тын, сүй­ре­те­тін, сы­лай­тын, бай­лап та­ңа­тын, сыр­лау жұ­мыста­ры, аяқ ки­ім­ді пі­ше­тін, оған ке­ректі ма­те­ри­ал­дар­ды ке­се­тін жұ­мыстар
Пе­ри­арт­роз­дар (иық-жа­уы­рын, шын­тақ, ті­зе), ат­қа­ра­тын қыз­ме­ті­нің бұ­зы­луы­мен бі­лі­не­тін по­шы­мын өзгер­те­тін остео­арт­роз­дар (жо­ға­ры­да­ғы­дай); бур­сит­тер, асеп­ти­ка­лық остео­ни­к­роз­дар (АХЖ 10:М19.8)
Үл­кен ам­пли­ту­да ар­қы­лы ай­нал­ды­ра жүр­гі­зі­ле­тін жұ­мыстар, ти­іс­ті буын­дар­ға тұ­рақ­ты түр­де қы­сым бе­ре­тін, жа­ра­қат­тай­тын жұ­мыстар, ті­зер­леп неме­се аяқ­ты бү­гіп оты­рып іс­тей­тін әр­түр­лі жұ­мыстар
Кең өн­ді­рі­сін­де­гі ке­ңі­стік жа­сау жұ­мыста­ры, бұр­ғы­лау, ша­тыр жа­бу жұ­мыста­ры, пар­кет дай­ын­дау, гра­нит­тен жа­са­ла­тын ма­те­ри­ал­дар­ды жа­сау
4)
Ша­тыр­дың тө­мен тү­суі және қы­нап қа­быр­ға­сы­ның сырт­қа шы­ғуы (АХЖ 10:N81)
40 жас­қа дей­ін­гі әй­ел­дер­дің боса­нар ке­зін­де бұт жа­ра­қа­ты орын ал­май, ді­ріл әсер етіп неме­се әсер ет­пе­ген жағ­дай­да да ұзақ жыл­дар (10 жыл) бойы тұ­рақ­ты түр­де (ауы­сым уа­қы­ты­ның 50 пай­ы­зы­нан көп бол­са) мәж­бүр­лі күй­де ауыр заттар­ды жы­л­жы­ту, кө­те­ру.
Жүк­тер­ді қол­мен неме­се күш жұм­сау ар­қы­лы орын­нан жы­л­жы­ту жұ­мыста­ры.
5)
Қа­бын­ған (тром­бо­фле­бит) неме­се жы­лан көз­бен ұш­тас­қан аяқ көк та­мыр­ла­ры­ның ай­тар­лық­тай ке­ңуі (АХЖ 10:183.0.-183.2)
Ұзақ уа­қыт бойы мәж­бүр­лі күй­де жұ­мыс іс­теу
Ұзақ уа­қыт бойы тү­ре­геп тұ­рып, ауыр заттар­ды тұ­рақ­ты түр­де та­су және тау кен орын­да­рын­да (кен өн­ді­рі­сін­де­гі ке­ңі­стік жа­сау, бұр­ғы­лау, ті­реу жұ­мыста­ры) жұ­мыс іс­теу, әсі­ре­се еңі­сті­гі ай­тар­лық­тай кен ор­нын­да жұ­мыс іс­те­ге­ні
6)
Ды­быс шы­ға­ра­тын ап­па­рат­тың ша­ма­дан тыс дең­гей­іне жұ­мыс іс­те­уі­нен пай­да бо­ла­тын ау­ру­лар: со­зыл­ма­лы ла­рин­гит­тер, ды­быс қа­лақ­ша­ла­рын­да­ғы түй­ін (*ән­ші­лер түй­і­ні) (АХЖ 10:J38.2), ды­быс қа­лақ­ша­ла­ры­ның жа­на­сқан же­рін­де­гі ой­ық жа­ра (АХЖ 10:J38.7), (АХЖ 10: J37)
Ды­быс шы­ға­ра­тын ап­па­рат­тың ша­ма­дан тыс дең­гей­де ат­қа­ра­тын жұ­мысы орын ал­ған­да
Оқы­ту­шы жұ­мысы, ра­дио­да­ғы, те­ле­ди­дар­да­ғы дик­тор­лар­дың жұ­мысы, ак­тер­лар­дың во­каль­ді сөй­ле­су ке­зін­де­гі жұ­мыста­ры, те­ле­фон стан­са­ла­рын­да­ғы жұ­мыс
7)
Әрі қа­рай өсе бе­ре­тін жа­қын­нан көз көр­ме­у­ші­лік (АХЖ 10:Н52.1)
Кіш­кен­тай заттар­ды жа­қын­нан ажы­ра­ту үшін кө­ру үде­рі­сін жі­де­те­тін жұ­мыстар
Кар­то­гра­фи­я­лау, элек­трон­ды есеп­теу ма­ши­на­ла­рын­да жұ­мыс жүр­гі­зу, қым­бат та­стар­ға өң­деу жүр­гі­зіп, бет са­лу, оның са­па­сын тек­се­ру жұ­мыста­ры, са­ғат  жи­нау, кор­рек­тор­лық жұ­мыстар, оп­ти­ка­лық құ­рал­жаб­дық­тар­мен жұ­мыс іс­теу
8)
Нев­роз­дар (АХЖ 10:F40-F48)
Есі дұ­рыс емес ба­ла­лар­мен ұзақ уа­қыт бойы жұ­мыс іс­теу.
Есі дұ­рыс емес ау­ру­лар­ды ем­дей­тін ме­ке­ме­лер­де­гі ме­ди­ци­на­лық қыз­мет­кер­лер­дің жұ­мысы, оның ішін­де есі дұ­рыс емес ба­ла­лар­ға ар­нал­ған ар­найы мек­теп­тер­де­гі қыз­мет­кер­лер, мұ­ға­лім­дер.
5. Био­ло­ги­я­лық фак­тор­лар­дың әсе­рі­нен бо­ла­тын ау­ру­лар.
1)
Қыз­мет­кер­лер жұ­мыс ке­зін­де жа­на­сып, бай­ла­ны­ста бо­ла­тын жұқ­па­лы және па­ра­зи­тар­лы ау­ру­лар:
ту­бер­ку­лез
(АХЖ 10:А15-А19), са­рып (АХЖ 10:А23), сап (АХЖ 10:А24), күй­дір­гі (АХЖ 10:А22), кене эн­це­фа­ли­ті (АХЖ 10:А84), ор­ни­тоз, сиыр са­у­шы­лар­дың түй­ін­де­рі, ток­со­плаз­моз (АХЖ 10:В58), ви­ру­стық ге­па­тит АХЖ 10:В15-В19), те­рі ми­коз­да­ры (АХЖ 10:В35-В37; В48), Ро­зен­бах эри­зип­пе­ло­и­ды (АХЖ 10:А26), қы­шы­ма (АХЖ 10:В86), си­фи­лис (АХЖ 10:А65) және та­ғы бас­қа­ла­ры (АХЖ 10:А94)
Жұқ­па­лы ау­ру­лар­мен неме­се жұқ­па­мен жа­на­сқан ма­те­ри­ал­дар­мен неме­се ау­ру­ды та­сы­мал­да­у­шы­лар­мен, ау­ру мал­дар­мен, олар­дан шық­қан өнім­дер­мен (те­рі, жүн, қы­л­шық, ат құй­ры­ғы, еті, те­рі және үл­дір үшін ке­ректі ши­кі­заттар, екін­ші рет өң­де­уді та­лап ете­тін заттар, астық, мақ­та және т.б.) бай­ла­ны­ста болған; ке­мір­гіш­тер­мен жа­на­сқан­да, жұқ­па­лы ау­ру­лар­дың қоз­дыр­ғы­шта­ры бар бет­тер­мен жа­на­сқан­да.
Жұқ­па­лы ау­ру­лар­мен, ту­бер­ку­лез­бен, те­рі-ве­не­ро­ло­гия  ау­ру­ла­ры­мен кү­ре­се­тін дис­пан­сер­лер­де, ту­бер­ку­лез­бен кү­ре­се­тін дә­рі­гер­лік учас­ке­лер­де, ту­бер­ку­лез­бен ауы­ра­тын­дар жұ­мыс іс­тей­тін ем­деу - ең­бек ету ма­стер­ской­ла­рын­да  мал ша­ру­а­шы­лық­та­рын­да мал­дә­рі­гер­лік қыз­ме­т­ін­де, ет ком­би­нат­та­рын­да, кон­ди­тер­лік, кон­сер­ві жа­сай­тын фаб­ри­ка­лар­да, за­уыт­тар­да, те­рі және үл­дір жа­са­у­ға ке­ректі ши­кі­заттар­ды өң­де­у­ге аң ша­ру­а­шы­лы­ғы, ке­ме­де­гі және жа­ға­ла­уда­ғы ба­лық өн­ді­ре­тін ша­ру­а­шы­лық­та, ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғын­да жа­са­лы­на­тын бар­лық жұ­мыстар­ға.
2)
Те­рі­ні ашық жер­ле­рін­де­гі ми­коз­дар (АХЖ 10:В35-В49)
Шах­та суы бар және же­ра­с­ты­нан өн­ді­ре­тін құ­рал-жаб­дық­тар­дың өңез­ді фло­ра­ла­ры­мен жа­на­сқан­да
Кен өн­ді­ре­тін шах­та­лар­да­ғы жұ­мыстар
3)
Дис­бак­те­ри­оз, те­рі­нің және шы­ры­шты қа­бақ­тың кан­ди­до­ми­коз­дар, іш­кі ор­ган­дар­дың кан­ди­до­з­да­ры (АХЖ 10:В37)
Ан­ти­био­тиктер, өңез-про­ду­цент­те­рі, ақуыз ви­та­мин қо­с­па­ла­ры, мал азығ­ы­ның ашыт­қы­ла­ры, құ­рам­дас жем­дер.
Мик­ро­био­ло­ги­я­лық өн­ді­рі­стің әр­түр­лі са­ла­ла­рын­да­ғы жұ­мыстар; ме­ди­ци­на­лық өн­ді­рі­сте­гі, ме­ди­ци­на­лық прак­ти­ка­да, дә­рі­ха­на­лар­да, сон­дай-ақ 3 ба­ған­ның 5 ба­бы­ның 3) ба­ған­ша­сын­да көр­се­ті­л­ген өн­ді­ру жұ­мыста­ры.
6. Ал­лер­ги­я­лық ау­ру­лар
1)
Көз ал­ма­сы­ның қа­бы­нуы, (АХЖ 10:Н10.1-Н10.3), ауыз қуы­сы­ның қа­бы­нуы ри­но­фа­рин­гит­тер (МКБ 10:J30;J30.3)
Жа­на­сқан­да се­зім­тал­ды­лық біл­ді­ре­тін заттар мен қо­сын­ды­лар
әр­түр­лі өн­ді­рі­стік са­ла­лар­да­ғы ал­лер­ген­дер­мен бай­ла­ны­сты жұ­мыстар (хи­ми­я­лық, хи­ми­я­лық-фар­ма­цев­тік құ­ры­лыс, ағаш өң­деу өнер­к­ә­сі­бін­де­гі, ме­тал­лур­гия, та­у­кен, мұ­най және хи­ми­я­лық өн­ді­рі­стер­де, ре­зең­ке-тех­ни­ка­лық өн­ді­рі­сін­де, жа­сан­ды жу­ғыш заттар өн­ді­рі­сін­де, ма­ши­на жа­сау, то­қы­ма, қыл-шөт­ке жа­сай­тын өнер­к­ә­сіп­тер­де, үл­дір өн­ді­ре­тін кә­сі­по­рын­дар­да, құ­рам­дас жем­дер­ді өн­ді­ре­тін жер­лер­де, ақ уыз ви­та­мин қо­с­па­ла­ры шы­ға­ра­тын өн­ді­рі­стер­де және т.б.); ауыл  ша­ру­а­шы­лы­ғын­да (құс фаб­ри­ка­ла­рын­да, фер­ма­лар­да, пе­сти­цид­тер­мен жұ­мыс іс­те­ген­де); кө­лік­те; тұр­мыстық өнер­к­ә­сіп орын­да­рын­да жұ­мыс іс­те­ген­де (хи­ми­я­лық жол­мен та­за­лау, ша­шта­раз­дар, кір жу­а­тын орын­дар); ме­ди­ци­на­лық және дә­рі­ха­на­лық ме­ке­ме­лер­дің, өнер­к­ә­сіп кә­сі­по­рын­да­ры­ның, ин­сти­тут­тар­дың, ви­ва­ри­я­лар­дың зерт­ха­на­ла­ры.
2)
Брон­хаст­ма­сы, аст­ма­дан бо­ла­тын брон­хит (АХЖ 10:J45.0), брон­хаст­ма­сы­ның бел­гі­ле­рі­мен бі­лі­не­тін дә­рі­лік ал­лер­гия (АХЖ 10:J70.2, Т88.7), эк­зо­ген­ді аль­вео­лит (АХЖ 10:J67)
3)
Эпи­дер­моз, дер­ма­тит, эк­зе­ма, ток­си­ко­дер­мия, (АЖХ 10:L23; L24; L25; L27.0; L27.1)
4)
Квин­ке іс­і­гі (АХЖ 10:Т78,3), бөрт­пе (АХЖ 10:L50), ана­фи­лак­ти­ка­лық шок (АХЖ 10:Т78.2)
5)
Ток­си­ко­ло­ги­я­лық ал­лер­ги­я­лық ге­па­тит (АХЖ 10:К 71)
6)
әр­түр­лі эри­те­ма­лар (АХЖ 10:L51)
7. Іс­ік­тер
1)
Те­рі іс­ік­те­рі (ги­пер­ке­ра­то­здар, эпи­те­лио­ма­лар, па­пил­ло­ма­лар, обыр, лей­ко­ке­ра­то­здар) (АХЖ 10:С43-С44)
Тас кө­мір­ді, мұ­най­ды, сла­нец­ті (шай­ыр­ды, қат­па­ны, ан­тра­цен­ді, фе­нан­трен­ді, ами­но­ан­тра­цин­ді май­ды, өн­ді­рі­стік азо­қо­сын­ды­лар­ды, гуд­рон­ды, па­ра­фин­ді және т.б.), ион­да­ғыш сәу­ле көз­де­рі­нің әсе­рін (рент­ген, гам­ма сәу­ле көз­де­рі және бас­қа­ла­ры), кү­ш­ән.
Өн­ді­рі­стің әр­түр­лі са­ла­ла­рын­да­ғы 3 ба­ған­да кез­де­се­тін заттар­дың әсе­ріне бай­ла­ны­сты ат­қа­ры­ла­тын жұ­мыстар­дың бар­лық тү­рі;
ра­дио­ак­тив­ті заттар­мен, бас­қа да ион­да­ғыш сәу­ле көз­де­рі­мен жұ­мыс іс­те­ген­де; кү­ш­ән­мен жұ­мыс іс­те­ген­де.
2)
Ауыз қуы­сы­ның және дем алу мү­ше­ле­рі­нің іс­ік­те­рі (АХЖ 10:С04-С06, С30,0-С34.9, С38.4, С39)
Ни­кель, хром, кү­ш­ән, тас­кө­мір шай­ыр­лар­дың қо­сын­ды­ла­ры; ас­бе­ст, ас­фальт, ра­дио­бел­сен­ді кен­дер­ді және кө­мір су­те­гі, кө­мір пла­стиктер, кад­мий және оның қо­сын­ды­ла­ры сі­ңі­рі­л­ген шаң­дар.
Өнер­к­ә­сіп­тің әр­түр­лі са­ла­ла­рын­да­ғы ни­кель, кү­ш­ән, хром қо­сын­ды­ла­рын алу­ға ар­нал­ған жұ­мыстар; ра­дио­ак­тив­ті кен­ді бар­лау, өн­ді­ру және өң­деу жұ­мыста­ры;
ас­бе­ст және құ­ра­мын­да ас­бе­с­тер, заттар­ды өн­дір­ген­де, ре­зең­ке-тех­ни­ка­лық өн­ді­ріс, кад­мий өн­ді­рі­сі, жа­сан­ды гра­нат ала­тын және одан шы­ға­тын бұй­ым­дар­ды өң­дей­тін жұ­мыстар, жи­һаз жа­сау және ағаш өң­деу өнер­к­ә­сі­бі.
3)
Ба­уыр іс­ік­те­рі (АХЖ 10:С22)
Ви­нил-хло­рид, ба­уыр ті­ніне әсер ете­тін (по­ло­ний, то­рий, плу­то­ний) ра­дио­бел­сен­ді заттар­мен ұзақ түр­де жа­на­сып, бай­ла­ны­ста бо­лу, бе­рил және оның қо­сын­ды­ла­ры
Ви­нил­хло­рид­пен, бе­ри­лий­мен және оның қо­сын­ды­ла­ры­мен жұ­мыс іс­теу;
ра­дио­бел­сен­ді хи­ми­я­лық өнер­к­ә­сіп­те жұ­мыс іс­теу.
4)
Ас­қа­зан іс­ік­те­рі (АХЖ 10:С16)
6 ва­лент­ті хром қо­сын­ды­ла­ры, құ­ра­мын­да ас­бе­ст бар шаң, ни­кель, кө­мір­су­тек­те­рі, шаң­ға сі­ңі­рі­л­ген бен­зпи­рен, күйе.
Хром қо­сын­ды­ла­рын, ас­бе­ст және құ­ра­мын­да ас­бе­ст бар бұй­ым­дар, ни­кель ал­ған­да, ни­кель­ге кө­мір су­те­гі ша­ңы сі­ңі­рі­л­ген­де оны­мен жа­на­сып, бай­ла­ны­ста бо­лу, ре­зең­ке-тех­ни­ка­лық өн­ді­ріс.
5)
Лей­коз­дар (АХЖ 10:С91-С95)
Бен­зол, әр­түр­лі ион­да­ғыш ра­ди­а­ци­я­лық сәу­ле көз­де­рі­нің әсе­рі.
Бен­золмен және ион­да­ғыш сәу­ле көз­де­рі­мен жұ­мыс іс­те­ген­де.
6)
Қуық іс­ік­те­рі (па­пил­ло­ма­лар, обыр­лар) (АХЖ 10:С67)
Бен­зол және наф­та­лин қа­та­рын­да­ғы амин­дер (бен­зи­дин, ди­а­ни­зи­дин, наф­тил­амин).
өнер­к­ә­сіп­тің әр­түр­лі са­ла­ла­рын­да осы заттар­мен жұ­мыс іс­теу.
7)
Сүй­ек іс­ік­те­рі (АХЖ 10:С40-С41)
Сүй­ек­ті босаң­сы­та­тын ра­дио­бел­сен­ді (ра­дий, строн­ций, плу­то­ний) заттар­мен ұзақ уа­қыт бойы жа­на­су­да бо­луы.
Ра­дио­бел­сен­ді хи­ми­я­лық өн­ді­рі­стер­де, ра­дио­ло­ги­я­лық және ра­дио­хи­ми­я­лық зерт­ха­на­лар­да жұ­мыс іс­теу
8)
Бүй­рек іс­ік­те­рі (АХЖ 10:С64)
Кад­мий және оның қо­сын­ды­ла­ры
Кад­мий және оның қо­сын­ды­ла­ры­мен жұ­мыс іс­теу.

Қолданыстағы