Об утверждении Правил проведения научно-медицинской экспертизы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения научно-медицинской экспертизы
- Атауы (қаз.)
- Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 696
- Қабылданған күні
- 12.11.2009
- Көрсетілген редакция
- 10.07.2013 AI49081_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.07.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V090005940_
- ЭКБ идентификаторы
- 49081
- Редакция идентификаторы
- AI49081_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:03
0 Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы
"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 64-бабының 2-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған ғылыми-медициналық сараптама жүргізу ережесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті (Н.Қ. Хамзина) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
4
4. "Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі N 661 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 467 бұйрығымен (N 3888 нормативтік-құқықтық актілерінің реестрінде тіркелген, "Юридическая газетаның" 2005 жылға 23 қарашадағы N 217 (951) нөмірінде жарияланған) өзгерістер енгізілген "Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 8 қыркүйектегі N 661 бұйрығының (N 2511 нормативтік-құқықтық актілерінің тізілімінде тіркелген, "Официальная газетаның" 2003 жылғы 25 қазандағы N 43 (148) нөмірінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
6 Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу ережесі
6. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2009 жылғы 12 қарашадағы
N 696 бұйрығымен бекітілген
Ғылыми-медициналық сараптама жүргізу ережесі
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы ғылыми-медициналық сараптама жүргізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органының (бұдан әрі – уәкілетті орган) ғылыми-медициналық сараптаманы жүргізу тәртібін айқындайды.