О некоторых вопросах маркировки (перемаркировки) алкогольной продукции учетно-контрольными марками
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О некоторых вопросах маркировки (перемаркировки) алкогольной продукции учетно-контрольными марками
- Атауы (қаз.)
- Алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаудың (қайта таңбалаудың) кейбір мәселелері туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2041
- Қабылданған күні
- 08.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 23.05.2016 AI49115_6.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.05.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P090002041_
- ЭКБ идентификаторы
- 49115
- Редакция идентификаторы
- AI49115_6
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:49
0 Алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаудың (қайта таңбалаудың) кейбір мәселелері туралы
2008 жылғы 10 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 653-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Шарап материалдары мен сыраны қоспағанда, алкоголь өнімін 2010 жылғы 1 сәуірден бастап:
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес отандық өндірістің алкоголь өніміне арналған;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес әкелінетін алкоголь өніміне арналған жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалау енгізілсін.
2 2. Алкоголь өнімін 2010 жылғы 31 мамырға дейін жаңа үлгідегі есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалаусыз 2007 жылғы 15 сәуірден бастап енгізілген есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбалауды жүзеге асыруға рұқсат етілсін.
3 3. 2011 жылғы 1 наурызға дейінгі мерзімде 2007 жылғы 15 сәуірден бастап енгізілген есепке алу-бақылау таңбаларымен таңбаланған алкоголь өнімін заңнамада белгіленген тәртіппен қайта таңбалау жүзеге асырылсын.
4 4. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 23.07.2015 № 573 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
5 5. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
6 6. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Голографиялық қорғаныс элементі бар есепке алу-бақылау таңбасы Қорғаныс түрлерінің айрықшалығы 65 х 17 форматты
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 8 желтоқсандағы
N 2041 қаулысына
1-қосымша
Голографиялық қорғаныс элементі бар есепке алу-бақылау таңбасы Қорғаныс түрлерінің айрықшалығы 65 х 17 форматты
2 Голографиялық қорғаныс элементі бар есепке алу-бақылау таңбасы (әкелінетін өніміне арналған) Қорғаныс түрлерінің айрықшалығы 65 х 17 форматты
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 8 желтоқсандағы
N 2041 қаулысына
2-қосымша
Голографиялық қорғаныс элементі бар есепке алу-бақылау таңбасы (әкелінетін өніміне арналған) Қорғаныс түрлерінің айрықшалығы 65 х 17 форматты