Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил медицинского обследования донора перед донацией крови и ее компонентов

Бұйрық · № 680 · қабылданған 10.11.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-49161/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил медицинского обследования донора перед донацией крови и ее компонентов Күшін жойған Бұйрық ·№ 680 ·10.11.2009
15.04.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.04.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил медицинского обследования донора перед донацией крови и ее компонентов

Күшін жойған Бұйрық ·№ 680 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил медицинского обследования донора перед донацией крови и ее компонентов
Атауы (қаз.)
Қан мен оның компоненттерін донациялау алдында донорды медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
680
Қабылданған күні
10.11.2009
Көрсетілген редакция
15.04.2019 49161_401070.kaz
Соңғы өзгеріс
15.04.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005934_
ЭКБ идентификаторы
49161
Редакция идентификаторы
49161_401070
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:03

0 Қан мен оның компоненттерін донациялау алдында донорды медициналық зерттеп-қарау қағидаларын бекіту туралы

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 166-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Қан мен оның компоненттерін донациялау алдында донорды медициналық зерттеп-қарау қағидалары.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

4

4. 2005 жылғы 22 қыркүйектің N 464 "Донорды қан мен оның құрамын тапсырар алдындағы медициналық тексеру ережесін бекіту туралы" бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3890 тіркелген және "Заң газеті" газетінде 2005 жылғы 24 қарашада N 154) күші жойылды деп танылсын.

5 5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.

6 Қан мен оның компоненттерін донациялау алдында донорды медициналық зерттеп-қарау қағидалары

6. Осы бұйрық оны алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Ден­са­улық сақ­тау ми­ни­стрі­нің
мін­де­тін ат­қа­ру­шы­ның
2009 жы­л­ғы 10 қа­ра­ша­да­ғы
№ 680 бұй­ры­ғы­мен бе­кі­ті­л­ген
Қан мен оның компоненттерін донациялау алдында донорды медициналық зерттеп-қарау қағидалары

1 1. Жалпы ережелер

1

1. Осы Қан мен оның компоненттері донациясы алдында донорды медициналық зерттеп-қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 166-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және қан мен оның компоненттерін дайындауды жүзеге асыратын медициналық ұйымдарда (бұдан әрі – Қан қызметі ұйымдары) донорды қан мен оның компоненттері донациясы алдында міндетті тегін медициналық зерттеп-қараудың тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидадаларда мынадай түсініктер пайдаланылады:

1 1) қан мен оның компоненттерін өтеусіз ерікті донациялау – аллогендік қан мен оның компоненттерін Кодекстің 167-бабына сәйкес донорға берілетін кепілдіктерден басқа, ақысыз іске асырылатын донация;

2 2) қан мен оның компоненттерін мақсатты донациялау – аллогендік қан мен оның компоненттерін нақты пациенттер үшін тапсыру және Кодекстің 167-бабына сәйкес донорға берілетін кепілдіктерден басқа, ақысыз іске асырылатын донация;

3 3) қан мен оның компоненттерін аутологиялық донациялау – бір адамнан алынған және кейіннен сол адамның өзіне ғана аутологиялық қайта құюға арналған қан мен оның компоненттерінің донациясы;

4 4) аяқталған (толық) донациялау – ±10% қол жеткізілген нысаналы көлемімен жаңа алынған қанның эксфузиясы;

5 5) аяқталмаған (толық емес) донациялау – нысаналы көлемге қол жеткізбей-ақ, бірақ 200 мл және одан да көп көлемде эксфузияны аяқтаған кезде рәсімді мәжбүрлі тоқтатуға байланысты жаңа алынған қанның жеткіліксіз эксфузиясы;

6 6) болмаған донациялау (тесу) – бұл болмаған венепункция, сондай-ақ 200 мл дейінгі көлеміндегі жаңа алынған қанның эксфузиясы.

3 3. Донорды қан мен оның компоненттерін донациялау алдында медициналық зерттеп-қараудың тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:

1 1) донорды қабылдау және есепке алу;

2 2) донорды медициналық зерттеп-қарау.

4 4. Тиісті медициналық зерттеп-қараудан өткен және қарсы көрсетілімдері жоқ, Кодекстің 165-бабының 1 тармақшасына сәйкес медициналық мақсатта қан мен оның компоненттерін донациялауды жүзеге асыруға ерікті түрде ниет білдірген он сегіз жасқа толған жеке тұлға донор болып табылады.

5 5. Қан мен оның компоненттерін донациялаудың жиілігі мен реті бойынша донорлар мынадай санаттарға бөлінеді:

алғашқы донор - қан мен оның компоненттерін донациялауды алғаш рет іске асырған тұлға;
қайталама донор - қан мен оның компоненттерін донациялауды алдындағы донациялау кезінде де осы Қан қызметі ұйымында жүзеге асырған тұлға;
тұрақты донор – қан және (немесе) оның компоненттерін донациялауды тұрақты түрде жүзеге асыратын тұлға.
Тұрақтылық деп қан донациясының жылына 3 рет және одан да артық, қан плазмасы мен жасушаларын жылына 12 және де одан да көп рет, эритроферез әдісімен эритроциттерді донациялау - жылына 2 рет және одан да артық тапсыру тұрақтылығы ұғымы болып түсініледі.

6 6. Қан мен оның компоненттерін донациялау мынадай түрлерге бөлінеді:

1 1) донациялау түрі бойынша:

қан донорлығы;
плазма, оның ішінде иммундық плазма донорлығы;
қан жасушалары донорлығы;

2 2) донациялау уәждемесі бойынша:

өтеусіз (өтеусіз ерікті донация, мақсатты донациялау және аутологиялық донациялау);
қанның ақылы негізде жүзеге асырылатын донациясы.

3 3) рәсімінің аяқталуы бойынша жаңа алынған қанды донациялау:

аяқталған (толық);
аяқталмаған (толық емес);
жасалмаған (тесу).

2 2. Донорды медициналық зерттеп-қарау тәртібі

16 16. Донорға сауалнама жүргізу алдында осы Қағиданың 2 және 7-қосымшаларына сәйкес ақпарат беріледі.

17 17. Донорға әрбір қан мен оның компоненттерін донациялау алдында гемоглобин (гематокрит) деңгейін, АлАт деңгейін, ал перифериялық қанның ГДЖ әрбір донациясы алдында да перифериялық қанның алдын ала құрамын (гемоглобин, (гематокрит), эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер) анықтау жүргізіледі.

Плазма донорында әрбір донациялау алдында қан сарысуындағы жалпы ақуыз құрамы қосымша анықталады.
Тромбоциттер донорында әрбір донациялау алдында тромбоциттер деңгейі қосымша анықталады.
Егер қан компоненттерін автоматты сепараторларды пайдалана отырып дайындау тағайындалса, әрбір донациялау алдында қанның ұйыту уақыты қосымша анықталады.

18

18. Перифериялық қанның ГДЖ доноры адамның 1,2 типті иммундық тапшылық вирусы (бұдан әрі – АИТВ 1,2), В вирустық гепатиті (бұдан әрі - ВВГ), С вирустық гепатиті (бұдан әрі - СВГ), мерез, цитомегаловирустық инфекция, токсоплазмоз инфекциялық маркерлерін бастапқы зерттеп-қарауды донацияға жолдап отырған медициналық ұйымда өтеді.
ГДЖ донорын трансмиссивті инфекциялар маркерлеріне зерттеп-қарау Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5930 болып тіркелген "Донорлық қан және оның компоненттерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау қағидалары" Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 10 қарашадағы № 684 бұйрығымен бекітілген Донорлық қан және оның компоненттерінің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау қағидаларына 3-қосымшаның 18 және 19-тармақтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
Зертханалық зерттеулер Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген әдістермен, оның ішінде Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5935 болып тіркелген "Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы № 735 бұйрығымен бекітілген Дәрілік заттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы мемлекеттік тіркеу, қайта тіркеу және олардың тіркеу деректеріне өзгерістер енгізу қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жабдықта құрғақ химия әдістерімен жүргізіледі.

19 19. Донордың қан үлгілерін трансфузиялық инфекцияларға тестілеу үшін іріктеу қан және оның компоненттерінің донациясы кезінде жүзеге асырылады.

20 20. Донорды медициналық тексеріп-қарауды, шеттету немесе жіберу және қан мен оның компоненттері донациясын анықтауды трансфузиолог-дәрігері немесе қан қызметі ұйымының терапевті (бұдан әрі - дәрігер) жүзеге асырады.

21 21. Донорды медициналық зерттеп-қарау мыналарды қамтиды:

1 1) алдын-ала зертханалық зерттеу мәліметтерінің талдау;

2 2) қан және оның компоненттері донорынының сауалнамасын талдау, анамнезді жинау және донорлармен тәуекел факторларын анықтау мақсатында құпия әңгіме жүргізу (сауалнама ақпараты сұхбаттасу процесінде берілген жауаптармен толықтырылуы мүмкін);

3 3) ағымдағы хал-жағдайын әңгіме жүргізу және физикалық бақылаудың белгілі әдістері (дене қызуын, бойын және салмағын, қан қысымын, тамыр соғу ырғағы мен жиілігін өлшеу) арқылы бағалау.

22

22. Гемотрансмиссивтік инфекцияларды жұқтыруға әкелетін қауіп-қатер факторларының болуына күдік болғанда, сондай-ақ өзге аурулардың белгілері бар болған кезде медициналық тексерудің көлемі донациялауға жіберуді, жүзеге асыратын дәрігердің шешімімен ұлғайтылады және физикалық бақылаудың (терінің сыртқы қабын және көзге көрінетін шырышты қабықтарды қарау, аускультация, перкуссия, пальпация), зертханалық зерттеудің қосымша әдістері немесе маманның консультациясы тағайындалады.

23 23. Медициналық зерттеп-қарауды жүргізу кезінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес зертханалық зерттеулердің көрсеткіштер нормаларын және осы Қағидаларға 5 және 6-қосымшаларға сәйкес қан мен оның компоненттерінің донорлығынан тұрақты және уақытша бас тарту өлшемдерін басшылыққа алады.

24 24. Зертханалық зерттеулер көрсеткіштері нормалардан ауытқулар бар болғанда донор қан мен оның компоненттерін донациялаудан осы Қағидаларға 6-қосымшада көзделген өлшемдерге сәйкес шеттеледі.

25 25. Қарсы көрсетілімдер болған жағдайда, донорға қан мен оның компоненттері донациясынан шеттету себебі түсіндіреді және тиісті медициналық ұйымдарда қосымша тексерілуден өту ұсынылады.

26 26. Перифериялық қанның ГДЖ донорларын қоспағанда, шеттету себебі донорлар мен қан донорлығына жатпайтын донорлардың электрондық дерекқорында және донордың картасында тіркеледі.

27 27. Перифериялық қанның ГДЖ донорларын қоспағанда, донорлыққа қарсы көрсетілімдер болмаған кезде, қан мен оның компоненттерін донациялаудың түрі мен көлемі белгіленеді, бұл ретте мынадай өлшемдер басшылыққа алынады:

1 1) медициналық ұйымдардың қан компоненттеріне қажеттілігі;

2 2) донордың қан мен оның компоненттерін донациялауға ерікті ақпараттандырылған келісімі;

3 3) осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес белгіленген қан мен оның компоненттерін донациялаудың түрлері арасындағы ең аз интервалдары;

4 4) қан мен оның компоненттерін донациялаудың барынша мүмкін мөлшерін:

қан үшін:
салмағы 50 кг артық және бойы 150 см биік донорлардан 450 миллилитр (бұдан әрі - мл) ± 10% көлеміндегі жаңа алынған қан алынады, 30-35 мл қан зертханалық зерттеулер, сондай-ақ донор қанының үлгісі ретінде сақтау үшін қосымша жинақталады.
салмағы 50 кг кем және бойы 150 см төмен донорлардан дене салмағының килограмына шаққанда 4-6 мл, бірақ нормасында дене салмағының 6,5-7% құрайтын таралатын қанның жалпы көлемінен (бұдан әрі - ТҚК) 13% артық емес мөлшерде алынады.
плазма үшін:
салмағы 50 кг артық және бойы 150 см биік донорлардан 600-800 мл көлемде, бірақ 16% ТҚК артық емес көлемдегі алу жүргізіледі;
салмағы 50 кг кем және бойы 150 см төмен донорлар плазма донациясына қатыстырылмайды.

28 28. Қан және оның компоненттерінің тұрақты донорларына қосымша медициналық зерттеп-қарау жылына кемінде 1 рет, ал перифериялық қанның ГДЖ донорларына донация алдында жүргізіледі:

1 1) көкрек қуысын флюорографиялық тексеру;

2 2) 40 жастан асқан донорлар үшін электрокардиограмма.

29 29. Плазма және қан жасушаларын тапсырушы тұрақты донорды бақылауыш зертханалық зерттеу 4 айда кемінде 1 рет, қан донорларында жылына кемінде бір рет жүргізіледі және мыналарды қамтиды:

1 1) перифериялық қаннның құрамы (гемоглобин (гемтокрит), эритроциттер, лейкоциттер, тромбоциттер, эритроциттердің шөгу жылдамдығы және лейкоциттік формула);

2 2) жалпы ақуыз және ақуыз фракциялары;

3 Донорларға айтылатын ақпарат

3) жалпы несеп талдауы.
Қан мен оның ком­по­нент­те­рін
до­на­ци­я­лау ал­дын­да до­нор­ды
ме­ди­ци­на­лық зерт­теп-қа­рау
қа­ғи­да­ла­ры­на 1-қо­сым­ша
Донорларға айтылатын ақпарат
Қанды және оның компоненттерін донациялау алдында донор келесі сұрақтар бойынша ақпараттандырылады:

1 1. Қанды және оның компоненттерін донациялау шарасы, сондай-ақ қан компоненттерінің ауруларды емдеудегі қажеттілігі туралы.

2 2. Донорларды зертханалық зерттеудің мақсаты, анамнездің нақты деректерін алудың, сондай-ақ қанды және оның компоненттерін ерікті ақпараттандырылған келісімнің донациялау маңыздылығы туралы.

3 3. Қанды және оның компоненттерін донациялауға байланысты болжамды уақытша жанама реакциялар туралы.

4 4. Донордың қанды және оның компоненттерін донациялау ресіміне дейін немесе донациялау шарасының қай уақытында болса да бас тарту құқығы туралы, ол донорға ешбір кері әсерін тигізбейді.

5 5. Донордың өзі туралы жеке мәліметтердің құпия кепілдігі және тексеру нәтижелері туралы ақпаратты алу құқығы туралы.

6

6. АИТВ антиденелерін және В және С вирустық гепатиттер маркерлерін және өзге де трансфузиялық инфекцияларды анықтау донорды донорлықтан тұрақты шеттетуге, дайындаған қанды және оның компоненттерін жоюға және осы айтылған ақпараттардың денсаулық саласының тиісті ұйымдарына міндетті түрде берілуіне әкелетіні туралы.

7 7. Қанды және оның компоненттерін донациялаудан кейінгі 24 сағаттың ішінде ауыр және жүйкеге күш түсіретін жұмыстарды шектетудің қажеттілігі туралы.

8 8. Қан және оның компоненттері арқылы берілетін инфекциялар туралы.

9 Зертханалық зерттеу көрсеткіштерінің нормалары

9. АИТВ инфекциясының клиникалық белгілері және оның берілу жолдары туралы.
Қан мен оның ком­по­нент­те­рін
до­на­ци­я­лау ал­дын­да до­нор­ды
ме­ди­ци­на­лық зерт­теп-қа­рау
қа­ғи­да­ла­ры­на 2-қо­сым­ша
Зертханалық зерттеу көрсеткіштерінің нормалары
Р/с

Көр­сет­кіш­тер
Құ­бы­лу шек­те­рі
Зерт­теу әді­сте­рі*
1.
Ге­мо­гло­бин
Ер­лер­де ке­мін­де 120 грамм/литр (бұ­дан әрі - г/л),
Әй­ел­дер­де ке­мін­де 110 г/л
Ко­то­ри­мет­ри­ка­лық әдіс, ав­то­мат­ты тал­да­уы­штар
2.
Ге­ма­то­крит
Ер­лер­де – 0,40–0,48
Әй­ел­дер­де – 0,36–0,42
Цен­ти­фу­га­мен ай­лан­ды­ру әді­сі
3.
Эрит­ро­цит­тің мөл­ше­рі
Ер­лер­де – (4,0-5,5)х1012/литр,
Әй­ел­дер­де – (3,7-4,7)х1012/литр
Ав­то­мат­тық есеп­те­гіш­те неме­се Го­ря­ев ка­ме­ра­сын­да есеп­теу
4.
ЭШЖ
Ер­лер­де – са­ға­ты­на 10 мил­ли­метр (бұ­дан әрі - сағ/мм)
Әй­ел­дер­де – сағ.15 мм
Пан­чен­ков мик­ро­ә­ді­сі­мен, ав­то­мат­ты ана­ли­за­тор­мен
5.
Тром­бо­цит мөл­ше­рі
ке­мін­де 160х109/литр
Го­ря­ев ка­ме­ра­сын­да есеп­теу, қан­ның бо­я­л­ған жұ­ғы­нын­да есеп­теу және ав­то­мат­ты есеп­те­уіш­те са­нау
6.
Лей­ко­цит­тер мөл­ше­рі **
(4 - 9) х 109/литр
Го­ря­ев ка­ме­ра­сын­да және ав­то­мат­ты есеп­те­уіш­те са­нау
7.
Ре­ти­ку­ло­цит­тер
2-10 %
Қан­ның бо­я­л­ған жұ­ғы­нын­да са­нау, ав­то­мат­ты ге­ма­то­ло­ги­я­лық тал­да­уы­штар
8.
Қан са­ры­суы­ның жал­пы ақуы­зы
ке­мін­де 65 г/л
Би­урет әді­сі­мен
9.
Қан са­ры­суы­ның ақуыз фрак­ци­я­ла­ры:
Аль­бу­мин 53,9-62,1 %
Гло­бу­лин­дер 46,1-37,9 %:
a1 – гло­бу­лин­де­рі -2,7-5,1 %
a2 – гло­бу­лин­де­рі- 7,4-10,2 %
b- гло­бу­лин­де­рі- 11,7-15,3 %
g-гло­бу­лин­де­рі - 15,6-21,4 %
Элек­тро­фо­ре­ти­ка­лық әдіс
10
Қан­сы­рау уа­қы­ты
2-5 ми­нут
Дьюк әді­сі
11
Қан­ның ұю уа­қы­ты
5-10 ми­нут
Ли-Уайт әді­сі
Қан мен оның ком­по­нент­те­рін
до­на­ци­я­лау ал­дын­да до­нор­ды
ме­ди­ци­на­лық зерт­теп-қа­рау
қа­ғи­да­ла­ры­на 3-қо­сым­ша
Қан мен оның компоненттері донорлығынан шеттету тұрақты өлшемдері
Р/с

Ата­у­ла­ры
1
Ин­фек­ци­я­лық ау­ру­лар: В және С ге­па­тит­те­рі, АИТВ ин­фек­ци­я­сы, ме­рез, ту­бер­ку­лез (бар­лық ны­сан­дар), ту­ля­ре­мия, бөрт­пе­сүзек, леп­ра, В және С ви­ру­стық ге­па­тит­те­рі, АИТВ, ме­рез мар­ке­ріне зерт­те­удің оң нәти­же­ле­рі
2
Инъ­ек­ци­я­лық есірт­кі­лер­ді тұ­ты­ну
3
Па­ра­зит­тық ау­ру­лар: эхи­но­кок­коз, ток­со­плаз­моз, три­па­но­со­моз, фи­ля­ри­а­тоз, ришта, лейш­ма­ни­оз.
4
Жі­ті транс­фу­зи­я­лық ке­уек­ті эн­це­фа­ло­па­ти­я­лар (бұ­дан әрі - ЖТ­КЭ): Ку­ру, Крейт­ц­фель­да Яко­ба ау­руы, Гертс­ман­на-Штре­услер син­дро­мы, от­ба­сы­лық ана­мнез­де ЖТ­КЭ бар­лы­ғы, амио­тро­фи­ка­лық лей­ко­с­пон­гиоз
5
Ана­мне­зін­де адам ги­по­фи­зі, өсу гор­мон­да­ры пре­па­рат­та­ры­мен ем­дел­ге­ні ту­ра­лы ақ­па­рат­тың бо­луы
6
Жү­рек–қан-та­мы­ры ау­ру­ла­ры: II-III дең­гей­де­гі ги­пер­тен­зи­я­лық ау­ру, жү­рек­тің ише­ми­я­лық ау­руы, ате­ро­скле­роз; ате­ро­скле­ро­ти­ка­лық кар­дио­скле­роз; об­ли­те­ра­ци­я­лай­тын эн­дар­те­рит, ерекше емес аор­то­арт­рит, қай­та­лан­ба тром­бо­фле­бит, эн­до­кор­дит­тер, мио­кар­дит­тер, жү­рек ке­мі­сті­гі (туқым қу­а­ла­ған және жү­ре пай­да болған)
7
Де­ком­пен­са­ция ке­зе­ңін­де ты­ны­стық же­тіс­пе­у­ші­лік бел­гі­ле­рі бар ты­ныс алу мү­ше­ле­рі­нің ау­ру­ла­ры
8
Ба­уыр­дың со­зыл­ма­лы ау­ру­ла­ры ге­па­тит­тер, со­ның ішін­де уыт­тық анық­сыз этио­ло­ги­яда, ба­уыр цир­ро­зы
9
Бүй­рек және зәр жү­ру жол­да­ры­ның де­ком­пен­са­ция ке­зе­ңін­де­гі ау­ру­ла­ры
10
Функ­ция мен зат ал­ма­суы­ның қай­тым­сыз бұ­зы­луы ке­зін­де­гі эн­до­крин­ді жүйе ау­руы, қант диа­бе­ті (ин­су­лин­ге тәу­ел­ді ны­са­ны)
11
Ор­та­лық нерв жүй­е­сі­нің ор­га­ни­ка­лық ау­ру­ла­ры
12
Дәне­кер тін­нің диф­фу­зи­я­лық ау­ру­ла­ры
13
Сәу­ле­лік ау­ру
14
Кө­ру мү­ше­ле­рі­нің ау­ру­ла­ры: то­лық со­қыр­лық
15
Те­рі ау­ру­ла­ры: ге­не­ра­ли­за­ци­я­лан­ған псо­ри­аз, ви­ти­ли­го, те­рең ми­коз­дар
16
Ото­ла­рин­го­ло­ги­я­лық мү­ше­ле­рі­нің ау­ру­ла­ры: озе­на, күр­де­лі ағын­да­ғы со­зыл­ма­лы ірі­ңу-қа­бы­ну ау­ру­ла­ры
17
Қа­тер­лі іс­ік­тер және қан ау­ру­ла­ры
18
Қол-ая­ғы­ның бі­ре­уі­нің алы­нуы­мен, па­рен­хи­ма­то­зды және/неме­се қуыс ағ­за неме­се мү­ше (ба­уыр, бүй­рек, өк­пе, ас­қа­зан) бө­лі­гін алу­мен жүр­гі­зі­л­ген опе­ра­ци­я­лар
19
Со­зыл­ма­лы және жі­ті остео­ме­лит
20
Ағ­за­лар­ды транс­план­тат­тау
21
Есту мен сөй­ле­уден то­лық ай­ры­лу
22
Ане­мнез­де­гі ана­фи­лак­сия рас­тал­ған тұ­лға­лар
23
Бір ағ­за­дан ар­тық за­қым­дал­ған ауто­им­мун­дық ау­ру­лар
24
Бел­гі­лен­ген ге­не­ти­ка­лық ау­ру­лар
25
Тұқым қу­а­ла­ған және туа біт­кен, оның ішін­де қан өн­ді­рім және им­мун­дық жүй­е­ле­рі­нің па­то­ло­ги­я­ла­ры
26
Пси­хи­ка­лық ау­ру­лар және мі­нез-құлық бұ­зу­шы­лық­та­ры
27
Он­ко­ло­ги­я­лық,оның ішін­де ре­мис­сия са­ты­сын­да­ғы ау­ру­лар
28
Жүк­ті­лік ке­зің­де ци­то­ста­ти­ка­лық және те­ра­то­ген­дік заттар­ды пай­да­ла­ну
29
На­ша­қор­лық, ток­си­ко­ма­ния, ана­мнез­де­гі мас­кү­нем­дік
30
Соң­ғы 12 ай­дың ішін­де қан­ды және оның ком­по­нент­те­рін құю, опе­ра­ци­я­лық ара­ла­су­лар (оның ішін­де жа­сан­ды тү­сік)
31
Боса­ну­ға дей­ін­гі 12 ай ішін­де ине ар­қы­лы ем­де­лу, пир­синг неме­се та­ту­и­ров­ка жа­са­ту
32
До­нор­лық­тан тұ­рақ­ты шет­те­ту
33
Өлі туы­л­ған­дық
34
Ана­ның бас тар­туы
35
Жүк­ті әй­ел­дер­дің жүк­ті­лік­тің екін­ші ке­зе­ңін­де­гі ане­мия
36
Жүк­ті­лік бойы жүк­ті­лік­ті ая­ғы­на дей­ін кө­тер­меу қа­уі­пі
37
Ге­ста­ция мер­зі­мі жүк­ті­лік­тің 38 ап­та­сы­нан аз және 40 ап­та­дан көп
38
Пла­цен­та же­ті­лу­і­нің екін­ші дең­гейі
39
Ана­ның ана­мне­зін­де жүк­ті­лік­тің бі­рін­ші жар­ты­сын­да ерекше емес ин­фек­ци­я­лық ау­руы­ның бар бо­луы
40
Ана­ның жа­сы 40 жастан ар­тық
41
Үшін­ші және одан ар­тық боса­нуы
42
Көп ұрық­ты жүк­ті­лік
43
Су­сыз мер­зі­мі­нің ұз­ақ­тығы 4 са­ғат­тан ар­тық
44
Ке­сарь опе­ра­ци­я­сы
45
Тәу­е­кел ны­сан­да­ғы мі­нез-құлық­тың дәлел­ден­ген фак­ті­ле­рі – сек­су­ал­дық қыз­мет­тер көр­се­ту, рет­сіз жы­ны­стық қа­ты­на­сқа тү­су
Ескертпе:
1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20, 21, 22 және 23 тармақтарында көзделген донорлықтан тұрақты шеттету өлшемдері аутологиялық донорлар және перифериялық қанның гемопоэздік дің жасушаларының донорлары үшін пайдаланылмайды, оларды донацияға жіберу туралы құжатталған шешімді реципиенттің (аутодонор) емдеуші дәрігері қабылдайды.
1, 24, 25, 26, 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33 және 34-тармақтарында көзделген донорлықтан тұрақты шеттету өлшемдері плаценталық қанның гемопоэздік дің жасушалары донорлары үшін пайдаланылады.
жүктілік пен босану ағымының ерекшеліктеріне байланысты 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43 және 44-тармақтарда көзделген донорлықтан тұрақты шеттету өлшемдері бала туатын әйелге және сәбилерге медициналық көмек көрсету жөніндегі акушериялық гинекологиялық персоналдың жұмысын оңтайландыруға бағытталған және плаценталық қаның гемопоэздік дің жасушалары донациясында қажеттілігі кезінде есепке алынбайды.
Қан мен оның ком­по­нент­те­рін
до­на­ци­я­лау ал­дын­да до­нор­ды
ме­ди­ци­на­лық зерт­теп-қа­рау
қа­ғи­да­ла­ры­на 4-қо­сым­ша
Қан және оның компоненттері донорлығынан уақытша шеттету өлшемдері
Р/с

Ата­уы
Уа­қыт­ша шет­те­удің ара­лы­ғы
1. Ге­мот­ран­мис­си­я­лық ин­фек­ци­я­лар­ды жұқ­ты­ру фак­тор­ла­ры:
1.
Қан мен оның ком­по­нент­те­рі­нің транс­фу­зи­я­сы (күй­ік ре­кон­ва­лес­цент­тер және ре­зус фак­тор­ға им­мун­дал­ған тұ­лға­лар­ды қо­с­па­ған­да)
12 ай
2.
Опе­ра­ци­я­лық ара­ла­су­лар, оның ішін­де тү­сік­тер, ап­пен­д­эк­то­мия, хо­ле­ци­ст­эк­то­мия, ре­про­дук­тив­тік жүйе мү­ше­ле­рі және ам­блу­то­ри­я­лық хи­рур­гия
4 ай
3.
Ал­ло­ген­дік қан­ның сі­лі­мей­лі қа­б­ақ­қа тү­суі неме­се инъ­ек­ци­я­лық ине­мен укол ал­ған­дар
4 ай
4.
Ал­ло­ген­дік дің жа­су­ша­ла­рын ен­гі­зу
4 ай
5.
Мөл­дік­қа­бық­ты, ми­дың қат­ты қа­ба­тын ауы­сты­ру
4 ай
6.
Аку­пунк­ту­ра, та­ту­и­ров­ка және пир­синг
4 ай
7.
В және С ге­па­ти­тін жұқ­тыр­ған­дар­мен тұр­мыстық бай­ла­ны­ста болған­дар (до­нор сө­зде­рі­нен анық­та­ла­ды)
6 ай
8.
А ге­па­ти­тін жұқ­тыр­ған­дар­мен тұр­мыстық бай­ла­ны­ста болған­дар (до­нор сө­зде­рі­нен анық­та­ла­ды)
35 күн
9.
Қан құю жо­лы­мен та­ра­ла­тын ау­ру­лар бой­ын­ша эн­де­ми­ка­лық бо­лып та­бы­ла­тын, тро­пи­ка­лық және суб­тро­пи­ка­лық кли­мат­тық ел­дер­де (Азия,Аф­ри­ка, Оң­тү­стік және Ор­та­лық Аме­ри­ка) 4 ай­дан астам уа­қыт болған­дар
без­гек­ке те­сті­леу нәти­же­сі те­ріс болған­да до­на­ци­я­ла­у­ға қа­ты­сты­ру 4 ай­дан кей­ін
10.
Тіс экс­трак­ци­я­сы
Ас­қы­ну­лар жоқ бол­са – 10 күн, (кез­дей­соқ бак­те­ри­е­мия тәу­е­ке­лі сал­да­ры­нан) күр­де­лі ас­қы­ну­лар жоқ болған­да
11.
Тәу­е­кел ны­сан­да­ғы мі­нез-құлық­тың дәлел­ден­бе­ген фак­ті­ле­рі - сек­су­ал­дық қыз­мет­тер көр­се­ту, рет­сіз жы­ныс қа­ты­на­ста­ры­на тү­су
4 ай
12
ВГВ, ВГС, ме­рез, АИТВ мар­кер­ле­рі­нің бо­луы­на рас­тал­ма­ған ба­стап­қы оң нәти­же­ле­рі жағ­дай­ын­да до­нор­ды уа­қыт­ша шет­те­ту ке­зе­ңі
Кей­ін­нен ба­қы­лау тек­се­ру­мен 6 ай
13
АлАТ жо­ға­ры бел­сен­ді­лі­гін бай­қа­ған жағ­дай­да до­нор­ды уа­қыт­та шет­те­ту ке­зе­ңі
Кей­ін­нен ба­қы­лау тек­се­ру­мен 1 ай
14
Жал­пы кли­ни­ка­лық зерт­ха­на­лық тек­се­ру нәти­же­ле­рі­нің ауыт­қуы жағ­дай­да до­нор­ды уа­қыт­ша шет­те­ту ке­зе­ңі
Кей­ін­нен ба­қы­лау тек­се­ру­мен 1 ай
2. Ауыр­ған ау­ру­лар және вак­ци­на­ци­я­лар
15.
Без­гек
Кли­ни­ка­лық және зерт­ха­на­лық то­лық са­уы­ғу сәті­нен ба­стап 4 ай
16.
Са­рып (зерт­те­удің зерт­ха­на­лық әді­сте­рі­мен рас­тал­ған)
Кли­ни­ка­лық және зерт­ха­на­лық то­лық са­уы­ғу сәті­нен ба­стап 2 жыл
17.
Іш­сүзек
Ай­қын функ­ци­о­нал­дық бұ­зы­лу­лар бол­ма­са, кли­ни­ка­лық және зерт­ха­на­лық то­лық са­уы­ғу сәті­нен ба­стап 1 жыл
18.
Ан­ги­на
Са­уы­ғу ке­зі­нен ба­стап 1 ай
19.
Тұ­мау, жі­ті ре­спи­ра­тор­лық ви­ру­стық ин­фек­ция
Са­уы­ғып, өзін-өзі қа­на­ғат­та­нар­лық се­зін­ген­де 2 ап­та
20.
Тұ­рақ­ты шек­те­улер өл­шем­де­ріне жат­пай­тын ин­фек­ци­я­лық ау­ру­лар
Жа­зы­л­ған­нан ба­стап 6 ай
21.
Ор­на­ла­суы­на қа­ра­ма­стан ши­е­ле­ні­су ке­зе­ңін­де­гі жі­ті және со­зыл­ма­лы ау­ру­лар
Жа­зы­л­ған­нан ба­стап неме­се же­дел уа­қы­ты­сы өт­кен­нен соң 1 ай
22.
Жі­ті гло­ме­ру­ло­не­фрит
Рас­тал­ған то­лық жа­зу­лу­дан кей­ін 5 жыл
23.
Ши­е­ле­ні­су фа­за­сын­да­ғы ал­лер­ги­я­лық ау­ру­лар
Ши­е­ле­ні­су мер­зі­мі ба­сы­л­ған­нан кей­ін 2 ай
24.
Ве­гет­тық-та­мыр­лық ди­сто­ния
Ем­де­лу­ден кей­ін 1 ай
25.
Q-қы­з­ба­сы
То­лық кли­ни­ка­лык жа­зы­л­ған­нан соң 2 жыл
26.
Жүк­ті­лік және ба­ла емі­зу ке­зе­ңі
Босан­ған­нан соң 1 жыл
27.
Өл­ті­рі­л­ген вак­ци­на­мен (В ге­па­ти­ті, көк жөтел, па­ра­тиф­тер, тұ­мау, ана­ток­син­дер, сі­ре­спе, диф­те­рия және та­ғы да бас­қа­ла­ры) егу ал­ған­дар
2 ап­та
28.
Ті­рі вак­ци­на­мен (са­рып, оба, ту­ля­ре­мия,ту­бер­ку­лез, қы­зы­л­ша, эпи­де­ми­я­лық па­ро­тит, іш­сүзек­ке қар­сы ті­рі бә­сен­де­ті­л­ген вак­ци­на, сірі­спе­ге қар­сы ті­рі бә­сен­де­ті­л­ген вак­ци­на, по­лио­ми­е­лит және та­ғы бас­қа­ла­ры) егу ал­ған­дар
4 ап­та
29.
Құ­тыр­шақ ау­руы­на, кене эн­це­фа­ли­тіне қар­сы вак­ци­на
Жұқ­ты­ру кө­зі­мен бай­ла­ны­сқа түс­кен­нен кей­ін 1 жыл 1
30.
Ман­ту ре­ак­ци­я­сы (егі­л­ген оры­ны­ның ай­қын қа­бы­ну бел­гі­ле­рі бол­ма­ған­да)
2 ап­та
3. Кө­ңіл-күйі се­бе­бі­нен және өзге де фак­тор­лар бой­ын­ша те­ра­певттің шет­те­уі
31.
Ішім­дік­ті қа­был­дау
48 са­ғат
32.
Ан­ти­био­тикті қа­был­дау
Қа­был­дап болған­нан соң 2 ап­та
33.
Аналь­ге­тиктер, са­ли­ци­лат­тар­ды қа­был­дау
Қа­был­дап болған­нан соң 3 күн
34.
Та­мыр со­ғуы­ның жи­і­лі­гі ми­ну­ты­на 50-ден кем және 100-ден ар­тық соқ­қы, арит­мия
48 са­ғат
35.
Си­сто­ли­ка­лық қы­сы­мы сы­нап ба­ға­ны­ның (бұ­дан әрі – сын. бағ.мм) 180 мил­ли­мет­рі­нен ар­тық неме­се сын. бағ. 100 мм кем
48 са­ғат
36.
Диа­сто­ли­ка­лық қы­сы­мы сын. бағ. 100 мм. ар­тық неме­се бағ.сын. 60 мм кем
48 са­ғат
37.
Дене қы­зуы 380С ар­тық
2 ап­та
38.
Қан­ды тап­сы­ру ал­дын­да түн­гі ауы­сым­да­ғы жұ­мыс
24 са­ғат
4. Эпи­де­ми­я­лық жағ­дай­да до­нор­лық­тан шет­теу
39.
Эпи­де­мио­ло­ги­я­лық жағ­дай­лар (мы­са­лы, ау­ру­лар­дың өр­шіп кө­бей­ген жағ­дай­ла­ры)
Ден­са­улық сақ­тау са­ла­сын­да­ғы уәкі­лет­ті ор­ган анық­тай­тын эпи­де­мио­ло­ги­я­лық жағ­дай­ға бай­ла­ны­сты шет­те­ту
Ескертпе:
Донорларда осы тізімге кірмей қалған аурулардың белгілері болса, онда донорлыққа медициналық зерттеп-қарауды жүргізген дәрігердің шешімімен, қажет болса, тиісті бейінді маманның кеңесінен кейін қан тапсыруға жіберіледі.
Қан мен оның ком­по­нент­те­рін
до­на­ци­я­лау ал­дын­да до­нор­ды
ме­ди­ци­на­лық зерт­теп-қа­рау
қа­ғи­да­ла­ры­на 5-қо­сым­ша
Қан мен оның компоненттерін донациялау түрлері арасындағы ең аз аралық интервалдар
Р/с

Ба­стап­қы ша­ра
Одан ар­ғы ре­сім
Жа­ңа алын­ған қан­ды до­на­ция лау
Бір рет­тік плаз­ма­фе­рез
Екі рет­тік неме­се ап­па­рат­тық плаз­ма­фе­рез
Тром­бо­ци­та­фе­рез
Бір рет­тік эрит­ро­ци­та­фе­рез
Екі рет­тік эрит­ро­ци­та­фе­рез
1.
Жа­ңа алын­ған қан­ды до­на­ци­я­лау
60 тәу­лік
30 тәу­лік
30 тәу­лік
30 тәу­лік
60 тәу­лік
90 тәу­лік
2.
Бір рет­тік плаз­ма­фе­рез
7 тәу­лік
7 тәу­лік
7 тәу­лік
7 тәу­лік
7 са­ғат
7 тәу­лік
3.
Екі рет­тік неме­се ап­па­рат­тық плаз­ма­фе­рез
14 тәу­лік
14 тәу­лік
14 тәу­лік
14 тәу­лік
14 тәу­лік
14 тәу­лік
4.
Тром­ба­ци­та­фе­рез
14 тәу­лік
14 тәу­лік
14 тәу­лік
14 тәу­лік
14 тәу­лік
14 тәу­лік
5.
Бір рет­тік эрит­ро­ци­та­фе­рез
60 тәу­лік
30 тәу­лік
30 тәу­лік
30 тәу­лік
60 тәу­лік
90 тәу­лік
6.
Екі рет­тік эрит­ро­ци­та­фе­рез
Ер­лер үшін 120 тәу­лік
Әй­ел­дер үшін 180 тәу­лік
60 тәу­лік
60 тәу­лік
60 тәу­лік
Ер­лер үшін 120 тәу­лік
Әй­ел­дер үшін 180 тәу­лік
Ер­лер үшін 120 тәу­лік
Әй­ел­дер үшін 180 тәу­лік
Ескертпе:
Плазманы (оның ішінде иммундық) донациялау кезінде – дайындалған плазма антикоагулянт есебімен 1 жылда 20 литрден аспайтын плазманы дайындау жүргізіледі. Плазма немесе тромбоциттерді әр жүйелі 20 донациялаудан кейін донорға бір айға демалыс беріледі.
Аферез әдісімен эритроциттерді донациялау кезінде ұқсас мерзімде жаңа алынған қанның донациялауында эритроциттерден бірдей айырылу көлеміндегі эритроциттерді жыл бойы дайындау жүргізіледі.
Ерекше жағдайларда (қажетті қан тобы бар донор болмағанда) ресімнің аралық интервалы донорға медициналық зерттеп-қарау жүргізген дәрігердің шешімімен қысқартылады.
Плазмаферез ресімі кезінде донорға эритроцит қайтарылмай қалса, онда қан мен оның компоненттерін донациялау түрлерінің аралық интервалы жаңа алынған қанды донациялау аралығына теңеледі.
Қанды аз дозаларда дайындау 10–30 миллилитр жаңа алынған қан көлемінде аптасына 3 реттен көп емес жүргізіледі.
Қан донациясының ең төмен жиілігі:
ер донорлар үшін – 450 миллилитр (бұдан әрі - мл) ± 10% көлемде жылына 6 доза,
әйел донорлары үшін – 450 миллилитр (бұдан әрі - мл) ± 10% көлемде жылына 4 доза.
Перифериялық қанның ГДЖ донациясының жиілігі мен реті перифериялық қанның бір және одан артық микролитрінде 20 жасуша мөлшеріндегі CD+34 бастапқы деңгеймен және қорытынды өнімде реципиент дене салмағының 1 килограммына/2х106 CD+34 жасуша деңгейінде анықталады.

Қолданыстағы