Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О переводе на областной бюджет учебных заведений начального профессионального образования

Өзге акт · № 349 · қабылданған 11.11.1999
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4921/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О переводе на областной бюджет учебных заведений начального профессионального образования Қолданыста 11.11.1999 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О переводе на областной бюджет учебных заведений начального профессионального образования

Қолданыста Өзге акт № 349 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О переводе на областной бюджет учебных заведений начального профессионального образования
Атауы (қаз.)
Бастауыш кәсіптік білім мекемелерін облыстық бюджетке ауыстыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
349
Қабылданған күні
11.11.1999
Көрсетілген редакция
11.11.1999 4921_188884.kaz
Соңғы өзгеріс
11.11.1999
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V990001008_
ЭКБ идентификаторы
4921
Редакция идентификаторы
4921_188884
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:50
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.11.1999. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Бастауыш кәсіптік білім мекемелерін облыстық бюджетке ауыстыру туралы

Жалпы білім беретін мектептердің 9-11 сынып түлектерінің орта және кәсіптік білім алуын қамтамасыз ету, Ақмола облысының орта білім жүйесін дамыту, бастауыш кәсіптік білім мекемелер жүйесін дамыту мен сақтау мақсатында облыс әкімінің шешімі:

1. 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік мекемелер болып саналатын келесі бастауыш кәсіптік білім мекемелері облыстық бюджетке ауыстырылсын:

-№ 1 кәсіптік-техникалық лицей (Көкшетау қ.);
-№ 2 кәсіптік-техникалық мектеп (Көкшетау қ.);
-№ 7 кәсіптік-техникалық мектеп (Еңбекшілдер ауданы, Казгородок ауылы).

2. 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік коммуналды қазыналық «Шағалалы ауылшаруашылық колледжі» кәсіпорны (Зеренді ауданы, Шағалалы ауылы) кәсіптік-техникалык мектеп болып қайта кұрылсын.

3. Бөлінген мүлік базасында заңды тұлға құқығы бар «№ 4 Ақмола кәсіптік-техникалық мектеп» мемлекеттік мекемесі құрылсын.

4. 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік коммуналды қазыналық «Бурабай агротехникалық колледжі» кәсіпорны (Щучье каласы) кәсіптік-техникалық мектеп болып қайта құрылсын.

5. Бөлінген мүлік базасында заңды тұлға құқығы бар «№ 5 Ақмола кәсіптік-техникалық мектеп» мемлекеттік мекемесі құрылсын.

6. 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекеттік коммуналды қазыналық «Қатаркөл агротехникалык колледжі» кәсіпорны (Щучье ауданы, Қатаркөл ауылы) кәсіптік-техникалық мектеп болып қайта құрылсын.

7. Бөлінген мүлік базасында заңды тұлға құқығы бар «№ 6 Ақмола кәсіптік-техникалық мектеп» мемлекеттік мекемесі құрылсын.

8. 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап «№ 1 кәсіптік-техникалық лицей» мемлекеттік мекемесі (Көкшетау қ.) кәсіптік-техникалық мектеп болып қайта құрылсын.

9. Бөлінген мүлік базасында заңды тұлға құқығы бар «№ 5 Ақмола кәсіптік-техникалық мектеп» (Красный Яр ауылы) мемлекеттік мекемесі құрылсын.

10. Қайта құрылған мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің құжаттарында қажетті өзгерістер енгізілсін.

11. Облыстық қаржы басқармасы (Савицкий Д.Е.) және облыстық білім басқармасы (Дмитриенко Е.А.) 2000 жылдың 1 қаңтарынан бастап «№ 3 Ақмола кәсіптік-техникалық мектеп» және «№ 6 Ақмола кәсіптік-техникалық мектеп» мемлекеттік мекемелерін облыстық бюджеттен қаржыландырсын.

12. Облыстық білім басқармасы (Дмитриенко Е.А.) қаржы бағдарламасының әкімшілігі, кадр және әдістемелік мәселелермен қамтамасыз етудің уәкілді органы, облыстық бюджеттен қаржыландыратын бастауыш кәсіптік білім мекемелерінің бақылаушысы болып тағайындалсын.

13. Осы шешімнің орындалу барысын бақылау облыс әкімінің орынбасары С.Ж. Жалмағанбетоваға жүктелсін.