Қолданыстағы ред. 30.10.2009 (Редакция 49222_153520.kaz)

Аудандағы жекелеген елді мекендердің шекараларын белгілеу туралы от 30.10.2009 г. № 25-185-IV (Аудандағы жекелеген елді мекендердің шекараларын белгілеу туралы)

0

Аудандағы жекелеген елді мекендердің шекараларын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Жер Кодексінің 108-бабы 5 тармағына және "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыcы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3) тармағына сәйкес Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ және Мақтаарал ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Ауданның жер қатынастары мен сәулет және қала құрылысы бөлімдерінің бірлескен ұсынысына сәйкес:

1

1) 0,55 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Аязхан Қалыбеков ауылдық округі Жамбыл ауылының жалпы ауданы 67,21 гектар;

2

2) 12,20 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бірлік ауылдық округі Алғабас ауылының жалпы ауданы 150,82 гектар;

3

3) 5,28 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бірлік ауылдық округі Еркінабад ауылының жалпы ауданы 60,80 гектар;

4

4) 20,05 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Бірлік ауылдық округі Табысты ауылының жалпы ауданы 104,48 гектар;

5

5) 11,29 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жаңажол ауылдық округі Достық ауылының жалпы ауданы 11,29 гектар;

6

6) 1,54 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Достық ауылдық округі Водное ауылының жалпы ауданы 12,12 гектар;

7

7) 5,0 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Достық ауылдық округі Бескетік ауылының жалпы ауданы 148,21 гектар;

8

8) 3,30 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жолдасбай Ералиев ауылдық округі Ақжайлау ауылының жалпы ауданы 15,57 гектар;

9

9) 1,68 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жолдасбай Ералиев ауылдық округі М.Әуезов ауылының жалпы ауданы 57,08 гектар;

10

10) 1,62 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жолдасбай Ералиев ауылдық округі Жағажай ауылының жалпы ауданы 44,42 гектар;

11

11) 1,30 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жолдасбай Ералиев ауылдық округі Жазықсай ауылының жалпы ауданы 61,01 гектар;

12

12) 2,53 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жолдасбай Ералиев ауылдық округі Жданов ауылының жалпы ауданы 125,76 гектар;

13

13) 5,67 гектар жер учаскесі елді мекеннің шегіне енгізіле отырып, Жолдасбай Ералиев ауылдық округі Үтіртөбе ауылының жалпы ауданы 72,67 гектар болып белгіленсін.

2

2. Осы бірлескен шешім және қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.