Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил оказания скорой медицинской помощи и медицинской помощи в форме санитарной авиации

Бұйрық · № 793 · қабылданған 26.11.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-49275/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении Правил оказания скорой медицинской помощи и медицинской помощи в форме санитарной авиации Күшін жойған Бұйрық ·№ 793 ·26.11.2009
06.06.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.06.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил оказания скорой медицинской помощи и медицинской помощи в форме санитарной авиации

Күшін жойған Бұйрық ·№ 793 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил оказания скорой медицинской помощи и медицинской помощи в форме санитарной авиации
Атауы (қаз.)
Жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
793
Қабылданған күні
26.11.2009
Көрсетілген редакция
06.06.2012 AI49275_4.kaz
Соңғы өзгеріс
06.06.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005950_
ЭКБ идентификаторы
49275
Редакция идентификаторы
AI49275_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:55

0 Жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету ережесін бекіту туралы

"Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 49 және 50-баптарына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Жедел медициналық жәрдем және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету ережесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегия және денсаулық сақтау саласын дамыту департаменті (А.Т. Айдарханов) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

3 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Әкімшілік-құқықтық жұмыс департаменті (Ф.Б. Бисмильдин) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Т.А. Вощенковаға жүктелсін.

5 Санитариялық авиация нысанында жедел медициналық көмек және медициналық көмек көрсету ережелері

5. Осы бұйрық оны алғаш ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушының
2009 жылғы 26 қарашадағы
N 793 бұйрығымен
бекітілген
Санитариялық авиация нысанында жедел медициналық көмек және медициналық көмек көрсету ережелері

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Санитариялық авиация нысанында жедел медициналық көмек және медициналық көмек көрсетудің осы Ережелері (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасында көрсетілген медициналық көмектің түрлерін көрсетудің тәртібін анықтайды.

2 2. Жедел медициналық көмек (бұдан әрі - ЖМК) – денсаулыққа келетін елеулі зиянды алдын алу немесе өмірге төнген қатерді жою үшін шұғыл медициналық көмекті талап ететін аурулар мен жағдайлар туындаған кездегі медициналық көмек ұсыну нысаны.

3

3. Санитариялық авиация (бұдан әрі - санавиация) – пациенттің тұрған жеріндегі медициналық ұйымда медициналық жабдықтың немесе тиісті біліктілігі бар мамандардың болмауы салдарынан медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған кезде халыққа шұғыл медициналық көмек ұсыну нысаны. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек ұсыну әртүрлі көлік түрлерімен білікті мамандарды межелі жерге жеткізу немесе науқасты тиісті медициналық ұйымға тасымалдау жолымен жүзеге асырылады.

4 4. ЖМК көрсетілетін патологиялық жағдайлар:

уақтылы медициналық жәрдем көрсетілмеген жағдайда өлімге алып келуі мүмкін, өмірге тікелей қауіпі бар;
өмірге тікелей қаупі жоқ, бірақ патологиялық жағдайға байланысты қауіпті кезең кез келген уақытта басталуы мүмкін;
өмірге қаупі жоқ, бірақ емдеу консультациясы және түзетуі қажет;
науқас өміріне қауіпті емес жағдайда, бірақ өзіне және маңындағыларға;
тікелей қауіп төндіреді.

5 5. ЖМК көрсету қажетті емдік-диагностикалық жабдықпен, дәрі-дәрмектермен жарақтанған және дайындалған білікті медициналық қызметкерлермен жинақталған жылжымалы бригадалармен жүзеге асырылады.

2 2. Жедел медициналық көмек көрсету тәртібі.

6

6. Жедел медициналық көмек ұйымы (станция, бөлімше) (бұдан әрі - ЖМКҰ) тәулік бойы ересектер мен балаларға науқастың және/немесе айналасындағылардың өміріне қауіп төнген жағдайда, бақытсыздық жағдайларда, жіті ауыр сырқаттарда, оқиға болған орындарда, басқа жерге орын ауыстырса да жедел медициналық көмек көрсететін медициналық ұйым болып табылады.

7

7. Ірі қалалар мен аудан орталықтарында ЖМКҰ құрамында кіші станциялар ұйымдастырылады. Кіші станцияларға қызмет көрсету аудандары денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдарымен шұғыл және жедел медициналық станцияның бас дәрігерінің ұсынуы бойынша бекітіледі. Кіші станциялар 15 минуттық көлікпен жете алатын есеппен ұйымдастырылады. Кіші станцияларға қызмет көрсету аймақтары халықтың санын, тығыз орналасуын және жас мөлшерінің құрамын, құрылыс ерекшеліктерін, ауданда өндіріс орындарының, ірі ауыл шаруашылық кешендерінің, көліктік желілерінің бар болуын және жағдайын, қозғалыс қарқындылығын және өңірдің басқа да ерекшеліктерін есепке ала отырып белгіленеді.

8 8. ЖМКҰ жедел медициналық көмек көрсету жедел медициналық көмек жылжымалы бригадаларымен (бұдан әрі - ЖМК бригадасы) (фельдшерлік, дәрігерлік, мамандандырылған) – штат нормативтеріне сәйкес ұйымдастырылған ЖМКҰ функциональдық бірліктерімен жүзеге асырылады.

9 9. ЖМК фельдшерлік жылжымалы бригадасы құрамына фельдшер, ("емдеу ісі" мамандығы бойынша дипломы бар, нақты мамандық бойынша жеке тұлғаға медициналық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін құжат маман сертификаты (бұдан әрі - сертификат) бар орта медициналық білімі бар маман.

10

10. ЖМК дәрігерлік жылжымалы бригадасы құрамына дәрігер (жоғары медициналық білім, "емдеу ісі" немесе "педиатрия" мамандығы бойынша дипломы, "жедел медициналық көмек" мамандығы бойынша сертификаты бар маман), фельдшер (орта медициналық білімі, "емдеу ісі" мамандығы бойынша дипломы, сертификаты бар маман), санитар және жүргізуші кіреді.

11 11. Қалалар мен аудан орталықтарында қызмет көрсетілетін қала немесе аудан халқының санына байланысты мамандандырылған бригадалар ұйымдастырылады:

70 мыңнан аса тұрғын - интенсивті терапия бригадалары, сондай-ақ балаларға медициналық көмек көрсететін бригадалар;
100 мыңнан аса тұрғын – тар бейінді мамандандырылған бригадалар (кардиологиялық, неврологиялық, акушериялық-гинекологиялық, реанимациялық, психиатриялық және басқалар).

12

12. ЖМК мамандандырылған жылжымалы бригада құрамына дәрігер (жоғары медициналық білімі, "емдеу ісі" немесе "педиатрия" мамандығы бойынша дипломы, "жедел медициналық көмек" мамандығы бойынша дәрігер сертификаты бар және мамандандырылған бригада бейіні бойынша маманданымы бар маман), фелдьшер (орта медициналық білімі, "емдеу ісі" мамандығы бойынша дипломы, сертификаты бар маман), санитар және жүргізуші кіреді.

13 13. ЖМКҰ шақырту түскен кезде мынадай мәлімет жазып алынады:

науқастың тегі, аты, әкесінің аты, жасы және жынысы;
науқастың жағдайы туралы қысқаша, келеңсіз жағдайдың немесе ауру жөнінде мәлімет;
нақты мекен – жайы және телефоны, кіре беріс есігінің коды, сондай-ақ науқас жатқан орынға жететін жол туралы мәлімет.

14 14. Түскен шақырту сипаты, ауру бейіні бойынша өңделеді және ЖМК жылжымалы бригадасына жеткізіледі. Жылжымалы бригадалар:

ЖМК көрсету үшін және бақытсыз жағдайларда, жарақаттарда және улануларда науқастарды тасымалдау үшін;
ауруларда, оның ішінде психикалық, науқастың және оның айналасындағы тұлғалардың өміріне және денсаулығына қауіп төндіретін ауруларда;
босану кезінде және жүктілік ағымы асқынған жағдайларда;
шұғыл медициналық көмекті талап ететін науқастарды ауруханаға тасымалдау үшін, оның ішінде алғашқы медико-санитариялық көмек ұйымының мамандарын шақырту бойынша бағытталады.
ЖМК бригадаларының шығу регламенті- осы Ережеге қоса беріліп отырған қосымшаға сәйкес шақырту жеделдігі дәрежесінің тізімімен анықталады:
жеделділік дәрежесі - 5 минутқа дейін;
4-5 жеделділік дәрежесі - 20 минутқа дейін;
6 жеделділік дәрежесі - 30 минутқа дейін.

15

15. Жіті терапия мен мамандандырылған бригадалардың бағыты дәрігерлерді және орта медициналық қызметкерлерді шақыртумен қатар, тұрғындардың шақыртуларымен де жүзеге асады; алайда бұл жағдайда интенсивті терапия мен мамандандырылған бригаданы шақырған медициналық қызметкерлер шақырылған бригада келгенше қажетті медициналық көмекті көрсетуге міндетті.

16

16. Зардап шегушілер мен науқастар емдеуге жатқызу (ургенттік клиникалар) тәртібін регламенттейтін денсаулық сақтау басқармаларының жергілікті органдарының бұйрығына сәйкес емдеу мекемелеріне қаралу үшін жеткізілуі тиіс; қажет болған жағдайда өмірлік көрсеткіштері бойынша алдын-ала хабарлаудан соң жақын орналасқан денсаулық сақтау ұйымына жеткізу жүзеге асырылады.

17

17. ЖМК бригадасының стационардағы қабылдау бөлімінде болу уақыты (жауапты кезекші дәрігерге жәбірленуші немесе науқасты беру уақыты) ЖМЖ бригадасымен науқасты алып келу уақыты мен қабылдау бөлімшесі дәрігерінің науқасты қабылдап алуы уақытын шақырту картасына белгілеу уақытымен қоса алғанда 10 минуттан аспауы тиіс.

18 18. Өміріне қауіп төндіретін аурумен пациентті немесе кәмелетке толмаған тұлғаны жедел стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымына тасымалдауда ЖМКҰ санитариялық автокөлігіне туысының (1 адамнан артық емес) бірге келуіне рұқсат етіледі.

19

19. "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттарының нысандарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес емдеуге жатқызуға көрсеткіштер жоқ болса немесе ауру емдеуге жатқызудан бас тартса учаскелік дәрігерге белгіленген нысанды дабыл парағы ресімделеді.

20

20. ЖМКҰ халық жеке жүгінгенде немесе телефон арқылы станцияның (бөлімшенің) медициналық қызметкерлерімен медициналық көмек көрсетілген аурулардың немесе бақытсыз жағдайларда зардап шеккендердің қай жерде екендігі туралы тәулік бойы ауызша анықтамалар береді; жедел қызмет көрсету талап етілмейтін жағдайларда, ЖМКҰ ауысымының аға дәрігері пациентке медициналық көмек алу үшін жүгінуге медициналық ұйымның координаттарды (мекен-жайын, телефонын) ұсынады.

21 21. Төтенше жағдайлар кезінде ЖМКҰ:

апат медицинасы аймақтық орталығының нұсқауы бойынша әрекет етеді;
ЖМЖ бригадаларын төтенше жағдай аймағына төтенше жағдайлар зардаптарын жою жұмысының жоспарына сәйкес бағыттайды;
төтенше жағдайларды жою кезіндегі емдеу-эвакуациялық іс-шараларды жүргізеді;
қажетті санитариялық-гигиеналық және індетке қарсы іс-шараларды бекітілген тәртіпте өтуін қамтамасыз етеді.

22 22. ЖМКҰ:

сот-медециналық қорытынды;
масаю жағдайы мен психобелсенді заттар қолдану деректерін белгілеу үшін медициналық куәландыру қорытындысын;
осы Ережелермен белгіленген жағдайлардан басқа пациенттер мен олардың туыстарына басқа да жазбаша анықтамалар мен қорытындылар береді.

23 23. ЖМКҰ мынадай жағдайларда қызмет көрсетпейді:

шұғыл және жедел медициналық көмекті талап етпейтін кезде;
алғашқы медико-санитариялық жәрдем көрсететін ұйымның жұмыс уақытында өміріне қауіп төндірмейтін жағдайларда медициналық жәрдем талап етушілерге;
медициналық ұйымдармен тағайындалған диагностикалық және емдік емшараларды жүргізу қажет болғанда;
шұғыл емдеуге жатқызуды қажет етпейтін жәбірленушілерді, науқастарды және жүктілерді тасымалдау;
сот-наркологиялық, сот-медициналық, сот-психиатриялық сараптаманы жүргізу.
медициналық ұйымдарда консультативті көмек көрсету;
стационардан науқастарды үйлеріне жеткізу;
өлім актісін құру және куәландыру.

24 24. ЖМКҰ шақыртуларды санитариялық авиация нысанында медициналық жәрдем көрсететін ұйымдарға мынадай жағдайларда жеткізеді:

мемлекеттік денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдарымен (қалалардың, елді мекендердің әкімшілік шекаралары) анықталған қызмет көрсету аймақтарынан тыс жерлердегі науқастарға, жүктілерге және жәбірленушілерге;
жедел және консультативтік-диагностикалық мамандандырылған және жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету қажет болған;
шұғыл жағдайларда (қала сыртындағы автомагистральдағы жол көлік оқиғаларында, төтенше жағдайларда және т.б.) көрсетілетін медициналық жәрдем әсерін арттыру мақсатында.

25 25. ЖМКҰ қызмет көрсететін көлік тану белгілермен (жарқыл шамшырақ, дыбыс дабылы және басқалар) жарақтануы тиіс.

26 26. Санитариялық автокөлік жоспарлы санитариялық өңдеуден өтуі тиіс. Жұқпалы ауруларды тасымалдау кезінде санитариялық көлікті науқасты қабылдаған медициналық ұйым міндетті түрде дезинфекция жасауы тиіс.

27

27. ЖМКҰ 100 мың тұрғынға 2 тіркелмелі қалалық телефон байланысымен, бірақ 2-ден аз болмауы тиіс (оның ішінде емдеу-профилактикалық мекемелері, Ішкі істер министрлігінің қызметтері, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі), қалааралық байланыс телефонымен, сонымен қатар шақыртудағы көшпелі бригадаларымен радио байланыспен қамтамасыз етіледі.
Жедел және шұғыл медициналық көмек барлық станциялары автоматтандырылған басқару жүйесімен (АБЖ) жарақтануы тиіс.
ЖМКҰ қызметіне халық ұялы немесе қалалық телефондар арқылы байланыса алады.

28 28. ЖМКҰ және оның бөлімшелерінде шұғыл медициналық көмек көрсету өздері келген жәбірленушілермен науқастарға көрсетіледі. Қажетті көрсеткіштер бойынша стационардың орнын басушы (үйдегі стационар) ұйымдастырылады.

29

29. "Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 238 бұйрығына сәйкес ЖМКҰ штаттары жауапты облыстық денсаулық сақтау органдарымен бекітілген штаттық нормативтермен типтік нормативтерге сәйкес белгіленеді.

3 3. Санитариялық авиация нысанындағы жедел медициналық көмек көрсету тәртібі

30 30. Санавиация жердегі автокөлікті немесе ауа санитариялық автокөлікті пайдаланып тегін медициналық көмек шеңберінде мамандандырылған мамандарды науқас жатқан жерге немесе диагностикалық, емдеу және консультациялық көмек көрсету үшін сәйкес медициналық ұйымға жеткізуді қамтамасыз етеді.

31 31. Санавиация қызметтері:

транспорттық қызметтерді (мамандарды пациент орналасқан жерлерге жеткізу, пациентті тасымалдау).
медициналық қызметтерді қосады.

32 32. Ауа санитариялық авиакөлік (тік ұшақ, ұшақ):

жету қиын аудандарда;
санавиацияның ауа көлігіне қызмет көрсететін медициналық ұйымнан 150 км-ден аса орналасқан науқастарды, босанушыларды, жәбірленушілерді тасымалдау немесе жеткізу үшін;
жарақат, улану, айналадағы адамдармен өзінің өміріне, денсаулығына зиян келтіретін, диагноз қою қиын болған жағдайларда шақыру түскен жерлерге шұғыл мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін республикалық денсаулық сақтау ұйымдарынан санатталған мамандарды жеткізу үшін;
медициналық көмек көрсету мүмкін болмаған жағдайда немесе облыстық,қалалық деңгейде медициналық ұйымдарға қажетті қызмет түрі болмағанда, науқасты республикалық денсаулық сақтау ұйымдарына жеткізу үшін;
қала сыртындағы автомагистральдарда болған жол көлік оқиғалары кезінде ЖМК көрсету үшін қолданылады.

33

33. Санавиация бөлімшелері дәрігерлік санавиация бригадаларының әрдайым дайын болуын және оперативті басқаруды қамтамасыз ету мақсатында астанада, республикалық мәні бар қалаларда, облыс орталықтарында ұйымдастырылады және тәулік бойы жәрдем көрсететін медициналық ұйымдардың (республикалық, облыстық қалалық көп бейінді клиникалар, ЖМК станциялары) арнайы тік ұшақ қонуға арналған орнымен жабдықталады.

34

34. Санавиация бөлімшелерінің қызмет көрсету аймақтары Денсаулық сақтау уәкілетті органымен келісілу бойынша тұрғындардың санына, халықтың тығыз орналасуына, жас мөлшерінің құрамына, ауқымдық ерекшеліктерін, көліктік магистральдар жағдайы мен орналасуына, қозғалыс қарқындылығын есепке ала отырып денсаулық сақтау басқармасының жергілікті органдарымен анықталады, авиакөлікте оқиға болған жерге 2 сағатта жетуі тиіс.

35 35. Санавиация бөлімшелерінің қызметі денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен анықталатын Санавиация жөніндегі Республикалық Үйлестіруші Орталықпен (бұдан әрі – Республикалық Үйлестіруші Орталық) үйлестіріледі.

36 36. Шұғыл және жедел медициналық көмек санавиациялық бөлім меңгерушісімен құрылған штаттық және шақырылған мамандардан құрылған санавиация бригадаларымен жүзеге асырылады.

37

37. Санитариялық авиация жылжымалы бригадасының қызметі штатының құрамына дәрігер (жоғарғы медициналық білімі, "Емдеу ісі" немесе "Педиатрия" мамандығы бойынша дипломы, "жедел медициналық көмек" мамандығы бойынша сертификаты бар маман), фельдшер (орта медициналық білімі, "емдеу ісі мамандығы бойынша дипломы, сертификаты бар маман), санитар және жүргізуші (ұшқыш) кіреді. Мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін жоғарғы медициналық білімі, емдеу ісі және педиатрия мамандығы бойынша дипломы бар, бейінді мамандығы бойынша дәрігер сертификаты бар мамандар жұмылдырылады.

38 38. Айғақтары бойынша Республикалық Координациялық Орталықтан дәрігер-мамандардан құралған мобильді бригадалар жоғары мамандандырылған және жоғарғы білікті медициналық көмекті Қазақстан Республикасының ауқымында тәулік бойы көрсетуге дайын болуы тиіс.

39

39. Санитариялық авиация қызметін шақыру мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарының сұранысы негізінде жүзеге асырылады. Жедел жағдайлар кезінде (жол көлік оқиғалары, бақытсыз жағдайларда) санитариялық авиацияны шақыру, сондай-ақ медициналық қызметкерлермен, зардап шегушілермен және оқиға куәгерлерімен жүзеге асырылады.

40 40. Санавиация қызметіне медициналық ұйымдардан сұраныс келіп түскенде диспетчер:

санавиация бөлімі меңгерушісімен, қажет жағдайда бейінді маманмен байланыс орнатады;
шұғыл, жедел мамандандырылған және жоғарғы мамандандырылған медициналық көмек көрсететін қалалық, облыстық, республикалық деңгейдегі медициналық ұйымдарға жіберілетін пациент туралы ақпарат жеткізеді;
жіберуші мен қабылдаушы ұйым арасында қажет болғанда байланыс орнатады.
санитариялық авиакөліктің дұрыс орналаспаған жерге бригадаларды жеткізуді ұйымдастырады;
қабылдаушы медициналық ұйымға пациенттің, босанушының немесе жәбірленушінің жеткізілуін, бригаданың белгіленген орынға жеткізілуі туралы мәліметке сұрау салады.

41 41. Санавиация бөлімшесінің меңгерушісі:

ауру сипатын, науқастың немесе босанушының жағдайын нақтылайды;
қажет жағдайларда науқасты, босанушыны және жәбірленушіні тасымалдауға нұсқауларды, тасымалдау уақытында қосымша жабдықтар қажеттілігін, қабылдаушы республикалық, облыстық, қалалық ұйымдарды анықтайды;
тасымалдауға кері көрсеткіштер болған жағдайда (ауру ағымы мен ауырлығын тереңдететін дәрігерлер консиллиумымен анықталған жағдайлар-шоктың барлық түрлері, жедел жүрек жетіспеушілігі, тұрақсыз гемодинамика, жалғасқан қан кетулер т.б.) баратын орынға көрсетілген шұғыл және жедел медициналық көмек болжамалы көлемін есепке ала отырып мамандандырылған мамандарды жеткізу мақсатында бригадаларды құрастырады;
мамандарды немесе науқасты белгіленген орынға тасымалдау түрлері туралы шешім қабылдайды, шешім қабылдауда қашықтық, көліктік магистральдардың жағдайын, қозғалыс интенсивтілігін, шұғыл және жедел медициналық көмектің болжамалы көлемін есепке алады;
санитариялық автокөлік пайдаланатын жағдайда құралған бригаданы белгіленген орынға жеңіл автокөлікпен, (орында көрсетілетін медициналық жәрдем мен консультациялық көмек көрсету үшін), санитариялық автомобильмен немесе реанимобильмен (тасымалдау мақсатында) жіберіледі;
санитариялық авиакөлікті пайдалану туралы шешім қабылдағанда, ұшуға тапсырма құралып ауқымдық авиациялық қызмет ұйымына хабарлайды;
қажет болған жағдайда Республикалық Үйлестіруші Орталықтың келісімімен республикалық деңгейдегі санавиацияның мобильді бригадасын шақыртады;
шұғыл медициналық көмектің әсерін жоғарылату мақсатында Төтенше жағдайлар қызметімен жұмысты үйлестіру мен шақыру қажетттілігін анықтайды.
42.Санитариялық авиацияның барлық бөлімдері тұрақты қалалық және қалааралық байланыс телефонымен, медициналық ұйымдармен, Ішкі істер министрлігімен, ТЖ жөніндегі министрлікпен, Қорғаныс министрлігімен, Әділет министрлігімен, авиакомпаниялармен байланысу үшін, сонымен қатар бригадалармен радиобайланыс және навигациялық жүйемен қамтамасыз етіледі.

43 43. Санавиациялық бөлімдеріне қызмет көрсететін санитариялық жердегі және авиакөліктер біркелкі ажыратушы белгілермен жарақтануы тиіс.

44 44. Төтенше жағдайлар кезінде санитариялық авиация бөлімдері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің ауқымдық апат медицинасы орталығының бұйрығымен әрекет етеді.

45

45. "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттарының нысандарын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес санитариялық авиация бөлімшелері денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органымен бекітілген нысандар бойынша есепке алу – есептілік құжаттамасын жүргізеді.

46

46. "Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттары мен штат нормативтерін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 26 сәуірдегі № 238 бұйрығына сәйкес санитариялық авиацияның бөлімшелерінің штаттары денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен бекітілген тұрпатты штаттар және штат нормативтерімен белгіленеді.

47 Жедел медициналық көмек бойынша шақыртулардың жеделділік санатының тізімі

47. Санитариялық авиацияның Республикалық Үйлестіру Орталығына ағымдағы жылға арналған қызметінің көлемін бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі анықтайды.
Санитариялық авиация нысанында
жедел медициналық көмек және
медициналық көмек көрсету
ережесіне қосымша
Жедел медициналық көмек бойынша шақыртулардың жеделділік санатының тізімі
Са­на­ты
Ша­қыр­ту­дың се­бе­бі
Жа­сы
На­у­қа­стың ор­на­лас­қан же­рі
1-же­дел­дік са­на­ты (5 ми­нут­қа дей­ін)
1
ке­уде қуы­сы­ның, құр­сақ­тың, ар­қа­ның жа­ра­қат­та­нуы
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ба­стың, мой­ын­ның жа­ра­қат­та­нуы (есін жо­ғалт­па­ған)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
оқ дә­рі­мен жа­ра­қат­та­ну
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ұл­ғай­ған тер­ми­я­лық жа­ра­қат
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
бет­тің, ты­ныс алу жол­да­ры­ның күй­і­гі
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
аяқ-қол­дың жа­ра­қат­тық ам­пу­та­ци­я­сы
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
кө­пте­ген, қо­сал­қы жа­ра­қат
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
тұн­шы­ғу (ал­лер­гия)
ба­ла­лар
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
құ­рыс­қақ (жо­ға­ры тем­пе­ра­ту­ра)
ба­ла­лар
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
құ­рыс­қақ (ула­ну)
ба­ла­лар
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
қан құ­су
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
боса­ну, қан ке­ту
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
боса­ну, су ке­ту + қан­сы­рау
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
іш ау­ру + құ­су
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ес­сіз (бронх де­мі­к­пе­сі)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ес­сіз (қа­қа­лу)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ес­сіз (иіс тию)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ес­сіз (диа­бет)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ес­сіз (есірт­кі мөл­ше­рін ар­тық қа­был­дау)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ес­сіз (жа­ра­қат)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ес­сіз (кар­дио­ло­ги­я­лық ау­ру)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ес­сіз (жо­ға­ры тем­пе­ра­ту­ра)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ес­сіз (тал­ма)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ес­сіз (ула­ну)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ес­сіз (су­ға ке­ту)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ес­сіз (се­бе­бі бел­гі­сіз)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ес­сіз (жі­ті қан ке­ту)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ес­сіз (ана­фи­лак­си­я­лық шок)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
1
ес­сіз (асы­лу)
1
ЖКО (1-2, ере­сек­тер)
1
ЖКО (1-2, ба­ла­лар бар)
1
ЖКО (2-ден көп, ере­сек­тер)
1
ЖКО (2-ден көп, ба­ла­лар бар)
1
жүр­гін­ші­ні со­ғып ке­ту
1
өрт (1-2, ере­сек­тер)
1
өрт (1-2, ба­ла­лар бар)
1
өрт (2-ден көп, ере­сек­тер)
1
өрт (2-ден көп, ба­ла­лар)
1
жа­ры­лыс, ТЖ (1-2, ере­сек­тер)
1
жа­ры­лыс, ТЖ (1-2, ба­ла­лар бар)
1
жа­ры­лыс, ТЖ (2-ден көп, ере­сек­тер)
1
жа­ры­лыс, ТЖ (2-ден көп, ба­ла­лар)
1
тер­акт қа­у­пі бар жағ­дай­да­ғы ке­зек­ші­лік
1
жо­ға­ры­дан құ­лау (есін жо­ғалт­па­ған)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2-же­дел­ді­лік са­на­ты (5 ми­нут­қа дей­ін)
2
со­ғып алу, аяқ-қол­дың сы­нуы
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ке­уде қуы­сы­ның, құ­ры­сақ­тың, ар­қа­ның жа­ра­қа­ты
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ба­стың, мой­ын­ның жа­ра­қа­ты (есін жо­ғалт­па­ған)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
аяқ-қол­дың жа­ра­қат­та­нуы (қан кет­пе­ген)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
аяқ-қол­дың жа­ра­қат­та­нуы (қан ке­ту)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ке­уде қуы­сы­ның, құ­ры­сақ­тың, ар­қа­ның жа­ра­қат­та­нуы
2
ті­стел­ген жа­ра­қат
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ба­стың, мой­ын­ның жа­ра­қат­та­нуы (есін жо­ғалт­па­ған)
2
та­мы­рын ті­лу
кө­ше, қо­ғам­дық орын үй­де
2
ұрып кет­кен (есін жо­ғалт­па­ған)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
оқ дә­рі­мен жа­ра­қат­та­ну
2
ұл­ғай­ған тер­ми­я­лық жа­ра­қат
2
бет­тің, ты­ныс алу жол­да­ры­ның күй­і­гі
2
көз жа­ра­қа­ты
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
аяқ-қол­дың жа­ра­қат­тық ам­пу­та­ци­я­сы
2
жы­ныс мү­ше­ле­рі­нің жа­ра­қа­ты
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
электр жа­ра­қа­ты (есін жо­ғалт­па­ған)
кө­ше, қо­ғам­дық орын үй­де
2
кө­пте­ген, қо­сал­қы жа­ра­қат
ба­ла­лар
2
ал­ко­голь­ден, сур­ро­гат­тан ула­ну
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
қа­қа­лу (есін жо­ғалт­па­ған)
ба­ла­лар
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
иіс тию (есін жо­ғалт­па­ған)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
улар­мен ула­ну (есін жо­ғалт­па­ған)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
дәү­рі­лер­мен ула­ну (есін жо­ғалт­па­ған)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
сір­ке суы­мен ула­ну
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ула­ну (бел­гі­сіз) (есін жо­ғалт­па­ған)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
арит­мия
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ке­уде­сі ау­ру (ана­мнез­де ГА)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ГА ауы­ра­тын на­у­қа­ста кө­те­рің­кі АҚ
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
кө­те­рің­кі АҚ
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ке­уде­нің ау­руы (ана­мнез­де ЖИА)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ке­уде­нің ау­руы (ана­мнез­де ЖИА)
60 дей­ін
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ке­уде­нің ау­руы (кар­дио ау­ру)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ке­уде­нің ау­руы (есірт­кі қа­был­дай­ды)
ба­ла­лар
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ке­уде­нің ау­руы (ЖИА қа­уіп-қа­те­рі)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ке­уде­нің ау­руы (қай­та­лан­ған жү­гі­ну)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ке­уде­нің ау­руы (бел­гі­сіз этио­ло­ги­ядан)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
арит­мия (қай­та­лан­ған жү­гі­ну)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
тұн­шы­ғу (бронх де­мі­к­пе­сі)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
тұн­шы­ғу (брон­хит, пнев­мо­ния)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
тұн­шы­ғу (ал­лер­гия)
ере­сек­тер
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
тұн­шы­ғу (ал­лер­гия)
ба­ла­лар
2
тұн­шы­ғу (ке­уде қуы­сы­ның жа­ра­қа­ты)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
тұн­шы­ғу (кар­дио ау­ру)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
тұн­шы­ғу (се­бе­бі бел­гі­сіз)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
тұн­шы­ғу (зоб)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
құ­рыс­қақ, аб­сти­нен. син­дро­мы (ал­ког)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
сал бол­ды (ана­мнез­де ГА)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
құ­рыс­қақ­тар (диа­бет)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
сал бол­ды
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ке­нет­тен сал бол­ды
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
құ­рыс­қақ (жо­ға­ры тем­пе­ра­ту­ра)
ере­сек­тер
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
құ­рыс­қақ (жо­ға­ры тем­пе­ра­ту­ра)
ба­ла­лар
2
құ­рыс­қақ, аб­сти­нен. син­дро­мы (есірт­кі)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
құ­рыс­қақ (жиі нә­жіс)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
құ­рыс­қақ (құ­су)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
құ­рыс­қақ (се­бе­бі бел­гі­сіз)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
құ­рыс­қақ (ула­ну)
ере­сек­тер
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
құ­рыс­қақ (ула­ну)
ба­ла­лар
2
эпи­леп­сия (тал­ма)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
қан құ­су
2
ула­ну­дан кей­ін­гі қан ке­ту
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ішек­тен қан ке­ту
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
боса­ну, су ке­ту
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
боса­ну, қан ке­ту
2
боса­ну, су кет­ті + қан ке­ту
2
іш ау­руы + ішек­тік қан ке­ту
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
іш ау­руы + құ­су
2
тем­пе­ра­ту­ра + тұн­шы­ғу
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ГА на­у­қа­ста құ­сық
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
Квин­ке іс­і­гі
ба­ла­лар
2
тем­пе­ра­ту­ра + бөрт­пе
ба­ла­лар
ба­ла­лар
2
ес­сіз (бронх де­мі­к­пе­сі)
2
ес­сіз (қа­қа­лып қал­ды)
2
ес­сіз (иіс ти­ді)
2
ес­сіз (диа­бет)
2
ес­сіз (нар­ко мөл­ше­рін ар­тық қа­был­дау)
2
ес­сіз (жа­ра­қат)
2
ес­сіз (кар­дио ау­ру)
2
ес­сіз (жо­ға­ры тем­пе­ра­ту­ра)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
2
ес­сіз (он­ко)
2
ес­сіз (тал­ма)
2
ес­сіз (улан­ды)
2
ес­сіз (су­ға ке­ту)
2
ес­сіз (се­бе­бі бел­гі­сіз)
2
ес­сіз (жі­ті қан ке­ту)
2
ес­сіз (ана­фи­лак­си­я­лық шок)
2
ес­сіз (асы­лып қал­ды)
2
есірт­кі­ні мөл­ше­рі­нен көп қа­был­дау
кө­ше, қо­ғам­дық орын, үй­де
2
ЖКО (ке­зек­ші­лік)
2
өрт (ке­зек­ші­лік)
2
жа­ры­лыс, ТЖ (ке­зек­ші­лік)
3-же­дел­ді­лік са­на­ты (5 ми­нут­қа дей­ін)
3
жо­ға­ры­дан құ­лау (есін жо­ғалт­па­ған)
3
со­ғып алу, аяқ-қол­дың сы­нуы
3
ке­уде қуы­сы­ның, құр­сақ­тың, ар­қа­ның жа­ра­қа­ты
3
ба­стың, мой­ын­ның жа­ра­қа­ты (есін жо­ғалт­па­ған)
3
аяқ-қол­дың жа­ра­қат­та­нуы (қан ке­ту­сіз)
3
аяқ-қол­дың жа­ра­қат­та­нуы (қан ке­ту­мен)
3
ті­стел­ген жа­ра­қат
3
ұрып ке­ту (есін жо­ғалт­па­ған)
3
шек­тел­ген тер­ми­я­лық жа­ра­қат
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
көз жа­ра­қа­ты
үй­де
3
құ­лақ жа­ра­қа­ты
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
жы­ныс мү­ше­ле­рі­нің жа­ра­қа­ты
3
бұ­рын­ғы жа­ра­қат, на­шар­ла­ну
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
ал­ко­голь­ден, сур­ро­гат­тан ула­ну
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
ал­ко­голь­ден, сур­ро­гат­тан ула­ну
ба­ла­лар
3
қа­қа­лып қа­лу (есін жо­ғалт­па­ған)
3
иіс тию (есін жо­ғалт­па­ған)
3
улар­мен ула­ну (есін жо­ғалт­па­ған)
3
дә­рі­лер­мен ула­ну (есін жо­ғалт­па­ған)
3
та­мақ­тан ула­ну
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
сір­ке суы­нан ула­ну
ере­сек­тер
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
сір­ке суы­нан ула­ну
ба­ла­лар
3
ула­ну (бел­гі­сіз)(есін жо­ғалт­па­ған)
3
арит­мия
3
ке­уде­нің ау­руы (ана­мнез­де ГА)
3
ке­уде­нің ау­руы (ал­ко­голь­ді те­ріс пай­да­ла­ну)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
ГА ауы­ра­тын на­у­қа­ста кө­те­рің­кі АҚ
3
кө­те­рің­кі АҚ
3
ке­уде­нің ау­руы (ана­мнез­де ЖИА)
3
ке­уде­нің ау­руы (ана­мнез­де ЖИА)
60 дей­ін
3
ке­уде­нің ау­руы (кар­дио ау­ру)
3
ке­уде­нің ау­руы (есірт­кі қа­был­дай­ды)
ере­сек­тер
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
ке­уде­нің ау­руы (есірт­кі қа­был­дай­ды)
ба­ла­лар
3
ке­уде­нің ау­руы (ЖИА қа­уіп-қа­те­рі)
3
ке­уде­нің ау­руы (қай­та­лан­ған жү­гі­ну)
3
ке­уде­нің ау­руы (бел­гі­сіз этио­ло­ги­ядан)
3
арит­мия (қай­та­лан­ған жү­гі­ну)
3
тұн­шы­ғу (бронх де­мі­к­пе­сі)
3
тұн­шы­ғу (брон­хит, пнев­мо­ния)
3
тұн­шы­ғу (ал­лер­гия)
ере­сек­тер
3
тұн­шы­ғу (ке­уде қуы­сы­ның жа­ра­қа­ты)
3
тұн­шы­ғу (кар­дио ау­ру)
3
тұн­шы­ғу (он­ко­ло­гия)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
тұн­шы­ғу (ту­бер­ку­лез)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
тұн­шы­ғу (се­бе­бі бел­гі­сіз)
3
тұн­шы­ғу (зоб)
3
құ­рыс­қақ, аб­сти­нен.син­дро­мы (ал­ког)
3
сал бо­лу (ана­мнез­де ГА)
3
құ­рыс­қақ (диа­бет)
3
сал бо­лу
3
ке­нет­тен сал бо­лу
3
құ­рыс­қақ­тар (жо­ға­ры тем­пе­ра­ту­ра)
ере­сек­тер
3
құ­рыс­қақ­тар, аб­сти­нен. син­дро­мы (есірт­кі)
3
құ­рыс­қақ­тар (жиі нә­жіс)
3
құ­рыс­қақ­тар (құ­су)
3
құ­рыс­қақ­тар (се­бе­бі бел­гі­сіз)
3
құ­рыс­қақ­тар (ула­ну)
ере­сек­тер
3
эпи­леп­сия (тал­ма)
3
сел­кіл­деу (се­бе­бі бел­гі­сіз)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
ва­ри­коз та­мыр­ла­ры­нан қан ке­ту
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
әй­ел­дер­дің жы­ны­стық жол­да­ры­нан қан ке­ту
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
қан құ­су
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
улан­ған­нан кей­ін­гі қан ке­ту
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
әй­ел­дер­дің жы­ны­стық жол­да­ры­нан қан ке­ту
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
ішек­тік қан ке­ту
3
қан құ­су
3
боса­ну, су ке­ту
3
ас­қы­ну­лар­сыз боса­ну
3
іш ау­руы
3
іш ау­руы + ішек­тік қан ке­ту
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
бүй­рек­тік шан­шу
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
бүй­ір, бел ау­руы
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
пси­хоз? ша­қыр­ту аға дә­рі­гер­мен қа­был­дан­ды
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
бас ау­руы (гла­у­ко­ма)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
тө­мен қы­сым, бас ай­на­лу
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
тем­пе­ра­ту­ра + тұн­шы­ғу
3
тем­пе­ра­ту­ра + құ­су
ба­ла­лар
3
тем­пе­ра­ту­ра + іш өту
ба­ла­лар
3
құ­су, бөрт­пе (ал­лер­гия)
ба­ла­лар
3
жүк­ті әй­ел­дің құ­суы
кө­ше, қо­ғам­дық орын, үй­де
3
құ­су (қант диа­бе­ті)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
Квин­ке іс­і­гі
ере­сек­тер
3
тем­пе­ра­ту­ра + бөрт­пе
ба­ла­лар
3
құ­су (нев­ро­ло­ги­я­лық ау­ру)
ба­ла­лар
3
жі­ті ау­ру неме­се аяқ-қол­дың іс­і­гі
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
адам на­шар жағ­дай­да (диа­бет)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
адам на­шар жағ­дай­да (он­ко ау­ру)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
есірт­кі­ні мөл­ше­рі­нен ар­тық қа­был­дау
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
сір­ке суы­нан ула­ну
3
адам на­шар жағ­дай­да (се­бе­бі бел­гі­сіз)
кө­ше, қо­ғам­дық орын
3
та­мақ­тың бөгде за­ты
3
жән­дік­тер­дің, жы­лан­ның және т.б. ша­ғуы
4-же­дел­ді­лік са­на­ты (20 ми­нут­қа дей­ін)
4
шек­тел­ген тер­ми­я­лық жа­ра­қат
4
қу­лақ жа­ра­қа­ты
4
ал­ко­голь­ден, сур­ро­гат­тар­дан ула­ну
4
құ­лақ­тың бөгде за­ты
4
ке­уде­нің ау­руы (ал­ко­голь­ді те­ріс пай­да­ла­ну)
4
ке­уде­нің ау­руы (есірт­кі қа­был­дай­ды)
ере­сек­тер
4
ГА ауы­ра­тын на­у­қа­стың құ­суы
4
сел­кіл­дей­ді (се­бе­бі бел­гі­сіз)
4
ва­ри­коз та­мыр­ла­ры­нан қан ке­ту
4
ті­сті жұл­ған­нан кей­ін­гі қан ке­ту
кө­ше, қо­ғам­дық орын
4
ас­қы­ну­лар­сыз боса­ну
4
іш ау­руы
4
құ­сық + іш өту
4
бүй­рек­тік шан­шу
4
пси­хоз ша­қыр­ту аға дә­рі­гер­мен қа­был­дан­ды
4
бас ау­руы (гла­у­ко­ма)
4
тө­мен қы­сым, бас ай­на­лу
4
бас ау­руы (бас жа­ра­қа­ты болған)
4
босан­ған­нан кей­ін­гі тем­пе­ра­ту­ра
4
құ­су, бөрт­пе (ал­лер­гия)құ­су, бөрт­пе (ал­лер­гия)
ере­сек­тер
4
құ­су (қант диа­бе­ті)
4
тем­пе­ра­ту­ра + бөрт­пе
ере­сек­тер
кө­ше, қо­ғам­дық орын
4
құ­су (нев­ро­ло­ги­я­лық ау­ру)
ере­сек­тер
4
бөрт­пе
ба­ла­лар
4
құ­су
4
ме­ди­ци­на­лық ара­ла­су­дан кей­ін­гі ау­ру­лар, іс­ік­тер
4
ас­қын­ған ге­мор­рой
кө­ше, қо­ғам­дық орын
4
аяқ-қол­дың ау­руы (кар­дио­ло­ги­я­лық ау­ру)
4
аяқ-қол­дың жі­ті ау­руы және іс­ік­тер
4
адам на­шар жағ­дай­да (диа­бет)
4
адам на­шар жағ­дай­да (се­бе­бі бел­гі­сіз)
4
адам на­шар жағ­дай­да (се­бе­бі бел­гі­сіз)
ба­ла­лар
4
ес­сіз (он­ко­ло­ги­я­лық ау­ру)
4
бал. ре­ани­ма­ци­я­сы­нан өзіне ша­қыр­ту
4
ба­ла­лар­ға ар­нал­ған бри­га­да­ны өзіне ша­қыр­ту
4
дә­рі­гер­лер бри­га­да­сын өзіне ша­қыр­ту
4
фель­шер­лік бри­га­да­ны өзіне ша­қыр­ту
5-же­дел­ді­лік са­на­ты (20 ми­нут­қа дей­ін)
5
құ­лақ­тың бөгде за­ты
5
бұ­рын­ғы жа­ра­қат, на­шар­ла­ну
5
көз­дің бөгде за­ты
5
та­мақ­тан ула­ну
5
тем­пе­ра­ту­ра + құ­су
5
тем­пе­ра­ту­ра + іш жү­ру
5
іш жү­ру
5
құ­су + іш жү­ру
5
жы­ныс мү­ше­ле­рі­нің іс­і­гі
5
бас­қа да бөгде заттар
5
can болған адам жағ­дай­ы­ның на­шар­ла­нуы
5
қан­мен несеп
ере­сек­тер
кө­ше, қо­ғам­дық орын
5
қан­мен несеп
ба­ла­лар
5
мұ­рын­нан қан ке­ту
ере­сек­тер
5
мұ­рын­нан қан ке­ту
ба­ла­лар
5
ті­сті жұл­ған­нан кей­ін­гі қан ке­ту
5
тұн­шы­ғу (он­ко­ло­гия)
5
тұн­шы­ғу (ту­бер­ку­лез)
5
бүй­ір, бел ау­руы
5
ме­ди­ци­на­лық ара­ла­су­лар­дан кей­ін­гі тем­пе­ра­ту­ра
5
тем­пе­ра­ту­ра (ма­стит?)
5
ме­ди­ци­на­лық ара­ла­су­лар­дан кей­ін­гі ау­ру­лар, іс­ік­тер
5
жы­ныс мү­ше­ле­рі­нің іс­і­гі
ере­сек­тер
5
ал­ко­голь­ден ма­саю
6-же­дел­ді­лік са­на­ты (30 ми­нут­қа дей­ін)
6
ем­ха­на­да ме­ди­ци­на­лық бө­лім­ше­де кө­мек кор­се­ту
6
несеп­тің жі­ті кі­ді­рі­сі
6
бас ау­руы (аб­сти­нен.-ал­ко­голь)
6
тү­тік қа­шырт­қы құ­лап қал­ды
6
ИТБ ар­нал­ған же­дел та­сы­мал
6
ба­ла­лар ре­ани­ма­ци­я­сы­на ар­нал­ған же­дел та­сы­мал
6
ба­ла­лар бри­га­да­сы­на ар­нал­ған же­дел та­сы­мал
6
кар­дио­ға ар­нал­ған же­дел та­сы­мал
6
дә­рі­гер­лік бри­га­да­ға ар­нал­ған же­дел та­сы­мал
6
ре­ани­ма­ци­я­ға ар­нал­ған же­дел та­сы­мал
6
фельд­шер­лік бри­га­да­ға ар­нал­ған же­дел та­сы­мал
6
ИТБ ста­ци­о­нар­ға ста­ци­о­нар­дан та­сы­мал­дау
6
ба­ла­лар ре­ани­ма­ци­я­сы­на ста­ци­о­нар­ға ста­ци­о­нар­дан та­сы­мал­дау
6
ба­ла­лар­ған ар­нал­ған ста­ци­о­нар­ға ста­ци­о­нар­дан та­сы­мал­дау
6
кар­дио­ло­ги­я­ға ста­ци­о­нар­дан ста­ци­о­нар­ға та­сы­мал­дау
6
ста­ци­о­нар­дан ста­ци­о­нар­ға та­сы­мал­дау
6
ре­ани­ма­ци­я­ға ста­ци­о­нар­дан ста­ци­о­нар­ға
6
та­сы­мал­дау
6
ста­ци­о­нар­дан ста­ци­о­нар­ға та­сы­мал­дау
6
бас ау­руы, тем­пе­ра­ту­ра
6
бас ау­руы (аб­сти­нен.-есірт­кі)
6
құ­лақ аура­ды
6
құ­лақ аура­ды
6
бас ау­руы
6
тем­пе­ра­ту­ра + та­мақ­та ау­ру­лар
6
тем­пе­ра­ту­ра + жөтел
6
тем­пе­ра­ту­ра + құ­лақ­та ау­ру
6
ас­қы­ну­лар­сыз тем­пе­ра­ту­ра
6
тем­пе­ра­ту­ра + бөрт­пе
ере­сек­тер
6
құ­су (он­ко­ло­ги­я­лық ау­ру)
ба­ла­лар
кө­ше, қо­ғам­дық орын
6
бөрт­пе
6
адам на­шар жағ­дай­да (он­ко ау­ру)
6
бұ­қа­ра­лық іс-ша­ра­лар­да­ғы ке­зек­ші­лік
6
ба­ғыт­тас ша­қыр­ту
6
ИТБ ар­нал­ған бел­сен­ді ша­қыр­ту
6
ба­ла­лар ре­ани­ма­ци­я­сы­на ар­нал­ған бел­сен­ді ша­қыр­ту
6
ба­ла­лар бри­га­да­сы­на ар­нал­ған бел­сен­ді ша­қыр­ту
6
кар­дио­ға ар­нал­ған бел­сен­ді ша­қыр­ту
6
дә­рі­гер­лік бри­га­да­ға ар­нал­ған бел­сен­ді ша­қыр­ту
6
ре­ани­ма­ци­я­ға бел­сен­ді ша­қыр­ту
6
фельд­шер­лік бри­га­да­ға бел­сен­ді ша­қыр­ту
Ескертпе: "науқастың орналасқан жері" бағанында арнайы нұсқау жоқ болса, пациент үйде немесе басқа жерде.

Қолданыстағы