Құжат мәтініне өту

О специальных автотранспортных средствах, выданных инвалидам Великой Отечественной войны и лицам, приравненным к ним

Қаулы · № 1144 · қабылданған 29.11.1999
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-4928/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
О специальных автотранспортных средствах, выданных инвалидам Великой Отечественной войны и лицам, приравненным к ним Күшін жойған Қаулы ·№ 1144 ·29.11.1999
29.03.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.03.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О специальных автотранспортных средствах, выданных инвалидам Великой Отечественной войны и лицам, приравненным к ним

Күшін жойған Қаулы ·№ 1144 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О специальных автотранспортных средствах, выданных инвалидам Великой Отечественной войны и лицам, приравненным к ним
Атауы (қаз.)
Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен оларға теңестірілген адамдарға берілген арнайы автокөлік туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1144
Қабылданған күні
29.11.1999
Көрсетілген редакция
29.03.2012 AI4928_2.kaz
Соңғы өзгеріс
29.03.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V99R000086_
ЭКБ идентификаторы
4928
Редакция идентификаторы
AI4928_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 00:48

0 Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен оларға теңестірілген адамдарға берілген арнайы автокөлік туралы

📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласының әкімдігінің 29.03.2012 № 1/224 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 сәуірдегі "Қазақстан Республикасының кейбір азаматтар тобына жеңілдік беру мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңымен, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен оларға теңестірілген адамдарға берілген арнайы автокөлікке тегін қамтамасыз ету жөніндегі жеңілдіктер алынып тасталған болатын.
Жоғарыда аталғандар негізінде заңдағы өзгерістерді ескере отырып, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен оларға теңестірілген адамдардың мүддесін қорғау мақсатында Алматы қаласының Әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен оларға теңестірілген адамдарға пайдалану құқығында жеңіл автокөлік алғандар (сатуға және басқа адамдарға беруге құқығы жоқ) осы шешімнің күшіне енген күннен бастап осы жеке көлік құралдарының меншік иелері болып табылатыны белгіленсін.

2 2. Алматы қалалық ішкі істер Бас басқармасының ЖПБ (Н. Ыбырайымов), Еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау департаментімен (Н.І. Сүлейменов) бірлесіп, осы шешімнің орындалуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешім өз күшіне жарияланған күннен бастап енеді.

Қолданыстағы