Құжат мәтініне өту

Об организации и финансировании молодежной практики в Актюбинской области

Қаулы · № 345 · қабылданған 20.11.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-49282/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-19 · adilet.kz
Об организации и финансировании молодежной практики в Актюбинской области Күшін жойған Қаулы ·№ 345 ·20.11.2009
17.04.2012 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.04.2012. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об организации и финансировании молодежной практики в Актюбинской области

Күшін жойған Қаулы ·№ 345 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об организации и финансировании молодежной практики в Актюбинской области
Атауы (қаз.)
Ақтөбе облысында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
345
Қабылданған күні
20.11.2009
Көрсетілген редакция
17.04.2012 AI49282_6.kaz
Соңғы өзгеріс
17.04.2012
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09C0003304
ЭКБ идентификаторы
49282
Редакция идентификаторы
AI49282_6
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:00

0 Ақтөбе облысында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру туралы

РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
«Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 Заңының 7 бабының 6 тармағына, 5-баптың 2-тармағы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 27-бабының 2 тармағына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Аудандардың және Ақтөбе қаласының әкімдері жастар тәжірибесін ұйымдастыруға  бөлінген  қаражаттың  уақтылы  және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етсін.

2 2. Ақтөбе облысында жастар тәжірибесін ұйымдастыру және қаржыландыру кезінде анықтау:

1 1) Ақтөбе қаласы және аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері жастар тәжірибесін ұйымдастыру бойынша уәкілетті органдар (бұдан әрі – Уәкілетті органдар) болып табылады;

2 2) Уәкілетті органдар:

жастар тәжірибесін өткізуді жастарды жұмыспен қамту саласында өңірлік еңбек нарығында қалыптасқан ахуалды талдау негізінде ұйымдастырады;
қаржылық-экономикалық жағынан тұрақты, одан әрі даму, өндірісін кеңейту және жастар тәжірибесіне қатысушыларды қабылдау мүмкіндігі бар кәсіпорындар туралы ақпараттар жинау жөнінде жұмыстар жүргізіледі. Бір мезгілде бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жастар тәжірибесін ұйымдастырудың және өткізудің негізгі шарттары туралы хабардар етеді деп белгіленсін;

3 3) жастар тәжірибесін ұйымдастыру кезінде ескеріледі:

жұмыссыз жастар саны және оның уәкілетті органдарда тіркелген жұмыссыздардың жалпы санындағы үлесі;
ұзақ уақыт бойынша жұмыссыз жүрген жастар санының өсуі;
жұмыссыз жастардың еңбек өтілінің, алған мамандығы бойынша машығының болмауы, бұл оны жұмысқа орналастыру мүмкіндігін төмендететіндігі ескеріледі.

3 3. Жұмыссыз жастарды іріктеу мынадай өлшемдерді есепке алып жүргізіледі:

1 1) уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркеу;

2 2) жоғары оқу орындарының, колледж немесе кәсіби лицей түлегі болуы;

3 3) мамандығы бойынша жұмыстың болмауы.

4 4. Жастар тәжірибесін ұйымдастыру кезінде туындайтын және шарттар жасауға алып келетін құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдармен реттеледі.

5

5. Жастар тәжірибесі қатысушылардың еңбегіне ақы төлеу жасаған еңбек шарттары негізінде уәкілетті органдармен, іс жүзінде жасаған жұмыс уақыты үшін олардың дербес шоттарына қаражат аудару жолымен жүргізіледі. Бір қатысушыға жергілікті бюджеттер есебінен орташа айлық аударымдар 26 000 (жиырма алты мың) теңгені құрайды.

6 6. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары  С.Қ.Нұрқатоваға жүктелсін.

7 7. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2009 жылдың 1 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға таралады.

Облыс әкімі                                Е.Сағындықов

Қолданыстағы