Ащы селолық округінің "Ұзын көл" елді мекенінде шектеу іс шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Ащы селолық округінің "Ұзын көл" елді мекенінде шектеу іс шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
- Атауы (қаз.)
- Ащы селолық округінің "Ұзын көл" елді мекенінде шектеу іс шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 176
- Қабылданған күні
- 09.11.2009
- Көрсетілген редакция
- 29.03.2010 · қолданыстағы AI49296_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.03.2010
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09CD000086
- ЭКБ идентификаторы
- 49296
- Редакция идентификаторы
- AI49296_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:04
0 Ащы селолық округінің "Ұзын көл" елді мекенінде шектеу іс шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгілеу туралы
РҚАО ескертпесі.
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдесіндегі № 339 «Ветеринария туралы» заңының 10, 27 баптары және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңының 31 бабының 1-ші тармақ, 18-тармақшасын басшылыққа ала отырып, Байғанин аудандық аумақтық ауылшаруашылық инспекциясының бас ветеринария инспекторының 6 қараша 2009 жылғы № 1-11/460 санды үсынысының негізінде Ащы селолық округінің «Ұзын көл» елді мекенінде ірі қара малдан құтыру ауруының тіркелуіне байланысты, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Анды селолық округінін «Ұзын көл» елді мекеніндегі ірі кара малдан құтыру ауруының тіркелуіне байланысты шектеу іс шараларын енгізе отырып ветеринариялық режим белгіленсін.
2 2. Шектеу шаралары бойынша:
шектеу жарияланған «Ұзын көл» елді мекені аумағынан ауылшаруашылық малдарын айдап әкетуге, экелуге, бұл елді мекен арқылы өтуге шектеу қойылсын;
құтыру ауруы шыққан елді мекенде қаңғыбас иттер мен мысықтарды құрту жөніндегі жұмыстар жүргізілсін;
барлық мал өнімдерін өндірудің сақтық шаралары жүргізілсін.
3 3. Ащы селолық округінің әкіміне (С.Жұбан) және аудандық аумақтық ауыл шаруашылығы инспекциясына (Н.Тілеубергенов) шектеу мерзімі ішінде сақтандыру шаралары алынсын.
4
4. Аудандық орталық ауруханаға (О.Әбдин), аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасына (З.Мусина) «Ұзын көл» елді мекеніндегі құтырған малдармен жанасқан адамдарды бақылауға алып, ауруға қарсы егу жұмыстарын ұйымдастырып, елді мекеннің санитарлық жағдайын бақылауға алу жұмыстарын жүргізу ұсынылсын.
5 5. Аудандық ішкі істер бөліміне (А.Омаров) аудандық ауылшаруашылық инспекциясымен бірлесе отырып ветеринариялық режим негізінде аумақта ауылшаруашылық малдарының қозғалысын болдырмауды қадағалауды күшейту тапсырылсын.
6 6. Осы қаулының орындалуын бақылауды аудан әкімінің орынбасары Ш.Ермұханбетовке міндеттелсін.
7 7. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күн өткен соң қолданыска енгізіледі.
Аудан әкімі Б.Кемешов