Құжат мәтініне өту

Көшелерге ат қою туралы

Өзге акт · № 7 · қабылданған 30.10.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 04.04.2022 редакциясы
https://adilet.kz/laws/doc-49332/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Көшелерге ат қою туралы Қолданыста Өзге акт ·№ 7 ·30.10.2009

Көшелерге ат қою туралы

ҚАЗКөшелерге ат қою туралы

Қолданыста Өзге акт ·№ 7 · қабылданған 30.10.2009

ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды

Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Көшелерге ат қою туралы
Атауы (қаз.)
Көшелерге ат қою туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
7
Қабылданған күні
30.10.2009
Көрсетілген редакция
04.04.2022 · қолданыстағы 49332_567854.kaz
Базадағы редакциялар
1
Соңғы өзгеріс
04.04.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09MC000089
ЭКБ идентификаторы
49332
Редакция идентификаторы
49332_567854
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:06

0 Көшелерге ат қою туралы

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Ақжігіт ауылы халқының пікірін ескере отырып, Ақжігіт ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1 1. Ақжігіт ауылындағы мына көшелерге:

«Бейнеу-Тәжен автомобиль жолына солтүстік-шығыс бағытынан келіп қиылысатын, бойында басқа да құрылыс объектілерімен қатар, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Бейнеу орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Ақжігіт дәрігерлік амбулаториясы, Бейнеу аудандық әкімдігінің «Бейнеумәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты «Ақжігітмәдениет» үйі, «Ақжігіт ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «М. Бегенов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараттары орналасқан көшеге – «Тәуелсіздік»;
«Тәуелсіздік» көшесіне оңтүстік – шығыстан келіп қиылысатын, бойында басқа да құрылыс объектілерімен қатар, № 38-50 тұрғын үйлер орналасқан көшеге – «Егемендік»;
«Тәуелсіздік» көшесінің солтүстігінен қиып өтетін, бойында басқа да құрылыс объектілерімен қатар, № 1-26, № 69-79 тұрғын үйлер орналасқан көшеге «Бейбітшілік» атаулары берілсін.

2 2. Осы шешім Бейнеу аудандық Әділет басқармасына тіркеуге ұсынылсын.

3 3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен бастап 10 күн мерзім өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.