Көшелерге ат қою туралы
ҚАЗКөшелерге ат қою туралы
ЭКБ деректері 03.08.2026 жаңартылды
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Көшелерге ат қою туралы
- Атауы (қаз.)
- Көшелерге ат қою туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 7
- Қабылданған күні
- 30.10.2009
- Көрсетілген редакция
- 04.04.2022 · қолданыстағы 49332_567854.kaz
- Базадағы редакциялар
- 1
- Соңғы өзгеріс
- 04.04.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09MC000089
- ЭКБ идентификаторы
- 49332
- Редакция идентификаторы
- 49332_567854
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:06
0 Көшелерге ат қою туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4) тармақшасына сәйкес және Ақжігіт ауылы халқының пікірін ескере отырып, Ақжігіт ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1 1. Ақжігіт ауылындағы мына көшелерге:
«Бейнеу-Тәжен автомобиль жолына солтүстік-шығыс бағытынан келіп қиылысатын, бойында басқа да құрылыс объектілерімен қатар, Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының «Бейнеу орталық аудандық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының Ақжігіт дәрігерлік амбулаториясы, Бейнеу аудандық әкімдігінің «Бейнеумәдениет» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына қарасты «Ақжігітмәдениет» үйі, «Ақжігіт ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Маңғыстау облысының білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім бөлімінің «М. Бегенов атындағы жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимараттары орналасқан көшеге – «Тәуелсіздік»;
«Тәуелсіздік» көшесіне оңтүстік – шығыстан келіп қиылысатын, бойында басқа да құрылыс объектілерімен қатар, № 38-50 тұрғын үйлер орналасқан көшеге – «Егемендік»;
«Тәуелсіздік» көшесінің солтүстігінен қиып өтетін, бойында басқа да құрылыс объектілерімен қатар, № 1-26, № 69-79 тұрғын үйлер орналасқан көшеге «Бейбітшілік» атаулары берілсін.