Құжат мәтініне өту

Об утверждении стандарта оказания специальных социальных услуг в области социальной защиты населения

Бұйрық · № 323-п · қабылданған 03.11.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-49353/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
Об утверждении стандарта оказания специальных социальных услуг в области социальной защиты населения Күшін жойған Бұйрық ·№ 323-п ·03.11.2009
06.12.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.12.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении стандарта оказания специальных социальных услуг в области социальной защиты населения

Күшін жойған Бұйрық ·№ 323-п · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении стандарта оказания специальных социальных услуг в области социальной защиты населения
Атауы (қаз.)
"Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарттарын бекіту туралы"
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
323-п
Қабылданған күні
03.11.2009
Көрсетілген редакция
06.12.2010 AI49353_2.kaz
Соңғы өзгеріс
06.12.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V090005966_
ЭКБ идентификаторы
49353
Редакция идентификаторы
AI49353_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 10:06

0 "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарттарын бекіту туралы"

Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2010.12.06 № 394-ө (қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
"Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса берілген халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарты бекітілсін.

2

2. "Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5566 болып тіркелген, 2009 жылғы 13 наурыздағы N 38 "Заң" газетінде жарияланған) N 26-ө бұйрығының күші жойылды деп танылсын.

3 3. Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қызметтер департаменті (Манабаева Қ.А.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрық 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
____________ Б. Садықов
4 қараша 2009 жыл
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
____________ Ж. Түймебаев
3 қараша 2009 жыл

0 Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарты

Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрінің
2009 жылғы 3 қарашадағы
N 323-ө бұйрығымен бекітілген
Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарты

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) – "Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы" Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы Заңына сәйкес әзірленді.

2

2. Осы Стандарт халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектілерге (бұдан әрі - арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектілер), психоневрологиялық патологиясы бар балаларға (бұдан әрі - балалар) және психоневрологиялық ауруы бар он сегіз жастан асқан адамдарға (бұдан әрі – 18 жастан асқан адамдар) қолданылады.

3 3. Осы Стандартта балаларға және 18 жастан асқан адамдарға, олардың жеке қажеттіліктері ескеріле отырып көрсетілетін арнаулы әлеуметтік қызметтердің негізгі түрлері, көлемі мен оларды көрсетудің шарттары белгіленген.

2 2. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектілер

4 4. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектілерге:

1 1) балалардың және 18 жастан асқан адамдардың стационар жағдайында тұрақты немесе уақытша тұруына арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар) (бұдан әрі – стационарлық үлгідегі ұйым);

2 2) балалардың және 18 жастан асқан адамдардың күндізгі болуына арналған медициналық-әлеуметтік мекемелер (ұйымдар) (бұдан әрі – жартылай стационарлық үлгідегі ұйым);

3 3) балаларға және 18 жастан асқан адамдарға үйде қызмет көрсетуге арналған үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері жатады.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсететін субъектілердің бұл тізбесі түпкілікті болып табылмайды.

3 3. Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің негізгі түрлері, көлемі және шарттары

5 5. Арнаулы әлеуметтік қызметтер өздерінің нысанына қарай:

1 1) балалардың және 18 жастан асқан адамдардың жеке қажеттіліктеріне қарай, олардың тұрмыстағы тыныс-тіршілігін қолдауға бағытталған әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерге;

2 2) балалардың және 18 жастан асқан адамдардың жеке жай-күйін ескере отырып, олардың денсаулығын қолдауға және жақсартуға бағытталған әлеуметтік-медициналық қызметтерге;

3 3) балалардың және 18 жастан асқан адамдардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, әлеуметтік бейімдеуге, әлеуметтендіруге және кіріктіруге бағытталған балалардың және 18 жастан асқан адамдардың психологиялық жай-күйін түзеуді көздейтін әлеуметтік-психологиялық қызметтерге;

4 4) балалардың физиологиялық мүмкіндіктері мен ақыл-ой қабілетін ескере отырып, педагогикалық түзеуге және оқытуға;

18 жастан асқан адамдарға тұрмыс дағдыларын үйретуге бағытталған әлеуметтік-педагогикалық қызметтерге;

5 5) балалар мен 18 жастан асқан адамдардың еңбек дағдыларын қалыптастыруға, 18 жастан асқан адамдардың еңбек қызметін ұйымдастыруға және жұмыс орындарын құруға бағытталған әлеуметтік-еңбек қызметтерге;

6 6) бос уақытты ұйымдастыруға, әлеуметтік-мәдени іс-шаралар жүргізуге және оларға балалар мен 18 жастан асқан адамдарды тартуға бағытталған әлеуметтік-мәдени қызметтерге;

7 7) Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы қолданыстағы заңнамасына сәйкес балалардың және 18 жастан асқан адамдардың өмір сүру деңгейін қолдауға және жақсартуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық қызметтерге;

8 8) құқықтық мәртебесін қолдауға немесе өзгертуге, заңгерлік көмек көрсетуге, балалар мен 18 жастан асқан адамдардың және олардың отбасыларының заңды құқығы мен мүддесін қорғауға бағытталған әлеуметтік-құқықтық қызметтерге бөлінеді.

6 6. Әлеуметтік-тұрмыстық қызметтердің тізбесі:

1 1) барлық үлгідегі ұйымдар жағдайында көрсетілетін:

денсаулық жағдайы бойынша әдеттегі, оның ішінде, төсектен тұру, төсекке жату, киіну және шешіну, жуыну, тамақ ішу, сусын ішу, дәретхананы немесе дәрет ыдысын пайдалану, қозғалып жүру, тісін немесе жағын күту, көзәйнекті немесе есту аппаратын қолдану, тырнағын алу, ер кісілерге – сақал-мұртын алу сияқты күнделікті рәсімдерді орындауға қабілетсіз балаларға және 18 жастан асқан адамдарға жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы әлеуметтік-тұрмыстық қызметтерді көрсету;

2 2) стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін:

тұрғын-жай беру, оның ішінде бір балаға кемінде 4 шаршы метр және 18 жастан асқан адамға кемінде 5 шаршы метр жатын бөлмелерін беру;
оңалту, емдеу, білім беру, мәдени іс-шараларын, діни рәсімдерді жасау және тұрмысқа бейімдеуді ұйымдастыруға арналған жиһазбен және (немесе) мамандандырылған жабдықтармен жабдықталған орынжай беру;
Қазақстан Республикасының Үкіметі 2008 жылғы 31 желтоқсанда бекіткен интернат үйлерінде, оңалту орталықтарында, мүгедек балаларға арналған оқу орындарында, аумақтық әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында, әлеуметтік бейімдеу орталықтарында қызмет көрсетілетін адамдар үшін заттай тамақтану нормаларына (бұдан әрі – заттай тамақтану нормалары) сәйкес диеталық тамақтандыруды қоса, тамақ ұсыну;
жұмсақ инвентарь беру (киім, аяқ киім, іш киім және төсек жабдықтарын) беру;
емдеуге, оқуға, мәдени іс-шараларға қатысу үшін балаларды және 18 жастан асқан адамдарды тасымалдау кезінде көлік қызметін ұсыну;
салт-жора қызметтерін ұйымдастыру (қайтыс болған балалардың және 18 жастан асқан адамның туыстары болмаған немесе олар жерлегісі келмеген кезде);
санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес тұру және (немесе) болу жағдайларын қолдау жөнінде қызметтер көрсету;
18 жастан асқан адамдарға паллиативтік көмек палаталарын (бөлімшелерін) жасау үшін интенсивтік күтім және терапия жүргізуге арналған орынжайлар ұсыну;
өзіне дене зақымын келтіруі және айналасындағыларға қауіп тудыруы мүмкін және (немесе) осы себептермен қосымша күтімге және (немесе) шұғыл медициналық көмекке мұқтаж балаларға және 18 жастан асқан адамдарға дағдарыс палаталарын (бөлімшелерін) құру үшін орынжайлар ұсыну;
отбасында тұратын және уақытша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мұқтаж балалар мен 18 жастан асқан адамдарға стационар жағдайында уақытша болу қызметін көрсету;
хат жазуға және оқуға көмек көрсету;
шаштараз қызметін көрсету;

3 3) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар жағдайында көрсетілетін:

оңалту, емдеу, білім беру, мәдени іс-шараларын ұйымдастыру үшін жиһазбен және арнайы жабдықтармен жабдықталған орынжайлар беру;
заттай тамақтану нормаларына сәйкес диеталық тамақтандыруды қоса, ас беру;
жұмсақ инвентарь беру (төсек жабдықтарын) беру;
емдеуге, оқуға, мәдени іс-шараларға қатысу үшін балаларды және 18 жастан асқан адамдарды тасымалдау кезінде көліктік қызмет ұсыну;
санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес болу шарттарын қолдау жөніндегі қызметтер көрсету;

4 4) үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелері көрсететін:

үйден тыс жерде ілесіп жүру;
балалардың және 18 жастан асқан адамдардың отбасы мүшелеріне жеке қызмет көрсету және гигиеналық сипаттағы тұрмыстық қызметтерді үйрету.

7 7. Әлеуметтік-медициналық қызметтердің тізбесі:

1 1) барлық үлгідегі ұйымдар жағдайында көрсетілетін:

медициналық-әлеуметтік тексеру жүргізу;
дәрігерге дейін көмек көрсету;
емдейтін дәрігердің тағайындауына сәйкес арнайы медициналық біліктілікті талап етпейтін рәсімдерді жүргізу;
емдеу-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру;
еңбекпен оңалтуды ұйымдастыру;
медициналық-психологиялық көмекті ұйымдастыру;
медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізуге жәрдемдесу;
оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес медициналық-әлеуметтік сипаттағы оңалту іс-шараларын жүргізу;
техникалық қосалқы (компенсаторлық) құралдарды алуға жәрдемдесу;
мұқтаж балаларға және 18 жастан асқан адамдарға сауықтыру қызметін көрсетуге және оларды санаторлық-курорттық емдеуге жіберуге жәрдемдесу;
әлеуметтік-медициналық мәселелер бойынша (тамақтану және тұрғын үй гигиенасы, артық салмақтан, зиянды әдеттерден арылу, психосексуалдық консультация беру және басқалары) консультация беру;
жасына қарай бейімделу және жас өзгешеліктері мәселелерін шешу үшін санитарлық-ағарту жұмысын жүргізу;

2 2) стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін:

медициналық тексеру және санитарлық өңдеу жүргізу;
медициналық-санитарлық көмек көрсету;
тегін медициналық көмектің кепілді көлемін көрсетуге жәрдемдесу;
емдеуші дәрігердің қорытындысы бойынша дәрілік заттармен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
балалар мен 18 жастан асқан адамдарды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға жәрдемдесу және ілесіп жүру;
медициналық қызметке лицензиясы болса, емдеуші дәрігердің тағайындауына сәйкес медициналық рәсімдерді жүргізу (тері асты және бұлшық етке дәрілік препараттарды жіберу, компресс қою, қайта орау, ойылған жерлерді, жарақат бетін өңдеу; тазалау клизмаларын орындау, зертханалық тексеру жүргізуге қажетті материалдарды алу, катетерді және басқа да медициналық бұйымдарды пайдалануға көмек көрсету);
балалар және 18 жастан асқан адамдардың денсаулығының жай-күйін ескере отырып, күтімді, оның ішінде санитарлық-гигиеналық қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету;
денсаулығының жай-күйін қадағалау (дене ыстығын, артериялық қысымын өлшеу);
медициналық көрсетілімдер мен балалардың жас ерекшеліктеріне қарай "денсаулық топтарын" қалыптастыру және оның жұмысын ұйымдастыру;
нақты мамандардың, оның ішінде денсаулық сақтау ұйымдарынан медициналық консультация беру қызметтері;
18 жастан асқан адамдар үшін паллиативтік көмек қызметтерін көрсету;
психиатриялық көмек қызметтерін көрсету;
18 жастан асқан адамдарға еңбекпен оңалту қызметінің түрлерін тағайындау және оларға нұсқаулық беру;

3 3) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар жағдайында көрсетілетін:

кезеңдік медициналық-әлеуметтік зерттеп тексеру (қажет кезінде, денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тарта отырып) және оңалтудың медициналық бөлігінің жеке жоспарын әзірлеу;
денсаулығының жай-күйін қадағалау (дене ыстығын, артериялық қысымын өлшеу);
дәрігердің тағайындауына сәйкес медициналық рәсімдерді жүргізу;
емдеу-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру;
дәрігерлердің қорытындысы бойынша дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
балалар мен 18 жастан асқан адамдарды денсаулық сақтау ұйымдарына жатқызуға жәрдемдесу және ілесіп жүру;
18 жастан асқан адамдарға еңбекпен оңалту қызметінің түрлерін тағайындау және оларға нұсқаулық беру;

4 4) үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелері көрсететін:

дәрігерге дейін көмек көрсету, үйге дәрігер шақырту және денсаулық ұйымдарына барғанда қызмет көрсетілетін балаларға және 18 жастан асқан адамдарға ілесіп жүру;
оңалту іс-шараларын жүргізуге жәрдемдесу;
балалар мен 18 жастан асқан адамдардың отбасы мүшелеріне оларды күтудің санитарлық-гигиеналық дағдыларын үйрету;
балалар мен 18 жастан асқан адамдардың отбасы мүшелеріне үй жағдайында жүргізілетін оңалту іс-шаралары негіздерін үйрету.

8 8. Әлеуметтік-психологиялық қызметтердің тізбесі:

1 1) барлық үлгідегі ұйымдар жағдайында көрсетілетін:

әлеуметтік-психологиялық және психологиялық консультация беру;
балаларды психологиялық түзеу;
шұғыл психологиялық (оның ішінде телефон бойынша) және медициналық-психологиялық көмек;

2 2) стационарлық үлгідегі ұйымдар жағдайында көрсетілетін:

психологиялық диагностика және адамды зерттеп тексеру;
өзара қолдау топтарында және қарым-қатынас клубтарында сабақ өткізу;
психологиялық тренингтер;

3 3) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар жағдайында көрсетілетін:

психологиялық диагностика және адамды зерттеп тексеру;
психологиялық тренингтер;
қолайлы психологиялық климатты қамтамасыз ету, келіспеушілік жағдайларының алдын алу және жою үшін балалармен және 18 жастан асқан адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету;

4 4) үйде әлеуметтік қызмет көрсету бөлімшелері көрсететін:

психологиялық көмек көрсету, оның ішінде әңгімелесу, қарым-қатынас, тыңдау, көңілін көтеру, белсенділікке ынталандыру;
психологиялық қолдау;
әлеуметтік-психологиялық патронаж;
қолайлы психологиялық климатты қамтамасыз ету, келіспеушілік жағдайларының алдын алу және жою үшін балалармен және 18 жастан асқан адамдармен бірге тұратын отбасы мүшелеріне психологиялық көмек көрсету.

9 9. Әлеуметтік-педагогикалық қызметтердің тізбесі:

1 1) барлық үлгідегі ұйымдар жағдайында көрсетілетін:

әлеуметтік-педагогикалық консультация беру;
балаларды педагогикалық түзеу;
балалардың физиологиялық мүмкіндіктері мен ақыл-ес қабілеттерін ескере отырып, білім алуына жәрдемдесу;
есту қабілетінің бұзылушылығы бар балаларды, олардың ата-анасы мен басқа да мүдделі адамдарды ымдау тіліне үйретуді ұйымдастыру;

2 2) стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін:

баланы және 18 жастан асқан (23 жасқа дейін) адамға әлеуметтік-педагогикалық диагностика жүргізу және зерттеп тексеру;
балаларды, олардың физиологиялық мүмкіндіктері мен ақыл-ес қабілеттеріне қарай оқытуды ұйымдастыру;
балалардың физиологиялық мүмкіндіктері мен ақыл-ес қабілеттерін ескере отырып, білім алуына жәрдемдесу;
өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, жеке гигиена, тұрмыстағы және қоғамдық орындарындағы өзін ұстауды, өзін-өзі бақылауды, қарым-қатынас дағдыларын және тыныс-тіршіліктің басқа да нысандарын қалыптастыру жөніндегі қызметтер;
тұрмыстық бағдарлану (ас әзірлеу, киім жөндеу, тұрғын жайды күту және т.б.) және қол еңбегі машығы негіздеріне үйрету;
ымдау тіліне аудару жөніндегі қызметтер;

3 3) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар жағдайында көрсетілетін:

баланың және 18 жастан асқан адамның даму деңгейіне әлеуметтік-педагогикалық диагностика жүргізу және зерттеп тексеру;
балаларды, олардың физиологиялық мүмкіндіктері мен ақыл-ес қабілеттеріне қарай оқытуды ұйымдастыру;
тұрмыстық бағдарлану (ас әзірлеу, киім жөндеу, тұрғын жайды күту және т.б.) және қол еңбегі машығы негіздеріне үйрету;
есту қабілетінің бұзылушылығы бар балаларды, олардың ата-анасы мен басқа да мүдделі адамдарды ымдау тіліне үйретуді ұйымдастыру;
ымдау тіліне аудару жөніндегі қызметтер;

4 4) үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері көрсететін:

балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеуге және олардың арнаулы бағдарламалар бойынша білім алуына жағдай жасау мәселелері жөнінде отбасы мүшелеріне консультация беру;
балалардың кәсіптік білім алуына жағдай жасауға жәрдемдесу;
балаларды үй шаруашылығы негіздеріне (ас әзірлеу, киім жөндеу, тұрғын жайды ұстау және т.б.) үйретуге жәрдемдесу;
өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын, тұрмыстағы және қоғамдық орындарындағы өзін ұстауды, өзін-өзі бақылауды және өмір сүруге қажетті басқа да дағдыларды үйрету;
балалардың және 18 жастан асқан адамдардың ата-аналарына және отбасы мүшелеріне оларды үй жағдайында оңалтудың негіздерін үйрету;
отбасы мүшелеріне балаларда және 18 жастан асқан адамдарда үй жағдайына қажетті өмір сүру дағдыларын қалыптастыруды үйрету.

10 10. Әлеуметтік-еңбек қызметтердің тізбесі:

1 1) стационарлық үлгідегі ұйымдар жағдайында көрсетілетін:

балалардың еңбек дағдыларын қалыптастыру жөніндегі қызметтер;
18 жастан асқан адамдарда бейіні бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру жөніндегі қызметтер;
қол жетімді кәсіптік дағдыларға үйрету, жеке мәртебесін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
денсаулығының жағдайы бойынша жұмыс істеу қарсы көрсетілмеген 18 жастан асқан адамдар үшін төленетін жұмыс орындарын ұйымдастыру;

2 2) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдар жағдайында көрсетілетін:

балалардың еңбек дағдыларын қалыптастыру жөніндегі қызметтер;
18 жастан асқан адамдарда бейіні бойынша еңбек дағдыларын қалыптастыру жөніндегі қызметтер;
қалған еңбек мүмкіндіктерін пайдалануға, емдеу-еңбек қызметіне қатысуға жағдай жасау;
қол жетімді кәсіптік дағдыларға үйрету, жеке мәртебесін қалпына келтіру жөніндегі іс-шараларды жүргізу;
кәсіптік бағдар беруді ұйымдастыруға жәрдемдесу;
жеке дене және ақыл-ой қабілеттеріне сәйкес кәсіп алуға жәрдемдесу;

3 3) үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері көрсететін:

балалар мен 18 жастан асқан адамдардың үй еңбегін ұйымдастыруда консультация беру;

11 11. Барлық үлгідегі ұйымдар жағдайында көрсетілетін әлеуметтік-мәдени қызметтердің тізбесі:

саяхат, театрға, көрмелерге, концерттерге баруды ұйымдастыру;
мерекелер, мерейтойлар, туған күндер және басқа да мәдени және тынығу іс-шараларын ұйымдастыру және өткізу;
клуб және үйірме жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу;
балаларды және 18 жастан асқан адамдарды тынығу іс-шараларына, қоғамдық-мәдени іс-шараларға қатысуға тарту.

12 12. Әлеуметтік-экономикалық қызметтердің тізбесі:

1 1) барлық үлгідегі ұйымдар жағдайында (стационарлық үлгіні қоспағанда) көрсетілетін:

тиісті жеңілдіктерді, жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттерді және басқа да төлемдерді алуға, Қазақстан Республикасының халықты әлеуметтік қорғау саласындағы заңнамасына сәйкес тұрғын үй жағдайларын жақсартуға жәрдемдесу;
балалармен және 18 жастан асқан адамдармен тұратын отбасыларды өзін-өзі қамтамасыз ету, отбасылық кәсіпкерлікті дамыту, үй кәсіпшілігі мәселелері бойынша, отбасының материалдық жағдайын жақсартудың басқа да мәселелері бойынша консультация беру;

2 2) стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін:

тиісті жәрдемақыларды, өтемақыларды, алименттерді және басқа да төлемдерді алуға жәрдемдесу.

13 13. Әлеуметтік-құқықтық қызметтердің тізбесі:

1 1) барлық үлгідегі ұйымдар жағдайында көрсетілетін:

балалардың және 18 жастан асқан адамдардың мемлекеттік және мемлекеттік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызметтер алу құқығымен және өздерінің мүддесін қорғаумен байланысты мәселелер бойынша консультация беру;
арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуші және балалардың және 18 жастан асқан адамдардың заңды құқығын бұзушы немесе қысым көрсетуші ұйымдардың әрекетіне немесе әрекетсіздігіне өтініш дайындауға және беруге көмек көрсету;
құжаттарды ресімдеуге көмек көрсету;
заңнамада белгіленген жеңілдіктер мен басымдықтарды, әлеуметтік төлемдерді алуға заңгерлік көмек көрсету және жәрдемдесу;
Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінде белгіленген тәртіппен жәрдемақыларды, басқа да әлеуметтік төлемдерді сенімхат бойынша алу;
балаларды тәрбиелеу және оларға қамқорлық көрсету құқықтарының қорғалуына және сақталуына құқықтық көмек көрсету;
18 жастан асқан адамдардың қамқорлық пен еңбек құқықтарының қорғалуы және сақталуына құқықтық көмек көрсету;

2 2) стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін:

құқығы мен мүддесін қорғау үшін сотта өкілдікті қамтамасыз етуге;
жетім балаларды және ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларды асырап алу, қамқоршы және қорғаншы болу мәселелері жөнінде құжаттарды ресімдеуді қоса алғанда, заңгерлік көмек көрсету;

3 3) жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарда көрсетілетін:

балалардың және 18 жастан асқан адамдардың отбасы мүшелеріне әлеуметтік-құқықтық мәселелер жөнінде консультация беру;
адвокаттық қызмет туралы заңнамада белгіленген жағдайларда және тәртіппен адвокаттың тегін көмегін алуға жәрдемдесу;

4 4) үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелері көрсететін:

балаларға және 18 жастан асқан адамдарға жасалған дене және психологиялық зорлыққа кінәлілерді қылмыстық жауапқа тартуға жәрдемдесу;
қамқоршы және қорғаншы органдарға кәмелетке толмаған, әлеуметтік оңалтуға мұқтаж балаларды асырап алуға, қамқоршылыққа, патронатқа, қорғаншылыққа, қабылдаушы отбасына, әлеуметтік қызмет көрсетуші субъектілерге орналастыруға жәрдемдесу;
кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі комиссияға балаларының тәрбиесінен жалтарған ата-аналардың үстінен ұсынымдар ресімдеу;
жұмысқа орналасу, жеке басын растайтын төлқұжат және заңды маңызы бар басқа да құжаттар алу үшін құжаттарды ресімдеуде заңгерлік көмек көрсетуге жәрдемдесу;
балаларды және 18 жастан асқан адамдарды (қажетіне қарай) стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдарға жіберу үшін құжаттарды ресімдеуде көмек көрсету.

14 14. Арнаулы әлеуметтік қызметтер осы Стандартқа қосымшаға сәйкес көлемдерде ұсынылады.

1 Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету көлемдері

Халықты әлеуметтік қорғау саласында
арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету
стандартына қосымша
Арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету көлемдері

1 1. Стационарлық үлгідегі ұйымдарға арналған киім кию және жұмсақ инвентарьды пайдаланудың ең төменгі нормалары мен мерзімдері

N
Ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Ба­ла­лар­ға
18 жастан ас­қан адам­дар­ға
Нор­ма
Мер­зі­мі (жыл)
Нор­ма
Мер­зі­мі (жыл)
Ки­ім
1
Паль­то, курт­ка
да­на
1
2
1
3
2
Жа­да­ғай, жел өт­кіз­бей­тін күр­те
да­на
1
2
1
2
3
Жүн ма­та­дан тігі­л­ген ко­стюм
да­на
1
2
1
3
4
Мақ­та ма­та­дан тігі­л­ген ко­стюм
да­на
1
1
1
1
5
Спорт­тық ко­стюм
да­на
1
1
1
1
6
Шал­бар, джин­сы
да­на
3/4
1
4
1
7
Көй­лек, са­ра­фан, ха­лат
да­на
3/4
1
3/4
1
8
Жүн ма­та­дан тігі­л­ген юб­ка
да­на
1
2
1
2
9
Мақ­та ма­та­дан тігі­л­ген юб­ка
да­на
3/4
1
2
1
10
Мақ­та ма­та­дан тігі­л­ген блуз­ка
да­на
2
1
2
1
11
Сви­тер, же­кет, жем­пір, коф­та, три­ко­таж жай­ма­дан тігі­л­ген же­лет
да­на
1
2
4
2
12
Три­ко
да­на
2
1
2
1
13
Фут­бол­ка
да­на
3
1
3
1
14
Мақ­та ма­та­дан тігі­л­ген ке­уде­ге ки­е­тін жей­де
да­на
3/4
1
3/4
1
Іш ки­ім
15
Тру­сы­лар
да­на
6/4
1
4/8
1
16
Түн­де ки­е­тін жей­де, пи­жа­ма
да­на
2/3
1
2/3
1
17
Пан­та­лон­дар
да­на
-
-
4
1
18
Май­ка
да­на
2
1
3
1
19
Мақ­та ма­та­дан және иілім­ді три­ко­таж жай­ма­дан тігі­л­ген ки­ім-ке­шек бұй­ы­мы (бюст­галь­тер)
да­на
2
1
4
1
20
Каль­сон­дар
да­на
-
-
2
1
21
Га­ма­штар
да­на
1
1
1
1
Ора­мал-мой­ын ора­уыш бұй­ым­дар мен бас ки­ім­дер
22
Мой­ын ора­уыш
да­на
1
1
1
1
23
Бө­рік, бе­рет
да­на
1
2
2
2
24
Па­на­ма, фу­раж­ка, күн­қа­ғар
да­на
1
1
1
1
25
Әй­ел­дер­дің бас ора­ма­лы
да­на
1
1
1
1
26
Та­қия
да­на
1
2
1
2
27
Қол­ғап, би­я­лай
да­на
1
1
1
1
28
Жүн ора­мал (жар­ты­лай жүн)
да­на
-
-
1
1
29
То­қы­л­ған шап­ка
да­на
1
1
1
1
Ұй­ық, шұлық
30
Кол­гот­ки
да­на
6
1
6
1
31
Шұлық
да­на
-
-
12
1
32
Ұй­ық
да­на
6/12
1
12/10
1
33
Қы­сқа шұлық
да­на
3
1
-
-
Аяқ ки­ім
34
Қы­сқы етік, ки­із­ден тігі­л­ген аяқ ки­ім
да­на
1
1
2
3
35
Пи­ма
да­на
1
1
1
1
36
Мау­сым­дық етік
да­на
1
1
1
2
37
Қы­сқа етік
да­на
1
1
1
2
38
Бәтең­ке, туфли
да­на
1
1
1
1
39
Қы­сқа бәтең­ке
да­на
1
1
1
1
40
Жа­ла­ңа­яқ ки­е­тін аяқ ки­ім
да­на
1
1
1
1
41
Сан­да­ли­лар
да­на
2
1
1
1
42
Спорт­тық аяқ ки­ім
да­на
1
1
1
1
43
Бөл­ме­де ки­е­тін тәпіш­ке
да­на
3/4
1
4
1
44
Слан­цы
да­на
1
1
2
1
Тө­сек-орын жаб­дық­та­ры
45
Ақ жай­ма
да­на
3
1
3
1
46
Сей­сеп
да­на
3
1
3
1
47
Жа­стық тыс
да­на
4
1
4
1
48
Мат­рац (оның ішін­де ба­сы­лып қал­май­тын мат­рац)
да­на
1
2
1
3/2
49
Жа­стық
да­на
1
2
1
3
50
Көр­пе
да­на
1
2
2
3
51
Жа­мы­л­ғы
да­на
1
4
1
4
52
Вафли тә­р­із­ді сүл­гі­лер
да­на
4
1
4
1
53
Ма­хер сүл­гі­лер
да­на
2
1
2
1
Бөл­ме ин­вен­та­ры
54
Дастар­хан
да­на
1
1
1
1
55
Үстел­ге ар­нал­ған май­лық ора­мал­дар
да­на
4
1
4
1
Са­ни­тар­лық-ги­ги­е­на­лық ин­вен­тарь
56
Ре­зи­на кле­ен­ка
да­на
қа­же­тіне қа­рай
1
тоқ­сан­ға
57
Әй­ел­дер­дің сің­ді­ріп ала­тын тө­се­гіш­те­рі
да­на
16
ай­ы­на
16
ай­ы­на
58
Жа­я­лық­тар
да­на
3
кү­ніне
3
кү­ніне
Ескертпе: 6, 7, 9, 14, 15, 16, 32, 43-тармақтардағы бірінші сан – 14 жасқа дейінгі балаларға арналған кию нормасын, екінші сан – 14-тен 18 жасқа дейін балаларға арналған кию нормасын;
Ересектерге арналған 7, 14, 15, 16, 32-тармақтардағы бірінші сан – еркектерге арналған кию, екінші сан - әйелдерге арналған кию нормасын көрсетеді.
Төсек - орын жабдықтары - оның ішінде жартылай стационарлық үлгідегі және уақытша болу ұйымдарына да арналған 48-тармақтағы 3/2: 3 - жалпы бөлімге, 2 – ауыр науқастарға арналған.
58-тармақтағы - дәрігердің тағайындауы бойынша оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес нормаларға қосымша.

2 2. Психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арналған стационарлық және жартылай стационарлық үлгідегі ұйымдардағы сабақтарды өткізу ұзақтығы

Түзету сабақтарының ұзақтығы балалардың дағдыларының деңгейіне, олардың танымдық қызметі мен жас ерекшеліктеріне қарай құрылады:
балалардың әлеуметтік дағдыларының, әлеуметтену және танымдық қызметі ең төмен деңгейде болғанда - сабақтың ұзақтығы 15 минутқа дейін жүргізіледі;
әлеуметтік дағдыларының, әлеуметтену және танымдық қызметі төмен деңгейде болғанда - сабақтың ұзақтығы 20 минутқа дейін жүргізіледі;
әлеуметтік дағдыларының, әлеуметтену және танымдық қызметі шамалы деңгейде болғанда - сабақ 30 минутқа дейін өткізіледі;
әлеуметтік дағдыларының, әлеуметтену және танымдық қызметі көп төмендемеген деңгейде болғанда - сабақтың ұзақтығы 45 минутқа дейін жүргізіледі.
Академиялық сағаттың (45 минут) қалған уақытын дефектолог (арнайы педагог), тәрбиеші балаларды оқу жоспарының бағдарламасына және әзірленген тақырыптық жоспарларға сәйкес дидактикалық және дамытушы ойындармен өткізеді.

3 3. Психоневрологиялық патологиясы бар балаларға арналған стационарлық үлгідегі ұйымдардағы ең төменгі штаттық персонал нормативтері


Ла­у­а­зым ата­уы
Ба­ла­лар са­ны
50-ге дей­ін
50-
100
101-
150
151-
200
201-
250
251-
300
301-
400
1
Ди­рек­тор
1
1
1
1
1
1
1
2
Әкім­ші­лік-ша­ру­а­шы­лық жұ­мыс жө­нін­де­гі ди­рек­тор­дың орын­ба­са­ры
1
1
1
1
1
1
1
3
Ме­ди­ци­на­лық бө­лім­ше­нің мең­ге­ру­ші­сі
1
1
1
1
1
1
1
4
Бас бух­гал­тер
1
1
1
1
1
1
1
5
Бух­гал­тер-эко­но­мист
-
0,5
1
1
1
1
1
6
Бух­гал­тер
1,5
1,5
2
2
2
2
2
7
Кадр­лар жө­нін­де­гі ин­спек­тор
0,5
1
1
1
1
2
2
8
Ша­ру­а­шы­лық мең­ге­ру­ші­сі
0,5
1
1
1
1
1
1
9
Қой­ма мең­ге­ру­ші­сі
1
1
1
1
1
1
1
10
Сек­ре­тарь-ре­фе­рент
1
1
1
1
1
1
1
11
Оқу-тәр­бие жұ­мысы жө­нін­де­гі ди­рек­тор­дың орын­ба­са­ры
0,5
1
1
1
1
1
1
12
Кі­та­п­ха­на­шы (кі­та­п­ха­на, ле­ко­те­ка болған­да)
1
1
1
1
1
1
1
13
Ав­то­мо­биль жүр­гі­зу­ші­сі
1 кө­лік құ­ра­лы­на - 1
14
Ки­ім және іш­ки­ім­ді жуу жө­нін­де­гі ма­ши­нист
1
1,5
2
2,5
3
5
7
15
Ки­ім мен іш­ки­ім­ді жөн­деу жө­нін­де­гі тігін­ші
0,5
1
1
1
2
2
2
16
Аула сы­пы­ру­шы (Әкім бе­кі­те­тін та­за­ла­на­тын алаң­ның нор­ма­ла­ры бой­ын­ша)
1
1
1
1
1
1
1
17
Бақ­ша­шы (та­за­ла­на­тын алаң 0,75 га кем емес)
1
1
1
1
1
1
1
18
Ғи­ма­рат­қа ағым­да­ғы жөн­деу және қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі жұ­мыс­шы (ағаш ше­бе­рі)
1
1
1
1
2
2
2
19
Электр-га­з­бен дәне­кер­ле­у­ші­лер
1
1
1
1
1
1
1
20
Вах­тер
Ме­ке­ме­ге 1 бір­лік
21
Қа­зақ ті­лі­нің аудар­ма­шы­сы
Ұй­ым­ға 1 ла­у­а­зым
22
Лиф­тер (лифт болған­да)
Әр­бір жо­ла­у­шы лиф­тіне – 2 бір­лік, әр­бір жүк лиф­тіне - 1
23
Сле­сарь-сан­тех­ник
0,5
0,5
1
1
1
1,5
2
24
Қо­сал­қы жұ­мыс­шы
0,5
0,5
1
1
1
1,5
25
Электр мон­те­рі
0,5
0,5
1
1
1
1,5
2
26
Жы­лу же­лі­ле­рін жөн­деу жө­нін­де­гі сле­сарь
-
-
-
0,5
0,5
1
1
27
Дез­ин­фек­тор
0,5
0,5
1
1
1,5
2
2
28
Трак­тор­шы (трак­тор болған­да)
1 кө­лік құ­ра­лы­на 1 трак­тор­шы
29
От жа­ғу­шы­лар, кө­мек­ші жұ­мыс­кер­лер (күл шы­ға­ру­шы­лар) және қа­зан­дық­тың бас­қа да жұ­мыс­кер­ле­рі
Жұ­мыс­шы­лар­дың са­ны ма­зут неме­се га­з­бен жұ­мыс іс­тей­тін әр­бір ста­ци­о­нар­лық қа­зан­дық­қа 2 адам, кө­мір­мен жұ­мыс іс­тей­тін әр­бір ста­ци­о­нар­лық қа­зан­дық­қа 3 адам, 1 элек­тр­лік қа­зан­дық­қа - 0,5 есе­бі­нен бел­гі­ле­не­ді
30
Заң­гер
Ме­ке­ме­ге 1 бір­лік
31
Қа­уіп­сіз­дік қыз­ме­ті
Ме­ке­ме­ге 4,5 бір­лік
Ас үй мен ас­ха­на­ның штат­тық нор­ма­тив­те­рі
50-ге дей­ін
50
100
101-
150
151-
200
201
250
251-
300
301-
400
32
Бас ас­паз­шы
1
1
1
1
33
Ас­паз­шы
1
2
3
4
4
5
7
34
Ыдыс жу­у­шы
1
1
1
1
1
1,5
2
35
Же­міс-кө­кө­ніс және кар­топ та­за­ла­у­шы
1
1
2
2
3
3,5
4
36
Нан ке­су­ші, ас үй жұ­мыс­шы­сы
-
0,5
1
1
1
1
2
37
Бу­фет­ші са­ни­тар
50 тө­сек орын­ға 1 ла­у­а­зым
38
Азық-тү­лік қой­ма­сы­ның мең­ге­ру­ші­сі
1
1
1
1
1
1
1
Ме­ди­ци­на­лық пер­со­нал­дың штат­тық нор­ма­тив­те­рі
39
Пе­ди­атр дә­рі­гер
1
1
1,5
2
2
2
3
40
Нев­ро­па­то­лог дә­рі­гер
1
1
1,5
1,5
1,5
1,5
2
41
Пси­хи­атр дә­рі­гер (пси­хо­те­ра­певт)
1
1
1,5
2
2
2
2
42
Ди­е­то­лог дә­рі­гер (мей­ір­би­ке)
0,5
1
1
1
1
1
1
43
Фи­зио­те­ра­певт дә­рі­гер (фи­зио­ка­би­нет болған­да)
1
1
1
1
1
1
1
44
Сто­ма­то­лог дә­рі­гер (сто­ма­то­ло­гия ка­би­не­ті болған­да)
1
1
1
1
1
1
1
45
Зерт­ха­на­шы дә­рі­гер (зерт­ха­на болған­да)
1
1
1
1
1
1
1
46
Функ­ци­о­нал­ды ди­а­гно­сти­ка ка­би­не­ті­нің дә­рі­ге­рі (ка­би­нет болған­да)
1
1
1
1
1
1
1
47
Аға мей­ір­би­ке
1
1
1
1
1
1
1
48
Зерт­ха­на­шы (зерт­ха­на болған жағ­дай­да)
1
1
1
1
1
1
1
49
Сто­ма­то­ло­ги­я­лық ка­би­нет­тің мей­ір­би­ке­сі
1
1
1
1
1
1
1
50
Функ­ци­о­нал­дық ди­а­гно­сти­ка ка­би­не­ті­нің мей­ір­би­ке­сі
1
1
1
1
1
1
1
51
Фи­зио­ка­би­не­ті­нің мей­ір­би­ке­сі (10 мың шар­тты бір­лік­ке)
1
1
1
1
1
1
1
52
Мей­ір­би­ке
1 тәу­лік бой­ғы пост­қа – 5,25;
2 тәу­лік бой­ғы пост­қа – 10,5;
3 тәу­лік бой­ғы пост­қа – 15,75;
4 тәу­лік бой­ғы пост­қа – 21,0
(бір тәу­лік бой­ғы пост ор­на­ла­са­тын алаң­ның бо­луын, қа­жет­ті­лі­гі мен мүм­кін­дік­тер­ді ес­ке­ре оты­рып, ке­мін­де 50 тө­сек орын­ға қа­лып­та­сты­ры­ла­ды)
53
Мас­саж жа­сау жө­нін­де­гі мей­ір­би­ке
1
1
1
2
2
3
4
54
Ша­ру­а­шы­лық би­ке­сі
Әр­бір 100 тө­сек орын­ға 1 бір­лік, бір ме­ке­ме­ге ке­мін­де 1 ла­у­а­зым
55
Па­ла­та са­ни­та­ры
4 топ­қа 1 бір­лік
56
Кү­ту жө­нін­де­гі са­ни­тар
Жа­та­тын на­у­қа­стар үшін 6 тө­сек орын­ға 1 бір­лік
57
Та­за­ла­у­шы са­ни­тар
Та­за­ла­на­тын алаң­ның 250 шар­шы мет­ріне 1 бір­лік
58
Бұ­ла­у­шы са­ни­тар
1
2
3
4
5
6
6
59
Дә­рі­ха­на мең­ге­ру­ші­сі (дә­рі­ха­на болған­да)
-
0,5
0,5
1
1
1
1
60
Фар­ма­цевт
-
0,5
1
1
1
1
1
61
Дә­рі­гер
0,5
0,5
0,5
0,5
0,5
0,5
1
62
ЛФК ин­спек­то­ры
ті­рек-қоз­ға­лыс ап­па­ра­ты функ­ци­я­ла­ры неме­се ауыр ин­тел­лек­ту­ал­ды бұ­зы­лу­ла­ры бар 6 ба­ла­ға 1 ла­у­а­зым;
ор­та­ша бі­лі­не­тін ин­тел­лек­ту­ал­ды бұ­зы­луы бар 8 ба­ла­ға 1 ла­у­а­зым.
Оқу-кө­мек­ші пер­со­нал­дың штат­тық нор­ма­тив­те­рі
63
Пси­хо­лог
1
1
1,5
2
2
2
3
64
Ло­го­пед
1
1
1,5
2
2
2
4
65
Әдіс­кер
ста­ци­о­нар­ға 1 бір­лік және күн­діз­гі бө­лім­ше­ге 1 бір­лік
66
Де­фек­то­лог мұ­ға­лім (ар­найы пе­да­гог)
топ­қа 1 ла­у­а­зым
67
Тәр­би­е­ші
топ­қа 1,5 ла­у­а­зым
68
Му­зы­ка­лық же­тек­ші
4 топ­қа 1 ла­у­а­зым
69
Де­фек­то­лог мұ­ға­лім
ті­рек-қоз­ға­лыс ап­па­ра­ты функ­ци­я­ла­ры неме­се ауыр ин­тел­лек­ту­ал­ды бұ­зы­лу­ла­ры бар 6 ба­ла­ға 1 ла­у­а­зым;
ор­та­ша бі­лі­не­тін ин­тел­лек­ту­ал­ды бұ­зы­луы бар 8 ба­ла­ға 1 ла­у­а­зым.
70
Дене шы­нық­ты­ру мұ­ға­лі­мі
4 топ­қа 1 ла­у­а­зым
71
Ең­бек жө­нін­де­гі ин­струк­тор
12 ба­ла­дан тұ­ра­тын топ­қа 2 ма­ман
Ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет­тер­ді ұсы­ну жө­нін­де­гі пер­со­нал­дың штат­тық нор­ма­тив­те­рі
72
Әле­умет­тік жұ­мыс жө­нін­де­гі ма­ман
50 ба­ла­ға 1 ла­у­а­зым
73
Ша­шта­раз (жаб­дық­тал­ған ша­шта­раз болған­да)
100 және одан көп ба­ла­ға 1 ла­у­а­зым есе­бі­мен
Ескертпе: Әкімшілік-шаруашылық персоналы мен ғимаратқа қызмет көрсету жөніндегі персоналды ұстап отыру шығыстары 1 бірлік бағасының есебіне кіргізілмеген.
43-46-тармақтарда - балаларға жоғары білікті консультациялар өткізу үшін басқа медициналық мекемелерден мамандар шақыруға рұқсат беріледі.
61-тармақта - бұл лауазымға қажеттігіне қарай кез келген дәрігерді не басқа консультант дәрігерлерді алуға болады.
МӘҰ-да 400 адамнан артық бала болған жағдайда, сондай-ақ қызмет көрсетуші персоналды ұлғайтуды талап ететін өндірістік жағдайда, штаттық кесте қажеттіліктерге сәйкес бекітіледі.
Қажет болғанда бекітілген лауазымдарды еңбекақы қорының шегінде өзара ауыстыруға болады.
Нақты мамандардың лауазымдары жабдықталған кабинеттер болған кезде, кемінде 2 маман бір кабинетке қалыптастырылады.

4 4. Психоневрологиялық ауруы бар 18 жастан асқан адамдарға арналған стационарлық үлгідегі ұйымдардағы ең төменгі штаттық персонал нормативтері


Ла­у­а­зым ата­уы
Қыз­мет­тер­ді алушы­лар­дың са­ны
50-ге дей­ін
50-
100
101-
150
151-
200
201-
250
251-
300
301-
400
1
Ди­рек­тор
1
1
1
1
1
1
1
2
Әкім­ші­лік-ша­ру­а­шы­лық жұ­мыс жө­нін­де­гі ди­рек­тор­дың орын­ба­са­ры
1
1
1
1
1
1
1
3
Ме­ди­ци­на­лық бө­лім­ше­нің мең­ге­ру­ші­сі
1
1
1
1
1
1
1
4
Кадр­лар бой­ын­ша ин­спек­тор
0,5
1
1
1
1
2
2
5
Бас бух­гал­тер
1
1
1
1
1
1
1
6
Бух­гал­тер-эко­но­мист
-
0,5
1
1
1
1
1
7
Бух­гал­тер
1,5
1,5
2
2
2
2
2
8
Бух­гал­тер-кас­сир
0,5
1
1
1
1
1
1
9
Ша­ру­а­шы­лық мең­ге­ру­ші­сі
0,5
1
1
1
1
1
1
10
Қой­ма мең­ге­ру­ші­сі
1
1
1
1
1
1
1
11
Қа­уіп­сіз­дік қыз­ме­ті
ме­ке­ме­ге 4,5 бір­лік
12
Вах­тер
ме­ке­ме­ге 1 бір­лік
13
Сек­ре­тарь-ре­фе­рент
1
1
1
1
1
2
2
14
Жұ­мыс­шы­лар­ды да­яр­лау жө­нін­де­гі ин­струк­тор
әр­бір 20 жұ­мыс іс­тей­тін 18 жастан ас­қан адам­дар­ға 1 бір­лік бел­гі­ле­не­ді
15
Қа­зақ ті­лі аудар­ма­шы­сы
ме­ке­ме­ге 1 бір­лік
16
Заң­гер
ме­ке­ме­ге 1 бір­лік
17
Кі­та­п­ха­на­шы
ме­ке­ме­ге 1 бір­лік
18
Мә­де­ни іс-ша­ра­лар­ды ұй­ым­да­сты­ру­шы
1
1
1
1
2
2
2
19
Ша­шта­раз (ка­би­нет болған­да)
0,5
1
1
1
2
2
2
20
Жүр­гі­зу­ші
1 кө­лік құ­ра­лы­на - 1
21
Қой­ма­шы
1
1
1
1
1
1
1
22
Қа­зы­л­ған ор­лар­дан қат­ты шө­гін­ді­лер­ден болған кір­лер­ді шы­ға­ру жө­нін­де­гі жүк­ші
1 бір­лік кә­різ бол­ма­ған жағ­дай­да және қа­зы­л­ған ор­лар­ды та­зар­ту ор­та­лық­тан­ған тәр­тіп­те жүр­гі­зіл­мей­тін бол­са
23
Сле­сарь-сан­тех­ник
0,5
0,5
1
1
2
2
2
24
Жы­лу же­лі­ле­рін жөн­деу жө­нін­де­гі сле­сарь
0,5
0,5
1
1
2
2
2
25
Ма­ши­нист (ко­че­гар), опе­ра­тор, қо­сал­қы жұ­мыс­шы­лар (күл алушы­лар) және қа­зан­дық­тың бас­қа да жұ­мыс­шы­ла­ры
Жұ­мыс­шы­лар­дың са­ны ма­зут неме­се га­з­бен жұ­мыс іс­тей­тін әр­бір ста­ци­о­нар­лық қа­зан­дық­қа 2 адам, кө­мір­мен жұ­мыс іс­тей­тін әр­бір ста­ци­о­нар­лық қа­зан­дық­қа 3 адам, 1 элек­тр­лік қа­зан­дық­қа - 0,5 есе­бі­нен бел­гі­ле­не­ді
26
Су со­ра­тын стан­ци­я­ның ма­ши­ни­сі (мо­то­рист)
1
1
1
1
1
1
1
27
Электр мон­те­рі
0,5
0,5
1
1
1
1,5
2
28
Кір жу­а­тын орын­ның мең­ге­ру­ші­сі
-
-
-
-
-
1
1
29
Ки­ім және іш ки­ім­ді жуу жө­нін­де­гі ма­ши­нист
1
1,5
2
2,5
3
5
7
30
Ки­ім мен іш ки­і­мін жөн­деу жө­нін­де­гі тігін­ші
0,5
1
1
1
2
2
2
31
Лиф­тер
Әр­бір жо­ла­у­шы­лар лиф­ті­сіне – 2 бір­лік, әр­бір жүк лиф­ті­сіне - 1
32
Аула сы­пы­ру­шы (Әкім бе­кі­те­тін та­за­ла­на­тын алаң­ның нор­ма­ла­ры бой­ын­ша)
1
1
1
1
1
1
1
33
Бақ­ша­шы (та­за­ла­на­тын алаң 0,75 га кем емес)
1
1
1
1
1
1
1
34
Ғи­ма­рат­қа ағым­да­ғы жөн­деу және қыз­мет көр­се­ту жө­нін­де­гі жұ­мыс­шы (ағаш ше­бе­рі)
1
1
1
1
2
2
2
35
Қо­сал­қы жұ­мыс­шы
1
1
1
1
2
2
3
36
Электр-га­з­бен пі­сі­ру­ші
1
1
1
1
1
1
1
37
Трак­тор­шы
Трак­тор болған жағ­дай­да
38
Бас ас­паз­шы
-
-
-
1
1
1
1
39
Ас­паз­шы
1
2
3
4
4
5
7
40
Ыдыс жу­у­шы
1
1
1
1
1
1,5
2
41
Же­міс-кө­кө­ніс және кар­топ та­за­ла­у­шы
1
1
2
2
3
3,5
4
42
Қо­сал­қы жұ­мыс­шы
0,5
0,5
1
1
1
1,5
2
43
Нан ке­су­ші, ас үй жұ­мыс­шы­сы
-
-
1
1
1
1
2
44
Бу­фет­ші са­ни­тар
50 тө­сек орын­ға 1 ма­ман
45
Те­ра­певт дә­рі­гер
1
1
1,5
1,5
1,5
1,5
2
46
Дә­рі­гер
1
1
1
1
1
1
1
47
Аға мей­ір­би­ке
1
1
1
1
1
1
1
48
Ди­е­та­лық та­мақ­та­ну жө­нін­де­гі мей­ір­би­ке
0,5
1
1
1
1
1
1
49
Дә­рі­ха­на мең­ге­ру­ші­сі
Дә­рі­ха­на болған жағ­дай­да
50
Дез­ин­фек­тор
0,5
0,5
1
1
1,5
2
2
51
Зерт­ха­на­шы дә­рі­гер (зерт­ха­на болған жағ­дай­да)
1
1
1
1
1
1
1
52
Зерт­ха­на­шы
1
1
1
1
1
1
1
53
Аку­шер­ка, фельд­шер
0,5
0,5
1
1
1
1
1
54
Мей­ір­би­ке
1 тәу­лік бой­ғы пост­қа – 5,25
2 тәу­лік бой­ғы пост­қа – 10,5
3 тәу­лік бой­ғы пост­қа – 15,75
4 тәу­лік бой­ғы пост­қа – 21,0
(бір тәу­лік бой­ғы пост ор­на­ла­са­тын алаң­ның бо­луын, қа­жет­ті­лі­гі мен мүм­кін­дік­тер­ді ес­ке­ре оты­рып, ке­мін­де 50 тө­сек орын­ға қа­лып­та­сты­ры­ла­ды)
55
Фи­зио­ка­би­нет мей­ір­би­ке­сі (10 мың шар­тты бір­лік­ке)
Фи­зио­ка­би­нет бол­ға жағ­дай­да 1 бір­лік
56
Па­ла­та­лық са­ни­тар
15 тө­сек орын­ға - 1 бір­лік
57
Кү­тім жө­нін­де­гі са­ни­тар
жа­та­тын 6 тө­сек орын­ға 1 бір­лік
58
Та­за­ла­у­шы са­ни­тар
та­за­ла­на­тын алаң­ның 250 шар­шы мет­ріне 1 бір­лік
59
Бұ­ла­у­шы са­ни­тар
1
2
3
4
5
6
7
60
Ша­руа би­ке­сі
әр­бір 100 тө­сек орын­ға 1 бір­лік, бі­рақ бір ме­ке­ме­ге ке­мін­де 1 ла­у­а­зым
61
Ке­зек­ші са­ни­тар
(бір тәу­лік бой­ғы пост ор­на­ла­са­тын алаң­ның бо­луын, қа­жет­ті­лі­гі мен мүм­кін­дік­тер­ді ес­ке­ре оты­рып, ке­мін­де 50 тө­сек орын­ға қа­лып­та­сты­ры­ла­ды) әр тәу­лік бой­ғы пост­қа – 5,25
62
Пси­хи­атр дә­рі­гер
1
1
1,5
1,5
1,5
1,5
2
63
Пси­хо­те­ра­певт дә­рі­гер
1
1
1,5
1,5
1,5
1,5
2
64
ЛФК ин­струк­то­ры (ка­би­нет болған жағ­дай­да)
1
1
1,5
2
2
2
2
65
Де­фек­то­лог мұ­ға­лім (сы­нып болған жағ­дай­да)
18-ден 23 жас­қа дей­ін­гі қам­қор­да­ғы­ға 1 бір­лік
66
Пси­хо­лог
1
1
1,5
2
2
2
3
67
Му­зы­ка­лық же­тек­ші (ка­би­нет болған жағ­дай­да)
1
1
1,5
2
2
2
2
68
Ең­бек жө­нін­де­гі ин­струк­тор
1 бей­ін­ге - 1
69
Әле­умет­тік жұ­мыс жө­нін­де­гі ма­ман
0,5
1
1,5
1,5
2
2,5
3
70
Кү­тім жө­нін­де­гі әле­умет­тік қыз­мет­кер
Пал­ли­а­тив­тік кө­мек па­ла­та­ла­рын (бө­лім­ше­ле­рін) құр­ған­да 6 ауыр на­у­қас­қа дей­ін – 1 бір­лік
Ескертпе:
МӘҰ-да 400 артық қамқорлықтағы адам болған жағдайда, сондай-ақ қызмет көрсетуші персоналды ұлғайтуды талап ететін өндірістік жағдайда, штаттық кесте қажеттіліктерге сәйкес бекітіледі.
Қажет болғанда бекітілген лауазымдарды еңбекақы қорының шегінде өзара ауыстыруға болады.
46-тармақтағы - бұл лауазымға психоневрологиялық аурулары бар адамдардың ауруларының сипатын ескере отырып, қажеттігіне қарай кез келген дәрігер, басқа консультант дәрігерлерді алуға болады.
Нақты мамандардың лауазымдары жабдықталған кабинеттер болған кезде, кемінде 2 маман бір кабинетке қалыптастырылады.
Жабдықталған медициналық кабинеттер болған жағдайда минималды штаттық нормативтерге енгізілмеген тиісті мамандар қабылданады.

Қолданыстағы