Об определении условий передачи в имущественный наем (аренду) объектов государственной коммунальной собственности Актюбинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении условий передачи в имущественный наем (аренду) объектов государственной коммунальной собственности Актюбинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақтөбе облысының мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алу) беру шарттарын анықтау туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 331
- Қабылданған күні
- 12.11.2009
- Көрсетілген редакция
- 06.04.2012 AI49356_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 06.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09C0003303
- ЭКБ идентификаторы
- 49356
- Редакция идентификаторы
- AI49356_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:02
0 Ақтөбе облысының мемлекеттік коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алу) беру шарттарын анықтау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңы 27 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың шаруашылық жүргізуіндегі немесе жедел басқаруындағы мүлікті, оның ішінде жекешелендіруге жатпайтын мемлекеттік меншік объектілерін мүліктік жалға беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 7 наурыздағы № 336 Қаулысы 3 тармағының 2) тармақшасына сәйкес облыс әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Ақтөбе облысының коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалға берудің (жалдауға алудың) мынадай шарттары анықталсын:
1 1) коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалға беру мынадай:
коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың стратегиялық маңызы бар объектілерін мүлікті жалға беру;
баланс ұстаушының ұсынысы бойынша уәкiлеттi органның жазбаша келiсiмiмен жүзеге асырылатын, алаңы 100 шаршы метрге дейiнгі үй-жайларды нысаналы мақсатта бір жылдан аспайтын мерзімге, теңгерімдік құны 150 есе ең төменгi есептiк көрсеткiштен аспайтын жабдықты және оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың, кітапханалардың, достық үйлерінің, мәдениет үйлерінің, филармониялардың үй-жайларын курстық сабақтар, конференциялар, семинарлар, концерттер және спорттық iс-шаралар өткiзу үшiн бiр айдан аспайтын мерзiмге беру;
баланс ұстаушының келісім бойынша жүзеге асырылатын, бір жолғы шараларды жүргізуге үй-жайларды беру жағдайларын қоспағанда, тендерлік негізде жүргізіледі;
Ақтөбе қаласындағы және аудандардағы мектептерде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету бойынша тендерді ұтып алған тұлғаларға мектептерде жайлар беру.
2 2) мемлекеттік коммуналдық меншік объектілері кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) беріледі.
3 3) алынып тасталды - Ақтөбе облыстық әкімдігінің 2010.12.28 № 410 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.
4 4) Түскен өтінімдерді қарау және олар бойынша шешім қабылдау Жалға берушімен олардың түскен кезінен бастап бір айлық мерзімде, мынадай құжаттары бар болған жағдайда жүргізіледі:
объектінің баланс ұстаушысынан келісім-хат;
құрылтай құжаттарының көшірмелері (заңды тұлғалар үшін);
жеке кәсіпкердің мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігінің, төлқұжатының немесе жеке басын куәлендіретін басқа құжаттың (жеке тұлға үшін) көшірмелері;
Қазақстан Республикасының салық төлеушісі куәлігінің көшірмесі.
5 5) Коммуналдық меншік объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алу) беру «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» ММ, аудандық және қалалық қаржы бөлімімен жүзеге асырылады.
2 2. «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі коммуналдық меншік объектілерін жалға алу төлемі мөлшерлемесінің есебін анықтасын.
3
3. Ақтөбе облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 24 ақпанда № 2005 тіркелген, «Ақтөбе облысының коммуналдық меншік объектілерін (мүлікті) мүліктік жалдау (жалға алу) тәртібі жайлы қағидаларды бекіту туралы» Ақтөбе облысы әкімдігінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы № 17 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2005 тіркелген, «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің 2003 жылғы 4 наурыздағы № 25 санында жарияланған) қаулысының, «Облыс әкімдігінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы № 17 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыс әкімдігінің 2003 жылғы 22 сәуірдегі № 95 қаулысымен енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 2158 тіркелген, «Ақтөбе» газетінің 2003 жылғы 24 маусымдағы № 74 және «Актюбинский вестник» газетінің 2003 жылғы 3 маусымдағы № 65 санында жарияланған), Ақтөбе облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 24 ақпанда № 2005 тіркелген, «Облыс әкімдігінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы № 17 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыс әкімдігінің 2003 жылғы 9 маусымдағы № 139 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2224 тіркелген, «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің 2003 жылғы 4 шілдедегі № 78-79 санында жарияланған) қаулысының), Ақтөбе облысының әділет басқармасында 2003 жылғы 24 ақпандағы № 2005 тіркелген, «Ақтөбе облысының коммуналдық меншік объектілерін (мүлікті) мүліктік жалдау (жалға алу) тәртібі жайлы қағидаларды бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы № 17 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыс әкімдігінің 2006 жылғы 28 қыркүйектегі № 326 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3189 тіркелген, «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің 2006 жылғы 14 қарашадағы № 138 санында жарияланған) қаулысының, «Ақтөбе облысының коммуналдық меншік объектілерін (мүлікті) мүліктік жалдау (жалға алу) тәртібі жайлы қағидаларды бекіту туралы» облыс әкімдігінің 2003 жылғы 29 қаңтардағы № 17 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» облыс әкімдігінің 2008 жылғы 21 қазандағы № 372 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3273 тіркелген, «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінің 2008 жылғы 10 желтоқсандағы № 149-150 санында жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.Дубовенкоға жүктелсін.
5 5. Осы қаулы ең бірінші ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбе күннің ішінде қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі Е.Сағындықов