Құжат мәтініне өту

О вопросах государственной собственности

Қаулы · № 2123 · қабылданған 15.12.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-49369/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О вопросах государственной собственности Қолданыста Қаулы ·№ 2123 ·15.12.2009
19.09.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О вопросах государственной собственности

Қолданыста Қаулы ·№ 2123 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О вопросах государственной собственности
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік меншік мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2123
Қабылданған күні
15.12.2009
Көрсетілген редакция
19.09.2014 AI49369_4.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090002123_
ЭКБ идентификаторы
49369
Редакция идентификаторы
AI49369_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:44

0 Мемлекеттік меншік мәселелері туралы

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің индустриялық-инновациялық саясатты іске асырудағы оның үйлестіруші рөлін күшейту жөніндегі кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1099 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қарағанды облысы әкімінің «Қарағандыгипрошахт және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысудың 90 пайыз мөлшеріндегі мемлекеттік үлесін заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке беру туралы ұсынысына келісім берілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағында және осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген мүлікті қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;

2

2) республикалық меншікке берілгеннен кейін осы қаулының 1-тармағында және осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген мүлікті және осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген республикалық меншіктегі мүлікті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Қор) қарасты «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттык компаниясы», «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамдарының акциялар пакетінің орнына Қордың меншігіне беруді қамтамасыз етсін;

3 3) оларды мемлекеттік меншікке қабылдағаннан кейін осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген акционерлік қоғамдардың акциялар пакеттерін иелену мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне беруді қамтамасыз етсін;

4 4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3 3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1 1) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы 237-35, 237-36, 237-37, 237-38, 237-39, 237-40, 237-41, 237-42-жолдармен толықтырылсын:
«237-35. «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
237-36. «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
237-37. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
237-38. «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
237-39. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
237-40. «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
237-41. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
237-42. «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамы»;

2 2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

4 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Республикалық меншікке берілетін, кейіннен Қордың меншігіне берілетін коммуналдық меншіктегі мүлік

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2123 қаулысына
1-қосымша
Республикалық меншікке берілетін, кейіннен Қордың меншігіне берілетін коммуналдық меншіктегі мүлік
Р/с

Мү­лік­тің ата­уы
1
2
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы бой­ын­ша
1
Те­мір жол вок­зал­да­ры­ның жо­ла­у­шы­лар плат­фор­ма­ла­ры
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша
2
Мы­на ме­кен­жай бой­ын­ша ор­на­лас­қан № 3, № 9, № 17, № 18, № 19, № 20, № 23, № 26, № 33, № 40 пәтер­лер­ді қо­с­па­ған­да, бес қа­бат­ты тұр­ғын үй: Оң­тү­стiк Қа­зақ­стан об­лы­сы, Со­зақ ауда­ны, Та­у­кент ауы­лы, № 154 үй
3
Мы­на ме­кен­жай бой­ын­ша ор­на­лас­қан бес қа­бат­ты тұр­ғын үй­дің аяқ­тал­ма­ған құ­ры­лы­сы: Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы, Со­зақ ауда­ны, Та­у­кент ауы­лы, № 155 үй
4
Мы­на ме­кен­жай бой­ын­ша ор­на­лас­қан бес қа­бат­ты тұр­ғын үй­дің аяқ­тал­ма­ған құ­ры­лы­сы: Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы, Со­зақ ауда­ны, Та­у­кент ауы­лы, № 2 үй

2 Қор меншігіне берілетін республикалық меншіктегі мүлік

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2123 қаулысына
2-қосымша
Қор меншігіне берілетін республикалық меншіктегі мүлік
Р/с

Мү­лік­тің ата­уы
1
2
1
Жам­был және Ақ­тө­бе об­лы­ста­ры­ның ау­ма­ғын­да ор­на­лас­қан жо­ға­ры, ор­та­ша және тө­мен қы­сым­ды газ құ­быр­ла­ры мен олар­ға іле­спе­лі құ­ры­лы­стар
2
Іле­спе­лі ин­фра­құ­ры­лым объ­ек­ті­ле­рі­мен және осы ин­фра­құ­ры­лым объ­ек­ті­ле­рін ор­на­ла­сты­ру­ға бө­лін­ген жер учас­ке­ле­рі­мен бір­ге Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның ау­ма­ғын­да ор­на­лас­қан Тұй­ма­зы Ом­бы Но­во­си­бирск 2 (ТОН-2) мұ­най құ­бы­ры­ның қа­зақ­стан­дық учас­ке­сі
3
Пав­ло­дар және Ақ­тө­бе әу­е­жай­ла­ры­ның қай­та жа­ңар­ту шең­бе­рін­де 006 «Әуе кө­лі­гі­нің ин­фра­құ­ры­лы­мын да­мы­ту» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен бө­лін­ген қа­ра­жат­қа са­тып алын­ған мүл­кі
4
«Қа­зақ-Бри­тан тех­ни­ка­лық уни­вер­си­те­ті» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның мем­ле­кет­тік ак­ци­я­лар па­ке­ті
5
«Пав­ло­дар мұ­най-хи­мия за­уы­ты» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның мем­ле­кет­тік ак­ци­я­лар па­ке­ті
6
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы, Өс­ке­мен қа­ла­сы, Қай­се­нов кө­ше­сі, 121 ме­кен­жай­ын­да ор­на­лас­қан ғи­ма­рат
7
Аты­рау қа­ла­сы, Абай кө­ше­сі, 6 ме­кен­жайы бой­ын­ша ор­на­лас­қан үш қа­бат­ты тұр­ғын үй­дің бүй­і­рін­де­гі «Қаз­поч­та» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның (бұ­дан әрі - «Қаз­поч­та» АҚ) Аты­рау об­лы­стық фи­ли­а­лы ор­на­лас­қан үй­дің бүй­і­рін­де­гі үй-жай
8
Аты­рау қа­ла­сы, Бе­лин­ский кө­ше­сі, 20 ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Аты­рау об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның № 6 қа­ла­лық поч­та бай­ла­ны­сы бө­лім­ше­сі (бұ­дан әрі - ҚПББ) ор­на­лас­қан үй-жай
9
Рид­дер қа­ла­сы, Ост­ров­ский кө­ше­сі, 70 ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның № 8 ҚПББ ор­на­лас­қан үй-жай
10
Өс­ке­мен қа­ла­сы, Пуш­кин кө­ше­сі, 32-2 ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның № 13 (33) ҚПББ ор­на­лас­қан үй-жай
11
Өс­ке­мен қа­ла­сы, Улья­нов­ская кө­ше­сі, 89 ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның № 8 (27) ҚПББ ор­на­лас­қан үй-жай
12
Өс­ке­мен қа­ла­сы, Мен­де­ле­ев кө­ше­сі, 9 ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның № 17 ҚПББ ор­на­лас­қан үй-жай
13
Өс­ке­мен қа­ла­сы, Го­голь кө­ше­сі, 34 ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның № 18 ҚПББ ор­на­лас­қан үй-жай
14
Өс­ке­мен қа­ла­сы, По­та­нин ке­ше­сі, 13 ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның № 3 (22) ҚПББ ор­на­лас­қан үй-жай
15
Өс­ке­мен қа­ла­сы, Эн­ту­зи­а­стар кө­ше­сі, 17 ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның № 14 ҚПББ ор­на­лас­қан үй-жай
16
Се­мей қа­ла­сы, Тель­ман кө­ше­сі, 162а ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның № 1 ҚПББ ор­на­лас­қан үй-жай
17
Се­мей қа­ла­сы, 35-квар­тал, 24 үй ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның № 7 ҚПББ ор­на­лас­қан үй-жай
18
Мо­ло­деж­ный по­сел­ке­сі, 6-үй, 61-пәтер ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның Улан поч­та бай­ла­ны­сы­ның аудан­дық то­ра­бы ор­на­лас­қан үй-жай
19
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы, Үр­жар ауда­ны, На­у­а­лы ауы­лы, Қа­бан­бай кө­ше­сі ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның На­у­а­лы поч­та бай­ла­ны­сы бө­лім­ше­сі (бұ­дан әрі - ПББ) ор­на­лас­қан ғи­ма­рат
20
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы, Үр­жар ауда­ны, Үр­жар ауы­лы, Сей­фул­лин кө­ше­сі, 4 ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның № 4 Үр­жар ПББ ор­на­лас­қан ме­ке­ме об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның Усть-Та­лов­ка ПББ ор­на­лас­қан ғи­ма­рат
21
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы, Ше­мо­наи­ха ауда­ны, Ок­тябрь­ское ауы­лы, Со­вет­ская кө­ше­сі, 3 ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның Ок­тябрь­ское ПББ ор­на­лас­қан үй-жай
22
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы, Ше­мой­нақ ауда­ны, Усть-Та­лов­ка аулы­ны, Школь­ная кө­ше­сі, 6 үй ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның Ок­тябрь­ское ПББ ор­на­лас­қан үй-жай
23
Ал­ма­ты об­лы­сы, Те­ке­лі қа­ла­сы, Абы­лай хан кө­ше­сі, 29 ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Ал­ма­ты об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның поч­та бай­ла­ны­сы­ның Те­ке­лі қа­ла­лық то­ра­бы ор­на­лас­қан ғи­ма­рат

Қолданыстағы