Кіру
Құжат мәтініне өту

О вопросах государственной собственности

Қаулы · № 2123 · қабылданған 15.12.2009
Заңдық күші: Қолданыста · 10.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-49369/on/2026-09-10/
Басып шығарылды 2026-09-10 · adilet.kz
О вопросах государственной собственности Қолданыста Қаулы ·№ 2123 ·15.12.2009
19.09.2014 редакциясы
10.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О вопросах государственной собственности

Қолданыста Қаулы ·№ 2123 · 10.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О вопросах государственной собственности
Атауы (қаз.)
Мемлекеттік меншік мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
2123
Қабылданған күні
15.12.2009
Көрсетілген редакция
19.09.2014 AI49369_4.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P090002123_
ЭКБ идентификаторы
49369
Редакция идентификаторы
AI49369_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:44

0 Мемлекеттік меншік мәселелері туралы

«Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 2-тармағына, «Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен екінші түріне беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 22 қаңтардағы № 81 қаулысына, «Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігінің индустриялық-инновациялық саясатты іске асырудағы оның үйлестіруші рөлін күшейту жөніндегі кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 шілдедегі № 1099 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қарағанды облысы әкімінің «Қарағандыгипрошахт және К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қатысудың 90 пайыз мөлшеріндегі мемлекеттік үлесін заңнамада белгіленген тәртіппен республикалық меншікке беру туралы ұсынысына келісім берілсін.

2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) Оңтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, осы қаулының 1-тармағында және осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген мүлікті қабылдап алу-беру жөніндегі қажетті іс-шараларды жүзеге асырсын;

2) республикалық меншікке берілгеннен кейін осы қаулының 1-тармағында және осы қаулыға 1-қосымшада көрсетілген мүлікті және осы қаулыға 2-қосымшада көрсетілген республикалық меншіктегі мүлікті «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамына (бұдан әрі - Қор) қарасты «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттык компаниясы», «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы», «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамдарының акциялар пакетінің орнына Қордың меншігіне беруді қамтамасыз етсін;

3) оларды мемлекеттік меншікке қабылдағаннан кейін осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген акционерлік қоғамдардың акциялар пакеттерін иелену мен пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігіне беруді қамтамасыз етсін;

4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай толықтырулар енгізілсін:

1) «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысына:

көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігіне» деген бөлім мынадай мазмұндағы 237-35, 237-36, 237-37, 237-38, 237-39, 237-40, 237-41, 237-42-жолдармен толықтырылсын:
«237-35. «Жетісу» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
237-36. «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
237-37. «Сарыарқа» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
237-38. «Тобыл» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
237-39. «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
237-40. «Батыс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
237-41. «Каспий» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы;
237-42. «Ұлттық инновациялық қор» акционерлік қоғамы»;

2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.09.2014 № 995 қаулысымен.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

1 Республикалық меншікке берілетін, кейіннен Қордың меншігіне берілетін коммуналдық меншіктегі мүлік

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2123 қаулысына
1-қосымша
Республикалық меншікке берілетін, кейіннен Қордың меншігіне берілетін коммуналдық меншіктегі мүлік
Р/с

Мү­лік­тің ата­уы
1
2
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы бой­ын­ша
1
Те­мір жол вок­зал­да­ры­ның жо­ла­у­шы­лар плат­фор­ма­ла­ры
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша
2
Мы­на ме­кен­жай бой­ын­ша ор­на­лас­қан № 3, № 9, № 17, № 18, № 19, № 20, № 23, № 26, № 33, № 40 пәтер­лер­ді қо­с­па­ған­да, бес қа­бат­ты тұр­ғын үй: Оң­тү­стiк Қа­зақ­стан об­лы­сы, Со­зақ ауда­ны, Та­у­кент ауы­лы, № 154 үй
3
Мы­на ме­кен­жай бой­ын­ша ор­на­лас­қан бес қа­бат­ты тұр­ғын үй­дің аяқ­тал­ма­ған құ­ры­лы­сы: Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы, Со­зақ ауда­ны, Та­у­кент ауы­лы, № 155 үй
4
Мы­на ме­кен­жай бой­ын­ша ор­на­лас­қан бес қа­бат­ты тұр­ғын үй­дің аяқ­тал­ма­ған құ­ры­лы­сы: Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы, Со­зақ ауда­ны, Та­у­кент ауы­лы, № 2 үй

2 Қор меншігіне берілетін республикалық меншіктегі мүлік

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 15 желтоқсандағы
№ 2123 қаулысына
2-қосымша
Қор меншігіне берілетін республикалық меншіктегі мүлік
Р/с

Мү­лік­тің ата­уы
1
2
1
Жам­был және Ақ­тө­бе об­лы­ста­ры­ның ау­ма­ғын­да ор­на­лас­қан жо­ға­ры, ор­та­ша және тө­мен қы­сым­ды газ құ­быр­ла­ры мен олар­ға іле­спе­лі құ­ры­лы­стар
2
Іле­спе­лі ин­фра­құ­ры­лым объ­ек­ті­ле­рі­мен және осы ин­фра­құ­ры­лым объ­ек­ті­ле­рін ор­на­ла­сты­ру­ға бө­лін­ген жер учас­ке­ле­рі­мен бір­ге Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы­ның ау­ма­ғын­да ор­на­лас­қан Тұй­ма­зы Ом­бы Но­во­си­бирск 2 (ТОН-2) мұ­най құ­бы­ры­ның қа­зақ­стан­дық учас­ке­сі
3
Пав­ло­дар және Ақ­тө­бе әу­е­жай­ла­ры­ның қай­та жа­ңар­ту шең­бе­рін­де 006 «Әуе кө­лі­гі­нің ин­фра­құ­ры­лы­мын да­мы­ту» бағ­дар­ла­ма­сы бой­ын­ша рес­пуб­ли­ка­лық бюд­жет­тен бө­лін­ген қа­ра­жат­қа са­тып алын­ған мүл­кі
4
«Қа­зақ-Бри­тан тех­ни­ка­лық уни­вер­си­те­ті» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның мем­ле­кет­тік ак­ци­я­лар па­ке­ті
5
«Пав­ло­дар мұ­най-хи­мия за­уы­ты» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның мем­ле­кет­тік ак­ци­я­лар па­ке­ті
6
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы, Өс­ке­мен қа­ла­сы, Қай­се­нов кө­ше­сі, 121 ме­кен­жай­ын­да ор­на­лас­қан ғи­ма­рат
7
Аты­рау қа­ла­сы, Абай кө­ше­сі, 6 ме­кен­жайы бой­ын­ша ор­на­лас­қан үш қа­бат­ты тұр­ғын үй­дің бүй­і­рін­де­гі «Қаз­поч­та» ак­ци­о­нер­лік қо­ға­мы­ның (бұ­дан әрі - «Қаз­поч­та» АҚ) Аты­рау об­лы­стық фи­ли­а­лы ор­на­лас­қан үй­дің бүй­і­рін­де­гі үй-жай
8
Аты­рау қа­ла­сы, Бе­лин­ский кө­ше­сі, 20 ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Аты­рау об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның № 6 қа­ла­лық поч­та бай­ла­ны­сы бө­лім­ше­сі (бұ­дан әрі - ҚПББ) ор­на­лас­қан үй-жай
9
Рид­дер қа­ла­сы, Ост­ров­ский кө­ше­сі, 70 ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның № 8 ҚПББ ор­на­лас­қан үй-жай
10
Өс­ке­мен қа­ла­сы, Пуш­кин кө­ше­сі, 32-2 ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның № 13 (33) ҚПББ ор­на­лас­қан үй-жай
11
Өс­ке­мен қа­ла­сы, Улья­нов­ская кө­ше­сі, 89 ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның № 8 (27) ҚПББ ор­на­лас­қан үй-жай
12
Өс­ке­мен қа­ла­сы, Мен­де­ле­ев кө­ше­сі, 9 ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның № 17 ҚПББ ор­на­лас­қан үй-жай
13
Өс­ке­мен қа­ла­сы, Го­голь кө­ше­сі, 34 ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның № 18 ҚПББ ор­на­лас­қан үй-жай
14
Өс­ке­мен қа­ла­сы, По­та­нин ке­ше­сі, 13 ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның № 3 (22) ҚПББ ор­на­лас­қан үй-жай
15
Өс­ке­мен қа­ла­сы, Эн­ту­зи­а­стар кө­ше­сі, 17 ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның № 14 ҚПББ ор­на­лас­қан үй-жай
16
Се­мей қа­ла­сы, Тель­ман кө­ше­сі, 162а ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның № 1 ҚПББ ор­на­лас­қан үй-жай
17
Се­мей қа­ла­сы, 35-квар­тал, 24 үй ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның № 7 ҚПББ ор­на­лас­қан үй-жай
18
Мо­ло­деж­ный по­сел­ке­сі, 6-үй, 61-пәтер ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның Улан поч­та бай­ла­ны­сы­ның аудан­дық то­ра­бы ор­на­лас­қан үй-жай
19
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы, Үр­жар ауда­ны, На­у­а­лы ауы­лы, Қа­бан­бай кө­ше­сі ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның На­у­а­лы поч­та бай­ла­ны­сы бө­лім­ше­сі (бұ­дан әрі - ПББ) ор­на­лас­қан ғи­ма­рат
20
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы, Үр­жар ауда­ны, Үр­жар ауы­лы, Сей­фул­лин кө­ше­сі, 4 ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның № 4 Үр­жар ПББ ор­на­лас­қан ме­ке­ме об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның Усть-Та­лов­ка ПББ ор­на­лас­қан ғи­ма­рат
21
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы, Ше­мо­наи­ха ауда­ны, Ок­тябрь­ское ауы­лы, Со­вет­ская кө­ше­сі, 3 ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның Ок­тябрь­ское ПББ ор­на­лас­қан үй-жай
22
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы, Ше­мой­нақ ауда­ны, Усть-Та­лов­ка аулы­ны, Школь­ная кө­ше­сі, 6 үй ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның Ок­тябрь­ское ПББ ор­на­лас­қан үй-жай
23
Ал­ма­ты об­лы­сы, Те­ке­лі қа­ла­сы, Абы­лай хан кө­ше­сі, 29 ме­кен­жайы бой­ын­ша «Қаз­поч­та» АҚ-ның Ал­ма­ты об­лы­стық фи­ли­а­лы­ның поч­та бай­ла­ны­сы­ның Те­ке­лі қа­ла­лық то­ра­бы ор­на­лас­қан ғи­ма­рат

Қолданыстағы