О Правилах присвоения звания «Астана қаласының құрметті азаматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О Правилах присвоения звания «Астана қаласының құрметті азаматы»
- Атауы (қаз.)
- "Астана қаласының құрметті азаматы" атағын беру Қағидасы туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 257/39-IV
- Қабылданған күні
- 06.11.2009
- Көрсетілген редакция
- 30.06.2023 49382_647726.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.06.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09A000606_
- ЭКБ идентификаторы
- 49382
- Редакция идентификаторы
- 49382_647726
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:04
0 «Астана қаласының құрметті азаматы» атағын беру Қағидасы туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңның 6-бабының 1-тармағының 12-2) тармақшасын және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Заңның 4-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Қоса берілген «Астана қаласының құрметті азаматы» атағын беру Қағидасы бекітілсін.
2 2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 «Астана қаласының құрметті азаматы» атағын беру Қағидасы
Астана қаласы
мәслихатының
2009 жылғы 6 қарашадағы
№ 257/39-IV шешімімен
бекітілген
«Астана қаласының құрметті азаматы» атағын беру Қағидасы
1 1. Жалпы қағидалар
1 1. Осы «Астана қаласының құрметті азаматы» атағын беру қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және «Астана қаласының құрметті азаматы» атағын беру тәртібін реттейді.
2 2. Астана қаласының құрметті азаматы» атағы (бұдан әрі – Атақ):
қаланың экономикасын, ғылымын және мәдениетін, өнерін, білімін, денсаулық сақтау және әлеуметтік салаларын дамытуға қомақты үлес қосқаны;
мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі, демократиялық, жариялылық және әлеуметтік прогресс, рухани және интеллектуалдық әлеуетін дамытуға қосқан еңбегі;
спортта, мемлекеттік және әскери қызметте жеткен жетістігі;
қайырымдылық қызметі және мейірмандылығы;
халықаралық келісім мен қоғамдық тұрақтылықты, бейбітшілікті, халықтар арасында достық пен ынтымақтастықты нығайту жөніндегі жемісті жұмысы;
азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөніндегі белсенді қызметі.
3 3. Атақ Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік азаматтарға беріледі. Атақ Астана қаласының аумағында тұрмайтын адамдарға берілуі мүмкін.
2 2. Атақ беру тәртібі
4
4. Атақ беру туралы өтінімді аудан әкімдері және қалалық әкімдік, еңбек және шығармашылық ұжымдар, қоғамдық және діни бірлестіктер, жеке және заңды тұлғалар, өзге де топтар бастамашылық етуі мүмкін. Өтінімге тиісті басшы қол қояды. Өтінімде кандидатураның негізгі биографиялық деректері, растайтын құжаттары қоса берілген оның жетістіктерінің және қалаға сіңірген еңбегінің қысқаша сипаттамасы көрсетіледі.