Об изменениях в административно-территориальном устройстве Костанайской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменениях в административно-территориальном устройстве Костанайской области
- Атауы (қаз.)
- Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 241
- Қабылданған күні
- 20.11.2009
- Көрсетілген редакция
- 04.07.2014 49388_144932.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.07.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09N0003698
- ЭКБ идентификаторы
- 49388
- Редакция идентификаторы
- 49388_144932
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 10:00
0 Қостанай облысының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы
"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 2, 8 және 11-баптарына, 3-бабының 6) тармақшасына сәйкес және аудандық өкілетті және атқарушы органдардың пікірін есекере отырып Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қостанай облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Барлық тұрғындардың көшіп кетуіне және қоныс аударуына байланысты мына елді мекендер таратылсын:
Алтынсарин ауданы Докучаев ауылдық округінің Беляевка ауылы,
Алтынсарин ауданы Лермонтов ауылдық округінің Лихачевка ауылы,
Амангелді ауданы Қабырға ауылдық округінің Бестам ауылы,
Арқалық қаласы Целинный ауылдық округінің Бектас ауылы,
Әулиекөл ауданы Москалев ауылдық округінің Валентиновка ауылы,
Әулиекөл ауданы Тимофеев ауылдық округінің Ноғайкөл ауылы,
Амангелді ауданы Үрпек ауылдық округінің Рахмет ауылы,
Әулиекөл ауданы Чернышевский ауылдық округінің Тастемір ауылы,
Әулиекөл ауданы Тимофеев ауылдық округінің Үшқамыс ауылы,
Әулиекөл ауданы Чернышевский ауылдық округінің Шолақтерек ауылы,
Денисов ауданы Тобыл ауылдық округінің Жданов ауылы,
Қамысты ауданы Орқаш ауылдық округінің Жолшара ауылы,
Қамысты ауданы Арқа ауылдық округінің Үшкөл ауылы,
Қарасу ауданы Железнодорожный ауылдық округінің Жаркөл ауылы,
Қарасу ауданы Новоселов ауылдық округінің Святогорка ауылы,
Қарасу ауданы Черняев ауылдық округінің Коновниценка ауылы,
Меңдіқара ауданы Қарақоға ауылдық округінің Жапалақ ауылы,
Меңдіқара ауданы Борков ауылдық округінің Құмтөбе ауылы,
Меңдіқара ауданы Ломоносов ауылдық округінің Ораз ауылы,
Науырзым ауданы Мереке ауылдық округінің Бестамақ ауылы,
Науырзым ауданы Науырзым ауылдық округінің Егінсай ауылы,
Сарыкөл ауданы Барвинов ауылдық округінің Минское ауылы,
Таран ауданы Колосовский ауылдық округінің Екатериновка ауылы,
Таран ауданы Калинин ауылдық округінің Елтай ауылы,
Таран ауданы Белинский ауылдық округінің Қарасор ауылы,
Таран ауданы Евгеновский ауылдық округінің Луговой ауылы,
Таран ауданы Нелюбин ауылдық округінің Мариновка ауылы,
Таран ауданы Павлов ауылдық округінің Наталов ауылы,
Таран ауданы Евгеновский ауылдық округінің Покров ауылы,
Таран ауданы Асенкритов ауылдық округінің Таран станциясы,
Таран ауданы Үшсор ауылдық округінің Шаракөл ауылы,
Ұзынкөл ауданы Ряжский ауылдық округінің Амангелді ауылы,
Ұзынкөл ауданы Федоров ауылдық округінің Энгельс ауылы,
Федоров ауданы Шаңдақ ауылдық округінің Арал ауылы,
Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің Заринское ауылы,
Федоров ауданы Қосарал ауылдық округінің Новостройка ауылы,
Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің Степное ауылы,
Федоров ауданы Пешков ауылдық округінің Тельмановка ауылы.
2 2. Тұрғындар саны 50-ден кем мына ауылдар таратылсын:
Қостанай ауданы Москва ауылдық округінің Қоскөл ауылы,
Қостанай ауданы Ульянов ауылдық округінің Ломоносов ауылы,
Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің Жаңғыр ауылы,
Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округінің Озерное ауылы,
Федоров ауданы Ленин ауылдық округінің Новое ауылы,
Федоров ауданы Пешков ауылдық округінің Новоборисовка ауылы,
Федоров ауданы Украин ауылдық округінің Дмитриевка ауылы,
Федоров ауданы Украин ауылдық округінің Домбарка ауылы.
3 3. Таратылған елді мекендер енгізілсін:
Қоскөл ауылы Қостанай ауданы Москва ауылдық округінің Москва ауылының құрамына,
Ломоносов ауылы Қостанай ауданы Ульянов ауылдық округінің Ульянов ауылының құрамына,
Жаңғыр ауылы Федоров ауданы Камышин ауылдық округінің Қамысты Шаңдақ ауылының құрамына,
Озерное ауылы Федоров ауданы Қоржынкөл ауылдық округінің Лесное ауылының құрамына,
Новое ауылы Федоров ауданы Ленин ауылдық округінің Жаңақой ауылының құрамына,
Новоборисовка ауылы Федоров ауданы Пешков ауылдық округінің Пешков ауылының құрамына,
Дмитриевка ауылы Федоров ауданы Украин ауылдық округінің Дубровка ауылының құрамына,
Домбарка ауылы Федоров ауданы Украин ауылдық округінің Дубровка ауылының құрамына.
4 4. Әулиекөл ауданы Чернышевский ауылдық округі Первомай ауылы болып,Қамысты ауданы Арқа ауылдық округі Арқа ауылы болып,
Таран ауданы Евгеновский ауылдық округі Евгенов ауылы болып,
Таран ауданы Колосовский ауылдық округі Приозерный ауылы болып қайта құрылсын.
5 5. Құрылсын:
Әулиекөл ауданының ауылдық округі оның құрамына Аманқарағай, Жилгородок, Лесной, Озерный, Торғай бұғазы ауылдарының аумақтары енгізіле отырып, олардың жер пайдалану шекаралары шегінде әкімшілік орталығы Аманқарағай ауылында,
алынып тасталды.
6 6. Жаңадан құрылған ауылдық округтерге мынадай атаулар берілсін:
Әулиекөл ауданының Аманқарағай ауылдық округі,
алынып тасталды.
7 7. Ауылдар санатына жатқызылсын:
Әулиекөл ауданының Аманқарағай кенті,
алынып тасталды,
Меңдіқара ауданының Боровской кенті,
Федоров ауданының Федоровка кенті.
8 8. Қостанай облыстық мәслихатының және Қостанай облысы әкімдігінің бірлескен шешімдері қосымшаға сәйкес жойылсын.
9 9. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
10 2009 жылғы 20 қарашадағы
№ 241/8 бр мәслихатының
шешіміне және қаулысына
қосымша