Қолданыстағы ред. 25.11.2009

Көшелерге ат қою туралы от 25.11.2009 г. № 26 (Көшелерге ат қою туралы)

0

Көшелерге ат қою туралы
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Қ.Тұрысбеков ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Қ. Тұрысбеков ауылдық округіне қарасты:
Ақберді елді мекенінің орталығындағы атауы жоқ көше Маймақов Мұратбек көшесі;
Пішентөбе елді мекенінің орталығындағы атауы жоқ көше Пішентөбе көшесі;
Бимырза елді мекенінің орталығындағы атауы жоқ көше Бимырза көшесі;
Қуанқұдық елді мекенінің орталығындағы атауы жоқ көше Қуанқұдық көшесі;
Бозай елді мекенінің орталығындағы атауы жоқ көше Бозай көшесі деп аталсын.

2

2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.