Көшелерге ат қою туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көшелерге ат қою туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Заңының 14 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Қ.Тұрысбеков ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Қ. Тұрысбеков ауылдық округіне қарасты: Ақберді елді мекенінің орталығындағы атауы жоқ көше Маймақов Мұратбек көшесі; Пішентөбе елді мекенінің орталығындағы атауы жоқ көше Пішентөбе көшесі; Бимырза елді мекенінің орталығындағы атауы жоқ көше Бимырза көшесі; Қуанқұдық елді мекенінің орталығындағы атауы жоқ көше Қуанқұдық көшесі; Бозай елді мекенінің орталығындағы атауы жоқ көше Бозай көшесі деп аталсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.