Қолданыстағы ред. 09.11.2009

Жаңақазан ауылдық округі Жуалыой, Әйіпсай елді-мекендеріне көше атауларын беру туралы от 09.11.2009 г. № 10 (Жаңақазан ауылдық округі Жуалыой, Әйіпсай елді-мекендеріне көше атауларын беру туралы)

0

Жаңақазан ауылдық округі Жуалыой, Әйіпсай елді-мекендеріне көше атауларын беру туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Жаңақазан ауылдық округі Жуалыой елді-мекенінің тұрғындарының 2009 жылдың 27 қазандағы N 1, Әйіпсай елді мекенінің тұрғындарының 2009 жылдың 28 қазандағы N 2 жиналыстарының және 2009 жылдың 29 қазандағы Жаңақала аудандық ономастикалық комиссиясының отырысының N 2 хаттамаларына қарап ШЕШІМ ЕТЕМІН:

1

1. Жаңақазан ауылдық округі Жуалыой елді-мекені бойынша мектеп орналасқан көшеге Файзолла Қошқарбаевтің, екінші ортадағы көшеге Бақыт Шернияздің, ауыл шетіндегі көшеге Жуалыой атаулары берілсін.

2

2. Жаңақазан ауылдық округі Әйіпсай елді-мекені көшесіне Әйіпсай атауы берілсін.

3

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.

4

4. Осы шешімнің орындалуын бақылауға алуды өзіме қалдырамын.