Жаңақазан ауылдық округі Жуалыой, Әйіпсай елді-мекендеріне көше атауларын беру туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңақазан ауылдық округі Жуалыой, Әйіпсай елді-мекендеріне көше атауларын беру туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы", "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылыс туралы" Заңдарын басшылыққа алып, Жаңақазан ауылдық округі Жуалыой елді-мекенінің тұрғындарының 2009 жылдың 27 қазандағы N 1, Әйіпсай елді мекенінің тұрғындарының 2009 жылдың 28 қазандағы N 2 жиналыстарының және 2009 жылдың 29 қазандағы Жаңақала аудандық ономастикалық комиссиясының отырысының N 2 хаттамаларына қарап ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Жаңақазан ауылдық округі Жуалыой елді-мекені бойынша мектеп орналасқан көшеге Файзолла Қошқарбаевтің, екінші ортадағы көшеге Бақыт Шернияздің, ауыл шетіндегі көшеге Жуалыой атаулары берілсін.
Тармақ 2
2. Жаңақазан ауылдық округі Әйіпсай елді-мекені көшесіне Әйіпсай атауы берілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілсін.
Тармақ 4
4. Осы шешімнің орындалуын бақылауға алуды өзіме қалдырамын.