Қолданыстағы ред. 26.11.2009

Талдықорған қаласы Еркін ауылы көшелеріне ат қою және олардың атын өзгерту туралы от 26.11.2009 г. № 27-872 (Талдықорған қаласы Еркін ауылы көшелеріне ат қою және олардың атын өзгерту туралы)

0

Талдықорған қаласы Еркін ауылы көшелеріне ат қою және олардың атын өзгерту туралы
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Талдықорған қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Еркін ауылы Көктал тұрғын ауданының көшелеріне келесі аттар қойылсын:
N 1 көшесіне - "Күреңбел";
N 2 көшесіне - "Дауылды";
N 3 көшесіне - "Көкбастау";
N 4 көшесіне - "Сатылы";
N 5 көшесіне - "Қарашоқы";
N 6 көшесіне - "Жусанды";
N 7 көшесіне - "Келешек";
N 8 көшесіне - "Шалқар";
N 9 көшесіне - "Жағалау";
N 10 көшесіне - "Атшабар";
N 11 көшесіне - "Ойтоған";
N 12 көшесіне - "Теректі";
N 13 көшесіне - "Таңбалытас";
N 14 көшесіне - "Тамшы";
N 15 көшесіне - "Долана";
N 16 көшесіне - "Көктөбе";
N 17 көшесіне - "Талды";
N 18 көшесіне - "Арша";
N 19 көшесіне - "Жаңалық";
N 20 көшесіне - "Балбырауын";
N 21 көшесіне - "Қоғалы";
N 22 көшесіне - "Табиғат".

2

2. Еркін ауылының келесі көшелерінің аттары өзгертілсін:
"Лесная" көшесі - "Болашақ" көшесіне;
"Транспортная" көшесі - "Қарасу" көшесіне;
"Заречная" көшесі - "Бұлақты" көшесіне;
"Клубная" көшесі - "Береке" көшесіне;
"Полевая" көшесі - "Балықты" көшесіне;
"40 лет победы" көшесі - "Жеңіс" көшесіне;
"Комсомол" көшесі - "Бесшатыр" көшесіне.

3

3. Еркін ауылы Көктал тұрғын ауданы көшелерінің аттары өзгертілсін:
"Мира" көшесі - "Үлгілі" көшесіне;
"Юбилейная" көшесі - "Азат" көшесіне.

4

4. Еркін ауылының 3 бөлімшесі көшелерінің аттары өзгертілсін:
"Крижановского" көшесі - "Шұғыла" көшесіне;
"Вишневский" көшесі - "Көкбастау" көшесіне;
"Лавочкина" көшесі - "Майтөбе" көшесіне;
"Арычная" - "Раушан" көшесіне;
"Степная" - "Жазық" көшесіне;

5

5. "Талдықорған қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М. Қалиев) көшелерді атауы және оларды қайта атау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етсін.

6

6. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Көлбаевқа және қалалық мәслихаттың жастармен жұмыс, халықтың денсаулығын қорғау, білім және мәдениет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Ғ. Әбішева).

7

7. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.