Талдықорған қаласы Еркін ауылы көшелеріне ат қою және олардың атын өзгерту туралы Қолданыста

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Талдықорған қаласы Еркін ауылы көшелеріне ат қою және олардың атын өзгерту туралы Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-тармақшасына, 31-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 13-бабының 4) және 5) тармақшаларына сәйкес тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Талдықорған қаласы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Талдықорған қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Еркін ауылы Көктал тұрғын ауданының көшелеріне келесі аттар қойылсын: N 1 көшесіне - "Күреңбел"; N 2 көшесіне - "Дауылды"; N 3 көшесіне - "Көкбастау"; N 4 көшесіне - "Сатылы"; N 5 көшесіне - "Қарашоқы"; N 6 көшесіне - "Жусанды"; N 7 көшесіне - "Келешек"; N 8 көшесіне - "Шалқар"; N 9 көшесіне - "Жағалау"; N 10 көшесіне - "Атшабар"; N 11 көшесіне - "Ойтоған"; N 12 көшесіне - "Теректі"; N 13 көшесіне - "Таңбалытас"; N 14 көшесіне - "Тамшы"; N 15 көшесіне - "Долана"; N 16 көшесіне - "Көктөбе"; N 17 көшесіне - "Талды"; N 18 көшесіне - "Арша"; N 19 көшесіне - "Жаңалық"; N 20 көшесіне - "Балбырауын"; N 21 көшесіне - "Қоғалы"; N 22 көшесіне - "Табиғат".
Тармақ 2
2. Еркін ауылының келесі көшелерінің аттары өзгертілсін: "Лесная" көшесі - "Болашақ" көшесіне; "Транспортная" көшесі - "Қарасу" көшесіне; "Заречная" көшесі - "Бұлақты" көшесіне; "Клубная" көшесі - "Береке" көшесіне; "Полевая" көшесі - "Балықты" көшесіне; "40 лет победы" көшесі - "Жеңіс" көшесіне; "Комсомол" көшесі - "Бесшатыр" көшесіне.
Тармақ 3
3. Еркін ауылы Көктал тұрғын ауданы көшелерінің аттары өзгертілсін: "Мира" көшесі - "Үлгілі" көшесіне; "Юбилейная" көшесі - "Азат" көшесіне.
Тармақ 4
4. Еркін ауылының 3 бөлімшесі көшелерінің аттары өзгертілсін: "Крижановского" көшесі - "Шұғыла" көшесіне; "Вишневский" көшесі - "Көкбастау" көшесіне; "Лавочкина" көшесі - "Майтөбе" көшесіне; "Арычная" - "Раушан" көшесіне; "Степная" - "Жазық" көшесіне;
Тармақ 5
5. "Талдықорған қаласының тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесі (М. Қалиев) көшелерді атауы және оларды қайта атау жөніндегі жұмыстардың орындалуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы бірлескен қаулы мен шешімнің орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М.Көлбаевқа және қалалық мәслихаттың жастармен жұмыс, халықтың денсаулығын қорғау, білім және мәдениет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (Ғ. Әбішева).
Тармақ 7
7. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.