Құжат мәтініне өту

Сырдария ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Өзге акт · № 17 · қабылданған 10.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-49495/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
Сырдария ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы Күшін жойған Өзге акт ·№ 17 ·10.12.2009
23.11.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.11.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Сырдария ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Күшін жойған Өзге акт ·№ 17 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Сырдария ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы
Атауы (қаз.)
Сырдария ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
17
Қабылданған күні
10.12.2009
Көрсетілген редакция
23.11.2010 · қолданыстағы 49495_213386.kaz
Соңғы өзгеріс
23.11.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09LH000105
ЭКБ идентификаторы
49495
Редакция идентификаторы
49495_213386
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:48

0 Сырдария ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабына және "Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 17 бабына сәйкес ШЕШЕМІН:

1

1. "Сырдария ауданының Қорғаныс істері жөніндегі бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (М.Сүлейменов келісім бойынша) тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын еркек жынысты азаматтарды әскери есепке қою үшін тіркеуді жүргізетін аудандық шақыру учаскесіне тіркеуді 2010 жылдың қаңтар-наурыз айларында ұйымдастыру ұсынылсын.

2 2. Тереңөзек кенті және ауылдық округі әкімдері аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесіп азаматтарды есепке алу, азаматтардың аудандық шақыру учаскесіне есепке тұруы үшін уақытылы және дер кезінде келуін қамтамасыз етсін.

3

3. "Сырдария аудандық ішкі істер бөлімі" мемлекеттік мекемесіне (Е.Рзағазиев, келісім бойынша) тіркеуді жүргізу кезінде аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөлімімен бірлесіп, аудандық шақыру учаскесінде қоғамдық тәртіптің сақталуын және азаматтардың шақыру учаскесіне келуін бақылау жасап, тіркеуден бас тарту әрекеттерін болдырмау жөнінде шаралар қабылдау ұсынылсын.

4 4. "Сырдария аудандық емханасы" мемлекеттік мекемесіне (С.Ерімбет, келісім бойынша) аудандық шақыру учаскесінде азаматтарды медициналық тексеруден өткізу үшін арнайы маман-дәрігерлер бөліп, қажетті дәрі-дәрмек, құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету ұсынылсын.

5 5. "Аудандық білім бөлімі" мемлекеттік мекемесі Б.Сүюбаева және "N 10 кәсіптік лицей" мемлекеттік мекемесі (Ғ.Үдербаев келісім бойынша);

1 1) әскер жасына дейінгі азаматтарды әскери есепке тұруына байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа оқудан босатуды;

2 2) тіркеуге жататын азаматтарға оларды аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне шақыру туралы хабарлауды және осы шақыру бойынша олардың уақытында келуін қамтамасыз ету ұсынылсын.

6

6. "Сырдария аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қаңтар-наурыз айларында азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеу жұмыстарына көмек көрсету үшін 4 жұмыссыз азаматтарды Сырдария аудандық Қорғаныс істері жөніндегі бөліміне жіберу арқылы ақы төленетін қоғамдық жұмыстарды ұйымдастырсын.

7 7. Аудан әкімінің 2008 жылғы 25 желтоқсандағы "Сырдария ауданы бойынша азаматтарды шақыру учаскесіне тіркеуді ұйымдастыру туралы" N 18 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

8 8. Осы шешімінің орындалуын бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары Е.Әжікеновке жүктелсін.

9 9. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы