Об утверждении Правил, сроков согласования и утверждения технико-экономических обоснований и проектов строительства объектов по использованию возобновляемых источников энергии для целей теплоснабжения
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил, сроков согласования и утверждения технико-экономических обоснований и проектов строительства объектов по использованию возобновляемых источников энергии для целей теплоснабжения
- Атауы (қаз.)
- Жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салудың техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобаларын келісу және бекіту қағидаларын, мерзімдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2190
- Қабылданған күні
- 25.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 23.06.2015 AI49515_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P090002190_
- ЭКБ идентификаторы
- 49515
- Редакция идентификаторы
- AI49515_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:32
0 Жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салудың техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобаларын келісу және бекіту қағидаларын, мерзімдерін бекіту туралы
«Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 шілдедегі Заңының 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салудың техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобаларын келісу және бекіту қағидалары, мерзімдері бекітілсін.
2 2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салудың техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобаларын келісу және бекіту қағидалары, мерзімдері
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 2190 қаулысымен
бекітілген
Жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салудың техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобаларын келісу және бекіту қағидалары, мерзімдері
1 1. Жалпы ережелер
1
1. Осы Жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерінің пайдалану объектілерін салудың техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобаларын келісу және бекіту қағидалары, мерзімдері (бұдан әрі - Қағидалар) «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» 2009 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді және жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салудың техникалық-экономикалық негіздемелері мен жобаларын келісу және бекіту тәртібін, мерзімдерін белгілейді.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1
1) жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі - жаңартылатын энергия көздерін пайдалана отырып, электр және (немесе) жылу энергиясын өндіруге арналған техникалық құрылғылар және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін игеру үшін технологиялық тұрғыдан қажетті және жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі меншік иесінің теңгеріміндегі, олармен өзара байланысты құрылыстар мен инфрақұрылым;
2 2) тапсырыс беруші (инвестор) - жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салуды жүзеге асыру ниеті бар жеке немесе заңды тұлға;
3
3) жобалардың мемлекеттік сараптамасы (бұдан әрі - мемсараптама) - Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын жүзеге асыратын салу жобаларын (жобалау алдындағы немесе жобалау-сметалық құжаттамасын) міндетті түрде кешенді бағалау;
4 4) жылу желісі - жылу энергиясын беруге, таратуға арналған құрылғылар жиынтығы.
3 3. Осы Қағидалардың әрекеті республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу жобаларына қолданылмайды.
2 2. Жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салудың техникалық-экономикалық негіздемелерін келісу және бекіту тәртібі, мерзімдері
4 4. Тапсырыс беруші (инвестор) жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салудың техникалық-экономикалық негіздемесін (бұдан әрі - техникалық-экономикалық негіздеме) әзірлегеннен кейін мынадай кезеңдерді қамтитын оны келісу рәсімін жүргізеді:
1 1) техникалық-экономикалық негіздемеге санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарынан халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу;
2
2) техникалық-экономикалық негіздемеге мемлекеттік экологиялық сараптама объектісінің санатына байланысты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органынан (бұдан әрі - жергілікті атқарушы орган) мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алу;
3 3) техникалық-экономикалық негіздемеге мемсараптаманың оң қорытындысын алу.
5
5. Тапсырыс берушінің (инвестордың) техникалық-экономикалық негіздемеге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны алуы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 62-бабының 2-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
6 6. Тапсырыс берушінің (инвестордың) техникалық-экономикалық негіздемеге мемлекеттік экологиялық сараптаманы алуы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 49-бабының 2-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
7
7. Тапсырыс берушінің (инвестордың) техникалық-экономикалық негіздемеге мемсараптама алуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
8
8. Тапсырыс беруші (инвестор) техникалық-экономикалық негіздемеге халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыны, техникалық-экономикалық негіздемеге мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын және техникалық-экономикалық негіздемеге мемсараптаманың оң қорытындысын алғаннан кейін күнтізбелік отыз күн ішінде техникалық-экономикалық негіздемені бекітеді.
3 3. Жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін салу жобасын келісу және бекіту тәртібі, мерзімдері
9 9. Тапсырыс беруші (инвестор) жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жобасын (бұдан әрі - салу жобасы) әзірлегеннен кейін мынадай кезеңдерді қамтитын оны келісу рәсімін жүргізеді:
1 1) салу жобасына санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарынан халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды алу;
2 2) салу жобасына мемлекеттік экологиялық сараптама объектісінің санатына байланысты қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органнан немесе жергілікті атқарушы органнан мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алу;
3 3) салу жобасына мемсараптаманың оң қорытындысын алу;
4 4) салу жобасын аумағында жылумен жабдықтау мақсаттары үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісін салу жоспарланатын жергілікті атқарушы органмен келісу.
10
10. Тапсырыс берушінің (инвестордың) салу жобасына халықтыңсанитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы нормативтікқұқықтық актілерге сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялыққорытындыны алуы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесітуралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 62-бабының 2-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
11 11. Тапсырыс берушінің (инвестордың) салу жобасына мемлекеттік экологиялық сараптаманы алуы 2007 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі 49-бабының 2-тармағында көзделген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
12
12. Тапсырыс берушінің (инвестордың) салу жобасына мемсараптама алуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 19 тамыздағы № 918 қаулысымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан құрылысқа арналған жобалау алдындағы (техника-экономикалық негіздемелер) және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамаға сараптама жүргізу, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялар есебінен салынып жатқан жобаларды бекіту ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.