Құжат мәтініне өту

О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения

Өзге акт · № 301 · қабылданған 23.12.2009
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-49532/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения Күшін жойған Өзге акт ·№ 301 ·23.12.2009
30.03.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.03.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения

Күшін жойған Өзге акт ·№ 301 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О льготном проезде на внутригородском общественном транспорте (кроме такси) учащихся очной формы обучения
Атауы (қаз.)
Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала iшiндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
301
Қабылданған күні
23.12.2009
Көрсетілген редакция
30.03.2011 AI49532_4.kaz
Соңғы өзгеріс
30.03.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V09KA000107
ЭКБ идентификаторы
49532
Редакция идентификаторы
AI49532_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 09:38

0 Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала iшiндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүруі туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 1 тармағының 2 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 7 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы" Заңының 6 бабының 4 тармақшасына сәйкес, Қарағанды қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

1 1. Қарағанды қаласы оқушыларының келесі санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жол жүру 2010 жылға, 2011 жылғы бірінші және екінші тоқсандарына белгіленсін:

1 1) Қарағанды қаласының жалпы білім беретін оқу орындарының бірінші сыныптан сегізінші сыныпқа дейінгі оқушыларын қосып алғанда – тегін жүру (2010 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейінгі және 2011 жылдың 1 маусымынан 30 маусымына дейін жаз мезгілін алып тастағанда);

2

2) жалпы білім беретін оқу орындарының, кәсіптік лицейлердің тоғызыншы сыныптан он бірінші сыныпқа дейінгі оқушыларына, колледждердің оқушыларына (тоғызыншы сыныптың негізінде біріншіден екінші курсқа дейін) оқушының жол жүру билетін сатып алғанда немесе қазіргі тарифтің 50 % төлеген жағдайда (2010 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейінгі және 2011 жылдың 1 маусымынан 30 маусымына дейін жаз мезгілін алып тастағанда);

3

3) барлық меншік түріндегі кәсіптік лицейлерде, колледждерде (он бірінші сыныптың негізінде) және жоғарғы оқу орындарының күндізгі оқу нысанында оқитын тұлғаларға жол жүру билетін сатып алғанда немесе қазіргі тарифтің 50 % төлеген жағдайда (2010 жылдың 1 маусымынан 31 тамызына дейінгі және 2011 жылдың 1 маусымынан 30 маусымына дейін жаз мезгілін алып тастағанда).

2

2. Барлық меншік түріндегі Қарағанды қаласының жалпы білім беретін оқу орындарында, кәсіптік лицейлерде, колледждерде, жоғарғы оқу орындарының күндізгі оқу нысанында оқитындардың келесі санаттарына қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүруге жеңілдіктер 2010 жылдың жаз мезгілінде (1 маусымнан 31 тамызға дейін) және 2011 жылға (1 маусымнан 30 маусымға) сақталсын:

1 1) жетім балаларға;

2 2) ата-анасының қамқорынсыз қалған балаларға;

3 3) дамуында мүмкіндігі шектелген балаларға;

4 4) жасынан мүгедек және мүгедек балаларға;

5 5) көп балалы отбасы балаларына;

6 6) ата-анасының бірінен айрылған балаларға;

7 7) жалғыз басты аналар балаларына.

3 3.

алынып тасталды - Қарағанды қалалық мәслихатының 2010.12.23
N 441
(алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

4

4. ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсандағы ХVІ сессиясының "Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы" N 184 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-1-85 болып тіркелген, 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 134 (463) "Взгляд на события" газетінде жарияланған), ІV шақырылған Қарағанды қалалық мәслихатының 2009 жылғы 29 сәуірдегі ХХІІ сессиясының "Қарағанды қалалық мәслихатының 2008 жылғы 24 желтоқсанындағы "Күндізгі оқу нысанында оқитын оқушылардың қала ішіндегі қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жеңілдікпен жүруі туралы" N 184 шешіміне өзгертулер енгізу туралы" N 215 шешімінің күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 8-1-92 болып тіркелген, 2009 жылғы 1 маусымдағы N 055 (519) "Взгляд на события" газетінде жарияланған).

5 5. Осы шешімнің орындалуын бақылау еңбек, әлеуметтік саланы дамыту және тұрғындарды әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияға (төрағасы – Асхат Қанатұлы Аймағамбетов) жүктелсін.

6 6. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.

Келісілді:
"Қарағанды қаласының білім бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Ж. Жылбаев

Қолданыстағы