Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы туралы
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы туралы
- Атауы (қаз.)
- Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 192
- Қабылданған күні
- 23.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 10.04.2012 · қолданыстағы AI49566_1.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.04.2012
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V09KJ000096
- ЭКБ идентификаторы
- 49566
- Редакция идентификаторы
- AI49566_1
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:38
0 Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы туралы
"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 сәуіріндегі Заңы, "Кемтар балаларды әлеуметтiк және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы" Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 11 шілдедегі Заңы, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңы, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы, "Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шілдедегі Заңдарына сәйкес Ақтоғай аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1. "Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы" қосымшаға сәйкес бекітілсін /қоса тіркеулі/.
2
2. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2008 жылдың 23 желтоқсанындағы "Ұлы Отан соғысына қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға, ардагерлерге және 1, 2 топтағы мүгедек азаматтарға, аз қамтамасыз етілген отбасыларға қаржылай, заттай көмек көрсету мөлшерлемесі туралы" N 115, (Қарағанды облысы Әділет департаменті Ақтоғай ауданы әділет басқармасында 2008 жылғы 29 желтоқсанында нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 8-10-77 болып тіркелген, 2008 жылғы 30 желтоқсанында N 52 (7166) санында аудандық "Тоқырауын тынысы" газетінде жарияланған), Ақтоғай аудандық мәслихатының 2009 жылдың 31 наурызында қабылданған "Ақтоғай ауданының жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарына көрсетілетін әлеуметтік көмектің түрлерін анықтау туралы" N 131, (Қарағанды облысы Әділет департаменті Ақтоғай ауданы әділет басқармасында 2009 жылғы 30 сәуіріндегі нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне 8-10-82 болып тіркелген, 2009 жылғы 30 сәуіріндегі N 17 (7183) санында аудандық "Тоқырауын тынысы" газетінде жарияланған) шешімдерінің күші жойылсын, реестірден алынуы сұралсын.
3 3. Қосымшада көрсетілген санттардағы азаматтарға әлеуметтік көмек, қолдаулар көрсету барысында бекітілген санаттарды қатаң сақтау Ақтоғай ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне (А. Түсіпбеков) міндеттелсін.
4 4. Осы шешімнің орындалысына бақылау жасау Ақтоғай ауданы әкімінің орынбасары С. Әбеуоваға жүктелсін.
5 5. Осы шешім ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
Ақтоғай ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімінің бастығы
А. Түсіпбеков
6 Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы
Ақтоғай аудандық мәслихатының
18 сессиясының 2009 жылдың
23 желтоқсанындағы N 192
шешіміне қосымша
Азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы