О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 2206
- Қабылданған күні
- 25.12.2009
- Көрсетілген редакция
- 02.06.2022 49577_578861.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.06.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P090002206_
- ЭКБ идентификаторы
- 49577
- Редакция идентификаторы
- 49577_578861
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 09:29
0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
3 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 25 желтоқсандағы
N 2206 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 904 қаулысымен.
2 2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.06.2016 № 387 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
3
4 4. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 29.12.2016 № 907 қаулысымен.
5 5. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 9 қарашадағы № 1072 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 41, 454-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының заң қызметтері туралы үлгі ережеде:
8-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"әзірлеушісі олардың мемлекеттік органы болып табылатын заң жобаларының Қазақстан Республикасының Парламентінде өтуіне қатысады;
Алматы қаласында орналасқан, олардан уәкілеттік берілген тұлғалар қатысатын мемлекеттік органдарды қоспағанда, Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның әрбір отырысына қатысады;".